1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №96 (15866) 3 желтоқсан, сейсенбі 2013

Сенбiге қараған түнi Украина милициясының “Бүркiт” арнайы жасағы Киевтiң Тәуелсiздiк алаңында наразылық бiлдiрiп жатқан халыққа күш қолданып, тарқатты. Бiрақ полициямен қақтығыстан кейiн Еуромайдан күш алып, жалпыұлттық, мерзiмсiз ереуiл басталатынын жариялады. Елдiң бүкiл аймағында қарсылық штабтары құрылды. Ал таяуда ғана тазартылған Тәуелсiздiк алаңы қайтадан мыңдаған адамға толды.

Қазақстанға депортацияланғанына алты айдан асса да, Мұхтар Әблязовтiң әйелi Алма Шалабаева осы күнге дейiн қазақстандық журналистерге сұхбат берген жоқ. Өткен аптада оның адвокаттары баспасөз мәслихатын өткiзiп, қылмыстық iстiң құрамы жоқ екенiн, ал А.Шалабаева мен қызы Алуаның құжаттарсыз қал­ғанын мәлiмдеген соң, “Жас Алаштың” тiлшiлерi М.Әблязовтiң жұбайын үйiне iздеп барып, сұхбат алған едi.

Iлгерiректе елдiң бәрi ұлылықтың ұстыны ретiнде айрықша құрмет тұтып келген ұстаздық қызмет атқарудың бүгiнде қадiрi қашып, абырой-беделi айрандай төгiлiп тынғаны – ащы ақиқат. Бiлiм саласындағы бiрiнен соң бiрi сәтсiздiкке ұшырап жатқан солақай реформалар қашан реттелетiнiн қай кезде Ұстаз дейтiн қастерлi мамандықтың баяғы беделiн қайтаратын қадам жасалатынын кiм бiлсiн?

Шендi-шекпендiнiң бәрi “тұңғыш президент” күнiнiң қамымен шапқылап жүрген тұста Ақордада тағы бiр ауыс-түйiс жасалды. ҚР премьер-министрiнiң орынбасары қызметiнен босаған Ербол Орынбаев президенттiң көмекшiсi болып тағайындалды. Ал оның орнына бұған дейiн Н. Назарбаевқа кеңесшiлiк етумен қоса, ҚР президентi жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияның төрайымы қызметiн атқарған Гүлшара Әбдiхалықова келдi.

МҰНЫҢ СЕБЕБI ӘЛI АНЫҚТАЛҒАН ЖОҚ
Өткен бейсенбi күнi Ақтау қаласында Маң­ғыстау облысы әкiмiнiң орынбасары Әнуар Шөжеғұлов шұғыл баспасөз мәслихатын өткiздi. Онда 25 қараша күнi Жаңаөзен қаласындағы “КезБи” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң 28 жұмысшысы уланып, олардың екеуi қайтыс болғаны мәлiмделдi. Неге екенi белгiсiз

Бүгiн екi күнгi мерекеден есеңгiреп ұйықтаған Ақорда “тұрғындары” көзiн тырнап ашып, жұмысына қайта кiрiседi. Жалпы, той-томалағы таусылмайтын Қазақстанға тұңғыш президент мейрамының қосылғанына да биыл үшiншi жыл. Бiрақ осы күннiң не қасиетi бар екенiн өлтiрсең де ұға алмайтын адамдар әлi көп. Әлде барша жұртшылық бұл мерекенi қабылдай алмай ма?

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының тұрғындары былайғы жұртқа әншiлiк, ақындық қасиеттерiмен кеңiнен танымал. Бұл өңiрдiң кез келген азаматымен әңгiмелесе қалсаңыз, сөзге аса шебер, мақал-мәтелге бай сөздiк қорымен қатар, суырып салма ақындығына ерiксiз тәнтi боласыз. Осы өңiрге iссапарымыз барысында құрылу тарихы 40 жылдан асқан “Тоқырауын толқындары” атты халық ансамблi туралы

(Тағдырлы әншi Тоқбайдың тауқыметтi өнер жолы турасында)
... Бұл 1939 жылы болған оқиға едi. Жүсiпбек Елебеков бастаған бiр топ өнерпаз Павлодар облысының Бесқарағай ауданын аралап, концерт қойып жүрген сапардың бiрiнде Тоқбай есiмдi әншiнi кезiктiредi. Ел iшiнде елеусiз ғана күй кешкен қарапайым жанның үлкен өнерiне тәнтi болған Жүсекең қарт әншiнi өзiмен бiрге Алматыға жүруге көндiредi.

