1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15881) 30 қаңтар, бейсенбі 2014

Украина президентi Виктор Янукович премьер-министр Микола Азаровтың отставкаға кету жөнiндегi өтiнiшiн қабыл еттi. Мемлекет басшысы сайтының хабарлауынша, президент министрлер кабинетiне жаңа үкiмет жасақталғанша өкiлеттiгiн жалғастыра берудi тапсырыпты. Премьер-министрдiң қызметiн уақытша атқару бiрiншi вице-премьер Сергей Арбузовқа жүктедi. Қазiр президент Януковичтiң де тағы жар басында тұр. 

Өтембаевтың үкiмiн қайта қарау бойынша Қаскелеңде өтiп жатқан сот процесiнде жәбiрленушi тарап судья А.Бейсенбаевқа наразылық бiлдiрiп, оны iстен шеттету жөнiнде талап қойды. Айыпталушылар жауаптарындағы қарама-қайшылықты анықтауға, бұрынғы тергеу мен соттағы бұрмалаушылықтардың се­бе­бiн iздестiруге қатысты судья сұрақ қоюға кедергi жасағаны ашық айтылды.

Украинадағы наразылық шарықтау шегiне жеттi. Президент Януковичтiң оппозиция жетек­шi­ле­рiне үкiмет басшысы және орынбасары қызметiн ұсынуы, ал өз кезегiнде, Яценюк пен Кличконың бұдан бас тартуы – Украинадағы ресейшiл билiктiң күй­ре­генiн, оның құлау алдында тұр­ғанын айқын көрсетедi. Бiр сөзбен айтқанда, Ресей империялық амбициясының Украинада

“Алматыны Алма-Ата десек, әдемi естiледi” деп ақыл айтқандар бұрын да аз болмаған. Ендi оның қатарына Марат Толыбаев дейтiн тағы бiр “ғұлама” қосылды. Ғұламалылығы сол, бұл кiсi “жалғыз Алматыны ғана емес, өзге қалаларды да, тiптi ауыл-ауылдың атын да орысшалап, баяғы қалпында жазсақ, қатып кетер едi” деген ой айтады.
 Бұдан бiраз уақыт бұрын қазақы шапан киiп, қазаққа жат сөзбен жұртқа танылған Ермек Тайшыбеков тағы “бүйректен сирақ шығарды”. Ресей империясы қайта орнап, Қазақстан оның бiр губерниясы болуын тiлеп, жылқыны “құрбандыққа шалғаны” туралы бейнежазбасы әлеу­меттiк желiлерде дау тудырды.

Қазақстан қылмыстық кодексiнiң жаңа жобасы әзiрленiп жатыр. Жобада еңбек дауын қоздырғандарға айыппұл ғана емес, түрмеге кесу жазасы да қарастырылған. Жобадағы 400-бапта еңбек дауын қоздырғаны үшiн ереуiлге қатысушыларға айыппұл салу, түзету жұмыстарына жiберу және үш жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Керекудегi Т-34 танкiнiң дақпырты қазiр облыс көлемiнен асып, бүкiл республикаға жайылды. Бiр ғана танк үшiн осыншама шу көтерiп жүргендердiң мақсаты не? Егер Ертiс өңiрiнде танк шығаратын зауыт жұмыс iстесе, жөнi басқа болар едi. Бұл танк ертең орнына қайта қойылатын болса да, бүгiнгi шу көтерiп жүрген орыстiлдi қауымның бiрi де сол танктың қасына бармайды.

Жамбыл облысының екi ауданы мен екi бас­қармасының басшысының орны босағалы бiр жыл болды деп әсiрелемей-ақ қоялық (өткен жылдың 28-31 желтоқсанында босаған), бiрақ бақандай бiр ай толды. Не де болса, босаған орынның да айлап бос тұруға “қақысы” барын К.Көкiрекбаев дәлелдеп бердi.

Ұшы-қиыры жоқ Бетпақдала Шу өзенiнiң терiскей жағын ала, Жымиқының ұзыннан-ұзын сұлап жатқан жонынан басталады. Қыратқа қалай шығасың, солай Арқаның керiмсал саумал желi бетiңдi сипай жан рахатына бөлейдi. Көктем шыға керiлiп жатқан кер даланың үстi бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдағымен құлпырған кезде иранбаққа тап болғандай күй кешетiн­сiң.

