1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103-104 (15873-74) 26 желтоқсан, бейсенбі 2013

Сыйлы адамына сылаңдаған сәйгүлiк мiнгiзетiн бабаларымыздан жалғасып келе жатқан әдемi дәстүр бар. Жылқы жылының қарсаңында билiк басындағы дөкейлерге де    бiр-бiр ат мiнгiзiп (суретiн болса да) жiберсек, жарасып-ақ кетер едi. Бiрақ бүгiнгi билiктегi шендiлер жылқыға оқыранып қарайды. Талай жылдан берi шетелдiң сиырын ұшақпен тасыған үкiмет әлi күнге қыл құйрықты жануарға соқыр тиын бөлген емес. Сондықтан қарны шәнтиген шекпендiлердi атқа мiнгiзiп, тектi түлiктi қорлаудың жөнi жоқ. Оның үстiне, атқамiнерлердiң өздерi де ат мiнуге құлықсыз.

Бас прокуратураның мәлiмдемесiнен кейiн екi-үш күн бойы үнсiз жатқан Рахат Әлиев “Республика” порталына сұхбат берiптi. Онда Рахат Шораз Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасына қатысы бар қылмыскерлердiң кiм екенiн бiлетiнiн және сотта бейнеконференция түрiнде жауап беруге дайын екенiн мәлiмдептi.

Сейсенбi күнi Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық кеңестiң жоғарғы отырысында Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь президентi Александр Лукашенко 2015 жылы құрылатын Еуразиялық одаққа бiраз сын-ескертпе айтты. Әсiресе, президент Н.Назарбаевтың “құрылатын одақты саясиландыра алмаймыз, экономикалық интеграцияға жатпайтын келiсiмдерден аулақ болайық” деген сарында айтылған мәлiмдемесiн ресейлiк басылымдар сан-саққа жүгiртiп жатыр.

“Жас Алаштың” сын таразысы
“...Жақсы өткiздiк пе, жаман өткiздiк пе”, әйтеуiр, тағы бiр жылды өткiздiк: “айтыстық, тартыстық – әуре­шiлiктi көре-көре келдiк”. 2013 жылы төрткүл дүние Қазақстанға көз тiкпесе де, тiлшi қауымға азық боларлықтай оқиғалар аз болмапты. Жылдың соңында өткен-кеткенге баға беру дәстүрi бұрыннан бар. Әр басылым шама-шарқынша жазғанын түгендеп жатады. Бiз де сол дәстүрден қалыс қалмай, “Жас Алаштың” өз рейтин­гiсiн түздiк.
Жыл басынан берi “Жас Алаш” түрлi тақырыпқа 48 мәрте сауалнама жүргiзiптi. Әр сауалнамаға орта есеппен 300-ге жуық адам дауыс берген. Саясат, әлеумет, экономика тақырыптарына қатысты бұл сауалнамалар қоғамның айнасы iспеттi. Бiз рейтинг түзушi қайсыбiр компаниялар секiлдi сауалнамалардың қорытындысын қолдан жасаған жоқпыз. Сүбелi сұрақтарды сайтымыз арқылы оқырманға қабырғасынан қойдық. Бұл жөнiнен бiздiң Төбе биiмiз – өздерiңiз, құрметтi оқырман.

Ел тұрғындарының әлеу­мет­тi осал топтарын қолже­тiмдi тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекет алдында тұрған маңызды стратегиялық тапсырмалардың бiрi. Қазақстанда жыл сайын орташа есеппен 6 млн. шаршы метр тұрғын үй тұрғызылады. Дегенмен аталған құрылыс көлемдерi тұрғындардың тұр­ғын үйге деген нақты қа­жеттiлiгiн жаба алмай отыр. 

Көптен берi БТА Банктi сата алмай жүрген “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры ақыры сатып алушыны тапты. БТА-ны Қазкоммерцбанк пен кәсiпкер Кеңес Рақышев теңдей үлеспен сатып алатын болды. Бұған дейiн БТА-ны қосып алмаққа әрекеттенген Халық банкi қараша айында бұл ойынан айнып қалған едi.

Жамбыл жұртшылығының жанын шүберекке түйгiзiп, үскiрiк аяз, ысқырық желдiң соңы дүлей дауылға ұласып, есiгiмiзден уын төге ентелей енген жылан жылы да жылыс­тап, атам қазақ ер қанатына балап, жетi қазынаның бiрi тұтқан жылқы жылы кiсiнеп келiп қалды. Бұл ретте, Қамбар ата ұрпағын қарсы алмас бұрын жыланды басына ақ құйып шығарып салғанды жөн көрдiк.

