1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (15872) 24 желтоқсан, сейсенбі 2013
ҚАЛАЙ БАССА ДА, КЕТПЕННIҢ САБЫ НАЗАРБАЕВТЫҢ ӨЗ МАҢДАЙЫНА ТИЕДI
Жақында бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко 2006 жылдың ақпанындағы саяси террорға (!) қатысты АҚШ-тың Қазақстандағы елшiлiгiмен бiрiгiп мәлiмдеме жасады. Кравченконың ебiл-дебiлi шыға ентiгiп жеткiзген “жаңалығы” мынау болды: “Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серiктерiне қастандық жасауға Рахат Әлиев тапсырыс берген. Ол мұны мемлекеттi төңкерудiң бiр бөлшегi ретiнде қарастырған”. Осы да жаңалық па?! Мемлекет қайраткерi А.Сәрсенбайұлына серiктерiмен бiрге қастандық жасалғаны туралы естiгенде-ақ жұрт Рахат Әлиевтi көзге шұқыған. Мұны саяси террор деп бағалаған.

Бас прокуратураның жұма күнгi мәлiмдемесiнен кейiн Алтынбек Сәрсенбайұлының үзеңгiлестерi – Төлеген Жүкеев, Болат Әбiлев, Ораз Жандосов және саясаткер­дiң ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы кеше баспасөз мәслихатын өткiзiп, қылмысқа қатысы бар барлық тұлғалардан жауап алынсын деп мәлiмдедi. Қапыда қаза тапқан Алтынбек Сәрсенбайұлының серiктерi мен туыстары қылмысты жаңадан тергеу және сот процесi қоғам үшiн ашық, жария түрде өтуi тиiс деген талап қойды.

Өткен аптаның соңында Ақорда үшiн дәстүрге айналған «Индустриялдандыру күнi» өттi. Н.Назарбаев Астанада отырып-ақ телекөпiр арқылы елiмiздiң әр қиырындағы бiрнеше кәсiпорынды iске қосып бердi. «Сiздiң арқаңызда осыған жеттiк» деп шуласып жатқан ел әйтеуiр. Ду қол шапалақ. Мадақ, мақтау... Не керек, экранның арғы бетiндегi жұрттың жағасы жайлауда. Ал бергi беттегi халық ше?

Өткен аптада немiстiң “Цайт” (DieZeit) дейтiн басылымы осылай деп аталатын көлемдi мақала жариялады. Осы мақаланың аз-кем ықшамдалып аударылған нұсқасын қазақтiлдi оқырмандардың назарына ұсынғанды жөн көрдiк. Мақаладағы деректердiң қай тұсы қаны сорғалаған шындық екенiне, ал қай жерiнде қоспа барына оқырманымыздың патша көңiлi таразы.

Өткен бейсенбiде әкiм ауысады деп жүрдi бiлгiштер.“Халық айтса, қалт айтпайды” десек те, жауырыншылар бiр күнге қателесiптi. Облыс басшысы бейсенбi емес, жұма күнi, яғни желтоқсанның 20-сы күнi ауысты. Не керек, Қ.Бозым­баев Астанаға да, Алматыға да емес, Керекуге әкiм болып барды. Әрине, “әкiм ауысады екен” деген әңгiме шықса, орнын кiм басатыны туралы гу-гу көбейетiнi анық.
Мал басы көбеймеген соң ет өнiмiн амалсыз өзге елден сатып алуға тура келедi. Мыңғырған мал айдап, төлiн сатып, пайда кө­рiп жүрген мемлекет­тердiң iшiнде бiз Ресей мен Австралия­дан қой етiн, жылқы етiн Болга­рия, Канада, Уругвай тiптi Мексикадан да алдыртады екенбiз. Халықтың қажеттiлiгiн өтеу үшiн бiзге қайту керек?
2013 жылы жарық көрген әңгiмелердiң iшiнде әңгiме етуге лайықты, уытты дү­ниенiң бiрi – жазушы Рахымжан Отарбаевтың “Нобельден қалған мұра” атты әңгiмесi. Егер ата-бабаңнан мирас боп қалған туған жерiңнiң байлығы ең әуелi өз ұлтыңның, өз елiңнiң мұқтажына жұмсалмай, дiнi, тiлi, түсiнiгi басқа, шеттен келген жат елдiктердiң ризығына айналса,

Қазақ киносы ендi ғана есiн жинап, елдiк, ұлттық тақырыптарға көңiл бөле бастаған сыңайлы. Жуырда көрермендерге жол тартқан халық батыры Бауыржан Момышұлы туралы 4 сериялы фильм бүкiл жұртшылықтың рухани сұранысын қанағаттандырып, ұлттық рухын көтергенiне өз басым сенiмдiмiн.  Ұлттық тәрбиеден, ұлттық рухтан алыстап, адасып жүрген жастарға көрсетiлуге тиiс бұл фильм, әсiресе.

