1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №8 (15882) 4 ақпан, сейсенбі 2014

Бұ қазақ қызық халық. Не өзi бiлмейдi, не бiлгеннiң тiлiн алмайды. Мысалы мың жасағыр мемлекет басшысы жуырда ғана дәстүрлi жолдауын жасады. Түсiне бiлген адамға жолдау дегенiңiз құбыла сияқты дүние. Бетiңдi бұр да, бос сөздi қойып, тiрлiгiңдi қыл! Бiрақ президент ышқынып, алға ұмтылған сайын халық төрттағандап, керi тартады. Әйтпесе, жолдау жариялан­ған күнi-ақ жұртшылық оны жарыса оқып, мәре-сәре болмай ма?

ӨЗ КЕЗЕГIНДЕ ОЛ ДА ҚАРАП ҚАЛМАПТЫ, НӘТИЖЕСIНДЕ ПРЕЗИДЕНТКЕ ЖАҚЫН АДАМДАР ҚҰРЫҚҚА IЛIНБЕЙ КЕТТI
Қаскелеңде Ержан Өтембаевтың үкiмiн қайта қарау бойынша бар-жоғы бiр аптаға созылған сот кеше аяқталды. Сот Е.Өтембаевты А.Сәрсенбайұлы мен оның екi серiгiнiң өлiмiне себепкер деп тауып, оны 13 жыл­ға бас бостандығынан айыру жөнiнде шешiм шығарды.

Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серiктерiне жасалған қастандыққа қатысты Қаскелеңде “қайта қаралған” сотта сол кездегi iшкi iстер министрi Бауыржан Мұхамеджановтың 2012 жылдың 8 маусымында Астанада ҰҚК тергеушiсi Н.Шәйкенге берген жауабы оқылды. Оның өзiн шақыртуды сот қажет деп таппады. “Шетте қызметте жүргендiктен шақырту мүмкiн емес” деп сылтауратты.

Cот процесiндегi жарыссөзде бұрынғы Бас прокурор, қазiргi экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттiгiнiң төрағасы Рашид Түсiпбековтiң 2012 жылдың 30 мамырында, Астана қаласында куәгер ретiнде берген жауаптарының хаттамасы оқылды. Р.Түсiпбеков өз жауаптарында көп нәрсенiң есiнде сақталмағанын алға тартса да, кейбiр саяси жағдайлардың өзiне мәлiм екенiн жасырмайды.

Жәбiрленушi Р.Сәрсенбайдың сөзi
Ержан Абулхайырұлы, Сiз пластилин тәрiздi, иi жұмсақ адамсыз. Мемлекеттiк айыптаушы мырзалар мен алғашқы сот сiздi кiсi өлтiруге тапсырыс берушi жасады. Екiншi сот ендi “қылмысқа айдап салушыға” айналдырды. Онымен қоймай, прокурорлар Сiздi адамды ұрып-соғу үшiн 60 мың долларды лақтырып тастайтын әлдебiр атымтай жомарт “миллиардерге” ұқ­са­тып бақты. Сөз жоқ, үшiншi рет өтетiн сотта Сiздi бәлкiм мүлде кiнәсiз дер.
НЕМЕСЕ ҚАСКЕЛЕҢДЕ ӨТКЕН ӨТЕМБАЕВҚА ҚАТЫСТЫ ПРОЦЕСКЕ ҚЫСҚАША ТҮЙIНДЕМЕ
Барша жұрт секiлдi мен де күн сайын сот жайын жiтi бақылап отырдым. Екi күн Қаскелеңге барып, процестi өз көзiммен көрiп, прокурор, адвокаттардың сөздерiн өз құлағыммен естiп қайттым. Содан түйгендерiм мынау: Билiктiң “сот мәжiлiсi қылмыстық iсте жаңа жайттар ашылуына байланысты қайта жалғасып отыр” деп әлемге жар салғаны

Прокурорлардың өтiнiшiмен, судьяның шешiмiмен жөпелдемеде өткен жарыссөзде әр тараптың, оның iшiнде үкiмi қайта қаралып отырған сотталушы Ержан Өтембаевтың да айтары көп болды. Ол атын атап, түсiн түстеп, көзге шұқып көрсетпесе де, ақиқаттың ашылуына мүдделi емес күштердiң бар екенiн меңзедi. Бiр күн бұрын сотта тергеудегi түсiнiктемесi оқылған бұрынғы iшкi iстер министрi

