1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №99-100 (15869-70) 12 желтоқсан, бейсенбі 2013

Желтоқсанның 10-ы күнi Нұрсұлтан Назарбаевтың президент болғанына тұп-тура 22 жыл толды. 1991 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесiнiң қаулысымен “1991 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының президентi қызметiне кiрiстi”. Н.Назарбаевтың Қазақстан президентi ретiндегi ең бiрiншi жұмысы дәл сол күнi “Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасы” деген атауды “Қазақстан Республикасы” деп өзгерту болыпты.

Жаңаөзендiктер үшiн 2011 жылдан берi 16 желтоқсан тәуелсiздiк мерекесi емес, қаралы, қайғылы күн. Желтоқсан айы келгеннен ел оқиға кезiнде қаза тапқан азаматтарын еске алады. Садақасын берудiң қамына кiрiседi. Бұрынғыдай бiрi бала-шағасын, ендi бiрi немересiн жетектеп, жыл сайынғы алаңда ұйымдастырылатын мерекелiк шараға бара алмайды.

“Халықты қорлауға болатын шығар, бәлкiм, ал ұлтты ешкiм қорлай алмайды. Өйткенi ұлт ешуақытта және ешбiр жерде қорлауға көнбей­дi!” дейдi аяулы арысымыз Мұстафа Шоқай. М.Шоқай ұлтты “халықтың санасы жетiлген, намысы оянған, ой-сезiмi ширақ, болмыс-бiтiмi шыныға һәм шымырлана түскен түрi” деп есептейдi.  

“Атты. Керексiз заттай далаға тастады. Үйге тергеушiлерден басқа ешкiм келген жоқ. Тұрмысымыз ауыр, жоқшылықтан анамның жүйкесi жұқарып кеткен. Мәселен, қарындасым бой жетiп отыр. Кiмнен кем, ұзатып шығарып салмаймын ба? Өзiм де үйленбеймiн бе? Мына үйге қатынды қалай алып келемiн?.. Жағдай осылай жалғаса берсе, iнiм сияқты ұрлыққа барып, сотты болмаймын ба?

Өзiн “желтоқсаншылардың апасымын” дейтiн Жұлдызай Бейсенбаева осы күзде жолдасы Нұрайдарға арнап ас бердi. Қаскелеңнiң ортасындағы үлкен мейрамханаға жұрт жан-жақтан көп жиналды. Денi өздерiмен етене араласқан үлкен кiсiлер. Араларында өзге ұлттың өкiлдерi де бар. Бәрiнiң айтары жақсы сөз:

Жаңазен оқиғасынан берi екi жыл өтсе де, “қанды қырғын нелiктен болды? Оқ атуға бұйрық берген кiм?” дегендей нақты сұрақтарға жауап берiл­медi. Оқиғадан кейiн құрылған Тәуелсiз қоғамдық комиссия ендiгi жерде Қазақстан билiгi халықаралық зерттеуге есiк ашуы тиiс деп есептейдi. “Жаңаөзен оқиғасы – адамзатқа қарсы жасалған қылмыс” атты тақырыпта “Жас Алаш” редакциясына жиналған комиссия мүшелерi қасiретке құқықтық баға беру, шындығын ашу

Ақпараттық қауiпсiздi­гiмiз­дiң қатты ақсап тұрғанын Украинаға келгелi берi анық сезiндiм. Құлдық санадан арыла қоймаған қазақияның көп бөлiгi орыстың бұқаралық ақпарат құралдарына құдайдай сенедi. Демек, бiз Украинаны “Ресейдiң ақпараты ар­қылы таниды екенбiз!”. Әсiре­се, жүз мыңдаған адамы жаппай бас көтерген Киевтегi жағдайды қазiр Ресей ақпарат құралдары барынша бұрмалап берiп жатыр.

10 желтоқсан күнi Астанада Жаңаөзен қаласындағы IIБ уақытша қамау изоляторының бұрынғы басшысы Жеңiсбек Темiровке қатысты iс қайта қаралды. Айыпталушы кiнәсiз екендiгiн айтып, Жоғарғы сотқа шағым түсiрген. Ал жәбiр­ленушi тарап мұнымен келiс­пейдi. Естерiңiзге сала кетейiк, Ж.Темiров 2011 жылдың 16,17,18 желтоқсан аралығында Жаңаөзен оқиғасы кезiнде

Желтоқсанның 10-ы күнi Н.Назарбаев екi мемлекеттiң әскери саладағы лауазымды тұлғаларын қабылдады. Оның бiрi – Түрiк Республикасының Ұлттық қорғаныс министрi Исмет Йылмаз болса, екiншiсi – бұрын Ресейдiң қорғаныс саласында жауапты қызмет атқарған, қазiргi Ресей үкiметi төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин.

