1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15885) 13 ақпан, бейсенбі 2014
3 ақпан күнi ғана “девальвацияға түрткi болатын себеп жоқ” деп сендiрген Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келiмбетов 11 ақпан күнi теңгенi бiрден 19 пайызға құнсыздандырып жiбердi. Осымен ұлттық валюта соңғы он бес жылдың iшiнде үшiншi мәрте девальвацияланды. Сейсенбi күнi таңертең ақ­парат құралдарының поштасына Ұлттық банктiң теңге бағамын бұрынғы деңгейде ұстаудан бас тарту жөнiндегi мәлiм­демесi түсе салысымен, нағыз аласапыран басталды. Тiлшi­лер Ұлттық банктiң баспасөз қызметiне дамыл бермей хабарласып жатты, ақпарат құралдарының басым бөлiгi бiрден бас банкке тартты. Ұлттық банкке барар жолда бiз жол-жөнекей айырбастау пунктерiне кiрiп шықтық. Бiрi жұмыс iстемеймiз деп тақтасындағы валюталардың бағамдарын алып тастаса, ендi бiрi сол мезетте-ақ айырбастаудың жаңа бағамдарын iлiп, қызу саудаға кiрiсiп кеттi.
Ақпанның 11-i күнi Ұлттық банктiң таратқан ақпараты бойынша, 1 АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 185 теңге болып белгiлендi. Аяқ астынан доллардың бағамы шарықтап шыға келуi астаналық жұртшылықты да әбiгерге салды. Қолында қаражаты барлар ақша айырбастау
Шәкен Айманов – 100
15 ақпан – Шәкен Аймановтың туған күнi. Кеңiрек айтар болсақ, КСРО халық артисi, Сталиндiк сыйлықтың лауреаты, Қазақ КСР-i Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, кинорежиссер, театр және кино актерi Шәкен Аймановтың 100 жасқа толған күнi. Мiнеки, Шәкен Аймановтың 100 жылдық мерейтойы да келiп жеттi. Бұл 100 жылдық мерейтойда ұлы тұлғаның қазақ өнерiн өрге бастырудағы рөлi, кино мен театрдағы орны, ұстаздық өнегесi, тағылымы мен тәжiрибесi және т.т. айтылатыны, жазылатыны кәмiл. Сонымен бiрге... Сонымен бiрге, әрбiр iрi, айтулы, ұлы тұлғаның аманаты болады. Рас, кейбiр тұлғалар өз аманатын артына тәптiштеп, тиянақтап жазып кетедi.
ҰБТ тапсырған ұлан да бiр, рейтингке енген әкiм де бiр. Екеуi де көзi тостағандай болып қорытындыны күтедi де жүредi. Мiне, көптен берi әкiмдердiң көңiлiн елегiзiткен “Рейтинг.kz” зерттеу агенттiгiнiң кезектi қорытындысы жария болды. Әр өңiрдiң тiзгiнiн ұстаған шендiлердiң арасында топтан озып, “тост” көтерiп жатқаны да, “қап” деп сан соғып, өкiнiп жүргенi де аз емес.

“Алтынбектiң кiтаптарын оқимыз. Үйден сұрап әкетушiлер көп. Оның айтқан әр сөзiнен елге жанашырлық сезiледi. Көрегендiгi де тәнтi қылады. Ақиқатты қалай келiстiрген! Президентiмiздiң оның ойын, мақсатын түсiнбегенi, тiлiн алмағаны өкiнiштi. Елдi басқаратын-ақ азамат едi. Газеттерде Алтынбектiң кiтапта жазғандарын қайталап басуға болмас па екен? 

Бұдан сегiз жыл бұрын – 2006 жылғы ақпанда Алтынбегiн жоқтаған ел-жұртына жұбату айтқан зиялы ағаларымыз “Алтынбекке атылған оқ – халыққа атылған оқ” деп едi. Сол мағыналы сөз ақиқатқа айналды. Қатыгез, жауыз билiк халықты жол сiлтер ақылшысынан, көш бастаушысынан, қамқоршы- қорғанынан айырды. Алатау баурайында атылған оқ кейiн Жаңаөзенде жаңғырып халықты қанға бөктiрдi.

Газетiмiздiң бұған дейiнгi нөмiрлерiнiң бiрiнде (“Мәсiмов – мемхатшы, Тәжин – елшi...”, 23 қаңтар, №5) президент Н.Назарбаевтың Тәжиндi мемлекеттiк хатшы қызметiнен босатуына қатысты былай деп жазыппыз: “...Тәжинмен бiрге Қазақстанның Ресейдегi елшiсi Ғалым Оразбақовты да қызметiнен босатты.

Өткен айдың соңында Мұхтар Әблязовтiң қызы Мадина Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдаған. Хатта былай дедi: “Назарбаев мырза! Менiң әкемнiң Сiзбен және сiз құрған режиммен күресiп жүргенiне он жылдан асты. Әкемнiң көзiн құрту үшiн ештеңеден тайынып жүрген жоқсыз.

