1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15888) 25 ақпан, сейсенбі 2014
ТҰРСАҢ – ЭКСПО-ҒА, ЖҮРСЕҢ – ЕСIМОВКЕ
Қазақтың дархан халық екенi өтiрiк болды. Әйтпесе Алматының әкiмi Ахметжан Есiмов “үйiм жоқ, үйiм болмаған соң күйiм жоқ” дегендi осыдан жарты жыл бұрын айтқан. Ал ендi қай қазақ “жылу жинап, әкiмге баспана алып берейiк” деп мәселе көтердi? Ешкiм де. Ең құрыса, “асар жасап, Қаскелең мен Талғардың бiрiнен екi ауыз қоржын там салып берсек, қайтедi?!” деп ұсыныс айтатын да тiрi жан табылмады.
БАКИЕВТIҢ БАСЫНА ТУҒАН КҮН ЯНУКОВИЧТIҢ ДЕ БАСЫНА ТУДЫ
Сенбi күнi Украинаның Жоғарғы радасы Виктор Януковичтiң президенттiк өкiлеттiгiн тоқтатып, 25 мамырда мерзiмiнен бұрын президенттiк сайлау өтетiнiн мәлiмдедi. Мемлекет басшысының мiндетiн уақытша атқару парламент спикерi Александр Турчиновке жүктелдi. Янукович “билiктен кетпеймiн” деп қасарысып отыр. Сенбi күнi телеарналардың бiрiнен В.Янукович: “Мен – заңды түрде сайланған пре­зидентпiн.

Ресейдiң мемлекеттiк думасының вице-спикерi Владимир Жириновский 23 ақпан күнi Мәскеуде өткен митингiде сөйлеген сөзiнде Орталық Азия мемлекеттерiнiң тұтастығы мен бүтiндiгiне қол сұғатын, елдiгiн қорлайтын мәлiмдеме жасады. Оның жарты сағаттық сөзiн Ресейдiң мемлекеттiк “Россия 24” арнасы тiкелей эфирiнде көрсеттi.

“Бағаны тұрақтандырумен” әлектенген қазақ билiгi көршi елдерге күнi түскенiн сезер ме екен?
Теңгемен бiрге Ақорданың, үкiметтiң, оның iшiнде бас банкирдiң халыққа берген уәдесi құнсызданып кеттi. Әңгiменiң ашығы – уәденiң көктиындық құны қалған жоқ. Бiрақ елге арзан уәде берiп, қадiрiмiздi қашырып алдық деген билiктi көрмедiк. Қайта жергiлiктi атқарушы билiктегiлер доллардың қымбаттауына базардағы қарапайым сатушыларды жазықты көретiн сияқты.

Танымал қоғам қайраткерi, белгiлi ғалым А.Айталы “Ақжол” партиясының басшылығына кiнә артып, 2014 жылы 14 ақпанда аталмыш партия қатарынан шықты. Мұндай қадамға баруының басқа да себептерiн ашқан хатты иесiнiң келiсiмi бойынша жарияладық.

Өткен апта Қызылорда облысы әкiмiнiң халық алдындағы есебi болды. Есептiң де естiсi, есерi бар. Тыңдаушысын есiнететiн есерлерi ұйықтап отырып «ұйып тыңдауға» мәжбүр етедi. Ал ендi естiлерiнiң естiлуi де, есте қалуы да мүлдем бөлек. Сонымен... – Уақыт диiрменi тоқтаусыз
Бiрiншi оқылымда мақұлданған ҚР Қылмыстық кодексiнiң жаңа заң жобасы қабылданса, түрмеге түсетiн журналистер­дiң қатары күрт өсуi мүмкiн. Өйткенi атал­ған құжат «Жала жабу» бабына сәйкес, тiлшi қауымын 3 жылға дейiн соттауға мүмкiндiк бередi. 
Үш банкке жасалған смс‑шабуыл халықтың ресми ақпараттан гөрi шығу тегi белгiсiз алыпқашпа әңгiмеге көбiрек сенiм артатынын әйгiледi. Психология ғылымына сәйкес, мұндай үрейлi сыбыс әлеуметтiк ахуалы ушыққан, қауiп‑қатерге толы, қиын жағдайға тап болған қоғамды ғана билейдi.
Өз ойымды айтсам деп жүр­генiме бiраз уақыт болды. Бiрақ “Суын iшкен құдыққа түкiрме” дегендей, бәрiбiр елеп жатқан ешкiм жоқ, “ақ қарға” атанбай-ақ тыныш отырайын деген ой бөгей бердi. Сөзден салмақ кеткен заман. Айттың не, айтпадың не , өзгерiп жатқан ештеңе жоқ.
Шетел прозасы
Асакуса аймағында Шин­гйоуджи деген ғибадатхана бар. Бұл ғибадатхана – аса үлкен де емес, шағын да емес, орташарқы ғибадатханалардың бiрi. Алдында Ничироу әулиенiң ағаш мүсiнi ғана тұр. Ғибадатхананың тарихы тым әрiде. Мiне, осы ғибадатхананың қақпасының түбiне Мэйдзи кезеңiнiң 22 жылының (1889 жыл) күзiнде бiр баланы әлде­бiреу тастап кетiптi.

