1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (15875) 9 қаңтар, бейсенбі 2014
ӨТЕМБАЕВҚА “ТАҒАЙЫНДАЛҒАН” ЖАЗАНЫҢ СЫРЫ НЕДЕ?
Ертең Алматы облысының қылмыстық iстер жө­нiндегi мамандандырылған ауданаралық сотында Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серiктерiне жасалған қастандыққа қатысты алдын ала сот тыңдауы өт­пек. Сотқа Ержан Өтембаевтың өзi қатысады. Бас прокуратура “А.Сәрсенбайұлына қастандық жасауға Әлиев пен Мұ­саев тапсырыс бердi” деп мәлiмдеп қойды. Сөйте тұра Өтембаевтың мойнындағы құрықты босат­қысы жоқ.

Сiздерге 2012 жылы қазан айынан берi Атырау облысында заңсыз қамауда жатқан балам Мейiрбек Жанқуатовтың құжаттарымен танысып заңдылықтарын қарау үшiн бiрнеше рет арызданғанмын. Бiрақ еш нәтиже шықпады. Мейiрбек Жанқуатов (1993 жылы туған), Махамбет Исағалиев (1990 жылы туған) және Ыбырай Әдiр (1966 жылы туған) жайлы

Басапанасыз байғұс қазақ қарасаң қалпағың түсетiн зәулiм үйлерге көзiн сатып, көшеде әлi қаңғырып жүр. Кеше де солай болған. Бүгiн де өзгерген жоқ. Пәтерден-пәтерге көшкен ел. Бiреудiң босағасын сағалаған жұрт. Үкiмет басқаны қойып, студенттердiң өзiн жатақханамен жарылқай алмай келедi. Ал билiк “дамып барамыз” деп кеуде қағудан жаңылар емес.  

ЖАСТАРЫ –­ ЖАЛШЫҒА, ЗЕЙНЕТКЕРI – ҚАЙЫРШЫҒА АЙНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН
Газеттiң алғашқы нөмiрiнде ақордалықтар айтатын ғажайып Қазақстандағы керемет жағдайлар мен жаңалықтар туралы жазып, көрсеткiмiз-ақ келдi. Халқын құттықтап сөйлейтiн жылдағы дәстүрiнде президенттiң “биылғы жыл былтырғыдан да көп жақсылыққа толы болды” деген сыңайдағы сөздерiн растап, қазақстандықтарды бiр қуантсақ жаман ба? Бiрақ

“Жас Алашта” жарияланған екпе, вакцина тақырыбындағы материалға байланысты аймақтардан хабарласып, ұсыныс-пiкiр бiлдiрушiлер өте көп. Оңтүстiк Қазақстан облысы, Арыс қаласынан хабарласқан оқырмандарымыз жергiлiктi медицина қызметкерлерi ата-аналардың қарсылығына қарамастан, балаларға екпе жасатуға күштейтiнiн айтып шағымданды.

Күнi кешегi “Лениншiл жас” газетiмен студенттiк жылдарым басталған сонау 1961 жылы достасқан едiм. Сол достығым бүгiнгi “Жас Алашпен” жалғасты, ежелден қалыптасып қалған дағдым бойынша зейнеткер жасымда да үйге жаздырып алып оқудамын. Ара-тұра жолдаған мақалаларым жарияланып та тұрады. Мен сясаттың адамы емеспiн, сөйте тұра елiмiз­дегi саяси ахуалды
АУЫСҚАН ӘКIМНIҢ ӘР ТIРЛIГIНЕ КӨЗ САЛҒАН КӨПШIЛIК НЕ ДЕЙДI?
Жаңа жылдың алдында Павлодар облысының басшылығына Қанат Бозымбаевтың келгенiнен ел-жұрт хабардар. “Жаңа сыпырғыш жаңаша сыпырады” дегендей, жаңа басшы ендi нендей жаңалық енгiзедi, ненi өзгертедi деп, өңiр халқы әзiрше iштен тынып отыр.

Басы қатты болған жылан жылы әулиеаталық әкiмқаралар үшiн тәттi тәмамдалды. Тек Т.Рысқұлов ауданының әкiмi Марат Смаиловтан басқасы үшiн. Өткен нөмiрiмiзде су жаңа облыс әкiмi Кәрiм Көкiрекбаевтың алғашқы аппараттық жиында қарамағындағы қызметкерлердi “қағып-сiлкiп” алғанын жазған болатынбыз.

