1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №98 (15868) 10 желтоқсан, сейсенбі 2013
ОНЫ ТҰТАСЫМЕН ӨЗГЕРТУ КЕРЕК. СОНДА ҒАНА ТАЗАРАМЫЗ
Жемқорлық дейтiн iндет Қазақстанды шырмап алғалы қашан. Үкiмет күрестi күшейткен сайын нәтиже керi кетiп барады. Халықаралық Transparency International ұйымының жуырда ғана жариялаған мәлiметiнде елiмiз тағы екi орынға төмендеп, 140-орынға түскен. Осыған шамданды ма, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң төрағасы Рашид Түсiпбековтi қабылдаған президент агенттiк жұмысына бiраз сын айтты.
НЕМЕСЕ “МҰХАҢ” МЕН “ҒАБЕҢДЕР” ПАРЛАМЕНТТЕН ҚАЛАЙ АЛАСТАТЫЛМАҚ?
“Әкесiн сабағанды көрушi едiк, бiрақ арбаға байлап сабағанды бiрiншi көруiм” деген екен баяғыда бiреу. Тәуелсiз Қазақстанда “казақ тiлiнiң мәртебесiн асқақтатамыз, тiлдi от басы, ошақ қасы тiлiнде қал­дырмаймыз, оны экономика, бизнес, саясат, ғылым тiлiне айналдырып, шын мәнiнде мемлекеттiк тiл дәрежесiне көтеремiз” деп барлық мiнбелерде айтылады.

Алда 16 желтоқсан. Желтоқсан десе, елеулi екi оқиға еске түседi. Бiрi – 1986 жылғы Алматы алаңы. Екiншiсi – 2011 жылғы Жаңаөзен. Екеуi де – саяси бағасы берiлмеген қанды оқиға. Бiрiншiсi – Кеңестiк кезеңде сiлтенген сойыл, екiншiсi – Тәуелсiз Қазақстанда атылған оқ. Жаңаөзен оқиғасында жәбiр көргендердiң бүгiнгi күйi нешiк?

Жексенбi күнi Тәуелсiздiк алаңына миллионнан астам шерушi жиналды. Бiрақ Украинаның iшкi iстер министрi бұл санды он есе кемiтiп көрсеттi. Шеруде үкiмет пен пре­зиденттiң отставкасы жөнiндегi талап көп айтылды. Он мыңдаған адам үкiмет үйi орналасқан аумақта пикет өткiзiп, жақын жердегi көшеге шатырлар тiгiп тастады. Куәгерлердiң айтуынша, шерушiлер Грушевский көшесiн толығымен жапқан.
ҚҰРМАНБЕК АРТЫҚБАЕВ ТА КIНӘСIН МОЙЫНДАҒАН ЖОҚ
Атышулы “Қорғас iсiне” қатысты басты айыпталушылардың екеуi сот алдында жауап бердi. Бұған дейiн Ақмола облысы бойынша Ұлттық қауiпсiздiк департаментi басшысының орынбасары Бақытбек Құрманәлиев сұралған. Оған “қызмет бабын асыра пайдаланды, қылмыстық топ құрды, контрабандалық тауар тасумен айналысты” деген айыптар тағылған-ды.
“Оңтүстiк Шығыс сер­вистiк тобы” ЖШС ұжымы Қазақстанның Тәуелсiздiк күнi мерекесi мен жаңа жылды жақсы өндiрiстiк көрсеткiш­пен қарсы алмақ. 10 мың ұңғыма күрделi жөндеуден өттi. 10 мыңыншы ұңғыманы жөндеуден өткiзудiң құрметi Қадырғожа Батыров пен Шайахмеда Өткiлтбаева же­текшiлiк ететiн №6 бригадаға жүктелдi. Ұңғыманың өзi Солтүстiк Бозащы кен орнында орна­лас­қан.

Өткен аптада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетi қазақ әдебиетiнiң қарымды қаламгерлерiнiң бiрi Мырзабек Дүйсеновтiң 85 жылдығына орай республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференция өткiздi. “Ана махаббаты”, “Қалыңдық”, “Гүлжан сүйедi”, “Меймандар”, “Ант”, “Үмiт”, “Бiр аспанның астында”, “Ғасырлар сыры” және басқа да көркем шығармаларды өмiрге әкелген,

Жаңаөзен қаласының 45 жылдық мерейтойы мен Тәуел­сiздiк мерекесiне байланысты “Мұнайшы” мәдениет сарайында Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Академиялық драма театрының гастрольдiк сапары болып өттi. Өнер ұжымының гастрольдiк сапарын “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндiру” АҚ және “Өзенмұнайгаз” АҚ ұйымдастырып отыр.