Он алтыншы желтоқсан,
Алаңда аяз жел соққан
Жалғасқан жетi ай ереуiл,
Кiм бiлген боларын бiр сойқан.
Белгiсiз топ жандайшап,
Арандатты айқайлап
Полициялар оқ атты,
Бар едi оған қандай хақ.

Ақтөбе қалалық мәслихатының шешiмiмен осы кезге дейiн коммуналдық төлемдерден босатылғандардың жеңiлдiктерi алып тасталмақшы. Бұлардың қатарында екiншi дүниежүзiлiк соғыстың майдангерлерi де бар. Ендi соңғы нүкте облыс әкiмi Архимед Мұхамбетовке келiп тiрелiп тұр.

Көне дәуiр мәдениетiнiң ерекше үлгiлерi – тас мүсiндер, тас бетiне сурет бейнесiмен таңбаланған жазулар, тұжырымды ойды бiлдiретiн немесе белгiлi бiр оқиға жайлы хабар беретiн суреттер ұлан-байтақ даламыздың әр өңiрiнен кездеседi. Солардың бiрi – Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Жаңатоған ауылының сыртындағы Кестелi тас аймағы.

Елiмiзде интернеттiң дамуы үйреншiктi жағдайға айналғаны соншалық, бiздiң қоғам ғаламторсыз өмiр сүре алмайтын жағдайға жеттi. Осы тұста жақында ғана ашылған “Ұлттық Интернет Ассоциациясы” алғашқы “Қазнет Дода” байқауын өткiздi. “Қазнет Дода” бай­қауы өткiздi. “Қазнет Дода” бай­қауы — Қазақ Ин­тер­нетiнiң дамуына ерекше серпiн берiп, жаңа ақпараттық технологияны ендiру мен ҚазНет­тiң жетiс­тiк­терiн насихаттау үшiн

Түсiрiлiмнiң бағдарламасын, әдетте, басты дөңгелек­тiң көме­гi­­мен таңдайды. Бағдарлама жазулармен, әрiп­термен және пиктограммалармен белгiле­не­дi. Мысалы, автоматтық бағдарлама – Auto, не төрт бұрышты жасыл белгi­мен, ал қолмен басқарылатын бағдарлама – M әрiпi­мен (Manual) белгiленедi.

Әлемдегi ең үздiк фотограф атануға болады. Кейде сәттi тү­сiрiлiм жасау үшiн керек кезде керек жерден табылып, дер кезiн­де шүрiппенi басу ғана жетiп жатыр. Осындай қас қағым сәттi ұстаған жағдайда фотографтың шығармашылығы миллиондаған суреттерден еркшеленедi. AdMe.ru сайты бiрнеше фотопшопсыз және басқа да графикалық түзетулерсiз түсiрiлген су­реттердi ұсынды. Бұл жерде тек фотографтың зейiнi мен твор­­­честволық көзқарасы көрсетiл­ген.

Бала табиғатында бiлуге құмар, тумысынан-ақ өсуге, жетiлуге ұмтылысы басым. Сондықтан ерекше қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мiнездi сақтай отырып, бала тәрбиесiнiң әдiс­терiн тынбай iзденiп, жиi жаңартып отыруы заңдылық.

Ақәдiл Рысмахан – Жамбыл облыстық “Ақ жол” газетiнiң фототiлшiсi, Қазақстан журналистер одағының мүшесi. Осы кәсiпке деген әуестiк Ақәдiлдiң бойында бала кезден пайда болса керек. Бұған туып-өскен Шәуiлдiр топырағының табиғаты әсер еттi деуге де болады (1968 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысының Отырар ауданы, Шәуiлдiр ауылында дүниеге келген).
Атымтай жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары былайша сауал қойыпты: – Жомарт, құдай берген дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйте тұра отын кесiп, шөп тасығаныңыз не?
Компания бұл шаруаны жанармай құю стансаларын заман талабына сай етуден бастамақ. Өйткенi қарапайым тұтынушы ұлттық компания жұмысының нәтижесiн дәл сол май құю бекеттерiндегi қызметтен байқай алады.  «ҚазМұнайГаз» алдағы уақытта тұтынушыға көрсе­тiлетiн қызмет түрлерiн одан ары жетiлдiрудi мақсат етуде. Әлбетте, ол үшiн ең бiрiншi кезекте жанармай құю стансаларына айрықша мән берiлуi тиiс.