ХАЛҚЫНЫҢ БАТЫР ҰЛЫ
Биыл халқымыздың бiртуар ұлдарының бiрi Заманбек Қалабайұлы Нұрқадiловтiң туғанына 15 қаңтарда 70 жыл толғалы отыр. Ал 11 қаңтарда оның аяулы жары, Халық артисi, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Мақпал Жүнiсованың 50 жылдық мерейтойы өтпек. “Зәкең кеткелi туған күнiмдi атап өткен емеспiн” дейдi Мақпал. Қапияда қаза тапқан Заман­бектi
15 қаңтарда Мемлекет және қоғам қайраткерi Заманбек Нұрқадiловтiң туғанына 70 жыл толады
Өзге қауым секiлдi, Алматының барша тiршiлiк-тынысына, күнделiктi өмiр ағысына қалалық партия комитетi мен атқару комитетi және сол екеуiне бағынатын түр­лi­ше мекемелер жауапты екенiн бiлсек те, қызмет бабы жағынан қатысымыз аз болатындықтан ба, олардың бар-жоғы, басшылыққа кiм­дер келiп, кiмдер кетiп жа­таты­нында шаруамыз жоқ, әркiм өз арбасын сүй­ретiп жүре бере­тiн.
ҚР Жоғарғы сотының назарына
2009 жылы қыркүйектiң 22-сi күнi кәсiпкер Тұрсынбек Қасымбеков “Астана-моторс Шымкент” компаниясынан Toyota Land Cruser Prado автокөлiгiн сатып алады. Көлiк гаражында тұрған кезде, 2011 жылы тамыздың 29-ы­нан 30-ына қараған түнi таңғы сағат 05.52-де радио мен магнитола панелiнiң астындағы электр желiлерiнiң тұйықталуынан жаңа көлiк түк қалмай өртенiп кетедi.
“Жақыбай ажырасып кетiптi. Үйiне арақ iшiп келiп ширек ғасырға жуық отасқан әйелiн сабап қуып жiберiптi” деген сөздi ауылға қысқы демалысқа барғанда естiп, жүрегiм ауырды. Өздерi сүйiп қосылып, жастарға үлгi боларлық жанұяның қазiр шаңырағы шайқалған. Бұлар – бiздiң құдайы көршiмiз. Жақыбай аға мен Бейсенгүл тәте екi қыз, бiр ұл өсiрдi. Қыздары менен ересек те, ұлы бiр жас кiшi.

Менiң анам қызық едi. Шiлдеханаға немесе той-томалаққа барып келген соң: “Әй, бiреуiң шай қойып жiбершi”, – дейтiн бiзге бұйыра. Бiз: “Сүр етке сыл­қия тойып келдiң бе, әлде барған жерiң шай бермедi ме?” – дейтiнбiз күлiп. “Менi сонша тергеп... Пiр­кролдан кем емессiңдер ғой...”, – дейтiн анам жадырап.

Мiне, ендi қарттықтың белесiне көтерiлiп, құрметтi оқырман, сiздермен ортақ ойлар кешiп, сыр бөлiсiп отырмын. Бiлген кiсiге бұл өзi не болса соған елпiлдеп-жел­пiлдемейтiн, ақыл тоқтатып, елге – бiрлiк, ұрпаққа – ұйытқы болатын кез ғой. Ел мұраты, қауым қалауы солай. Ақсақалдықтың алды – кең, арты – сын.

Асылхан Әбдiрайымұлын жалпақ жұртқа таныстырып жату артық болар. Өйткенi ол “Жас Алаш” га­зетiндегi фотолардың авторы ретiнде көпшiлiкке кеңiнен таныс. Қазақтың фотоөнер саласын дамытуды қолға алып, осы мақсатының жолында бiрқатар жұмыстар атқарған фототiлшiмiзге хат жолдап, өз­дерiнiң сұрақтарына жауап күтетiн оқырмандарымыз өте көп екен.

Астанада өткен алқалы жиында бiр академик ағамыз мынадай ой айтыпты. “...Әр халықтың екi тарихы болады. Бiрi – мамандандырылған, типтендiрiлген мифологиялық тарих; екiншiсi – реальдық шынайы тарих. Бiздер тәуелсiздiк алғаннан кейiн мифологиялық тарихқа ұрынып кеттiк...”. Шамасы, бұл ол кiсiнiң соңғы кезде жиi көтерiлiп жүрген Қазақ Елiнiң тарихын жаңа көзқарас тұрғысында қайта қарау мәселесiне байланысты бiлдiрген пiкiрi сияқты.
МҰХТАР МАҒАУИННЫҢ “ШЫҢҒЫС ХАН ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАМАНЫ” АТТЫ ТӨРТ ТОМДЫҚ ЕҢБЕГIНIҢ ЕКIНШI КIТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДI
Атақты жазушымыз Мұхтар Мағауинның “Шыңғыс хан және оның заманы” атты аса зәру, аса қа­жеттi төрт томдық кiтапты жазуға кiрскенiне де бiраз болды. Былтыр бұл төрт томдықтың бiрiншi кiтабы жарыққа шыққан-ды. Ендi жақында осы деректi тарихи хикаяның екiншi кiтабы қолымызға тидi.
Былтырғы жылдың қазан айында Алматыда өткен бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты талай дарынның қолтығын сөгiп, томағасын сыпырды. Алматы рингi Қазақ боксының қайта өрлеу жолына түскенiн көрсетiп бердi. Әлем чемпионатында боксшылардың тартысына түскен 10 алтын медальдiң (әлем чемпионы деген атақтың) бiрiн қанжығасына бөктерген Жәнiбек Әлiмхан­ұлымен сұхбаттасудың сәтi түскен едi.
Жуырда “Астана арландары” клубының бас директоры Болат Манкеновтың сұхбатын оқыдым. Сұхбатта Қанат Исламға қатысты өзiнiң пiкiрiн бiлдiрiптi. Қанат – менiң жерле­сiм. Екеумiз бiр ауданның тумасымыз, бiз де мил­лиардтаған қытайдың арасында жүрiп спортпен шұғылдандық. Атажұртқа келiп басқа салада кәсi­бiмiзден нәсiбiмiздi айырып жүрмiз.
ПОЛЬШАҒА АТТАНДЫ БЕС “АРЛАН”
Бүкiләлемдiк бокс сериясының биылғы маусымындағы бесiншi жекпе-жегiн “Астана арландары” ертең Польша жерiн­де өткiзедi. Жергiлiктi “Poland Hussars” клубының боксшыларына қар­сы тұратын “арландардың” аты-жөнi нақтыланды. Сергей Корчинский баптайтын бiздiң жiгiт­терден