1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15887) 20 ақпан, бейсенбі 2014
УКРАИНАДА 25 АДАМ ӨЛIП, МЫҢДАҒАН АДАМ ЖАРАЛАНДЫ
Сейсенбi күнi кешке Украина билiгi шерушiлерге қойған ультиматумның уақыты бiтiп, “Бүркiт” Майданды жаппай тазалауға кiрiстi. Дәл осы сәттен қым-қиғаш соғыс басталды да кеттi. Гүрс-гүрс, тарс-тұрс... Ақпарат агенттiктерi әртүрлi мәлiмет таратуда. Орысшылдары “Майдандағы бiрнеше мың шерушiнi “Бүркiт” тықсырып барады” десе, батысшылдары “Еуромайданшылар билiк күшiнiң бетiн қайтарып тастады” дейдi.

Девальвацияны үш мәрте бастан өткерген Қазақстанның төл теңгесi қазiргi құнын қанша уақытқа дейiн ұстап тұра алады? Сарапшылар бiр доллар үшiн 185 теңге болып белгiленген бағамды артық қормен жасалды деп есептейдi. Десек те бұл теңге алдағы жылдары құнсызданбайды дегенге кепiлдiк бола алмайды. Сарапшы Айдар Әлiбаев елiмiз нақты өндiрiс орындарын ашып, өнеркәсiптi жолға қоймайынша

17 ақпанда WhatsApp және sms-хабарламалар арқылы “Kaspi bank, Альянс банк және ЦентрКредит Банкi банкроттыққа ұшырайды, осы банктерде салымдарыңыз бар болса, алып үлгерiңiз” деген ақпарат тараған. Мұны оқыған, естiп-бiлген банктiң салымшылары дүрлiгiп, депозиттерiн керi қайтаруға кiрiстi.

Президенттiң күр­кiреп, шүйлiгуi ширатты ма, үкiметтiң кеңейтiлген отырысынан соң Серiк Ах­метов қоластындағыларға тапсырманы үйiп-төктi. Негiзгi тұтынатын азық-түлiк тауарлары мен дәрi-дәрмектiң бағасын өсiрмеу. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ресейдi iрiқараның етiмен жарылқамақ болған қазақ билiгi оқыра тиген сиырдай тулап жатыр. Арам қатқан 722 сиырдың ақшасын қайтармаған Австрияға күйiндi ме, күнi кеше Серiк Ахметов қатты ашуланды. Қай қызмете жүрсе де өзiне соққы дарытпайтын Асылжан Мамытбеков қысыр құнажындай лезде жалт бердi. Сөйтiп, үкiмет басшысының қаһары әкiмдерге қарай ауған-ды. Ақырында, сиырдың санын көбейтпеген 10 аудан әкiмi атынан ауып түсетiн болды. 

Премьер-министр С.Ахметовтiң назарына
“Ұшқан құс, жүгiрген аңның бәрi тамақ үшiн” деп халқымыз текке айтпаса керек. Жер бетiнде адам көбейген сайын азық-түлiкке деген қажеттiлiк те артып келедi. Бүгiнде жер бетiндегi 7,2 миллиард адамның 1 миллиардтан астамы ашқұрсақ жүр. Дүниежүзiндегi екi жүзден  астам мемлекеттiң қырыққа жуығы азық-түлiк тапшылығын еңсере алмай отыр. Тамақ өндiрiсiнде түбегейлi өзгерiстер жасалмаса, осынау қорқынышты көрсеткiштер өсе түспек.
Бiрiнен бiрi асып түсетiн бiздiң шенеунiктерге дауа жоқ шығар, сiрә. Жұрт iшер асын табуды уайымдап, ертеңiне үлкен қауiппен қарап отыр. Ал кейбiр шенеунiктер бағаға қатысты бас айналатын сөз айтуда. Статистика агенттiгiнiң басшысы Әлихан Смайылов өзгелер сияқты нан жеп, су iшпейдi-ау. Неге десеңiз, баға тұрақтылығына қатысты пiкiрiнде ол азық-түлiк бағаларынан

Газетiмiздiң өткен нөмi­рiнде Алматыда 15-16 ақпан күндерi қарапайым азаматтардың теңге девальвациясы мен қымбатшылыққа қарсылық бiлдiрiп, көшеге шыққаны туралы жазғанбыз. Қымбатшылыққа қарсылық танытқан қырыққа жуық адам ұсталып, олардың бiреуi сот ше­шiмiмен он тәулiкке қа­мал­ғаны мәлiм.

Қазақ мемлекетi саяси-әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдық тұрғыда ХХ ғасырдан бастап бiрнеше өзге­рiске ұшырады. Бiз қазiр IV Республикадамыз. Оны тарихшы әрi саясаткер ре­тiнде ашып берейiн. Бiрiншiсi – 1920 жылдың 26 тамызында РСФСР құрамында құрылған Қазақ Автономиялық Советтiк Социа­листiк Республикасы.
Қазақстанды “Қазақ Республикасы” деп атауды қолдаймын. Әнұранға келсек, “Менiң Қазақстаным” қала беруi керек. Бұл Жұмекен Нәжiмеденов пен Шәмшi Қалдаяқовқа деген тарихи ескерткiш, тағзым, алғыс. Менiңше, әнұран мәтiнiнен “Бiрлiгi жарас­қан, Тәуелсiз елiм барды” алып тастап, алғашқы нұсқасы:

Ала таңмен Атыраудан аттан­ған пойыз тағы да қайыстай созылып күнге маңдай төсеген. Перронда әркiмнiң жүгiн көте­рiсiп жанын баққан жарлы-жақыбайлардың сұлбасы селдiреп барып жоғалды. Мамырдың майда желiне кеуде керген дала далиып жатыр. Селеулi қыр, селкем-селкем көкорай.