Редакция қоржынына атыраулық оқырманымыз Күнсая Бақытқызынан хат келдi. Өзiнiң жиi тыңдайтын әншiсi Жеңiс Ысқақованың “Сынақ” бағдарламасындағы әрбiр қадамын жiтi бақылап отырады екен. “Неге әншi шикi еттi тiстемей, шартты орындаудан үзiлдi-кесiлдi бас тартты екен? Батыл мiнездi Жеңiс қарсыластарынан қалыспай бәйгеге түсуi керек едi” деген оқырманның сұрағына орай әншiмен тiлдескен едiк.

Қайбiр күнi телеарнаны қосып қалсам, “Еларнада” “Сынақ” деп аталатын бағдарлама көрсетiлiп жатыр екен. Үйдегiлердiң бәрi жата-жастана тамашалап жатқанда, менiң де көргiм келдi. Көрдiм. Бұған дейiн “Фобия” деген атаумен эфирден берiлген бағдарламаның атауын “Сынақ” деп өзгертiптi. Айтпағымыз бұл емес едi.

“РИНГО” ТОБЫНА СЕНЕМIЗ
Желтоқсан айының соңына таман өтетiн “Turkvizyon-2013” халықаралық ән байқауына елiмiзден “Ринго” тобы қатысатын болды. Астанадағы “Қазақстан” концерт залында өткен iрiктеу сайысына бұл топтан өзге “Алашұлы”, “Бастау” сынды топпен қатар Айқын Төлепберген, Нұржан Керменбаев, Салтанат Бақаева
Ең әуелi Омар болар. Содан кейiн –Марат, Би-апа (Мәтенова), Әуез, Ғабиден, Қа­йыпжан, Оразхан, Рысбек, Төрехан, Арынғазы, Нарша.... Жоқ, сен Наршаның алдында... Бәрiмiздiң де “соңғы нүкте­мiзге” бiзден бұрын, тым ерте жеттiңдер... Сонда, Ербол, мы­на бiр жыр жолдарың тек өзiңе ғана емес, қалған парталас-курс­тастарыңа да бағышталған элегия, оқылған Құран iспеттес екенiн түсiндiм:
82 жасқа қараған шағында қазақтың үлкен ақыны Кәкiмбек Салықов дүниеден өттi. Кәкiмбек Салықовты оқырмандарымыздың басым көпшiлiгi үлкен ақын, сонымен бiрге көптеген әдемi, аяулы әндерге сөз жазған автор ретiнде жақсы бiледi. К.Салықов сонымен бiрге үлкен, жауапты қызметтердi де атқарды.

“Келесi жылдан бастап корей және түрiк сериалдары сатып алынбайтын болды” деген Мәдениет және ақпарат министрiнiң мәлiм­демесi – мен үшiн, мен үшiн ғана емес, басқа да көптеген көрермендер үшiн өте қатқыл мәлiм­деме болды. Өйткенi кино – мемлекеттер арасындағы мәдени қатынастардың маңызды саласы.

Алматының аса көркем көшелерiнiң бiрi “Абай” даңғылы” ғой. Оның басталған жерiнде ұлы ақынның еңселi ескерткiшi тұр. Жарасымды ма? Әрине! Егер сол арадағы Республика мәдениет сарайы “Абай атындағы мәдениет сарайы” болса, тiптен тамаша болар едi! Ескерткiш, Даңғыл, Сарай үшеуi осындай үйлесiмге сұранып-ақ тұр ма? Әрине!

Ол ауқатты отбасында дүниеге келдi. Әкесi Хариванш Рай Баччан Үндiстанның танымал ақыны, жазушысы, аудармашысы болды. Рай Баччанның 70-тен астам (өлеңдер, эсселер, поэмалар және т.б.) кiтабы жарыққа шықты. Рай Баччан Шекспирдiң, Пушкиннiң, Есениннiң, Маяковскийдiң, Тю­т­чев­тiң, Омар Хаямның кiтаптарын үндi тiлiне аударды.

ҚАЗАҚ БОКСЫНЫҢ ЖАҢА ЕСIМДЕРI
Атырауда бокстан ересектер арасында ел чемпионаты аяқталды. Ұлттық құраманың бас бапкерi Мырзағали Айтжанов ел бiрiн­шiлiгiне әлем чемпионатына қатысқан он боксшының iшiнен тек Антон Пинчук (91 келi) пен Iлияс Сүлейе­новтi (52 келi) Атыраудағы дүбiр­ге қосқан.
Кеше Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы шахарында ұлттық спортты насихаттау, дәрiптеу мақсатында “Салбурын-2013” құс­бегiлер арасындағы облыстық ашық жарысы өттi. Дү­бiрлi жарысқа ондаған облыстан қырандарын баптаған құсбегiлер қатысты. Жарыстың дайындығы мен өткiзiлуi, ұйымдастыру жұмыстарын Шет аудандық әкiмдiгi атқарды.