1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (15884) 11 ақпан, сейсенбі 2014
ГЕРОЛЬД БЕЛЬГЕР ОСЫНЫ ҚАУIП ЕТЕДI
Оқырман – газеттiң тiрегi. Сондықтан да оқырманның тiлегi мен ұсынысына ешуақытта бейжай қарай алмаймыз. Өткен жылдың ең соңғы нөмiрiнде оқырмандарымыздың сұранысына орай 2014 жылдан бастап “Оқырман сұхбатты өзi жүргiзедi” деген жаңа айдар ашатынымызды хабарлаған едiк. Бүгiн осы жаңа айдардың алғашқы материалын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Бұл жерде сұхбат берушiнi таңдаған да – оқырман. Сұрақ берушi де – оқырман. Дәл қазiр не жазып жат­қаныма қатысты айта кете­йiн. Жалпы, мен көркем шығарма жазуға жоқпын. Фантазиям жетпейдi. Сондықтан мен көбiнесе қазiр “Плетение чепухи” деген жанрда жұмыс iстеймiн. Ол 13-14 жылдан берi “ДАТ” газетiнде жарияланып келедi. Жұрттың бәрi соны оқиды екен. Назар аударады екен. Облыстардан телефон соғады екен.

Өткен аптада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аузынан тәп-тәуiр сөз шықты. Атыраулықтармен кездеске­нiнде былай дедi: “Орталық Азиядағы мемлекеттердiң атында бар “стан” бiзде де бар. Алайда осы “станды” қойып, “Қа­зақ елi” атансақ  болады. Мысалы, шетел­дiктер екi миллионнан асар-аспас халық жайлап жатқан Моңғолия мемлекетiнiң атауына қызығушылық бiлдiруде.

СИРИЯҒА СОҒЫСҚА АТТАНҒАНДАРДЫҢ БЕЛ ОРТАСЫНДА БIР ТОП ОҢТҮСТIК­ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮР
Сирияда соғысып жүрген қазақтар туралы түсiрiлген ғаламтордағы фильмдi сiз көрдiңiз бе? Фильмде қаз-қаз басқан құртақандай сәбилерге дейiн қамтылғанына қарап өз басым осы екiұдай күйде қалдым. Бейкүнә сәбилер өздерiнiң от пен оқтың ортасында жүргенiн бiлмейдi ғой?!

Өткен жылдың күзiнде Қазақстанның аранулы қыз­метi Сирия жерiнде әскери лагерьде әскери дайындыққа қатысты деген күдiк­пен екiбастұздық екi азаматты – Әбдiсалам Мырзабаев пен Азамат Қазбаевты ұстады. Берiлген ақпараттарға сенсек, бұл екеуi ғаламтордағы дiни үгiт-насихаттың жете­гiне ерiп, заңсыз түрде елдi тастап және түрiк-сирия шекарасынан заңсыз өтiп кеткен.

Бүгiн мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серiктерi – Бауыржан Байбосын және Василий Журавлевке қастандық жасалғанына тура сегiз жыл толды. Бүкiл қоғамды есеңгiретiп кеткен саяси қылмыстың, мемлекеттiк террордың құпиясы әлi ашылған жоқ. Билiк былтырғы жылдың соңында бас прокуратураның аузымен қылмысқа нағыз тапсырыс берушiлердiң атын атағандай болды.

Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейiтқазы Матаев былай деп жазады: “Шәрiпжановтардың отбасы – журналистердiң отбасы. Тоқтархан аға Шәрiпжановты ертеден бiлемiн. Семейдiң облыстық газетiнде, одан кейiн республикалық “Ара-Шмель” журналында қызмет еттi. Өткiр журналист едi. Тоқтархан ағаның екi ұлы, Мерхат пен Асхат та әке жолын қуды.

Украина билiгiнiң Еуропа одағымен ассоциация туралы келiсiмге қол қоюдан бас тартуынан кейiн басталған Еуромайдан наразылықтары әлi күнге дейiн жалғасуда. Украинаның Кедендiк және Еуразиялық экономикалық одаққа кiргiсi келмейдi. Ол күштеуге көнбейдi. Бұл жайттың Қазақстанға да әсер ететiнi түсiнiктi. Осы себептен Еуромайдан басталғалы берi Ресей ақпарат құралдарында Украина шерушiлерiне қарсы нағыз ақпараттық майдан ашылды деуге болады.
Кеше Астанадағы №2 Есiл аудандық сотында статистика агенттiгiнiң бұрынғы төрайымы Анар Мешiмбаеваның iсiне қатысты жарыссөз өтуi тиiс едi. Алайда прокурордың уақыт сұраған уәжiне құлақ асқан судья Ақмарал Исаева жарыссөздi осы аптаның сәрсенбiсiне, яғни, 12 ақпанға ысырды. 2009 жылы Халық санағына бөлiнген қаржының 758 млн. теңгесiн сыбайластық арқылы жымқырды деп айыпталған А.Мешiмбаеваның

“Қазақ вальсiнiң королi” Шәмшi Қалдаяқов дауылпаз ақын Жұмекен Нәжiмеденовтiң сөзiне жазылған “Менiң Қазақстаным” әнiн жазғанда небәрi 26 жаста болған. Жiгiт-желең шағындағы туындысы бүтiндей бiр мемлекеттiң әнұранына айналды. 1960-70 жылдары алғаш тыңдаушысының құлағына жеткен тамаша әндердi неге әлi де қосыла шырқаймыз?

