1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (15879) 23 қаңтар, бейсенбі 2014

Ал, қуан қазақ! “Ақ түйенiң қарны жарылды” деген осы болады. Балаңыз тепкiлесуге тәуiр болса, сiз Чунг Bон Чо деген кәрiстi тануыңыз керек. Ол – Бүкiләлемдiк таэквондо федерациясының президентi. Мiне, осы кiсi Астанаға арнайы келiп, сiздiң президентiңiзге киманодан “киiт” кигiздi. Құдалықтың жөнiмен емес, о кiсi Қазақстан басшысын құдайындай сыйлап келiптi. Өйткенi кәрiс халқы үшiн кимано дегенiңiз мұсылманның құранымен тең. Аяққа баспайды, кiм-көрiнгеннiң иығына iлмейдi. Оның үстiне Чунг Bон Чо дегенiңiз жөн-жосықты бiлетiн адам екен өзi.

Жексенбiден берi Киевтiң Грушевский көшесi тап бiр соғыс алаңына айналғандай. Шерушiлер мен милиция арасындағы қақтығыстың алғашқы құрбандары бар. Соңғы ресми ақпарат бойынша, екi адам қаза тапты. Ал оппозиция кемiнде бес адам ажал құшты дейдi. Оппозициялық “Батькивщина” партиясының мәлiметiнше, жарақат алған шерушiлердiң саны бiр жарым мыңға жуықтаған. 

Сейсенбi күнi президент мемлекеттiк хатшы Марат Тәжиндi “басқа жұмысқа ауысуына байланысты” қыз­метi­нен босатып, президент әкiмшiлiгi­нiң жетекшiсi Кәрiм Мәсi­мовке мем­ле­кеттiк хатшылықты уақытша атқаруды жүк­тедi. Тәжин бұған дейiн де жауапты қызметтердiң құлағын ұстаған.
Жәбiрленушiлер бұл жолы сайқымазақ сценарийге жол бермеймiз дейдi
 
Алматы облысы Қаскелең қаласындағы облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында өтетiн соттың алғашқы отырысы кеше басталды. Сот процесiне судья Асқарбек Бейiмбетов төрағалық етiп жатыр.  Сот басталардан бiрне­ше минут бұрын айдауылдар сот залына Ержан Өтембаевты әкелдi.
Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi бiрқатар әлеуметтiк кепiлдiктерге ие болады. Бұл туралы мәжiлiстiң жалпы отырысында «Iшкi iстер органдары туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлiм болды. Құжат бойынша баяндама жасаған мәжiлiсшi Нұрлан Әбдiров iшкi iстер органдары қызмет­кер­лерiнiң әлеуметтiк қорғалуы қоғам арасында ке­ңiнен талқыланып, қызу пiкiрталастар тудырғанын және

Атышулы «Қазақстан Қағазы» компаниясы логистикалық бизнесiнен айырылып тынды. «Қа­зақстан инвестициялық қорының» алдындағы қарызын қайтара алмағандықтан компанияның барлық қоймалық нысандары мемлекет қарамағына өткен. Мұның се­бебi түсiнiктi де, кәсiп­орын қайтарылмаған қа­рызды мүлiкпен өтедi.

Өткен жылдың соңында “Рейтинг.kz” дейтiн зерттеу агенттiгi тәуелсiздiк алғаннан бергi Қазақстан үкiметiн басқарғандардың бәйгесiн ұйымдастырып, бiрден сегiзге дейiнгi орындарды үлестiрiптi. Көрсеткiшi 7 балдық ұпаймен белгiленген. Агенттiктiң жазуынша, “Қазақстан үкiметi басшыларының кәсiби һәм iскерлiк қасиетi” ерекше ескерiлген.

