1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (15878) 21 қаңтар, сейсенбі 2014
ЕСЕП КОМИТЕТIНIҢ ЭКС-ТӨРАҒАСЫ ЕНДI “САЯСИ ӨЛIККЕ” АЙНАЛА МА?
Өткен аптада, халыққа жолдау жасардан екi күн бұрын президент Н.Назарбаев Есеп комитетiнiң төрағасы Аслан Мусиндi қызметiнен босатты. Жарлықтың соңында “басқа қызметке ауысуына байланысты” деген түсiнiктеме тұрғанымен, ол әлi күнге дейiн ешбiр қызметке тағайындалған жоқ. Сарапшылар “Мусиннiң шетте­тiлуiн Ақорда бұрыннан жоспарлаған, тек ыңғайлы сәтi ендi келген жағдай” деп есептейдi. Саяси ортада “Берия” аталып кеткен Мусин 2012 жылдың қыр­күйегiнде-ақ кезектi кланаралық тартыста қатты әлсiреген. Президент әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi лауазымынан бiр-ақ күнде айырылды, артынша оның командасындағы жақтастары
Өткен аптада Рахат Әлиев Фейсбуктегi парақ­шасына бүй деп жазды: “Президенттiң күзет қыз­метiндегi құпия жасақ жендеттерiне Назарбаев Жаңаөзен қасiретiнiң куә­герлерi – ағайынды Рыс­қалиевтердi өлтiрудi бұ­йырды”. “2006 жылдың ақпанында Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның мұ­найға ең бай өңiрi – Атырау облысына қырық жастағы кәсiпкер Бергей Рысқалиев әкiм
ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТЖАНДЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫНА АШЫҚ ХАТЫ
Қазақты 16 миллион дегелi қанша жыл болғанын  бiлесiздер ме? Неге өспеймiз? Өспек түгiлi, азайып бара жат­қанымыз қалай? Өзбекстан, Қырғызстан, Түрiкменстан, Ресей сияқты елдердiң қазағы бас­қаларға жұтылып, өскеннiң орнына азайып барады.
ПРЕЗИДЕНТТIҢ БИЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫ НЕ СЕБЕПТI ТIКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН БЕРIЛМЕДI?
Жұрт арасында президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты тағы да абың-күбiң әңгiме айтыла бастады. Бұған президенттiң биылғы жолдауы түрткi болды. Қосынымызға қоңырау шалғандардың ең бiрiншi сұрайтыны да осы: “Президенттiң биылғы жолдауы не себептi тiкелей эфирден берiлмедi? Әлде денсаулығы мүмкiндiк бермедi ме?..”.

Өткен аптаның “басты жаңалығы” саналатын президенттiң халыққа жолдауынан кейiн айтылып жатқан пiкiрлерде есеп жоқ. Ең қызығы, көпшiлiктiң бұл жолдауға қатысты айтары “түкке пайдасы жоқ жолдауды тыңдамадым да, оқымадым да” болды. Жұрт жолдаудан жалыққанын жасырмайды. Десек те

Ресеймен одақ құрған Қазақстан ұйыққа батып барады. Жоғары билiк қанша жерден “теңбiз” десе де, сауда айналымындағы әдiлетсiздiк толастар емес. Өктемдiгi басылмаған Ресейдi былай қойғанда, Беларусьтiң өзi бiлгенiн iстеп жатыр.

КЕРЕКУДЕ АРАЗДЫҚТЫ ҚОЗДЫРУҒА НЕГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНБАЙДЫ?!
Павлодар облысының әкiмi қызметiне Қанат Бозымбаев тағайындалған күннен бастап “Городская неделя”, “Обозрение”, “Версия” тәрiздi жергiлiктi орыстiлдi тәуелсiз басылымдардардың белсендiлiгi күрт артып, бұрынғы басшының жұмысын қаралайтын бiр жақты сыни материалдарды жарыса жариялауда.

Бұрын “Мәсiмов Назарбаевтың жеке фотосуретшiсi қызметiн қоса атқарады” деген мәлiметке онша-мұнша мән бермей жүргенбiз. Қанша жерден талантты фотограф болғанымен, президент әкiмшiлiгi басшысына фотоаппарат арқалатып қою дегенiң қисынға келмейтiн нәрсе ғой.

Өткен жұмада бiр топ азамат мемлекет және қоғам қайраткерi Заманбек Нұрқадiловтiң 70 жылдық мерейтойына арнап Алматыда ас бердi. Асқа саясаткерлер С.Әбдiлдин, Т.Жүкеев, М.Әуезов, Ә.Қосанов, өнер қайраткерлерi Бибiгүл Төлегенова, Нұрғали Нүсiпжанов, Рамазан Стамғазиев, Бекжан Тұрыс және

“Мен не деймiн, домбырам не дейдi?” демекшi, осы күнi жiбi түзу қазақ киносын түсiруден қалып барамыз. Себебi, қазақ фильм­­дерiн қазақ киносы деуге ұяласың. Әрине, бәрi емес. Егер көрiп отырған киноның тiлi шұбар, шала қазақтардың дастарқан басындағы әңгiмесi секiлдi болса, қалай ұялмайсың.