Верлибрлер, ақ өлеңдер, қара өлеңдер
сыйлады маған құмсағат,
құм толтырған сұм сағат –
құйылғандай көзiме
құйылады сауылдап,
секунд санап, күн санап,
“Қазақстан Темiржолы” Ұлттық компаниясының президентi А.Мамин мырзаның назарына
Мен Маңғыстаудың қызымын. Дәм бұйырып Оңтүстiк Қазақстан облысының азаматына тұрмысқа шықтым. Қазiр Кентау қаласында тұрамын. Туған жерiме жиi болмағанымен, төркiнiмнiң қуанышы мен қайғысына барып тұрамын. Барған сайын жол азабын тартамыз.
Жақында “Жас Алашта” (№5, 24 қаңтар, 2014 жыл) ақтоғайлық жастардың ата-анасына көрсеткен қамқорлығы туралы мақаланы оқып, ерiксiз қолыма қалам алдым. Сәби шағымыздан санамызға сiңген ата-анаға парыз ұғымы кез келген қазаққа етене жақсы таныс дүние.

Мектеп кiтапханасы мемлекеттiк тапсырыспен шығып жататын қазақ жазушыларының кiтаптарымен үнемi толығып отырады. Қуанарлық жайт. Несiн жасырайық, жаңа кiтаптарға жанымыз құмар. Өткенде қаладағы кiтап дүкендерiнiң бiрiне бас сұқсам, Абай, Мұқағали және де басқа атақты жазушыларымыздың кiтаптары көзiме оттай басылды.

Менiң көлiк айдағаныма отыз жылдан асты. Көлiкпен жол жүру ережелерiн жақсы бiлемiн. Сондықтан Заң шығарушы көкелерiмiзге айтар назым бар. Олар заң шығарар кезде халықтың ой-күйiмен санасса екен. Қазiргi бiздiң қолданыстағы жол жүру ережелерi бүкiл әлемдiк, соның iшiнде сол жақ басқару рульдiк стандарттық екенiн де жақсы бiлемiн

Қырық жыл қолымнан түспеген қаламым алғаш рет жүрмей, қиналған кезiм осы шығар!? “Жүзбайлар” мен “Тоқсанбайлар” түске кiрмейтiн, “Сексенбайлар” мен “Жетпiс­бай­ларды” былай қойғанда, “Алпысбайыңның” өзi арманға айналған мына заманда, жасым елудi еңсергенде балалы болып, көл-көсiр қуаныштан есiмдi әлi жинай алмай жүрген жайым бар, жаным!

Мүсiнi қоладан құйғандай, келбетi келiстi, қолаң шашы толқындай бұйраланып иығына құлаған осы бiр бойжеткен талай жiгiттiң жүрегiне “құрт” болып түскен. Бiрақ ол басқаны емес, өзiнен екi жас кiшi бозбаланы ұнатты. Сырттан қараған бейтаныс адамға жас алшақтығы байқала да бермейтiн.

Бiздiң Тарбағатай ауданына таза су бағдарламасы бойынша миллиардтаған қаржы бөлiндi. Басқа шалғай ауылдарды былай қойғанда, аудан орталығының өзiнде бiр тамшы таза су жоқ. Колонкалардың бәрi Қожанасырдың есегiнiң құлағындай қалқиып босқа тұр. Ендi ауылды харам судан тазартамыз деген желеумен ауылдың iшi-сыртын қазып жатқанына алты ай болды.

Елiмiздiң Спорт және денешынықтыру iстерi агенттiгiнiң төрағасы Тастанбек Есентаев Сочи олимпиадасының кемiнде 40 жолдамасын иеленетiнiмiздi айтып едi. Спортшыларымыз төрағаның айтқанынан асырып, 58 жолдаманы уысымызға түсiрдi. Агенттiк басшылары ХХII қысқы Сочи олимпиадасында қазақ елiнiң намысы үшiн байрақты бәскеке ту алып кiретiн спортшылардың тiзiмiн
ТОПТЫ ЖАРЫП КЕЛЕДI
Тайландтың Бангкок қаласында бокстан жас­өспiрiмдер арасында Азия чемпионаты бел ортасына жеттi. Ширек финалға дейiн қарсыластарын ығыстырып, жүлдеге жақындаған тоғыз боксшымыз жартылай финалға шықты. Олардың уы­сында кем дегенде қола медаль бар. 49 келi салмақта­ғы Ертуған Зейiнлинов
МЫСЫҚ ЖЕГIШ АДАМ
“Италияда бiр ер адам бiрнеше айдың iшiнде 15-тей мысықты жеп қойған”, – деп хабарлайды UPI. Ендi ол бiр жыл түрмеге отыруы мүмкiн және бiрнеше мың еуро айыппұл төлейдi. Құқық қорғау органдарының айтуын­ша, Брианца ауданында тұратын бұл мысық жегiш 50 жаста.