1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15871) 19 желтоқсан, бейсенбі 2013

Виктор Храпунов дұшпанының танауына ши жүгiртiп ойнағанды бұрыннан жақсы көретiн. Бiрақ бұл жолғысы ешбiр ойынның ережесiне сай емес. Өзiнiң айтуынша, ол Назарбаевқа қарсы майданды шындап бастаған көрiнедi. Әрине, бұл жердегi айқаста ол, жал-құйрығын шарт түйiп, аттандап ат мiнiп келе жатпағаны анық. Есесiне атты адам түсiп, жаяу адам жатып қарайтындай кiтап жазып тастапты. Қашқын шенеунiктiң жаңа кiтабы жуырда ғана француз тiлiнде басылып шықса керек. Ендi ол үш тұғырлы тiлдi жақсы көретiн ата жауына арналған кiтабын үш тiлде: қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде шығаруды көздеп отыр. Жақында ғана “Республика” басылымына сұхбат берген Виктор Храпунов жаңа кiтабы туралы, оны жазғандағы түпкi мақсаты туралы бiршама мәлiмет берiптi. Сөйтiп, Қазақстанда лауазымды қызметтер атқарып, Алматыны талай жыл басқарып, қазақтың байлығын бөктерiп әкеткен экс-шенеунiк не дейдi?

Рахым Айыпұлының айтуынша, қазақ көшiнiң басына бұлт үйiрiлдi. Қазақ үкiметi тарихи Отанына орала алмай жүрген шеттегi қандастарымыздың құқығын қасақана шектеуге ұсыныс тастады. Оны мәжiлiсшiлер мақұлдап, сенат аздап өзгерiс енгiзiп, президент Н.Назарбаев нүктесiн қойды. Сөйтiп, Ақорда қазақтың ұлттық мүддесiн тағы бiр рет шетке ысырып тастады.

CӨЗIНIҢ МӘНI, ӨЗДЕРIНIҢ СӘНI ҚАЛМАҒАН ОЛАР ЖҰРТТЫ МЕЗI ЕТТI
Бiздiң мәжiлiсшiлер­дiң анда-санда мәу дегенiне елеңдей бермейтiнiмiз сондай, етiмiз де өлiп кеткендей. Бiрақ соңғы кездерi бiрiнен бiрi асып түсетiн сауалдарды қарша боратқан парламентте­гiлер жұртты қойып, өздерiн де таңғалдырып, кейбiрiнiң жүректерiн де айныта бастаған сыңайлы.
ТАЙШЫБЕКОВТIҢ ТӘЖИНГЕ ҚАТЫСЫ БАР МА?
Ермек Тайшыбеков деген кiм? Шетелдiң шпионы ма? Әлде бiреудiң еркесi ме? Бәлкiм, Амантай қажы қартая бастаған соң, оның орнын басуға келген “орынбасары” шығар? Оқта-текте аттандайтын да адам керек қой... “Зона.кз” деп аталатын интернет басылымның бас редакторы Юрий Мизиновке сенсек, Ермек Тайшыбеков – ешкiмге ұқсамайтын танымал тұлға.

Киевтегi наразылық шерулерi толастамай тұрғанына қарамастан, Украина президентi Виктор Янукович Мәскеуде Ресей президентi Владимир Путинмен кездестi. Нәтижесiнде Ресей Украинаға 15 миллиард доллар көлемiнде несие берiп, газдың бағасын төмен­дететiн болды. Украин оппозициясы бұл келiсiм­дердi сынға алып, Ресей бұл қаржыны тегiннен-тегiн берген жоқ, мұның артында бiр батпан­құйрық жатыр деп мәлiмдедi.

Ұлттық банктiң бұрын­ғы төрағасы Григорий Марченконың өзi бас болып жобасын жасатып кеткен 20 мың теңгелiк купюраның не себептi тұсауы кесiлмегенiне таң-тамаша қалғаны бар. “Марченконың 20 мың теңгесiне” қатысты абың-күбiң әңгiме көп болды. Жұртшылыққа ұсынылған алғашқы жобалардың бiрiнде әлдебiр құс ұстаған славян тектес келiншектiң суретi басылды.