ҚАЗАҚТЫҢ ЖАҢА ЖЫЛЫ ДА ЖАҚЫНДАП ҚАЛДЫ
Бiз кiшкентай кезiмiзде 1 қаңтарды, яғни Жаңа жылды ерекше асыға күтушi едiк қой. Неге? Өйткенi бұл күнi бiзге Аяз ата сыйлық беретiн. Мерекелiк шырша, мерекелiк концерттер, түрлi ойын-сауықтар өткiзiлеiн және т.б. Наурызымыз, яки Жаңа жылымыз – иек астында.

Жақында бiздiң ауылда тосын бiр оқиға болды. Түнгi сағат бiр шамасында Ө.Қабылов пен О.Убетов көшесiнiң тұрғындары шырт ұйқыда жатқан. Бiр уақытта жұрт тарсыл-гүрсiлден оянды. Сөйтсе, газ мекемесiнiң қызметкерлерi осы екi көшедегi үйлердiң есiктерiн тоқылдатып, терезелерiн ұрып, айқайлап, жұртты оятып орындарынан тұрғызды.

Бiз қазақтың әйгiлi батыр, әншi, ақын әйелдерi туралы көп бiле бермейдi екенбiз. Алайда қазақ халқы ондай аналарға бай болыпты. Жақында жұмыс бабымен Қаратау қаласына бардым. Сол жақтан Ұлбике Жанкелдiқызының ескерткiшiн көрдiм. Бұл кiсi туралы анығырақ бiлмек болып арлы-берлi жүргендерден сұрасам, иықтарын қиқаң еткiздi.

1993 жылы көктемде аудан мұғалiм­дерiнiң арасында айтыс болды. Ай­тыс­­қа Қарасаздан – марқұм Хасен Саматыров, Жамбыл ауылынан – мар­құм Қуат Жанбаев, Тегiстiктен – Кемелбай Сағындықов және мен қатыстым. Бас жүлде Хасен ағамыздың қанжығасында кеттi. Қалғанымыз да сыйлықтан құр қалмадық.

Зейнеткермiн. Кейiнгi кездерi өлiм-жiтiм көбейiп кеттi. Өзiм секiлдi қариялар да, жастар да о дүниеге кетiп жатыр... Иә, бәрi Алланың қолында ғой. Бiрақ, келiспейтiнiм... имамдардың кейбiр iстерiне қарным ашады. Бiр-ақ нәрсе – жаназа шығаруды айтайын. Имамдар жаназаға ақша алады. Әрине, олар сұрамайды.

Мен шежiрешi де, тарихшы да емеспiн. Тапсаң береке болатын, таппасаң келеке болатын мұндай жолға талаптанып та көрген жоқпын. Өйткенi бұл жұмыс – кәсiби мамандардың iсi, ғалымдардың көп жылғы зерттеуi арқасында келетiнiн, әрi сәл қиыс кетсең, кейiнгi ұрпаққа зор қателiк әкелетiнiн жақсы түсiнемiз. Ақтөбелiк

ҚАЗАҚТЫҢ ДАРИЯСЫ ҚАШАН ҚУАНТАДЫ?
17 ақпаннан берi 10 мил­лионға жетер-жетпес беларусь халқы үлкен тойды бастап кеттi. Олар КСРО-ның құрсауынан құтылып, тәуелсiздiгiн жария еткен жылдан бергi уақыт iшiнде олимпиаданың үш дүркiн чемпионын өсiргенiн әлем алдында зор мақтанышпен мерекелеп жатыр.
СҰРЫПТАУДАН СҮРIНДI
Шорт-тректен сайысқа шыққан Инна Симонова 1000 метрге жүгiруде ширек сынға өте алмады. Ерлер арасында Нұрберген Жұмағазиев пен Айдар Бекжановтың жолы болмады. 500 метр­ге жүйткiгендер арасында екi спортшымыз да ширек финалдық сынға қатысу мүмкiндiгiнен қағылды.
ҚАЗЫҒА РАЗЫ ЕМЕС
Сейсенбiден сәрсенбiге ауған түнi УЕФА чемпиондар лигасының 8/1 финалының алғашқы ойыны өттi. Каталондық “Барселона” сырт алаңда “Манчестер Сити” клубын 2:0 есебiмен тоқтатты. Ойындағы алғашқы голды 53-минутта Лионель Месси пенальтиден соқты. Екiншi голды 90-минутта Дани Алвес тоғытты.
САҚАЛДЫ ҚЫЗ
Оның жасы 23-те. Өзi Ұлыбританияда тұрады. Үндi қызы Харнаам Каурды сақалына қарап қыз деп айту өте қиын. Тек әйелдерше киiнген киiмiне қарағанда ғана... қыз екенiне көз жеткiзуге болады. Бiрақ Харнаам сақалын алып тастауға асығар емес.