1441 жылы Герат қаласында шығыстың философы, өзбек халқының ұлы ақыны Әлiшер Науаи дүниеге келдi. Әлiшердiң ата-аналары мен ағайын-туғандары сарай қызметiнде жүретiн аса абыройлы, елге мәлiм ақсүйектер болған екен. Әлiшер төрт жасында-ақ жоғары мәртебелi бiлiм ордасына оқуға берiледi.

Д.Егiзов – қазақтың спорт фотожурналистикасының негiзiн қалады. Бiр ғана басылымда – республикалық “Спорт” газетiнде қызмет iстедi. Мәскеу, Сеул, Барселона, Нагано Олимпиада ойындарына қатысты. “Спорт– бейбiтшiлiк елшiсi” (“Спорт–посол мира”) фестивалiнiң иегерi атанды. Көзi тiрi болғанда қазақ спортының фотошежiрешiсi биыл 75 жасқа толатын едi.
Ардақ Төлеубай – фотограф. Негiзгi мамандығы – музыкант. 2002 жылы Ташкент қаласынан арнайы фотосурет курсын оқыды. Фотосурет әлемiне ке­луiне ұстазы, фотограф Жұмабек Тасболатұлы Төребеков ық­пал еттi. Бүгiнде Ардақтың осы салада жүргенiне 14 жыл болды.

Осындай атпен жобаны iске асырған жас фотограф Мурад Осман аз уақыт iшiнде интернет желiсiнде үлкен танымалдылыққа ие болды. Шыққан тегi дағыстандық Османның айтуы бойынша, бұл жобаның басты мақсаты әлемнiң керемет жерлерiн қарапа­йым екi жолаушының көмегiмен бүкiл әлемге көрсету.

ҚАР ДА СЫЛТАУ СЫНЫҚҚА
ХХII қысқы олимпиада ойындары да тарих қойнауына кеттi. Ресейлiктер бүтiндей бiр қаланы қыздың жиған жүгiндей жасандырып, сән-салтанатын асыра әсемдеп қайта түлетiп, әлем алдында мейманасын бiр тасытты. Сочидегi аламан басталар алдында ресейлiктер жалпыкомандалық есепте топ жаруды межелеп едi,

Жуырда Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының залында халықаралық фотобайқаулардың лауреаты, фотограф Оңғарбек Алхаровтың “Өмiрге өнер көзiмен” атты жеке фотокөрмесi өттi. Көрмеде фотограф шығармашылығынан ең үздiк 20-дан астам туындысы көрермен назарына ұсынылды

ҚАЙ ҚАЗАН БОЛМАСЫН БҰРҚ-САРҚ ҚАЙНАТАДЫ
2016 жылы Францияда өтетiн футболдан Еуропа чемпионатының жеребесi тартылды. Екi жылдан кейiнгi құрлық бәйгесiне қатысу мүмкiндiгi үшiн бiздiң елдiң де футболшылары тартысқа түседi. Ницца қаласындағы жеребе рәсiмiнен кейiн Юрий Красножан баптайтын футболшылар “А” тобында