1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №15-16 (15889-890) 27 ақпан, бейсенбі 2014

Ең жоғары мiнберден айтылған «Мәңгiлiк ел» идеясын төмендегiлер тулақ сүйреткен иттей жұлмалап жатыр. Бiреуi «бiз қазiрдiң өзiнде мәңгiлiк ел болдық» деп шiренсе, екiншiсi «мәңгiлiк ел болу үшiн әлi талай мәселенiң басын қайыруымыз керек» деп сары уайымға салынады. Әйтеуiр iшi пысқан шендiлерге жақсы ермек табылды. Қазiр өңiр-өңiрде өтiп жатқан түрлi форумдар мен конференциялардың басты тақырыбы да – осы.

Девальвациядан кейiн Астанада да азық-түлiк бiрден қымбаттады. Доллардың бағамы өскен алғашқы күндерi премьер Серiк Ахметов бастаған үкiмет мүшелерi бағаны бақылайтынын айтып белсенiп, базар мен дүкендер­дi жағалаған. Мұндайда “ләппай, тақсыршыл” мемле­кеттiк телеарналар қарап қалсын ба?!

Бұрнағы күнi ҚазТАГ ақпарат агенттiгi қаржы саласындағы құпия ақпарат көзiне сiлтеме жасап, теңге көктем-жаз айларында бiртiндеп құнсызданып, бiр доллардың құны 195-200 теңгеге жетедi деп хабарлаған. Бiрақ сарапшылар тең­генiң бағамы өз­гермейдi, 185+/-3 дәлiзiнде сақталады деп есептейдi.

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТАЛАН-ТАРАЖҒА ТҮСIРГЕНДЕРДI ЖАЗАЛАУ ТЕК ЖҰМЫСТАН БОСАТУМЕН ШЕКТЕЛУДЕ
Қазақ-өзбек шекарасы шектесетiн тұстағы Арнасай бөгетiндегi гидротехникалық құрылыстар кешенiн қайта жаңғыртуға қаралған 22 миллион теңгенi талан-таражға салу фактiсi бойынша қозғалған қылмыстық iс таяуда сотқа өттi. Бұл 22 миллион теңге бөгеттi жаңғыртуға бөлiнген қомақты қаржының теңiзге құйған тамшыдай бөлiгi ғана. 

Бiрнеше айға созылған қақтығыстан соң Виктор Янукович билiктен шеттетiлдi. Қазiр оның қайда жүргенi белгiсiз. Жоғарғы рада Януковичтi Гаагадағы халықаралық сотқа тартуды талап еттi. Жеңiске жеткен оппозиция мамырдың 25-i күнi мерзiмiнен бұрын пре­зиденттiк сайлау өтетiнiн мәлiмдедi.

– Ұлттық ұран, ұлттық идеология дегенiмiз – ұлттың тағдырына қатысты, ұлттың тағдыр-тарихымен тығыз байланысты ұғым. Мұндай деңгейге көтерiл­ген қандай да бiр ой-пiкiр халықтың талқысына түсiп, танымдық деңгейден өтiп, практика жүзiн­де пiсiп-жетiлiп, халықтың кө­кейiне терең енген категориялық сенiм болуы керек.

2013 жылғы 19 тамызда Алматы облысының Шеңгелдi ауылында қазақ жастары мен шешен жiгiттерiнiң арасында қақтығыс болып, соның салдарынан екi қазақ жiгiтi оққа ұшқан едi. Ауыр жарақат алған М.Ақжолтаев көп ұзамай-ақ көз жұмды. Осы қылмыстық оқиғаға байланысты сот шешiм шығарды.

ҚР премьер-министрi Серiк Ахметовке талап хат 
Дүние жүзiнде өз ұлтына жаны ашымайтын, шетте жүр­­­ген қандастарының өз Отанына оралуына қарсы, президентiнiң жүргiзiп отырған ұлттық саясатын аяққа таптағысы келiп тұратын, қазақтар арасында шу шығаруға әуес бiр үкiмет болса, ол – бiздiң Қазақстан Республикасының кезiнде К.Мә­сi­­мов басқарған үкiметi шығар деп ойлаймын!