Мұхтар Әблязовтiң әйелi Алма Шалабаеваға қолданылған бұл­тартпау шарасы өзгердi. А.Шалабаеваға материалдық кепiлмен шетелге шығуға рұқсат берiлдi. Iле-шала Италияның сыртқы iстер министрi Эмма Бонино оған Италия елшiлiгi Шенген визасын жасап беретiнiн мәлiмдедi. А.Шалабаева телефонмен болған әңгiмеде бiзге визасы дайын бол­ған соң, Еуропа елдерiнiң бiрiне кететiнiн хабарлады.

АТЫРАУДЫ 37ШI ЖЫЛДЫҢ ЕЛЕСI ӘЛI КЕЗIП ЖҮРГЕН СИЯҚТЫ
“Жас Алаш” газетi бастаған журналистiк топтың желтоқсанның 20-сына Атырау облысының Жылыой ауданында жос­парланған, алдын ала ке­лi­сiл­ген жергiлiктi халықпен кез­десуi өтпей қалды. Газеттiң бастауымен, 2011 жылдан жалғасып келе жатқан, сталиндiк қуғын-сүргiннiң құрбандарын, алаш ардақтыларының азалы тағдырын
ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаев пен ҚР Iшкi iстер мнистрi Қ.Қасымовтың назарына
Баянауыл ауданындағы “Бiрлiк” ауылының тумалары, ағалы-iнiлi Рамазан және Ерлан Жәкеевтер 2007 жылы өздерiнiң туған ауылында керамикалық кiрпiш шығаратын зауыт ашпақшы болады. Сөйтiп, “Бiрлiк” кiрпiш зауыты” се­рiктестiгiн құрған олар ауылдағы МТМ ғимаратын алып, өздерiнiң он бес миллион теңгеден артық қаржысын құйып

Астанадағы «Махаббат» тұрғын үй кешенiндегi 49 пәтердiң 469 тұрғыны (оның 200-i бала) далада қалмақ. Үйдiң алғашқы иесi – «ҚазЭкспортАстық» ЖШС. Қожайындар осыдан 3 жыл бұрын “пәтерлер әуелi жалға берiледi, кейiн сатып алуға болады” деген. Бiрақ 2 жыл өткенде серттен та­йып, кешендегi 63 пәтердi iшiндегi адамдарымен қоса сыртынан саудалап жiберген...

Ақтөбе қалалық сотында белгiлi журналист Игорь Кимнiң (Ларра) iсiне қатысты процесс жүрiп жатыр. Осы жылғы тамыздың 20-сынан 21-iне қараған түнi Ақтөбедегi Авиақалашық ауданында белгiсiз бiреулер ұрып кетiп, сол соққыдан айыға алмай, iшкi құрылысы езiлген ол қыркүйекте аурухана төсегiнде көз жұмды.

Бiз сөз еткелi отырған Т.Рысқұлов ауданының әкiмi Марат Смаилов жаңа қыз­меттiң құлағын ұстаған бетте жұмысын “кабинетi мен қызметтiк тұрғын үйiн заман­ға сай жабдықтаумен” бастағанында-ақ қарамағындағылардың iштерi қыпылықтасып, көздерi жыпылықтасып қалып едi.

Сонымен бiр жылың да тәмам. Тамам жұртты таң қалдырған талай оқиға болды, дүйiм елдi шаң қылдырған сәттердi де көрдiк. Не көрмедiк, гептил деген бәлеге «жуынып-шайынып», одан қалды «нанға жағып жеп» дегендей... Несiбемiзге бұйырған шығар. Үкiметтегiлер де қызық, қызылордалықтардың iшiп-жегенiн есепшотқа салып, 13,6 млрд. теңге

Үш өлең жаздым. Қызық болсын деп. Үшеуiнiң де аты –“Мысық”, яки үшеуi де мысық туралы. Әуелгiсiн Қа­дыр Мырзалиев “болып”, екiншiсiн Тұманбай Молдағалиевтiң, соңғысын Сағи Жиенбаевтың үлгiсiмен жаздым. Қадыр Мырзалиевтiң “авторлығымен” жазғаным мынадай болды:

Кезiнде әр отбасы мүмкiндiгiнше арқа-жарқа атап өтетiн мейрамның бiрi – 31 желтоқсан, яғни жаңа жыл едi. Жылдың соңғы айы басталғаннан осы мерекеге қызу дайындыққа кiрiсетiн әрбiр шаңырақта мiндеттi түрде шырша безендiрiлетiн. Желтоқсанның соңғы түнi мен қаңтардың бiрiншi күнi кеңес заманындағы кез келген үйде шат-шадыман мерекеге толып, тiптi жаңа жылды қарсы алу бiрнеше күнге жалғасатын.

