1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №12 (15886) 18 ақпан, сейсенбі 2014
Алматыда сенбi және жексенбi күндерi девальвацияға қарсы рұқсат етiлмеген митингiлер өттi. Наразылық шарасына шыққан жастар билiкке саяси талаптарын қойды.
Бұл митингiлердiң бұрынғылардан ерекшелiгi – наразылықты оппозициялық саясаткерлер немесе азаматтық белсендiлер емес, әлеуметтiк желiлердi қолданатын жастардың өзi ұйымдастырды. Теңгенiң құнсыздануына қарсы митингiлердiң өтетiнi жөнiнде алдын ала Facebook және Вконтакте әлеуметтiк желiлерiнде хабарланды. Сенбi күнi сағат бiрде Абай ескерткiшiнiң маңында жүз шақты адам жиналды. Бiрақ полицейлер таңертең ес­керт­кiштiң алдындағы аумақты

Бостан басын өз еркiмен қайтадан бұғауға тыққан бұл билiк ақыры қазақтың жанды жерiне тидi. Бұған дейiнгi қысастықтың бәрiне көз жұмып келген халық ендi мынадай қорлыққа көне алмайтын шығар. Көнбейтiнi, қазiрдiң өзiнде көрiнiп тұр. Жексенбi күнi басына шiлтерi лыпасын қаптап киген үш әйел Алматыда ерекше акция өткiздi.

ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АРАБ ПЕН ҚЫТАЙҒА ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРIН ҰЗАҚ ЖЫЛҒА ЖАЛҒА БЕРЕ МЕ?
Өткен аптаның соңында үкiметтiң кеңейтiлген мәжiлiсi өттi. Әдеттегiдей президент – төрде, iрiлi-ұсақты уәзiрлерi салмағына қарай ретiмен жайғасқан. Бұл жиында екi адамның мерейi үстем болды. Бiрi – девальвацияның арқасында танымалдылығы артқан Қайрат Келiмбетов. Екiншiсi – президент
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптада Bloomberg агенттiгiнiң тiлшiсiне сұхбат берiп, бiраз нәрсенiң басын қайырды. Тiлшi алдымен Қашаған кен орнына қатысты сұрақ қойды. “Алда-жалда мұнай өндiру биыл басталмай қалса, қанша уақыт күте­сiз? Кешiктiргенi үшiн компанияларды ұрыспайсыз ба”, – деп сұрады.
«АРЫСТАН БАСҚАРҒАН ҚОЙЛАР» МЕН «ҚОЙ БАСҚАРҒАН АРЫСТАНДАР» ТУРАЛЫ
Әрiге бармай-ақ қояйық, соңғы 4-5 жылдың iшiнде ғана Қазақстанда бiрнеше генерал қылмысты болды. Ұлттық қорғаныс университетiнiң бұрынғы басшысы Асхат Шойынбаев, әуе күштерi қорғанысы басшысының орынбасары Асқар Бөлдешев, қорғаныс министрлiгi қару-жарақ басқармасының бастығы Алмас Әсенов, ҰҚК шекара қазметiнiң генералы Әбдiразақ Iлиясов...

Өңiрдегi қос ауданның бiр айдан астам уақыт басшысыз тұрғанын бұған дейiн жазғанбыз. Жуырда Т.Рысқұлов ауданына Жуа­лы ауданының мәслихат хатшысы қыз­метiндегi Жарылқасын Айтақов, кеше Қордайға Алматыдан арнайы алдырған Қайрат Досаев әкiм болып тағайындалды.

Қазақстандағы трансшекаралық сулармен байланысты өзектi мәселенiң бiрi – Сырдария өзенiнiң су арнасын реттеумен байланысты болса, ал оның бастауы сонау 20 ғасырдың ең iрi ғаламдық экологиялық дағдарысына айналған Арал теңiзiнiң сарқылуымен байланысты болып отыр. Қазiрдiң өзiнде Өзбекстанның бас­тамасы бойынша Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 68 сес­сия­сына ұсынылған “Арал теңiзiнiң сар­қылуы мен
МАЙДАН ЖЕТЕКШIЛЕРI ГЕРМАНИЯҒА БЕТ АЛДЫ
Украинадағы Майданның жетекшiлерi Виталий Кличко мен Арсений Яценюк Германия­да канцлер Ангела Меркельмен кездеспек. Оппозиционерлер Германиядан бiрқатар украиналық шенеунiктерге қарсы санкция қолдануды талап етпек. Сондай-ақ, кейбiр БАҚ-тың хабарлауынша, А.Яценюк Германиядан қаржылай көмек сұрауы мүмкiн.

Облыстық ресми басылым – “ Звезда Прииртышья ” газетiнiң 30 қаңтардағы санында Екатерина Грищенко дегеннiң “Не памятник, а скиталец” атты мақаласы жүр. Бұл да сол жергiлiктi орыстiлдi газеттерде бұрынғы жарияланған мақалалардың көшiрмесi.

11 ақпан ақтөбелiктер үшiн әдеттегiше бас­талды. Бiрақ доллар мен еуроның сатылуы таңертеңгiлiк 187 теңгенi көрсеттi. Сол күнi түс ауа доллар 193 теңгеге, еуро 262 теңгеге бiрден ұшып кетсе де, жергiлiктi тұрғындардың шетел валютасына деген қызығушылығы аса байқалмады. Себебi – сол күнi көптеген банктер валюта сатқан жоқ.

