1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (15877) 16 қаңтар, бейсенбі 2014
ӨСКЕМЕНДЕ ОТАРШЫЛ ПАТШАҒА ЕСКЕРТКIШ ОРНАТПАҚ, АЛ ДИМЕКЕҢНIҢ АТЫНДА ӘЛI КӨШЕ ДЕ ЖОҚ
Жылқы жылы босағамызды аттасымен өскемендiктердi тосын бiр жаңалық елең еткiздi. Ол қандай жаңалық дейсiз бе? Өскеменде “Мой город” деп аталатын қалалық газет шығып тұрады. Осы басылымның биылғы жылдың №1 санында “Сәулетiмiз арта түспек немесе Өскеменде жаңа ескерткiштер көбейе түсе ме?” атты шағын мақала жарық көрдi. Шағын болғанымен, мақаланың салмағы зiл батпан ауыр. Ауыр болғанда, салмағы өзгенiң емес, қазақтың белiн қайыстырарлықтай ауыр. Мақаланың авторы Анастасия Куприянова Өскеменде Ресейдiң патшасы Петр бiрiншi мен тұңғыш ғарышкер Юрий Гагаринге ескерт­кiш орнатылатынын жазыпты. Ға­рышкер Гагариннiң жөнi бiр басқа дейiк. Ғарышқа қазақ жерiнен көтерiлдi.

«Қазақгейтi» бар, қашқын шенеунiктерi бар әйтеуiр жаһан жұртына жемқор ел ретiнде танылған Қазақстан Еуропаны тағы да өзiне қаратты. Бiрақ бұл жолғы оқиға Ақорданың әлем алдындағы азды-көптi абыройын аймандай еткелi тұр. Өйткенi дамыған 30 елдiң соңына мықтап түскен бiлдей бiр мемлекет шетелдiң қатардағы кәсiпкерiнен сотта ұтылып, жұртқа күлкi болды. Егер Стокгольм сотының шешiмi осы күйiнде қалса, Қазақстан молдавиялық кәсiпкерге жарты миллиард АҚШ долларын санап беруге мiндеттi.

Франция сотының “БТА банкiнiң” бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтi Ресей және Украи­наға экстрадициялау туралы шешiм шығарғанына наразы Қазақстандағы Әблязовтiң жақтастары қарсылық акцияларын өткiзуге кiрiстi. Сейсенбi күнi бiр топ қоғамдық белсендi Алматыда орналасқан Францияның Қазақстандағы елшiлiгiне барып, Әблязовтi экстрадицияламау жө­нiндегi талап хаттарын консулға табыс еттi.

Quartz басылымында атышулы “Қазақгейт” iсiн жазған журналист Стив Ливайнның “Егер сен экстрадициядан құтылуға тырысып жүрген қашқындағы банкир болсаң, мына жiгiт тәрiздi әрекет етпе” атты мақаласы жарық көрдi. Жур­налистiң “мына жiгiт” деп меңзеп отырғаны – М.Әблязов. Бұл мақалада С.Ливайн көп жылдан берi Лондонда тұрып жатқан Қазақстанның бұрынғы үкiмет

Астаналық “Антигептил” азаматтық қозғалысының мүшелерi “Қазғарыш” ұлт­тық ғарыш агенттiгiнiң ғимараты алдына жеке-жеке шығып, қарсылық акциясын өткiзуде. Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшырылуын тоқтатуды талап еткен олар кеше агенттiк төрағасы Талғат Мұсабаевты жекпе-жекке шақырды.

Елiмiзде экология мәселесi – бiрiншi кезектегi проблемалардың қатарында. Семейдiң полигоны, Аралдың айналасындағы ажал ошақтарын айтпағанда, соңғы уақытта қолдан жасалған экологиялық қиянаттардың түрi көбейдi. Соның бiрi – гептилiмен зауал келтiрушi зымыран тасығыш протондар. Былтыр Қызылорда облысында құлаған протонның гептилiнен адамдарға еш қауiп те, зиян да жоқ деушiлер аз болмады.

Қаңтардың 13-i күнi президенттiң үлкен қызы һәм мәжiлiс депутаты Дариға Назарбаева Шу даласында өсетiн қарасораның жайын мұңдап, отқа май құйғандай еттi. Олай етпегенде ше, қазiр Фейсбуктi ашып қалсаң – Дариға, Туиттердi басып қалсаң – Дариға. Дариғаның пайымы да, уайымы да – қарасора. Кешегi сөзiн естiген адам әлбетте осылай ойлайды.
1969 жылдан бастап республика жұртшылығының рухани қажетiн өтеп келе жатқан “Жалын” журналы 2013 жылы Түркиядағы “Жазушылар және өнер қайраткерлерi халықаралық қорының” ұйымдастыруымен өткен “Халықаралық түркi әлемiне қызмет сыйлығының” жеңiмпазы.

