1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (15867) 5 желтоқсан, бейсенбі 2013

“Ресейдiң Қазақстанда көрсетiлетiн телеарналарын, емiн-еркiн тарайтын газет-журналдарын тоқтатайық. Тоқтат­қанда да, пышақпен кескендей бiржолата тоқтатайық! Бiр елдi iрiтiп-шiрiтуге “Комсомольская правданың” өзi-ақ жетiп артылады... Ресейдiң газет-журналдары елiмiзге дүмеп енiп, теледидары төрiмiзде сайрап тұрғанда, бiз ұлттық идеямызды да iске асыра алмаймыз, ұлттық идеология да жасай алмаймыз, ұлттық мақсат-мүддемiз де адыра қалады.

Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiру туралы қарарды қараған Украинаның Жоғарғы рада депутаттарының көпшiлiгi бұл талапты қолдаған жоқ. Үкiмет отставкасын 186 депутат қолдаған. Азаров үкiметiн қызметiнен кетiру үшiн 40 дауыс жетпей қалды. Үкiметтiң отставкаға кетпегенiне наразы шерушiлер райынан қайтар емес.

Ұлт патриоттары өткiзген құрылтайдың iзi суымай жатып, тағы бiр топ жалпыхалықтық құрылтай өткiзетiнiн жария еттi. Бұл жолғы құрылтай бастамасын көптен берi көрiнбей кеткен Жармахан Тұяқбай бастаған ЖСДП өкiлдерi мен оларға қолдау бiлдiрген кейбiр саясаткерлер мен зиялылар көтерiп отыр.  Ж.Тұяқбайдың айтуынша, ақпан айына жоспарланған жалпыхалықтық

Бас қаланың ар жақ-бер жағынан келiскен пантеон тұрғызу жөнiндегi әңгiменiң Астананы айналшықтап жүргенiне бiраз болған. Ендi сол мәселеге нүкте қойылған секiлдi. «kapital.kz» порталының хабарлауынша, Астана әкiмшiлiгi болашақ құрылыстың эскиз-жобасына байқау жариялапты. Оның шарты бойынша қабiрстанның макетiн қатырып жасаған адамға 7,5 млн теңге берiлмек.

Кеше Астана қаласындағы Есiл аудандық сотында Ста­тис­тика агенттiгiнiң экс-төрайымы Анар Мешiмбаева­ның iсi қаралды. Айта ке­тейiк, ол 2009 жылғы Халық санағына қазынадан бөлiнген 1 млрд. 114 млн. теңгенiң 758, 2 млн. теңгесiн агенттiк қызмет­керлерi мен жеке компаниялар бiрiгiп жымқырды деп айыпталған едi.

Облыс орталығынан 170 шақырымдағы Қопа – қоңыр тiршiлiк кешкен кәдiмгi ауыл. Iргеде Ақтөбе – Астана автокөлiк жолы, төрт түлiкке қолайлы жайылымы мен суы терең әрi балығы мол далалық  Ор өзенi бар. Әрбiр үйге газ келiп тұр.1990 жылы “Қопа” кеңшарының директоры Елеусiн Әубәкiров   қыр астында өтiп жатқан Бұхара – Орал құбырынан

“Ақиқаттан танбаңдар, әрқашан елмен бiрге болыңдар”... Қызылордалық тұрғындар “жас алаштық” журналистерге осылайша ақ адал ниеттерiн бiл­дiрдi. Сыр елiндегi оқырмандармен арнайы жүздесуге тұрақты түрде хат-хабар ұсынатын авторларымыз да келiптi. Алғашқы кездесу Тасбөгет кентiндегi
ӨЗГЕЛЕРГЕ ДЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛАЙЫҚ
Ардақты ағайын, қадiрлi оқырман қауым! Алаштың ардақты ұлы Ахмет Байтұрсынұлының: “Гәзет – халықтың тiлi, көзi, һәм құлағы” деген аталы сөзi әлi күнге дейiн күн тәртiбiнен түскен жоқ. Алты Алашқа тарайтын, ақиқатты қалайтын, халқы батырға балайтын “Жас Алаш” газетi Ахаңның аманатына сызат түсiрместен абыроймен атқарып келедi.

Аңшылық, саятшылық –­­қазақтың қанын қыздырып, делебесiн қоздыратын дәстүрлi спорт түрi. Желтоқсанның екiншi күнi Арқаның алғашқы қансонары саятшылардың “Салбурын -2013” ашық жарысымен шымылдығын түрдi. Бүркiт баптап, саятшылық сынағына алыс аймақтардан арнайы келгендер мен қонақтарды қарсы алудан бастап, жалпы жарыстың ұйымдастырылуын, өтуiн жоғары деңгейде деп бағалауға әбден болады.