“АБАЙ ӘЛЕМI”
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнде елiмiздегi студент-жастардың “Абай әлемi” атты III республикалық өнер фестивалi болып өттi. Хакiм Абай даналығын құмартып оқушылардың, Абайдың тағлымын өнеге тұтушылардың саны қазақ елiнде жылдан-жылға артып келе жатқандығы да аян.
Өлiмнен кейiн өмiр бар ма, жоқ адамның жаны оның денесiмен бiрге өле ме? Бұл сұрақ ғалымдарды ғана емес, кез келген пенденi тол­ғантатыны түсiнiктi. Өлiмнен кейiн адамның жаны өлмейдi, қайта дүниеге келедi деген тео­рияны ұстанатын зерттеушiлердiң келтiретiн өз дәлелдерi бар. Клиникалық өлiмдi бастан кешiргендер жаны денесiнен ұшып кеткен соң, өзiн-өзi жеңiл сезiнiп, жарыққа толы әлемге барғандарын айтып жатады.
“Мыңнан бiр мезеттiң” алдыңғы сандарында әлемнiң айшықты аралдарының бiрi – Санторини мен Криттегi жұмбақ құбылыстар жайлы мақала жарияланған едi. Ежелгi Грекия жерi мен Киклад аралдарының құпиясы мұнымен бiтпейдi. Бұл жолы Афины түбiндегi Давели үңгiрiнiң құпиясы туралы сөз қозғамақпыз. Ежелгi құдайлар мен аңыздар мекенi саналатын Афины маңында, Аттика жерiнде Пентеликон тауы жатыр. Антикалық заманда бұл жерден мәрмәр өндiретiн.
“ӘЛЕУМЕТТIК ВИРУСТАР” ЖҰҚПАЛЫ КЕЛЕДI
Гарвард университетiнiң профессоры Николас Кристакис пен Калифорния университетiнiң профессоры Джеймс Фаулер бақыт жұқпалы ауру тәрiздi бiр адамнан екiншi адамға оңай берiледi деген қорытындыға келдi. Осы тұжырымды ары қарай дәлелдемек үшiн зерт­теудi жалғастырған олар бақыт қана емес, күйзелiске түсу, се­мiз­дiк, iшiмдiкке салыну, темекi шегу тәрiздi жаман әдеттер де жұқпалы келетiнiн анықтады.
КӨЗIЛДIРIКТIҢ АРҚАСЫНДА АМАН ҚАЛДЫ
16 жастағы Сиэтл тұрғыны Элонзе Брайант “қаңғып” келген оқтан көзiлдiрiгiнiң арқасында аман қалды. Элонзе түнгi ондар шамасында қонақ бөлмедегi диванда ұйықтап жатқан екен. Сол кезде көшеде келе жатқан машинаның iшiндегi адамдар үйлерге қарай оқ атқан. 

Баспана мәселесi күйiп тұрғанымен, оны шешудiң сан алуан жолы бар. Нарықта үйлi болуға жол ашатын ұсыныстар көп‑ақ, десек те екiншi деңгейлi банктердiң ипотекалық өнiмдерiне көпшiлiктiң қолы жете бермейдi. Бiрақ бұл баспаналы болудың тиiмдi шарттары жоқ деген сөз емес. Нарықтағы жаңа ұсыныстың арқасында пәтерлi болудың жолы жақындай түстi. Бұл – “Қазақстан ипотекалық компаниясы” ипотекалық ұйымы” АҚ-ның “Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020” бағдарламасына жүгiну.

ҚР Бiлiм беру iсiнiң үздiгi, Отырар ауданының үздiк мұғалiмi деген марапатқа ие, бiрнеше рет Отырар ауданының үздiк бапкерi атанған асыл жар, асқар таудай әкемiз Оңалбек Әуелбекұлы асқаралы 60 жасқа толды. Пайғамбар жасына таяса да әкемiз бiзге әлi де қылшылдаған жас кезiндей көрiнедi. Мүмкiн, мұның бәрi спортты жастайынан серiк етiп, әлi де шұғылданатындығынан шығар. 
Минскiде өткен Қазақ күресiнен әлем чемпионатында балуандарымыз топ жарды
Беларусь астанасы Минск қаласында қазақ күресiнен IV әлем чемпионаты өттi. Дүниежүзiлiк қазақ күресi федерациясы мұрындық болып өткiзген әлем бiрiншiлiгiне Елiмiзден қатысқан екi құрамадан өзге 27 мемлекеттен балуан қатысып, белдесуге түстi. Екi күн бойы өткен тартыста Қазақ елiнiң ұлттық құрамасы топ жарды.

Алматыда “Алаш Пра­йд” клубы аралас жекпе-жектен “Ұлы майдан – 2” сайысын ұйымдастырып, тұңғыш рет клубтың әлем және Азия чемпионы деген бел­беуiн тiккен-дi. Өкiнiшке қарай, сенiм артқан серкемiз Аслан Тоқтарбаев әлем чемпионы деген белбеу үшiн тартыс­қа түсiп, америкалық Кевин Крумнан жеңiлiп қалса, Қайрат Ахметов Азия чемпионы белбеуiн жапонның өте әккi спортшысы Татсуя Ватанбеден тартып алды.

КҮМIСПЕН КҮПТЕДI
Италияның Азиаго қаласында шаңғы жарысынан әлем кубогының кезеңi өтiп, сайысқа қатысқан жерлестерiмiз Алексей Полторанин мен Николай Чебатько классикалық стилмен жарысуда күмiс жүлде иемдендi. Командалық сында олар норвегиялық Эльдар Реннинг пен Ола Виген Хаттестадты ғана алға жiберiп қойды.