1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (15880) 28 қаңтар, сейсенбі 2014
МӘЖIЛIС СПИКЕРI НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИННIҢ “ЖЕТI ПЛЮСI” МЕН “ЖАЛҒЫЗ МИНУСЫ”
“Central Asia Monitor” дейтiн газеттiң өткен аптадағы нөмiрiнде мәжiлiс спикерi Нұрлан Нығматулин туралы мақала жарияланды. Автор оны алдымен “мұрагерлер тiзiмiнiң” соңына, тiптi “қосалқы ойыншылардың” қатарына орна­лас­тырады да, ептеп-септеп тiзiмнiң бас жағына қайта шығарады. Мақалаға сенсек, Нығ­ма­тулиннiң жетi плюсi бар. Олар: “кәсiпқойлық”, “қа­зақтың ха­лық­аралық аренадағы бет-бей­несi”, “шы­­­найы дипломат”, “ше­шендiк һәм көсемдiк”, “жас емес, кәрi де емес”, “сүй­кiмдiлiк пен харизма” және “тазалық”.

Ержан Өтембаевтың үкiмiн қайта қарау бойынша Қаскелеңде дүйсенбiде жалғасқан сот процесiнде сотталушының өзi жауап бердi. Ержан Өтембаев саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтiруге тапсырыс бермегенiн айтты. Сотқа куә ретiнде жауап беру үшiн түрмеден жеткiзiлген Рустам Ибрагимов негiзгi тапсырыс берушi ретiнде Әлнұр Мұсаев пен Рахат Әлиевтiң есiмдерiн атады.

Осыдан 13 жыл бұрын дәл осы қаңтар айында Қазақстанның саяси әлемiне жас түркiлер атой сап кiрдi. Кереметi сол, бiр адамның қолына шоғырланған билiктi өзгертiп, елiмiздi демократиялық мемлекетке айналдыр­ғысы келгендердiң денi жоғары лауазымда отырған жас шенеунiктер едi. Алайда олар халқының ертеңiн қызметiнен жоғары қойып, бастарын бәйгеге тiктi.

Қарсы мақала
“Жас Алаш” газетiнiң өткен жылғы 19 желтоқсандағы санында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкерi, тарихшы Қайдар Алдажұмановтың “Тарихқа өтiрiк жүрмейдi” атты мақаласы шықты.

2010 жылы басталған Алматыдағы референс-зертхананың ашылуы биылғы сәуiр айына жоспарлануда. Бұл туралы елiмiздегi бiрқатар ақпараттық құралдары жарыса жазғаны есте. Жалпы, референс-зертхана немесе биологиялық зертхана салу туралы сөз басталғанда-ақ көпшiлiктiң қарсы пiкiр бiлдiргенi бар. Биозертханаға қатысты қазақстандықтардың кереғар пiкiрi бекер емес те.

Жексенбi күнi Киевте “Спильна справа” (“Ортақ iс”) қозғалысының белсендiлерi Украина әдiлет министрлiгiнiң ғимаратын басып алды. Елдiң өзге де аймақтарында шерушiлер жергiлiктi әкiмшiлiк нысандарын шетiнен билеп-төстеп жатыр.

Бас прокурор Асхат Дауылбаев кеше қылмыстық статистиканы тiзбеледi. Оның айтуынша, қылмыс көлемi жөнiнен Қазақстан қалалары арасында Астана алдыңғы орынға шыққан. “Бүгiнгi күнi Астана қаласы ұрлық, тонау, бұзақылық, зорлау жөнiнен алдыңғы орынға шықты.

Қарағанды облысында iссапармен жүргенiмiзде жазушы Кәмел Жүнiстегiнiң үйiне жолымыз түстi. Жазушының жұмыс бөлмесiне кiргенiмiзде, дәп бiр қазақтың ұлттық мұражайына тап болғандай күй кештiк: халқымыздың алты түрлi домбырасы, Кенесары ас iшкен табақ, қамшының бiрнеше түрi қаз-қатар қойылыпты. Әрбiр заттың өзiндiк сыры, жеке тарихы бар.