Қызыларайдағы көз тартар көрнектi бiр ғимарат — “Мәнқожа — Шой әулие” мешiтi. Iрге тасы 2001 жылы көтерiлген. Көлемi 60-70 шаршы метрдей. Сырты қоршалған. Әше­кейлi. Әдемi. Қызыларайдың атпал бiр азаматы, кәсiпкер Совет Әдiлов елдiң бетi дiн-исламға бұрыла бастағанда, оны осы елдiң игiлiгiне сыйлаған. Биыл пайдалануға берiл­генiне 12 жыл болды.

ДРАМАТУРГ ДУМАН РАМАЗАННЫҢ “АБЫЛАЙ ХАННЫҢ АРМАНЫ” ТАРИХИ ДРАМАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТЕДI
12-13 желтоқсанда Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрында “Абылай ханның арманы” атты тарихи драманың премьерасы өтедi. Қойылым Абылай ханның 300 жылдығына орай көрсетiледi.

Елiмiзде жоғары оқу орнын бiтiргенiмен, екi қолына бiр күрек таппай сандалған жұмыссыз жастардың саны азаяр емес. Мамандығы бойынша еңбек жолын бастау ниетiмен мемлекеттiк мекемеге бас сұқса, әкесiнiң құнын сұрап басшысы отырады бетiн қайтарып.

ҚР Бас прокуроры А.Қ.Дауылбаев мырзаның назарына
2007 жылдан берi әдiл­дiктiң жолында талай белден басу мен “бармақ басты, көз қыстыдан” әбден шаршап жүрген жайым бар. Сол жылдың тамыз айында қарызданып, қауғаланып жүрiп Сарыағаш қаласының тұрғыны Айнагүл Байтикованың мен­шiгiндегi Сарыағаш қаласы, Бокин көшесiнен үй сатып алдық.

“Жас Алаштан” (“Операцияға ақша сұрағанда көмектеспедi”, №95, 28 қараша, 2013 ж.) қостанайлық Ләйланың өз әкесi туралы жазған мақаласын оқыдым. Таңғалмадым. Ләйлаға жаным да ашымады. Ләйла оқырмандардан аяушылық күтпейдi. Ол қатыгез әкесiнiң екiжүздi екенiн айтқысы келедi

Жаздың үмiт үзгенi ме –
Келiп қапты күз де мiне.
Моншағын жаз қиып-қиып,
Iлдi қаздың тiзбегiне.

Бiздiң балалық шағымыз 60-жылдардың басы мен 70-жылдардың ортасына тұспа-тұс келедi. Заманның бiршама түзелген кезi. Балдәурен кезiмiз әсем қала Алматыдан шалғай орналасқан Сарытауқұм құмының етегi, сылаң қаққан, суы мөлдiр Күртi өзенiнiң жағасында орналасқан Ақши ауылында өттi. Батысында Бозой, шығысында Қараой деп аталатын

ЖҮРЕГI СЫРТҚА ДӨМПИIП ШЫҒЫП ТҰР
Қытайлық Хо Дзильяньның жүрегi жұрт­тардiкiндей сол жақта емес, тура iшiне орналасқан. Iшiнен сыртқа дөмпиiп шығып тұр. Туғаннан солай. Ол дүниеге келгенде дә­рi­герлер ата-анасына Хо Дзильяньның өмiр сүрмеуi мүмкiн дегендi айтыпты. Жалпы, медицина бойынша мұндай аурумен туғандардың 90 пайызы өледi екен.

Арман Оспанов тек самбо емес спорттың бiрнеше түрiн меңгерген нағыз сегiз қырлы бiр сырлы жiгiт. Ол әскери самбодан Қазақстанның екi дүркiн чемпионы және әлем кубогының күмiс жүлдегерi, Панкратионнан әлем чемпионатының қола жүлдегерi, ережесiз жекпе-жектен халықаралық жарыстың чемпионы, джиу-джитсудан Азия чемпионы атанған.

БОКСШЫЛАР БIРЖАН МЕН ҚАЙРАТҚА ДА, БАПКЕР МЫРЗАҒАЛИҒА ДА ПӘТЕР СЫЙҒА БЕРIЛМЕК
Өзiмiз сүйiп оқып өскен ертегiде Ерназардың “Тоғыз ұлым бiр төбе, Ер Төс­тiгiм бiр төбе”дейтiн тұсы бар емес пе едi. Сол айтпақшы, спорттың iшiнде бокс түрi, әсiресе, қазақ хал­қы үшiн “Ер Төстiк” екенi ешбiр талас тудырмаса керек. Жұмыр жердiң жұртшылығын Қазақстанға қызыға да, қызғана қарауға ерiксiз мәжбүр етiп жүрген жұдырығы алтын қыз-жiгiттер жетерлiк.
“ТРАКТОРДЫ” ТОҚТАТТЫ
Құрлықтық хоккей лигасында астаналық “Барыс” челяблiк “Трактор” клубын 4:0 есебiмен күйрете жеңдi. Челябiде өткен ойын­да айдын иелерi дәл мұндай шабуылды күтпесе керек, әбден састы. 8-минутта “Барыс” капитаны Дмитрий Уппердiң ұрымтал тұстан