Демократиялық күштер жыл сайын беретiн дәстүрлi “Азаттық” сыйлығы бұл жолы еш кедергiлерсiз тапсырылды. Cейсенбi күнi Қазақстандағы Халықаралық адам құқықтары жөнiндегi бюросының кеңсесiнде өткен марапаттау рәсiмiнде “Азаттық” сыйлығы иегерлерiнiң есiмдерi аталды.

10 ақпан күнi өткен Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алуға арналған жиында құқық қорғаушы Евгений Жовтистiң “Қиын-қыстау шақ, қарсы тұру... болашаққа үңiлу” атты баяндамасы көпшiлiктiң көңiлiнен шықты. Дөңгелек үстелге қатысқандар құқық қорғаушы келтiрген мысалдарды ары қарай дамытып, үн қосты, бұл баяндама қызу талқыға жол ашты. Осы себептен Е.Жовтистiң баяндамасын қысқартып оқырман назарына ұсынуды жөн көрдiк.

Танымал тележурналист Қасым Аманжол жүргiзген, қалың қауым әлi күнге тамсана айтып жүрген “Шынның жүзiнде” Алтынбек Сәрсенбайұлы да ашық әңгiмеге қатысқан едi. Сондағы сыр ашу сәтiн алдыларыңызға қайтара жайып салдық.

Жаңақорған ауданы 22 ақпаннан берi әбiгер. Таудан аққан қарғын су аудан орталығының шығысындағы 40-қа жуық тұрғын үйдi басып қалды. Бүгiнде ауласына су кiрiп, үйiнiң iргесi мүжiлген отбасылар ағайын-туысты паналап отыр. Биыл Қаратау басына қар қалың түстi.

 “Жас Алаштың” Жамбыл облысындағы қосынына хабарласқан Шу ауданы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң бас есепшiсi Ғалия Есболғанова өз басы дауға қалғанын айтып араша сұрады. Мән-жаймен танысу мақсатында шулы аудан Шуға барып қайттық.

Павлодар облысы – экологиясы ең ауыр аймақтардың бiрi. Осыдан болар, елiмiз бойынша онкологиялық сырқатқа шалдығудан бiрiншi орында тұр. Және осындай қатерлi дерттен көз жұматындардың да саны басқа өңiрлерге қарағанда, бұл жақта басым.

Өткен аптада “Казнет” ақпараттар сайты Ресейдiң белгiлi оппозицияшыл-ұлтшылы Эдуард Лимоновтың Кремль басшыларына: “Назарбаев билiктен кет­кен соң, Қазақстанның солтүс­тiк облыстарын Ресейге қосу керек”, – деген ұсыныс тастағанын жария­лады.

Еркiн Әуелбеков десе, көз алдыма ерен ерлiктiң, кө­регендiктiң көркем үлгiсi көлбеңдеп тұра қалады. Қарағайдай тiк қалпы, емендей биiк еңсесi оны өзгелерден оқшау көрсететiн. Бiр қарағанда сұсты көрiнгенмен, суық сезiлгенмен, сенiмен сөйлесе келе, пiкiрлесе келе, сөзiңнiң анық, ойыңның қанық екенiн сезiнгеннен кейiн

Оспановтар отбасына бiр үл­кен уайымның iлiккенiне де бiрнеше айдың жүзi болды. Жай уайым емес, бас қатырар, қабырға қайыстырар ауыр қайғы. Осы үйдiң келiнi Балхадишаның бойына үшiншi перзент қалай бiттi, солай бұлардың бастарына қара бұлт үйрiлген. Қалыпты жағдай болса, бұл өзi – қайғы емес, қуанатын нәрсе ғой.

Жаңа заман жүректен ұрғылады,
Үмiттердiң үзiлiп тұр бұлағы.
Аспандаған көңiлдер құлдырады,
Айтшы, осының бәрiне кiм кiнәлi?