Қайбiр күнi теледидардан “Жiгiттер” квартетi­нiң 10 жылдығына байланысты өткiзген концертiн көрдiм. Мен тыңдарман ретiнде талантты төрт жiгiттiң өнерiн бағалаймын. Эстрада сахнасында өзiндiк қолтаңбасын қалыптастырған, ес тоқтат­қан әншiлер елдiң алдында 10 жылдық мерейтойын тойлап, есеп бергенi дұрыс-ақ.

Былтыр Алматыдағы “Прайм Плаза” сауда орталығының алаңында болған тәртiпсiздiктен кейiн Қайрат Нұртастың артынан ерген жел сөз тiптi үдедi. Өзiм құралпы жастардың денi зейiн қойып тыңдайтын әншiге “бұдан былай Алматыда жеке концерт қоюға тыйым салыныпты”.

“КЕЛ, МЕНI КӨР”
Түркияның Қазақстандағы елшiлi­гiн­де дәстүрлi әншi, сазгер Зағипа Иманғазиеваның бейнебаянының тұсаукесер шарасы өттi деп хабарлайды “Бақ.кз” порталы. Түркiнiң 1238-1320 жылдары өмiр сүрген атақты шайыры Жүнiм Әмiренiң “Кел, менi көр” (Gel gor beni) термесi бар. Қазақ сахарасында туып, 
Әйгiлi “Қыз қуу” әнiнiң қайырмасының:
Қусаң да жiгiт қаншама,
Жолатпаймын маңыма!
Әуре болма, шаршама,
Адасып кетпе шаңыма! – деп айтылатынын тек өнердiң айналасында жүргендер ғана емес, жалпақ жұрттың бәрi бi­ледi.

Ұлттық күй мұрасын зерттеп-зерделеген Ақселеу Сейдiмбек “Ойтолғақ” (1997ж.) кiтабында: “Ел аузында “музыканың тiлi ортақ” деп келетiн” жаңсақ ұғым бар. Кез келген халықтың болмысын мейлiнше дара күйiнде көрсетуге келгенде музыкамен ешбiр рухани үрдiс өрелесе алмайды. Ұлттық әуен ғана емес, ұлттық үн мен ұлттық дыбыс ерекшелiктерiнiң де болатыны айдай анық”, – деп айқындаған.

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкерi болып ресейлiк Юрий Красножан тағайындалды. Ұлттық құраманы тiзгiндейтiнiн Красножан былтырғы жылдың желтоқсан айында бiлiп, келiсiмге келген. Футбол федерациясы осы жаңалықты ұзынсарыға сақтаған сүбедей екi ай сақтап келiп, 7 ақпан күнi журналистерге жария еттi.
Бүкiләлемдiк бокс серия­сының төртiншi маусымындағы жекпе-жектерiн өткiзiп келе жатқан “Астана арландары” 7 ақпан күнi Мексиканың Мехико қаласында жергiлiктi “Мехико әтештерi” (Mexico Guerreros) боксшыларын әупiрiммен жеңдi. 52 келi салмақта Мирас Жақыпов Элиас Эмигдионың алдында тiзерледi.
ШАҢ ҚАУЫП ҚАЛЫП ЖАТЫР...
Сочи олимпиадасында әзiрге бiздiң спортшыларға медаль бұйырар түрi жоқ. Төрт жыл бұрын Ванкувер олимпиадасында Елена Хрусталева 7,5 шақырым қашықтықты 20:20:4 уақытта жүгiрiп өтiп, 5-орын алған едi. Бұл жолғысы тiптi ұят. Ол осы қашықтықты 57-орынмен аяқтады.
АЙКЕЗБЕНI КИIНДIРIП...
Жақында Массачу­сетстегi (АҚШ) қыздарға арналған Уэллсли коллед­жiнiң алдында бiртүрлi “еркек” пайда болды. Қыс­тың суығында iш киiммен ғана тұрған “еркекке” жұрт бастапқыда таңырқай қараған. Алайда оған жақынырақ келгенде оның адам емес, мүсiн екенiне көздерiн жеткiз­ген.