Астанаға көшiп келгеннен кейiн, бертiнiрек жазда ел жаққа барып жүрген кезде Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Еңбек ауылында тұратын бiзбен рулас ағайын болып келетiн ақсақалымыздың бiрi Айтқұрман Раимбеков былай   дедi:

Қазiргi таңда жат ағым, дiни секталар жайлы әңгiмелер күн тәртiбiнен түспейтiн мәселеге айналды. Жақында ғана Мәжiлiс­те дiни жат ағымдардың халыққа тигiзер зияны жайында тағы да мәселе көтерiлдi. Мәжiлiсте қаншама рет көтерiлiп, мемлекет дiни ағымдарға тосқауыл қою мақсатында миллиондап қаржы бөлiп, түрлi жұмыстар атқарыл­ғанымен,

Өзгелерге не жорық?!
Осыдан екi күн бұрын, яки қаңтардың 13-i күнi, кешкiсiн телеарналарымызды “түгендеп”, денi дұрыс концерт iздеп отырып, өзiмiздiң бiр арнадан “аттап өте бере”, президентiмiз Н.Назарбаев мырзаның премьер-министрiмiз С.Ахметов мырзаны қабылдап, екеуiнiң... орыс тiлiнде сайрап отырғандарының “үстiнен түстiм”. 

1998 жыл. Ол кезде жетi жасар баламын. Әкем менi Сатыбалды көкемнiң (Фарида апатайымның әкесi) мерейтойына ертiп апарған. Өзiммен жасты балалармен тәттiге таласып, мәре-сәре боп жүрмiз. Той басталып, соңына таяп қалған кез. Бiр кезде асаба боп жүрген шашы артқа қайырылған, ұзын бойлы, батыр пiшiндес, мұртты кiсi (кейiн бiлдiм

Кеше Астанадағы Каспий банкке кiрiп барсам, алдымнан үлкен жарнамада Голливудтың актерi Антонио Бандерасты емешегi құрып, көзiн жұмып алып, құшақтап тұрған қазақтың сары қарын бәйбiшесiн көргенде, тұла бойым түршiгiп кеттi. Қазақтың дүниетанымына томпақ, санасына өте ауыр тиетiн көрiнiс. Испан былай тұрсын, ботадай сүйкiмдi қазақтың қызын тiлi мен дiнi бiр өзбек, қырғызға қимаймын...

Оқтын-оқтын қар қыламықтайды. Бiрақ ертеңiне күн жылт етсе, ерiп кетедi. Сiрә, “Қыс келе жатыр, ертерек қамдан” деп ескерту жасағандай ма, қалай? Жамал бәйбiше көзiн қолымен көлегейлеп, жан-жағын бiр шолып, күншуақ бетке көрпесiн жайып, күндегi әдетiмен қалған-құтқан жүн-жұрқаны түтуге кiрiстi. Үш немересi бар. Соларға деп қолғап-шұлық тоқиды. Алды биыл мектеп есiгiн ашты. Екеуi үйде. Ақылы балабақшаға беруге қол қысқа. Азғантай зейнетақысы бар. Бiр үйлi жан соған қарап отыр.

Ұлы Жаратушы жан-жа­нуар атаулыны жарық дүниеге әкелгенде, сол жан иесi өзiн-өзi сақтап, тiршiлiк ету үшiн әрқайсысына бiр-бiр қасиет сыйлаған ғой. Мәселен, қоянға жауларынан қорғану үшiн жүйрiк аяқ берсе, кiрпiге тiкендi тон бергенi, құстарға ұшатын қанат, жыртқыштарға қалың қайрат пен өткiр азу бергенi сияқты.

Былтыр шiлде айында таэквондодан ересектер арасындағы әлем чемпионаты Мексиканың Пуэбла қаласында өткен болатын. Әлемдiк аламанға бiздiң елден де спортшылар қатысып, iрiктеу сынында сүрiнiп елге қайтқан. Алайда орта жолда алматылық спортшы Азамат Теңiзбаевтың басы дауға шатылып, Лондон әуежайында ағылшын полицейлерi жерлесiмiздi алып қалған едi.

Жыл сайын әлемнiң үздiк футболшысына бе­рiлетiн “Алтын доп” Португалия ұлттық құрамасының һәм мадридтiк “Реал” клубының ойыншысы Криш­тиану Роналдуға бұйырды. Швейцарияның Цюрих қаласында өткен салтанатты шарада әлемнiң үздiк футболшысы кiм болғанын жұртшылық әйгiлi Пеленiң өзiнен ес­тiдi.
ЕКI ҚЫЗ ЕКIНШI АЙНАЛЫМДА
Теннистен Австралия ашық чемпионатының (Aus­tralian Open) алғашқы айналымында жерлесiмiз Зарина Диас чехиялық Катерина Синякованы екi сетте тiзер­летiп, келесi айналымға шық­са, Галина Воскобоева румындық Ирина Бегуге қарсы тұрып, үш сетте же­ңiске жеттi. Екi жерлесiмiз­дiң де қарсыласы – әлемдiк рейтингте төменгi сатыда тұрған теннисшiлер.
КҮННIҢ ЫСТЫҒЫ САЛДАРЫНАН ЖАРҒАНАТТАР ӨЛДI
“Австралияда күннiң күрт ысып кетуiнен жарғанаттар өлуде”, – деп жазады The Teleqraph. Қаңтар айының басында Австралияның солтүстiк батысында орналасқан Квинсленд штатында күннiң ыстығы 43 градусқа дейiн көтерiлдi. Бұл ыстықтың кесiрiнен 100 мыңдай жарғанат қырылып