Биылғы оқу жылында барлық бiрiншi сыныптың бағдарламасына ағылшын тiлi пәнi қосылғаны мәлiм. Шет тiлiн алты-жетi жасар балаға оқытудың көптеген тиiмсiз жақтары сан рет жазылды, айтылды. Өкiнiшке қарай, бұрынғы бiлiм министрi Б.Жұмағұловтың бұйрығымен ағылшын тiлi бiрiншi сыныптың оқу бағдарламасына енгiзiлген болатын.

Бiз бұрынғы “Жаңажол” кеңшарының iргесiнен өрген Жағабұлақ ауылында бiр қауым елмiз. Жайылымымыз бұрынғы Ембi-5 әскери полигонының бiр шетiн басып жатқанын бiз ол кезде бiлмедiк. Мал өсiрiп, суын iшiп, тiптi шөп дайындап жүрген   шаруашылықтың қойшы, механизаторлары сол уақытта өздерi басып жүрген аумақта жер үстiнде де, жер

«Жас Алаштың» биылғы қаңтар айындағы соңғы санында “ӨҢIМ БЕ, ТҮСIМ БЕ?” Немесе тiл жанашы­р­ларына бiр сұрақ” деген шағын ғана жазбам шыққан. Мен ол жазбамда президент Н.Назарбаев пен премьер-министр С.Ахметовтiң орыс тiлiнде сөйлесiп отырғандарын “Хабар” телеарнасынан көрiп,

Мен Қызылқоға ауданы, Сағыз аулының тұрғынымын. Ауыл – алтын бесiк. Қаймағы бұзылмаған қазақылық, әрине, ауылда. Неге екенi белгiсiз, темiржол вокзалы маңдайшасында МУКУР деп жазулы, ал Миялы – Сағыз тас жолы бойында Соркөл елдiмекенi бар, жолдағы белгiде СОРКОЛЬ деп жазулы. Осындай үлкен қателiкке жол беруге

Асабалық жөнiнде көптен көкейiмде жүрген бiраз ойымды ортаға салып, көппен бөлiскендi жөн көрдiм. Кейбiр той асабалары елдi күлдiремiн деп арзан, рабайсыз сөз айтып, қалыптан шығып кетiп жатады. Оны өздерi де байқамай қала ма деп ойлайсың. Мәселен

Елудi бая-я-ғыда еңсерiп, пайғамбар жасынан ендi-ендi асқанда ойға қайдағы-жайдағылар түсе бередi екен. Мұндай кезде ұйқы да қашады. Балалық шақтың тәттi де қызықты күндерi еске түскенде бiресе жынды адамша өз-өзiммен күлемiн, ендi бiрде мұңая қаламын. Мұңаятынымның себебi белгiлi.

“Мұғалiм беделiн бiз әлi де болса өз деңгейiне көтере алмай келемiз”. Бұл түрлi деңгейдегi басшылардың жылма-жыл мұға­лiмдер күнi қарсаңындағы жиын­дарда айтатын мүсiркеу сөздерi. Сөйте тұра, оларды қорлықтың үлкенi – қағазбастылықтан босатқылары келмейдi.
...Кейде автобус, троллейбустардағы жолаушылардың билетiн тексеремiз. Неше түрлi қызықтар болып жатады. Бiрақ дәл мынандай оқиғаны кездестiрген жоқ едiм. Жақында троллейбустан билет алмаған орта жастан асқан ер кiсiнi кездестiрдiк. “Бiр мың теңге айыппұл төлеңiз”, – дедiк. Ол еш ойланбастан
80-ге келдiм, екi қоғамның, екi ғасырдың мүшесiмiн. Қай қоғамда да қайшылықсыз болмаған. Бiрақ дәл мынадай рухани азып-тозуды кiм көрген?! Қазiр сұмдықтың түрi кө­бейдi: анаша, тәнiн сатқан қыз-келiншектер, бiр жынысты неке... Қазақи әдет-ғұрыпты қойғанда, адамгершiлiктен жұрдай болып барамыз.