Дедi ме екен: осылай бiр сынаймын!
Ықыласты нұры түсiп Күн, Айдың –
Патшалыққа ие болды маймылдар
Бiр күндерi қалауымен Құдайдың.
СҮЙIНШI! АУЫЛҒА АЙМАУЫТОВТЫҢ АТЫ БЕРIЛДI
Ұлт зиялыларының iшiнде ұмытылыңқырап жүрген тұлғаның бiрi – Жүсiпбек Аймауытов. Тiптi басқа емес, өзiнiң кiндiк қаны тамған Баянаула-Қызылтау өңiрiнде жазушыға деген салқындау көзқарасты байқап, таңғал­ғамыз. “Қазақ боламыз” деп дүр­лiгiсiп жүрген сонау тоқсаныншы жылдары Қызылтау бауырындағы Жосалы ауылына Жүсiпбектiң есiмi берiл­ген болатын.

“Биыл падашы Бақтыбай ауылдың сиырын бақпайды екен” дегендi естiгенде Мамырбек көкемнiң құлағы елең ете қалды. Бес-алты жылдан берi ауылдың сиырларымен “сырлас” болып кеткен Бақтыбай “шаршадым, қажыдым” деп, қолын бiр сiлтеген көрiнедi.

Стамбұлдың Зәйтүн-Мұрын ауданында марқұм Хасан Оралтайдың туған қарындасы Ғалия апай тұрады. Өткен жылдың қазан айының 29-ында осы Ғалия апайдың үйiнде оның қайнысы Сыдықан қариямен таныстым. Сыдықан – кезiнде Түркиядағы қазақ қа­уымдастығының жетекшiсi бол­ған, ұлтжанды, Хасан Оралтайдың пiкiрлесi әрi артынан ерген iнi­лерiнiң бiрi, көп оқыған, көптi көрген көзi қарақты адам.

Астаналық математик-ғалым Мұхтарбай Өтелбаев әлем ғалымдары ғасырға жуық уақыттан берi жауабын таба алмай келген 7 есептiң бiрiн шешкенiн жариялады. Бұған дейiн бұл есептердiң бiрi – Пуанкаре гипотезасы деп аталатын теңдеудi Ресей ғалымы Григорий Перельман дәлелдеген едi. Ретi келгенде, бiз қазақ ғалымын әңгiмеге тартып, оған күрделi есеп жайында бiрнеше сауал қойған едiк.

Тұрғындар құқық қорғау орындарынан қайран болмағанда, үзiлмеген үмiтiн үкiлеп қолына қалам алатыны белгiлi. Бұл ретте шендi-шекпендiлерден зәрезап болғандарын ашына айтып, әдiлдiк iздеп, араша сұраған хаттарға “Жас Алаштың” қоржыны лық толы. Соның бiрi Шу ауданы, Көкқайнар ауылының тұрғыны Валихан Асыровтан келген едi.

“Жас Алаштың” 14 қаңтардағы санында “Бозымбаев аймақ тiрлiгiн түзеудi Аймауытовтан бастамақшы” деген атаумен мақаламыз жарияланған болатын. Осыдан кейiн электронды поштамызға Павлодар облысы әкiмiнiң баспасөз қызметiнен “Ж.Аймауытовқа ескерткiш орнату туралы” деген тақырыппен төмендегiдей хат келiп түстi.

Бiрқатар жергiлiктi БАҚ-да Өскемен қаласының 300 жылдық мерейтойына орай қалада I Петрдiң ескерткiшiн орнату жоспары туралы ақпарат жарияланған болатын. Бұл мәселенi талқылап, ушықтыруға еш негiз жоқ. Санкт-Петербург пен Өскемен басшылығы арасында ескерткiш орнату туралы ресми келiсiм болған емес.
ҚР Ақпарат және мәдениет министрi М.Құл-Мұхамедтiң назарына
Ағыбай батыр кесенесi ХIХ ғасырдың 80-жылдарында Бетпақдаланың солтүстiк-шығысындағы Тайатқан-Шұнақ тауының маңайында, Босаға өзенiнiң аңғарында тұрғызылған. Батырдың кесенесi – шаршы түрiнде салынған жалпы аумағы бiрнеше метрге созылған, бiр бөлмелi күмбездi ғимарат.
Бiздiң бала кезiмiзде үлкендер айтқан сөзiнде тұрмайтын екiжүздi, жағымпаз, өтiрiкшi адамдарға “өзi бiр нағыз әртiс екен” деп ренжiп жататын. Содан ба, бiлмеймiн, бiз әйтеуiр “әртiс” деген сөздi жақтыра қоймадық. Ал қазiр бәрi – керiсiнше. Кiм жақсы – әртiс жақсы. Кiм танымал – әртiс танымал. Кiм атақты – әртiс атақты. Кiм бай – әртiс бай. Радионы қосып қалсаң да, теледидарды ашып қалсаң да – соларды естiп, соларды көресiң.