Ұзаққа созыл­ған ауыр науқас ақыры өз дегенiн жасап тынды, қа­зақ өлеңiнiң ханшайымы Фариза Оңғарсынова өт­тi дүниеден. 75 жасқа қараған шағында. Қазiргi күнi кейбiреулердiң “Әдебиет жынысқа бөлiнбейдi...” деп бiлгiрситiнi бар. Ал шындық не дейдi?
Министрдiң өз көлiгiне қарай беттегенi сол едi, бiреу қымбат тұмағын ала қашты! Тұмағымен қоса, басын жұлып әкеткендей әсерде қалған министр жалт бұрылып едi, одыраңдап қашып бара жатқан орынбасары екен. Шопырына қарап едi, ол түсiнбей қалған ба, қызарып кетiп, қылғына сөйледi. – Кешiрiңiз, орынбасарыңыз Қиялбек қой...
– Мiнекей, сен “Бiз қа­зақ­ты әлемге танытуымыз керек!” деп жиi айтасың. Солай ғой?
– Ал ендi, жарайды, сонда әлемге қазақты кiм танытады? Санамалап айтып бере аласың ба?
– Айтып берем! Неге айтып бере алмаймын?! Мә­селен, скрипкашы Аида Күндеқожаева!
Сом, рубль, тұғырық,
Доллар, юань, гривень...
Қысқасы,
Әрқайсысының түрiнен
Елiнiң күш-қуаты бiлiнген
Толып жатқан өңгесi.
– Ассалаумағалейкум, көке!
– Уағалейкумассалам,
Иә, қалайсың балам?
– Жақсы, көке.
Полиция бөлiмiне бiр әйел жылап келдi:
             Менiң күйеуiм жоғалып кеттi. Бiр аптадан берi. Табуға көмектесiңiздер!
             Бiр аптадан берi жоқ болса, неге бүгiн ғана келiп тұрсыз?
             Бүгiн – күйеуiм айлық алатын күн.

Жуырда Түрiк Республикасының астанасы Анкара қаласында мәдениет, ғылым және саясат қайраткерлерi бас қосып, қазiргi кезеңде түрiк халықтарының кейбiрiне жасалып отырған саяси қысымдар жан-жақты талқыланды. Мысалы, бұрын Кеңестер Одағы салтанат құрып тұрған шақта 93 тiл жойылса, соның едәуiр бөлiгi түркi тiлдес ұлттардың тiлi едi.

“Baq.kz”-дiң айтуынша, Моңғолияның батыс шекарасындағы Өлгей қаласы – сол елдегi қазақтың рухани орталығы. Халқының саны 97 мыңнан асып жығылады. Сол 97 мыңның 90 пайызы – өзiмiздiң қаракөздер. Шындығын айту керек, бүгiнгi күнге дейiн бұл мемлекеттегi қазақтарға моңғол ұлты жат көзқараспен қараған емес.

Боямасыз өмiр
Iшiмдiкке сылқия тойып алған Ахмет өзiнiң әйелiн бұл жолы күрекпен өлiмшi ғып сабап тастады. Күйеуi­нiң бұл тiрлiгiне бастапқыда қабақ шытып, айғай шығаратын келiншегi кейiннен етi үйренiп, тiптi мiз бақпайтын болып алды. Бар қолынан келгенi – күйеуiмен бiрге қосылып алып арақ iшу. Одан кейiн екеуi ән шырқап, би билеп татуласады.

Алматыда спорттық һәм жауынгерлiк самбодан әлем кубогының бiрiншi кезеңi өттi. 11 алтын медаль иеленген Ресей құрамасы жалпыкомандалық есепте бiрiншi орын алса, 6 алтын олжалаған бiздiң қыз-жiгiттер екiншi орынға жайғасты, беларусь балуандары 2 алтын еншiлеп, үздiк үштiкке iлiндi. ҚР президентi Н.Назарбаев жүлдесi үшiн өткен   әлем кубогына 17 елден 360 спортшы қатысты.

ЕҢСЕ ТIКТЕП КЕЛЕДI
Ресейдiң Санкт-Петербор қаласында футболдан “Достастық кубогы” халықаралық тур­нирiне қатысып жатқан   елi­мiздiң 21 жасқа дейiнгi жастар құрамасы екiншi ойында алғаш­қы ұпайды олжалады. Мәскеу­дiң командасына қарсы ойнаған жерлестерiмiз 2:0 есебiмен жеңiске жеттi. 11-минутта қарағандылық “Шахтердiң” һәм жастар