Жұма күнi Теңге әулие зираты басында ұйымдастырылған аста 2011 жылдың 16 желтоқсанында оққа ұшып, қыршынынан қиылған 16 жастағы Рахат Көшеровтiң анасы Алтын Көшерова жоқтау айтып, етегi жасқа толды. “Зарлап шыққан дауысым, Машхарға салған жол болар. Зарлап шыққан көз жасым, Үстiңе тамған нұр бол­ғай. Артыңнан шашқан дүнием, Алдыңда базар той болар...”

Бүгiнде ел билiгi еңбек әулеттерiне, олардың жүрiп өткен даңқты жолына айрықша назар аударуда. Өйткенi нағыз жас толқынның рухын шынықтыратын, жақсылыққа баулитын тәр­бие қайнары, нағыз құндылықтар осында жатыр. Мә­селен, алпауыт Ұлттық компаниялар құрамына кiретiн “Самұрық-Қазына” қоры қа­зiрде шежiрелi тарихы бар, отбасылық дәстүр сабақтастығын үзбеген өнегелi әулеттердi елорда төрiне арнайы шақырып, еңбек­терiн бағалап, ұлықтауда.

Бiлiмнiң маңыздылығын асыра бағалау мүмкiн емес, өйткенi бүгiн жақсы бiлiм алып жатқандар ертең де жалақысы жақсы, абыройлы жұмысқа орналасып, лайықты мансап құра алады. Бұған қоса, бiлiммен келетiн материалдық емес құндылықтар мен артықшылықтар қаншама? Олар: өз күшiңе сенiмдiлiк, өз мұратыңа жету, рухани және зияткерлiк өсу. 

Соңғы жылдары “Мә­­дени мұра” бағдарламасы бойынша алыс, жақын шетел мұрағаттарындағы қазақ тарихына қатысты құжаттар, қолжазбалардың көшiрмесi елiмiзге әкелiндi. Алайда бұл өзiмiздiң мұрағаттарымызда (архивтерде) сақтаулы құжаттарды жоққа шығармаса керек. Өкiнiшке қа­рай, кейбiр тарихшыларымыз шетел ғалымдары не айтса, қа­зақтар туралы не жазса болды, соған бас иiп, дәрiп­теуден аса алмай жүр.

12 желтоқсан – Шыңғыс Айтматовтың туған күнi. Егер арамызда жүрсе, ұлы жазушы дәл 85-ке толар едi. Әлем әдебиетiнiң заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдық мерейтойы биыл жер-жерде аталып өтiп те жатыр. Осыған орай, бiз бүгiн аса көрнектi әдебиетшi-ғалым, айтматовтанушы, академик Абдылдажан Ақматалиевтiң Ш.Айтматов жөнiндегi сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.
ДИНА НҰРПЕЙIСОВАНЫҢ ЕСКЕРТКIШI ОРНАТЫЛДЫ
Орал қаласындағы №1 балаларға арналған саз мектебiнiң iргесi 1934 жылы қаланған. Роза Жаманова, Назым Меңдыға­лиевтер – осы саз мектебiнiң алғашқы түлектерi. Бұл мектепке 1957 жылы әйгiлi күйшi Дина Нұрпейiсованың есiмi берiлген едi.

Адамның сау-саламат, мағыналы ғұмыр кешуi отбасындағы жай-күйге, тұр­мыс­қа тәуелдi екенi ақиқат. Ау­ру-сырқау атаулы көбiне күнделiктi тiршiлiктi дұрыс ұйымдастыра алмаудан, өзiңе-өзiң жағдай жасап, күтiне бiлмеуден туындап жататыны баршаға белгiлi. Мiне, елiмiздiң денсаулық сақтау, дене шынықтыру, бой-бас кү­тiмi, отбасы жә­не әйелдер iстерi, тәлiм-тәр­бие саласындағы же­текшi мамандарының тiкелей 

Тәуелсiздiк алғалы берi әлемнiң неше түрлi киностудиялары мен кинокомпанияларының фильмдерiмен таныса бастадық. “Альфред Хичкок ұсынады” де­лiнетiн фильмдердi де көретiн болдық. Альфред Хичкок деген кiм? Альфред Ұлыбританияның және АҚШ-тың кинорежиссерi, продюсерi, сцена­ри­йсi. 1939 жылға дейiн Ұлыбританияда, содан кейiн АҚШ-та кино саласында жұмыс iстедi.