РЕСЕЙ мен ҚЫТАЙ КӘСIПКЕРЛЕРI ЖЕКЕШЕЛЕНДIРУГЕ жiберiле ме?
Өткен аптада премьер-министр Серiк Ахметов өңiр­дегi инновациялық бағдарламалардың орындалу барысымен танысуға Ақтөбеге жұмыс сапарымен келдi. Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент қалаларында агломерациялық орталық құру – үкiметтiң биылғы жылғы басты шаруасы.
Адвокат Серiк Сәрсеновтiң айтуынша, өзi тiркелген адвокаттар алқасына және оның жеке өзiне Жоғарғы соттан “Челахтың iсiн қайта қарау жөнiндегi өтiнiштi 4 ақпанда талқылаймыз” деген тiлдей хабарлама келiп түскен. Яғни бүгiн Жоғарғы соттың қылмыстық iстер жөнiндегi қадағалау алқасы Челахтың мәселесiн қарайды. Өмiр бойы түрмеде отыру жазасы кесiлген Челахтан iсiн қайта қарау туралы өтiнiм түс­кенiн

Естуiмiзше, Қызылордаға премьер-министр Серiк Ахметов келгелi жатыр. Сапар барысында Байқоңырға баратын көрiнедi. Демек, жанында қоршаған ортаны қорғау министiрi Нұрлан Қаппаров, сондай-ақ, “Қазғарыш” басшысы Талғат Мұсабаев болуы тиiс. Айтпағымыз, ақордалықтар келсiн-келмесiн Қаппаровтың жайы.

Шаһардағы биiк мұнараның басында Бақытты  прин­ц­­­­­тiң ескерткiшi тұр. Ескерт­кiштiң өн бойы жұқа алтын пластиналармен көм­ке­­рiл­ген. Принцтiң қос жанарының орнына жарқыраған жақұт орнатылған. Қылышының сабына қадалған қырмызы лағыл да жарқ-жұрқ етедi. Ескерткiшке жұрт таңдана, тамсана қарайды.

Мақтааралдық Махамбет Сапармұратовтың “Жас Алаш” газетiнде жарияланған “Кемелдiң кiтабы қанша тұрады?” (№7, 30 қаңтар, 2014 жыл) деген шағын пiкiрi намысыма тидi. Өйткенi мұнда деректер бұрмаланған. Мен туралы “Бiр томдық жинағын 10 мың теңгеге саттырды” дептi. Бұл – жалған! Бiрiншiден, кiтап бiр томдық емес, екi томдық.

Ұстаз, ақын, педагог. Оның үстiне қазақтың үш ұлы тұлғасының, атап айтсақ, Бiләл Сүлеевтiң, Iлияс Жансүгiровтiң және Мұхтар Әуезовтiң жары әрi жанашыры болған Фатима Ғабитованы исi қазақ түгел бiледi. Фатима Ғабитова 1903 жылы Қапалда, iрi саудагер отбасында дүниеге келедi.

Қожамқұл батыр қырғыздың атын талай жерге шығарды. Ол ешқашан жеңiлiп көрмеген деседi. Палуанның бойы 2 метр 30 см, ал салмағы 164 келi болыпты. 52 размерлi аяқ киiм киiптi, ал үлкен саусағының енi 4 сантиметр екен. Қожамқұл батыр кезiнде Балуан Шолақпен де күрескен екен. Сол күрестен кейiн екеуi қатты дос болыпты.

Өткен айдың соңында Астанада ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi “Жыл спортшысы-2013” байқауы жүлдегерлерiн марапаттады. Сырбойылықтар 3 аталым бойынша үздiк шықты. Атап айтсақ, ауыр атлетикадан ҚР еңбек сiңiрген спорт шеберi, әлем чемпионатының күмiс жүлдегерi

ӨЗ ОБАЛЫҢ ӨЗIҢЕ, ОСУМАНУ!
Кәсiпқой бокстағы кезектi олжасын қанжығасына бөктерген жерлесiмiз, WBA, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин ендiгi жекпе-жегiн 26 сәуiрде АҚШ-та өткiзедi. 1 ақпан күнi Монаконың Монте-Карло қаласында өткен тартыста “Головкиндi Монако рингiнде сұлатамын” деген ганалық