Бiздiң қолымызға түскен мұрағат деректерi 1942-43 жылдары Польша жерiнде Түркiстан легионының 14 батальонының жасақталып, шығыс майдандағы соғысқа жi­берiлгенiн айғақтайды. Салыс­тырар болсақ, сол жылдары Польша жерiнде 9 армян батальоны, 8 грузин батальоны, 7 кавказ батальондары жа­сақталып соғысқа жiберi­лiптi. Мұрағат деректерiне қарағанда,

“Жас Алаш” газе­тiнiң қызметкерi, бел­гiлi карикатурист Ға­лым Смағұлдың АҚШ-тың жүргiзiп отырған саясатына қатысты салған кезектi карикатурасын көргенде, үйренiскен қол ерiксiз қалам iздей бастады. Ештеңе жазбай-ақ қоюға да болар едi. Суреттiң өзi сөйлеп тұр. Дегенмен де көр­ген-бiлгенiмдi тағы бiр рет ой елегiнен өткiзiп, ақ қағазға түртiп қою­ды жөн деп түйдiм.
Transparency International дейтiн халықаралық ұйым жемқорлық жөнiнен әлем елдерiнiң тiзiмiн түзiптi. 177 мемлекеттiң iшiнен Қазақстан 140-орында тұр. Бұл “мәртебелi орынды” Қазақстанмен бөлiсетiн тағы екi мемлекет бар. Олар – Гондурас пен Лаос.
СЕНЕСIЗ БЕ, СЕНБЕЙСIЗ БЕ?
Қазақстан президентi Н.Назарбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысын аралағанда сүт өнiмдерiн шығаратын кәсiпорынға тоқтап, айраннан ауыз тидi. “Президент жеке күзетiнiң рұқсатынсыз айраннан iштi” деп шулады бұқаралық ақпарат құралдары.
НӘРЕСТЕ КУӘЛIКСIЗ ҚАЛА МА?
Жақында Алматыдағы перзентханалардың бiрiнде тұңғышымды дүниеге әкелдiм. Алайда мен де, баламның әкесi де Алматыда тiркеуде жоқпыз. Не iстеуге болады? Нәресте туу туралы куәлiксiз қалмай ма? Уақытты оздырып алмай, дереу азаматтық хал актiлерiн жазу мекемесiне (ЗАГС) өтiнiш берi­ңiз.
Лұқпан хакiм: “Адамның 362 тамырының бiреуi ғана харам”, – дептi. Кейде адамдардың сана дейтiн түйсiкке сыймайтын айуандық әрекет жасағанын естiгенде бiр тамыры ғана емес, тұла бойы харамдай тiрлiк жасайтыны несi деп таңғаласың. Пешенеге жазылғаннан қашып құтыла алмайсың деймiз.
Бүгiнгiнiң қатындары күйеулерiне: “Есiмов боп кеттiң бе, есiктiң алдын неге күремейсiң?!” – деп ұрысатын болыпты.
***
Тергеушi толтырған хаттамадан үзiндi: “Дәлелдердiң бұлтартпастығы соншалық, күдiктiнiң жүйкесi, сол жақ бүйрегi, жақ сүйегi және оң жақтағы екi қабырғасы шыдамады...”.
Әулиеата жерiнде қазақ күресiнен халықаралық “Еуразия барысы” турнирi өттi. Жүлдеге 100 мың АҚШ доллары тiгiлген айтулы додаға елiмiздiң мықтыларынан өзге Моңғолия, Ресей, Қытай, Польша, Түркия, Тәжiкстан, Иран елiнен қазақ күресiн меңгерген бiлектi де жүректi, апайтөс балуандар қатысты. 
“АРЛАНҒА” “ҚОРАЗ” СӨЗ БОП ПА!
Бүкiләлемдiк бокс сериясының төртiншi маусымындағы үшiншi кездесуiн де “Астана арландары” жеңiспен аяқтады. Алматыға қонаққа келген “Mexico Guerreros” (“Мексика қораздары”) клубының боксшыларын Сергей Корчинскийдiң шәкiрт­терi жүндей түттi. 49 келiде сайысты бастаған Мардан Берiкбаев мексикалық “қораз” Хосе Альберто Залета