Былтыр Оңтүстiк Қазақстан облысының жұртшылығы Құрал Көмектiң “Мен даланың ұлымын” атты толғау-поэмасының тұсаукесер жиынының куәсi болды. Аталған туынды түрiк және орыс тiлдерiне сәттi аударылды. Осы тұсаукесер жиынында Түркиядағы беделдi оқу орындарынан келген профессорлар поэманың маңыздылығына жоғары баға берiп

Үйдегi баламның үлкенi де, тұңғышы да – қызым Райгүл. Анасын жақтайтын да сол. Ана дегеннен шығады, әйелiм нағыз иiс алмастың өзi. Тек бiздiң әулетiмiздi көбейткенiне разы. Көршi-қолаң, ағайын-туыс оны келiндерiне үлгi етiп: “Сағиладай болу қайда?!.” деп отыр­ғаны. Арақ iшiп келсем, ұрыспай:

Соңғы кездерi сиқыр, дуа дегендер жайлы көп айтылады. “Пәленше дуаланып қалыпты, түгеншенi жыннан тазалапты” дейтiндер көп-ақ. Таяуда көршiмнiң ұлы үйленетiн болып, күтпеген жерден дайындыққа қызу кiрiсiп кеттi. Сұрастыра келе келiннiң көршi ауылдағы жесiр келiншектiң қызы Айжан екенiн бiлдiк.

Бiздiң қазақта Боранқұл деген алып күш иесi бар. Бұл палуан туралы, оның теңдессiз күштiлiгi жайында ұлы жазушымыз     М.Әуезовтен бастап Ә.Тәжiбаев, айтыскер ақын Қ.Алтынбаевтар қалам тербедi. Қалихан Алтын­баев­тың әкесi Қалиасқар жас кезiнде Боранқұлмен көршi тұрыпты.

“Мыңнан бiр мезеттiң” өткен санында “Өлiмнен кейiн өмiр бар ма?” атты мақала жарияланған едi. Онда осы мәселенi зерттеп жүрген бiрқатар зерттеушiлердiң “өлiмнен кейiн адам жаны өлмейдi” деген пiкiрi келтiрiлген едi. Осы мақалаға қатысты редакцияға қоңырау шалып, хат жазып жатқан оқырмандар көп. Сондықтан бұл тақырыпты алдағы нөмiрлерде де қозғауды жөн көрдiк.

Шалқар ауданында өмiр сүрген Әбен молданың (шын есiмi Әбдiхалық, 1881-1967 жж.)   небiр кереметтерiн ел iшi әлi күнге дейiн жыр қылады. Өкiнiшке қарай, ол бақсылық мектептiң, әлде сопылық мектептiң өкiлi болды ма, ұстаздары кiмдер, кiмдi пiр тұтты, қандай ортамен араласты деген сұраққа жауап жоқ.

ЕГЕУҚҰЙРЫҚ АЛЫП ЖАНУАРҒА АЙНАЛУЫ МҮМКIН
Лестер университетiнiң биология профессоры Ян Заласевич болашақта Жер бетiнде бойы сиырмен бiр­дей, ал салмағы бiрнеше центнерге жететiн егеуқұйрықтар өмiр сүретiн болады деп есептейдi.

2012 жылы кәсiпқой боксты таңдап, бiр жарым жыл iшiнде 16 жекпе-жек өткiзген Қанат Ислам биыл әлем чемпионы белбеуi үшiн тартысқа түсе ме? Бұдан былай спортшының кәсiпқой бокстағы жекпе-жектерiн теледидардан тамашалауға мүмкiндiк туа ма? 

МЫҚТЫНЫ МҰҚАЛТТЫ
Сейсенбiнiң түнiнде УЕФА чемпиондар лигасының 8/1 финалдық    ойынының алғашқы кез­десуi өттi. Санкт-Петерборда жергiлiктi “Зенит” немiс­тiң “Боруссия” клубының қайратына шыдас бере алған жоқ. “Петровский” стадионындағы ойында алғашқы голды 4-минутта Генрих Мхитарян соқса, арада 1 минут сыр­ғығанда Марко