Тәуелсiздiк алғаннан берi екiншi онжылдықты аяқтап қалсақ та, аты-жөнiмiздi жазу мәселесi көңiлге қонымды шешiмiн таппай отыр. Фамилия деген ұғымды “тегi” деген сөзбен алмастыра салудың өзi бiр iзге түскен емес. Жалпы, фамилия сенiң кiм екенiңдi аңғартып қана қоймай, қай ұлттың баласы екенiңдi де бiлдiретiн анықтағыш болуы шарт.
“Жас Алаштың” отбасылық қосымша бетiнде бiрнеше ұлттың бала тәрбиесiндегi ерекшелiктерi туралы сериялы материалдар жарияланды. Соларды оқып шығып, өзiмше қорытынды жасап, түйгенiмдi оқырманмен бөлiсудi жөн санадым. Тәрбие мәселесiнде төмен қарайтын дәрежеге жеткенiмiз ащы да болса шындық.

Америкалық зерттеушi ғалым Эрик Стайсом тiл үйiрер сүттi коктейльдiң ағзаға зиян екенiн анықтады. Құрамындағы шектен тыс қант пен май сiздiң денсаулығыңызға керi әсерiн тигiзедi. Ғалымдар 100-ге тарта орта мектеп оқушыларына шоколад қосылған сүттi коктейль iшкiзiп, зерттеп көрдi.

АҚТЫҚ САПАРҒА АТТАНУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Алматылық Алаңқұловтардың отбасы қайтыс болған бауырларының өлi денесiн мәйiтханадан ала алмай жүр. Қалалық № 1 ауруханада қайтыс болған азаматтың денесiн Қалқамандағы мәйiтханадан алу үшiн мекеме қызметкерлерi ақша сұраған. “Елу мың теңге сұрады, алып шығып кетесiң дедi”, – дейдi Бауыржан Алаңқұлов.

Бiздiң оқырмандарымыздың белсендiлiгi әлi де бәсеңдеген жоқ. Қайта арта түскендей. Редакцияға күнделiктi келiп жатқан хаттар легi осыны айғақтайды. Бiр қуанарлығы, арыз-шағым азайды. “Газетке басылғанымен, бәрiбiр түк шықпайды. Баяғы әуен бiр әуен, республика облысқа, облыс ауданға жұмсайды” дей ме, әлде шынымен-ақ, халықтың жағдайы жақсарды ма... Бiзге салсаңыз, әрине, халықтың жағдайының жақсарғаны дұрыс.

Кемелқұлов Жиенқұл – Мойынқұм ауданының тумасы, ауданның өсiп-өркендеуiне бiр адамдай атсалысқан, кезiнде жауапты қызметтер атқарған. Қазiргi таңда зейнеткер, елге сыйлы қадiрмендi қария. Аудандағы небiр айтулы iстердiң басы-қасында жүрген көптеген оқиғалардың тiрi куәсi.

Көзi көрмейтiн қарт әкем, анам әлi көз алдымнан кетпейдi. Анам кеңшардың отыз сиырын таң ата, кеш бата сауатын. Аялы алақаны тiкен-тiкен... Ағаларым мен апам қалада, әкемнiң ағасының қолында тұрып оқыды. Каникулда келе алмайды, жер шалғай. Сөйтiп жүрiп мен де мектеп табалдырығын аттадым. Он жасымда. Ақын Аманқос Ершуов қазақ әдебиетiнен сабақ бердi.

Көшеде екi құрдас кездесе қалады. Көптен кездеспеген құрдасы сақал қойып алыпты.
– Ау, достым, мынауың жаңалық қой. Сақалың құтты болсын!
– Сен де, мен де пайғамбар жасынан асып кеттiк. Ендi Құдайға құлшылық ете бастағаннан басқа не бар бiзге. Соның бастамасы деп сақал қойдым.

Бүгiнгi таңда, туған тiлiнiң мүшкiл тағдырына алаңдамайтын қазақ жоқ шығар деп жүрсем, оңбай қате­ле­сi­ппiн. Таяуда бiр қандас профессордың: “Мне западло разговоривать по-казахский”, дегенi бар. Содан көшеде кетiп бара жатсам, алдымнан әжесi немересiне ұрсып жатыр, сондағысы “Машинаны соропиться етпе, папа ругаться етедi” дедi. Автобуста елуден асқан кiсiнiң ұялы телефон арқылы сөйлескенiн естiп қалдым.