Мен 40 жыл ұстаздық еткен зейнеткермiн. Осы заманның кейбiр өрескелдiгi көңiлiме сыймай, қоғамның бiр мүшесi ретiнде пiкiрiмдi қайда айтарымды бiлмей, өзiм бiлетiн “Жас Алашқа” жiберiп отырмын. Тiл-тiл деп күңiренгенiмiзге 20 жылдан асты: iстемеген амалдар, шашылмаған қаражат қалмады. Қазақтар өз жерiнде, өз елiнде жүрiп осынша шу жасағанына таңым бар.

Жаңаөзен мен Шетпе­дегi халықтың қанын төк­кендер бiрi қалмай жа­уапкершiлiкке тартылуы тиiс. Мен “Жас Алашта” өткен тәуелсiз қоғамдық комиссияның жиынында сөйлеген адвокат Абзал Құспановтың сөзiн дұрыс деп есептеймiн. Бұл, шынында да, геноцидтiң нақ өзi.

МЕЙЛI...
Мейлi менi ұмытқын.
Үзiлуге айналғандай үмiт тым.
Ұстай берсе жаман қолмен жұлмалап,
Бағасы да кем болмай ма түбiттiң?

1990 жылдардың қи­ын­шылықтары жаңа шаңырақ құрған әрбiр қазақ отбасыларының ешқайсысын да айналып өткен жоқ. Сол уақытта бала-шағаның қамы үшiн қолдан келген жұмыстың бәрiн жасадық. Өзiм 1 санатты ав­токөлiк жүргiзушiсiмiн. Көп жылдар Ырғыз ауданының орталығы Ырғыз бен Нұра ауылына қатынайтын авто­бус­ты жүргiздiм.

Алматы облысының прокуратурасы 28.11.2013 жылы “Жас Алаш” газетiнiң №95 санында “Әдiлетсiз­дiк осылай жалғаса беруi керек пе?” деген тақырыппен жариялан­ған мақала бойынша төмендегi мән-жайларды хабарлайды. 11.04.2013 жылы азамат Е.Дүйсенбаев Алакөл ауданының iшкi iстер бөлiмiне азамат Н.Уақбаевтың үстiнен арыз жазған.

Мен Жаркентте туылдым. Ауыл мектебiндегi асханашы апайларымыздың қой етi мен пиязды араластырып немесе езiлген картоппен жасайтын, дәмi тiл үйiрер қарапайым самсаларын жеп өстiк. Иә, жазиралы Жаркенттiң қарапайым қара базарындағы дүкен-дүңгiршектерде сатылатын самсалар да балдай, шiркiн. Асыра сiлтегенiм емес, бұл – ақиқат.

Биылғы жыл ел спорты үшiн де, сайыстарға ат қойып кiрген спортшылар үшiн де табыссыз болған жоқ. Әлем чемпионаттарында, құрлық бiрiншiлiк­терiнде орасан табыспен оралған спортшыларымыздың арасында волейболшыларымыз да бар.
“АРЛАННЫҢ” ТIСI БАТПАДЫ МА?
Бүкiләлемдiк бокс серия­сының төртiншi маусымында “Астана арландары” Алматыда кубалық “Cuba Doma­dores” клубының боксшыларына жол бердi. 52 келiде Мирас Жақыпов Херардо Сервантестi ұпай санымен ұтып едi, 60 келi салмақта Жандос Момынов Хорхе Ласаро Аль­варестiң тегеурiнiне төтеп бере алмады.