Бұған дейiн де қысымның көкесiн көрген қазақстандық тәуелсiз басылымдардың бiрнешеуi тағы да сотқа тартылуда. Былтырғы сәуiрдiң 24-iнде Алматы қаласының әкiмшiлiк соты “Правдивая газетаны” жауапқа тартып, айыппұл салғаны мәлiм. Басылымның шығу мерзiмi туралы мәлiметтер нақты емес деген айыппен 30 мың теңге шамасында айыппұл салынып, газеттiң алғашқы 1 200 данасы тартып алынып едi.

Алдағы уақыттарда әрбiр қазақстандық азамат жалақысының белгiлi бiр пайы­зынан айырылуы мүмкiн. Жалақыңыздың бұл пайыздық өлшемiн ешкiм де тартып алып, не болмаса сұрап алмайды. Ендiгi жерде айлығыңыздың 3-5 пайызы мiндеттелген медициналық сақтандыруға ұсталуы мүмкiн.

АСТАРЛАП ЖЕТКIЗУ
Желтоқсан оқиғасы ешқашан ұмытылмайды. Оның жай-жапсары туралы жылдар бойы мақалалар, кiтаптар жазылып, радио, телехабарлар жасалады. Осылай бола бермек те. Өйткенi бұл оқиғаның халқымыздың тарихында алар орны ерекше. Дегенмен, сол мақала, хабарлардың денi Желтоқсан күндерi

Бiз, Қазақстанның әр түкпiрiнен келiп, 1955-60 жылдары Қарағанды мем­лекеттiк педагогикалық институтында оқыдық. Студенттер думанды халық қой. Басымыз қосылған сайын ән-думансыз тарамайтын едiк. Сонда ең көп айтатын әнiмiз – “Менiң Қазақстаным”. Бұл әндi күнi бүгiнге дейiн айтып жүр­мiз.

“Жас Алаштан” Мағфура Ниязмағамбетованың “Әйел тәрбиелеген ұл әйелiнiң дегенiнен шықпайды” (№9, 6 ақпан, 2014 жыл) деген мақаласын оқыдым. Әкесiз өскен ұлдардың ержеткендегi солқылдақ мiнездерiн көр­сеткен хаты қазiргi заманның әлеуметтiк бей­несiн ашып тұр.

Отыз екi жыл... мен дүниеге келгелi осынша жыл өттi. Бала күнiмде жаздың осы күнiн қуанышпен, асыға күтетiнмiн. Өйткенi бұл күнi ойыншық пен сыйлыққа қарық болып, қуанатынмын. Есейе келе өз туған күнiмде жанарым жиi жасқа шыланатын болды. Себебi бұрынғыдай кө­ңiлiмдi ойыншық та, сыйлық та жұбатпайды. Сол сыйлықтың орнына туған ата-анамның iзгi тiлегiн естiгiм келетiн. Асырап баққан кiсiлер обалына не керек, мен үшiн бар жақсылықтарын еш аямады

Қоғамда болып жатқан жаңалықтарға қарап, көңiл толатын, толмайтын тұстар көп болады екен. Кейде қуанасың, ал кейде “әттеген-ай” дейсiң. Мәселен, әншiлердiң әнiн тыңдап отырғанда ерiксiзден ерiксiз: “Әншiлерге жасанды дауыспен өлең айтуды қойғызатын мезгiл жеткен жоқ па?

Нұрабай деген ел едiк,
Қай атадан кем едiк.
Бабаларым кезiнде,
Жақсылармен тең едiк.
ЖАҢА БАПКЕР “ЖАСАРТА” АЛА МА?
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкерлiгiне тағайындалған ресейлiк маман Юрий Красножанды таныс­тыруға арналған баспасөз мәслихатында келiмсек ойын­шылар да сөз болды. Жаңа бапкер Қазақстан азаматтығын оп-оңай иемденiп алып, ұлттық құрама мүшесi атанып шыға келген футболшылар жөнiнде былай дедi:

Қысқы олимпиада ойындарында жүлде алған спорт­­шысын “алтынмен аптап, күмiспен күптеп” сән-салтанатын асыра құрмет көрсетуде Қазақ елiнiң алдына ешқандай ел түсе алмайды. Бiздiң билiктiң жомарттығы мен Сочиде дара шыққан кейбiр спортшылардың елi­не барғанда қандай құрмет-қошеметке бөлене­тiнiн саралап көрдiк.

БЕСIНШI КҮНI ДЕ ТАҚЫМДА ТҮК ЖОҚ
Фристайлдiң могул тү­рiнен Дмитрий Рейхерд Сочи олимпиадасын 5-орынмен қорытты. Олимпиаданың күмiс, қола жүлдесi үшiн емес, тек алтын медаль алуды мақсат еткен Рейхердтiң шеберлiгi әдiлқазылар тарапынан аса жоғары бағалана қойған жоқ. 
ЧЕМПИОН БАПКЕРIНЕН ЖЕҢIЛДI
Бейжiң олимпиадасында 69 келi салмақта чемпион атанғанда боксшы Бақыт Сәрсекбаевқа Алматы мен Астана сынды алып қаладан пәтер берiл­ген-дi. Астанадағы 100 шаршы метрлiк зәулiм үйiн Сәрсекбаев алты жыл бұрын өзiнiң жеке бапкерi әрi туған нағашысы Кәрiм Махмұдовқа сыйлайды ұлан-асыр тойдың үстiнде.