МҰНЫ ЖОҒАРЫДА ОТЫРҒАНДАР БIЛУI ТИIС
Қара халыққа мойын бұрып қарамай, өз беттерi­мен, әйтеуiр жаңалық шығарсақ болды деп оқу жүй­е­сiн адам танымастай бұ­зып болған реформаға халық та қарсы. Оған дәлел оқу жүйесiнiң жылма-жыл сапасызданып, халық тәр­бие­сiнен мектеп тәрбие­сiнiң алыстап бара жатқаны. Жылма-жыл ҰБТ тапсыруға ниет етушiлер 3-4 есеге азайып,
Бала күнiмiзде ата-анам үй тiрлiктерiне жұмсайтын. “Үйрен­генiң өзiңе жақсы, кейiн “бiр жерге барғанда” пайдасы тиедi” дейтiн. Балалық та бар, шалалық та бар, ол кезде “бiр жердiң” не екенiн ұғынбаппын... Бой жеттiк. Оқу бiтiруге таяу қалғанда бiр жiгiтпен таныстым. Бiр көргеннен-ақ ұнаттым, кездесе бастадық. Оқу бiтiрiп, жұмыс­қа орналасқаныма ендi ай толғанда жұмыстан шығарып алды.

Дариға Назарбаеваның “Ата-анасын қарттар үйiне өткiзгендерге алимент тө­леттiру керек пе?” деген ұсынысы бойынша ойымды бiлдiргiм келедi. Халық қалаулылары қандай да бiр заң қабылдарда халықтың пiкiрiмен, қоғамдағы болып жатқан жағдайларды ұш­тас­тырып қабылдау керек деген ойдамын. Мен үш ұл, үш қыз туып, ержеткiзiп өсiр­дiм.

Аялдамада автобус күтiп отырғанда қасыма бейтаныс бiр кiсi келiп отыра кеттi. Мен:
– Қай жердiң жiгiтi боласың? – дедiм.
– Аралдың Ақшатауынанмын. Тасбөгеттегi Мұратбаев көшесiнде тұрамын.
– Зейнеткерсiң бе?

Жақында туыс апайымның қызы Астрахань облысына тұрмысқа шығатын болды. Өзi Астраханьдағы жоғары оқу орнының соңғы курсында оқитын. Күйеуге шығам деген қыздың алдына кедергi жасауға болмайтыны анық. Шықсын. Бiрақ кiмге шығады деген ой мазамызды алды. Апа­йым қызының сол жаққа оқуға кеткеннен-ақ көңiлi алаңдаулы екенiн бiле­тiнбiз.

Жаңа жыл мерекесiнiң алдында шырайлы Шымкентке жұмыс ауыстырдым. Бұрын да қызмет iстеген қалам, бiрақ, арада өткен бiрнеше жылдарда әкiмдiктегi мен танитын адамдардың көбiсi ауысып кетiптi. Бiрiн жыға танысаң, ендi бiрiн мүл­дем бiлмейсiң. Жаңа жыл – адамдарға көтерiңкi көңiл күй, шабыт, шаттық сыйлайды ғой. Әйтеуiр, осы мерекенiң алдында түрлi құттықтаулар, салтанатты дастарқандар көбейедi.

Жақында “Жас Алаш” газетiнде “Айнагүл Байтиковаға 2 миллион 684 мың теңгенi санап бердiм” (№97, 5 желтоқсан, 2013 жыл) деген Гүлжан Қапалованың мақаласы жарық көрген едi. Ол кiсiден еш­кiм ондай ақша алған жоқ. 2007 жылдың жазында Г.Қапалова сатып алушы ретiнде келiп, үй және жер учаскесiн сатып аламын дедi.

Хан Абылайдың 300 жылдық мерейтойының бiр келiстi көрiнiсi ретiнде Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық музыкалық драма театрында белгiлi жазушы Думан Рамазанның “Абылай ханның арманы” атты тарихи драмасының премьерасы өттi. Бұған дейiн де елорда тұрғындары мен қонақтарына ұсынылған Қазақ хандығының ең соңғы ханы Кенесарының өмiрiн, жастық шағын

Абай атындағы Қазақ ұлт­тық педагогикалық универ­си­тетiнiң 80 жылдығына орай 2008 жылы шыққан мере­келiк кiтаптан “1930 жылы университет Қазақ мем­лекеттiк педагогикалық институты деп атала бастады, 1935 жылы оған ұлы ақын Абайдың аты берiлдi” деген сөйлемдi оқып, ойға қалдым.