Қартайған әке-шешеңдi мәпелеп, бағып-қағу – әрбiр баланың мiндетi. Алайда нарықтық заманда балапан басымен, тұрымтай тұсымен дегендей, ата-ана былай тұрсын, жастардың өз күн­көрiсi қиындап кеткенi мәлiм. Керiсiнше, ауылдағы зейнеткерлерге алақан жайып, соларға арқа сүйейтiн жас отбасыларды көптеп кездестi­ремiз.

Ұлы Отан соғысының аяқталар кезе­ңiнде наурыз-сәуiр айларында елге жаралы солдаттар, аяқ-қолы жоқ мүгедектер, жер шайқалтқан жарылыстан құлағы бiтiп қалғандар орала бастады. Соғыстың бiтетiнiн солардан естiдiк. Жетi-сегiз жас­тағы бiздердi шешелерiмiз тiрi қайт­қан жауынгерлердiң орден-медальдарын көру үшiн, соғыстағы ерлiктерiн ауызба-ауыз есту үшiн солардың үйiне ертiп апаратын

Бiреуге бақ боп, бiрiне сор боп жаралған
Қатыгез өмiр, қадалған жерден қан алған.
Қуанып бiрi, бiреулер болған жыларман,
Мына өмiр өзi әдiлетсiздiктен құралған.

Осыдан бiрер жыл бұрын ұлттық намысты жалау еткен қазақтiлдi басылымдардың “Ң” әрпiне байланысты бiраз сөз қозғағанын бiлемiз. Онда ұмытпасақ “ң” -ды “н” деп сөйлей­тiндер жөнiнде айтылған-ды. Бiрақ соған қарамастан бүгiнде “ң”-ды “н” деп сөйлеушiлердiң саны артпаса кемiген жоқ. Керiсiнше, мүкiс сөйлеушiлер қатары өсiп келе жатқаны бай­қалады.

Кадеттер арасында әлем чемпионы, жастар арасында әлемнiң күмiс жүлдегерi, елiмiздiң екi дүркiн чемпионы, халықаралық дәрежедегi спорт шеберi Олжас Сәттiбаевты жақында Тараз қаласындағы бокс залдарының бiрiнде жаттығу жасап жатқан жерiнен көрдiк... – Олжас, Ресей мақтанышы, әлемнiң екi дүркiн чем­пио­ны Миша Алоянмен “Астана арландары”
“БАРШАҢЫЗҒА РАҚМЕТ!”
Лондоннан ұшып шыққан таэквондошы Азамат Теңiзбаевтiң табаны Алматыға тиiсiмен бiрден Астанаға жол тартты. Сөйтiп, елiмiздiң таэквондо федерациясы басшыларымен бiрлесiп, журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткiздi.
ӨЗIНIҢ ҒАШЫҒЫН ТАБУҒА ӘЛЕУМЕТТIК ЖЕЛIДЕН КӨМЕК СҰРАДЫ
Қазақстанның тұрғыны Максим Гончаров жаңа жыл мерекесi қарсаңында жұмыс бабымен Челябинск қаласына барады. Ол осында танысын кездестiрiп қалып, екеуi көңiл көтеру үшiн кешкi Meet Point атты клубқа барады. Аздап демалған соң екеуi биге шығады. Би алаңында Максим iшiп алған бейтаныс жастармен сөзге келiсiп қалады.