Қазақстанның Тәуел­сiздiк күнiн “Оңтүстiк-Шығыс қызмет тобы” ЖШС-нiң ұжымы кереметтей өндiрiстiк жетiс­тiктермен қарсы алып отыр. Мереке қарсаңында компания ұңғымаларға 10 000-шы күрделi жөн­деудi орындады. Дөңгелек сандық жөндеудi жүзеге асыру құрметiне шеберлер Қадырғали Батырова мен Шайахмед Өткелбаев басшылық ете­тiн №6 бригада ие болды.

Осы жылдың қазан айының 15-iнде “Жас Алаш” газетiнде тарих ғы­лым­дарының докторы, профессор Қайырболат Нұрбаевтың “Павел емес, Абылай ханның қаласы болсын” деген мақаласы жарық көрдi. Автор “Павлодар мен Петропавл қалалары атауларының тәуелсiз мемлекет болғанымызға 20 жылдан астам уақыт өтсе де, сол қалпында өзгермей тұруы

Алда – Тәуелсiздiк мерекесi. Бұл мереке – ерекше мереке. Ендi сценарийдi өзгерту қажет. Осы жөнi де, жосығы да бөлек мере­кенi шыршаның тасасында қалдыру жүрегiңдi ауыртады. Әрi-берi­ден соң, бұл – қаралы күн! Қайрат, Ербол, Ләззәт, Сәбиралардың қабiрлерiнiң басына баратын күн.

...Күйеуiмнiң жұмыс бабымен Астана қаласынан Көкшетауға көшiп келгенiмiзге төрт ай болды. Астанаға қоныс аударушылардың алғашқы легi болып келгендiктен ол жақтан пәтердi тез алғанбыз. Ал мына жерде пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Осы төрт айдың iшiнде үш пәтер ауыстырдық.

Осыдан үш-төрт жыл бұрын халқымыздың бiртуар перзентi, Халық қаһарманы, Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа нүкте қойған Рақымжан Қошқарбаевқа бiр топ азамат екi жыл жүрiп, Астана қаласындағы бұрынғы 12-магистраль көшесiн Р.Қошқарбаевтың атына әзер ауыстырған

“Жас Алашқа” Шалқар ауданынан   Ахметжан Әбдi­ғалиев деген кiсi арызданды. Ол бiраз жыл бұрын Шалқардағы бұрынғы автобаза ғимаратын сатып алған. Биылғы шiлдеде қарапайым азаматтың үстiнен ғимаратты аудандық бiлiм бөлiмiне қымбатқа сатты деп қылмыстық iс қозғал­ған.
Бiздiң жас кезiмiзде оқу бiтiрген жас мамандарды алыс ауылдарға жұмысқа жiберетiн. Ол тұста жас маман: “Ол жаққа бармаймын” деп айтпайтын. Менi де оқу бiтiрiсiмен, үйiм аудан орталығында болса да, Қазалы ауданының алыс елдiмекенiне (қазiр “Лақалы” деп аталады) жетi жылдық мектепке мұғалiм етiп жiбердi.
“МҰСЫЛМАН БОЛҒАНЫМ ҮШIН ӨМIРIМЕ РИЗАМЫН...”
Жақында аты әлемге танымал боксшы Майк Тайсон Fox News арнасына сұхбат берiптi. Онда ол: “Мен мұсылман болғаным үшiн тағдырыма ризамын. Алла маған емес, мен оған мұқтажбын. Мен ешуақытта сабырлы, төзiмдi болған емес едiм. Бәлкiм, менiң бойымда “сабыр” дейтiн қасиет жоқ та шығар.
– “Туған жерге туыңды тiк” демекшi, Жамбыл боксын дамытуға қолғабыс ету үшiн Таразға келгенiмiзге де екi жылдың жүзi болыпты. Алғашында жетi спорт түрiн қамтитын мамандандырылған №3 спорт мектебiн басқарсам, биылғы жыл басында бокс мектебiне директор болып тағайындалдым.
ҚАЛАЙ ҰЛЫҚТАСАҚ ТА ЖАРАСАДЫ
Бiзде тек мемлекеттiк тiлде хабар тарататын бiр ғана ұлттық арна бар, ол – “Қазақстан”. Аты айтып тұрғандай ұлттық арнада неге басымдық беру қа­жет? Әрине, ұлттық мүд­де, ұлттық мәселеге келгенде iркiлiп қалмағаны жөн. Жасым 89-ға келген зейнеткермiн. Қордай ау­данының құрметтi азаматымын.