Белгiлi қиялгер жазушы, филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк универси­тетiнiң профессоры, журналист Абдул-Хамид Мархабаевтың 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Ресейден, Түркиядан келген қонақтар, мерейтой иесiнiң әрiптестерi, университет ғалымдары, шәкiрттерi

Иә, байлар да жылайды. Жыламағанда қайтсiн?! Үкiмет салықты күшейтiп жатса. Ең бiрiншi үкiметтiң көзi қымбат көлiктерге түстi. Ендi мiне, үй салығы шықты. Үйiң 1 миллион доллардан асса, жылына салыққа қыруар қаражат төлейсiң. Оңай емес, әрине. Халықтың аузынан жырып, қалталарына тығып жатқан жандар үшiн. Айтпақшы, ана жолы Ақшабай досымды көрдiм. Қатты жүдеп кетiптi

“Жас Алашты” өзге басылымдардан ерекшелеп тұратын бiр қыры болса ол – өткiр коллаждары. Босағадан аттап бара жатқан 2013 жылы да Қазақстанда болған айтулы оқиғалардың барлығы дерлiк коллажбен тұздықталып жарияланды. Бұл – әлемдiк баспасөздiң тәжiрибесiнде бар тәсiл болғанымен, қазақ тiлдi басылымдар сауатты һәм өткiр коллажға келгенде текiректеп қалады.

Құрметтi редакция! Сiздер “Ашық әңгiме” деген айдармен, бұдан басқа да түрлi айдарлармен сұхбат, жедел сұхбат өткiзiп жатасыздар. Бұл жерде сұхбат беретiн адамды сiздер таңдайсыздар. Мәселен, менiң өз басым сұрағымды бас­қаға емес, Герольд Бельгерге қойғым келедi. Жалтақтамайтын, жағымпазданбайтын, бiр жағына қарай бұра тартпайтын, мейлiнше әдiлiн айтуға тырысатын

МАҚПАЛ МОЙЫМАЙДЫ
Қазақта әншi көп. Бiрақ Мақпал бiреу. Ешкiмге ұқсамайтын ерек дауысы құлағыңның құрышын қандырып, құнан қымыз iшкендей буыныңды босатып жiбередi. Сондықтан да Мақпалға деген елдiң құрметi бөлек. Жұртқа салсаң, Жүнiсованы күнi бойы тыңдай беруге бар. Дегенмен мұндай мүмкiндiктi жоғары билiктегi әлдекiм биыл “қиып” тастады.
МУЛЬТИМИЛЛИОНЕР ӨЗIНЕ-ӨЗI ҚОЛ САЛДЫ
“Америкалық мультимиллионер және қайырымды адам Роберт Уилсон өзiне-өзi қол салды. Ол Манхеттендегi 16-қабаттағы үйiнiң терезесiнен секi­рiп кеткен”, – деп жазады www.mr7.ru. Полицияның айтуынша, мультимиллионер өлерiнiң алдында хат жазып кетiптi. Бiрақ онда не жазылғаны туралы ештеңе айтылмайды.
ҮЗДIК НЕМЕСЕ БЕСКЕ ЛАЙЫҚ БАПКЕР    
Мырзағали Айтжанов – бокстан ұлттық құраманың бас бапкерi. Биыл ересектер арасындағы әлем чемпионаты Алматы қаласында дүркiреп өттi. Мiне, осы сайыста бас бапкер­дiң шәкiрттерi 4 алтын, 1 күмiс, 2 қола медаль олжалады. Ермек Иманбековке (дзюдодан ерлер құрамасының бас бапкерi) Азамат Мұқановты әлем бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi атандырғаны үшiн 4 деген тәуiр бағаны қойдық.

Төрiмiзден төмендеп тарих қойнауына кетiп бара жатқан жылан жылы елiмiздiң спорты үшiн де аз табыс әкелген жоқ. Биыл жазғы олимпиадалық ойындар санатына кiретiн спорт түрiнен әлем чемпионаты, құрлық бiрiншiлiгi, бәсi биiк бiрнеше халықаралық турнир өттi. Дүбiрi алты қырдың арғы жағынан естiлетiн айтулы доданың iшiнде тек әлем чемпионатындағы көрсеткiшке орай бас бапкерлерге баға қойып көрдiк.

ТОЛАЙЫМ ТАБЫС
Жүз жыл толған ел футболының тарихына биыл қарағандылық “Шахтер” клубы жаңа жылнама жазды. Бұған дейiн бiрде-бiр клубтың қолынан келмеген нәтижелi табысқа Виктор Кумыков баптайтын кеншiлер кенелдi. Олар УЕФА Чемпиондар лигасының iрiктеу раундын сәттi өткiзiп, топтық кезеңге өтер тұста шотландиялық “Селтик” клубына есе жiбердi.