Сiздi iшкi iстер бөлiмiне шақыртты дейiк. Мұндай жағдайда қалай әрекет ету керектiгiн бiлуге тиiссiз. Өйткенi алдымен куәгер ретiнде қатысып, артынан күдiктiге, одан әрi айыпталушыға айналып шыға келуiңiз әбден мүмкiн.

БIШКЕКТIҢ АСТЫН ҮСТIНЕ КЕЛТIРМЕК БОЛЫПТЫ
Қырғызстанның Ош облысында террорлық топтың алты мүшесiн ұлттық қауiпсiздiк қызметi тұтқындады. Күдiктi­лердiң ең жасы жиырмаға ендi ғана толған. Ең ересегi – отыздағы жiгiт. Бұлар Сириядағы лагерьлерде арнайы дайындықтан өткен.
ҚР жоғарғы сотының назарына
«Алдаспан» қосымшасының хат қоржынына Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласының тұрғыны Жадия Менешовадан хат келдi. Ол құзырлы мекеме қызметкерлерiнiң кiнәсiнен жалғыз ұлы Бақытжаннан айырылып қалғанын айтады.
Солтүстiк Қазақстан облысының бiр мұғалимасы оқушысының маңдайына «2» қойғаны үшiн (баттитып жазған ғой...) бiр жарым жылға шартты жазаға кесiлдi...
«Құдай ұрды, сөйтiп торын құрды» деген осы! Мектеп директорының кабинетiне кiрсем, билеп жүр екен. Ашуланғанда солай ары-берi жүре беретiнi бар.

Ендi ертегiге айналған баяғы бiр замандарда хат жазып, хат алысу деген де бiр ғанибет едi-ау. Әлде бiр себептермен Құлжанбайдағы мектептiң сегiзiншi сыныбын тастап, аудан орталығына ауысқан кезiмде, бұрынғы сыныбымдағы 13 баладан аптасына 13 хат келiп тұратын. Мазмұны бiрiнен-бiрi аумайтын, икемсiз бала қолдарымен жазылған сол хаттар маған қаншама қуаныш, қаншама сағыныш алып келетiн. Қарағұмбайдың, Нұрмұханбеттiң, Өмiрзақтың, Қожамұраттың және тұлымы желбiреген тоғыз қыздың “алтыннан ардақты, күмiстен салмақты” деп бас­талатын үшбу хаттар

ШОҚ ПЕН ШЕРДIҢ” АВТОРЫ ДҮНИЕ САЛДЫ
Белгiлi кинорежиссер, ҚР еңбегi сiңген мәдениет қайраткерi, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты Қаныбек Қасымбеков дүниеден озды. 71 жасқа қараған шағында. Қ.Қасымбеков 1971 жылы “Шоқ пен Шер” атты көр­­кем фильм түсiрдi. Бұл фильм Монте Карлодағы халықаралық кинофестивальде балаларға арналған фильмдер арасынан “Күмiс Нимфа” сыйлығын жеңiп алды.

Түскi асқа келiңiздер, – деп шақырған күтушi қыздың даусын естiген Әлия әжей елең ете қалды. Немересi Жазираның даусына ұқсатты. Елден бұрын бөлмеден шығып күтушi қыздың жанына жетiп барды. “Жазираш” деп қалғанын да бiлмей қалды.

Оқырмандарымыздың тiлегi мен ұсынысын ескере отырып, биыл “Оқырман сұхбатты өзi жүргiзедi” деген жаңа айдар ашқан едiк. Бұл жерде оқырман сұхбат берушiнi де өзi таңдайды, сұрақты да өзi қояды. Га­зетiмiздiң 11 ақпан күнгi нөмiрiнде оқырмандардың сұрағына белгiлi жазушы

Өткен аптада 2013 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткiзген Сбербанк басшылығы барлық негiзгi көрсеткiштердiң өскенiн мәлiмдеп, оларды жария еттi. Баспасөз жиыны девальвациядан кейiн өт­кендiктен, тiлшiлер қа­уы­мын Сбербанк ендi несие мөлшерлемесiн өзгерте ме деген сұрақ мазалады.
 Мәнерлеп сырғанау­дан Сочи олимпиадасының алтын медалi (ерлер арасында) жапон спортшысы Юдзуру Ханюге бұйырды. Ханю Жапония елiне Сочи олимпиадасындағы алғашқы алтын медальдi алып бердi. Қазылар 19 жастағы Ханюге қысқа бағдарлама кезiнде жоғары ұпай берiп, нәтижесiнде 101,45 ұпаймен көш басына шықты.
ҚҰЛДИЛАУ ҚИЫНҒА СОҚТЫ
Сочи олимпиадасының тоғызыншы күнi де елiмiздiң қоржынына ешқандай жүлде түскен жоқ. Әзiрге мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдесiн иеленген Денис Теннiң бәйгесiнен кейiн жалпыкомандалық есепте 25-сатыда тұрмыз.  Ендi шаңғымен таудан төмен құлдилаушылардың көрсеткiшi турасында.
ТӨРТЕУДIҢ ТАРТЫСЫ
Астанада бокстан төрт мемлекеттiң құрамасы арасында турнир басталды. Өзбекстан, Ресей, Ұлыбритания және бiздiң елдiң боксшылары өзара күшiн сынап көредi. Алғашқы сайыс күнi Өзбекстан боксшылары ресейлiк­тердi 6:4 нәтижесiмен