Аудандық оқу бөлiмiнен келген комиссияның бастығы өзiне ентелеп келiп қалған баланы итерiп жiбердi. Әлгi бала алайып бiр қарап алды да, содан кейiн “мө-ө-ө...” деп мөңiреп, көп баламен араласып кеттi. “№123 балабақшада түсiнiксiз жағдай боп жатыр...” деген сы­быс­ты тексеруге келген кезектi комиссия шұқшиып балабақшаның есеп-қисап қағаздарын тек­серiп әлек.

Биылғы жазда Стамбұлда болдым. Содан жергiлiктi қазақ зиялылары “Стамбұлда Әлiм Алмат деген қазақ тұрады. Жасы – 95-те. Мұстафа Шоқайдың серiгi, досы болған” дегеннен кейiн әлгi кiсiнi көруге құмарттым. Бәрiн айтып не қылайын, екi сағат iздеп Әлiм Алматты да таптық-ау.

Жуырда әлеуметтiк желiлердiң бiрiнен “Оралман” деген өлеңге көзiмiз түсiп, авторын iздеген едiк. Сөйтсек, ол атамекенiн аңсап келген, университеттi өткен жылы ғана бiтiрген Қайсар Қауымбек деген бауырымыз болып шықты. Кездестiк, сөйлестiк. Өлеңi қандай өр болса, сөзi де сондай салмақты екен. Iле қазақ автономиялы облысының Шапшал ауданында туған.

Рут Хэндлер 1916 жылы дүниеге келген. Көпбалалы отбасының ең кiшiсi санал­ған оның балалық ша­ғы қиын-қыстау күндерге толы едi. 10 жасында-ақ күнкө­рiстiң қамымен ақша табу үшiн су тасыды, жалданып жұмыс iс­тедi. Тиыннан ақшаның қалай құралатынын осы кездерi жақсы түсiнген Рут материалдық тұрғыдан

ГИННЕСКЕ КIРГЕН СТУДЕНТТЕР ЕҢ АЛЫП “СМАЙЛИК”
Рекорд жасаудың да сан түрлi жолы бар. Соның бiрi – қарапайым тiлмен айтқанда топтық өнер. Мәселен, Қытайдың Нанкин қаласындағы ауылшаруашылығы универси­тетiнiң шәкiрттерi алып “смайлик” жасап, 2012 жылы Гиннестiң рекордтар кiта­бына тiркелдi.

Бүйiрiңiздi бұлтитып, қарныңызды шәнтитiп жiберетiн мамандықтар да болады десе, сенер ме едiңiз. Ал Career­Builder JobSearch компаниясының сарапшылары бұған әбден сенiмдi. Олар артық салмақтан арыла алмай жүр­ген 3700 адамға сауалнама жүргiзгеннен кейiн осындай пiкiрге келген. Сұралған азаматтардың 56 пайызы семiздiктiң басты себебiн бiр орыннан қозғалмай жұмыс iстеу­дiң кесiрiнен көредi екен.

Бойжеткен агент арқылы бейтаныс жiгiтпен сөйлесiп отыр: 
— Ой, мына жiбергенiңiз қандай қызық смайлик! Бұндай смайликтi еш жерден көрмеп едiм!
— Кешiрiңiз, қарындас, бұл менiң суретiм ғой.

“Әлемдегi ең үздiк сту­дент­тер қаласы анықталды. Ол – Париж” деп хабарлайды dni.ru. QS агенттiгi үздiк қалалар тiзiмiн түзгенде мынадай шартты басымдыққа алған: ол шаһардағы халық саны 250 мыңнан кем болмауы керек. Және ол қалада кемiнде екi университет болуы тиiс. Мiне, осы талаптар бойынша, аталған агенттiк 98 қаланы iрiктеп алып,
ӨМIРЗАҚ ДҮРЖАНОВТАН БIРЖАН ЖАҚЫПОВҚА ДЕЙIН
Өткен жылғы қазақ былғары қолғап шеберлерiнiң табысына бүкiл елiмiз жүрегi жарыла қуанды. Солармен бiрге шежiрелi, қарт Қаратаудың қойнауындағы Аққолтық ауылы да айрықша қуанды. Аққолтықта туып-өскен Бiржан Жақыптың әлем чемпионы атанғанын теледидардан
Бүкiләлемдiк бокс сериясының төртiншi маусымындағы кезектi жекпе-жектерiн сыртта өт­кiзген “Астана арландары” әзiрбайжандық боксшыларға қарсы тұрып, 4:1 есебiмен есе жiбердi. Әзiрбайжанның Губа қа­ласында өткен тартыста бiздiң жiгiттер жiгерiн қамшылай алмай, ұнжырғасы түстi. Сайысты бастаған Iли­яс Сүлейменовке (52 келi) сөз жоқ, тәжiрибесiнiң таяздығы таяқ болып тидi.
АЛДЫҢҒЫ ЛЕКТЕ
Жапонияның Нагано қаласында конькимен жүгiруден әлем чемпионаты өттi. Көпсайыстан әлем бiрiншiлiгiне қатысушы спортшылар 500, 1000 метрлiк қашықтықта жарысқа түсiп, әр қашықтық бойынша екi мәрте жарысты. Осылайша төрт рет сынға түскен спортшылардың жалпы есебi түзiлiп, әлем чемпионатының жеңiмпазы мен жүл­дегерi анықталды.