1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (15891) 4 наурыз, сейсенбі 2014
“ӘЛЕМ ҮШIНШI ДҮНИЕЖҮЗIЛIК СОҒЫСТЫҢ АЛДЫНДА ТҰР” ДЕЙДI КЕЙБIР САРАПШЫЛАР
Украинаның бұрынғы президентi Виктор Янукович Ресейдiң Дондағы Ростов қаласына қашып барып, ақпанның соңғы күнi баспасөз мәслихатын өткiздi. Жүйкесi әбден тозған Янукович қаламсабын сындырып, “мен – заңды сайланған президентпiн” деп тепсiндi. Билiктi тартып алғандарды “терро­рис­тер”, “фашистiк пиғылдағылар” деп айыптап, Путиннiң қамсыз отырғанына қайран қалды. Янукович билiктiң жалына жармасып өлетiнiн анық аңғартты. Ол Қырымның Украина қарамағында екенiн қайта-қайта айтып, “Ресейдiң күш қолдан­ғанын қаламаймын
АНТИ-ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМ ӨТКIЗУ ЖӨНIНДЕ МӘЛIМДЕМЕ
Ресей президентi Владимир Путиннiң тәуелсiз, егемен, бiр­тұтас Украина жерi­не орыс әс­керiн кiргiзу туралы шешiмi ха­лық­аралық қауымдастықты, әлем елдерiн дүр сiлкiндiрдi! Кремль­дiң Украинаның ядролық қарудан бас тартуына байланысты жасалған 1994 жылғы Будапешт келiсiмiн
“Азық-түлiктiң барлық түрлерiне бiрдей бағаны ұстай алмаймыз”, – деп ашық мойындады облыс әкiмi Архимед Мұхам­бетов есеп беруi кезiнде. Мұнымен бiр кезде ол “Азық-түлiк” корпорациясынан күнi кеше облысқа бөлiнген 25 мың тонна бидайдың ұн түрiн­де саудаға шығарылатынын, сонымен бiрге күзде тұрақтандыру қо­ры­на жиналған картоп, пияз қорының 1,5 айға дейiн жететiнiн мәлiм­дедi
«Франция түрмесiнен хат»
Франция түрмесiнде қамауда отырған бұрынғы банкир, қуғындағы Мұхтар Әблязов қазақстандықтарға қайыршылықтан құтылудың тәсiл­дерi баяндалған үндеу арнады. Оның ойынша, әрбiр қа­зақстандықтың өз елiнде лайықты, бақуатты өмiр сүруiне жол аша­тын мүмкiндiк бар. Ол қандай мүмкiндiк? Әблязовтiң төмендегi ұсыныстарын қараңыз.
Бiздiң елiмiз түрлi табиғи ресурстарға бай
Қандекеңдi бәрiңiз бiле­тiн шығарсыздар? Қанден иттi айтамын да? Анаған да, мынаған да үре беретiн ше? Көлеңке көрiнсе де, шәуiл­дей беретiн... Ресей думасының депутаты Владимир Жириновский, иә, иә Жырындовский Алла тағаланың құдiретiмен... астапыралла, таңертең көзiн тырнап аш­қаны сол, қойнында қасынып жатқан қатыны қарғып тұрып:
Бiрнеше күн бұрын әлеуметтiк желiлерде астаналықтарды Ресейдiң Украинаға әскер ен­гiзуiне байланысты қарсылық танытуға шақыр­ған үндеу тарады. Осыған орай кеше Астанадағы Ресей елшiлiгiнiң алдына жиырмаға жуық адам жиналды.

Бүкiл әлем назары Украинадағы дүрбелеңге ауған тұста Ресейдiң қос перiсi Қазақстанның тәуелсiз­дiгiне тiл тигiзiп, қазақ қоғамының тамырын басып көрген. Ендi мiне, Э.Лимонов пен В.Жириновскийдiң жынның сөзiндей мәлiмдемелерi де жұрт жадынан өшiп барады. Соған қарағанда алаштың аңысын аңду әдiсi сәттi шыққанға ұқсайды.

Басқару түрiне қарай мемлекеттер: монархиялық және республикалық деп екiге бөлiнедi. Монархиялық және республикалық басқарудың қандай екенiн жақсы бiл­гендiктен, оларды тәптiштеп түсiндiрiп жатудың қажетi де жоқ. Бiздiң мақсатымыз – Қазақстан мемлекетiнiң басқару түрiнiң таяу болашақта өзгеру мүмкiндiгiн, яғни, президент Н.Назарбаевтың бiздiң мемле­кетiмiздi “Қазақ елi” деп атауы туралы ұсынысының түпкi мақсатын түсiндiру болмақ. 

Диуананы халық аяйтұғын. Ол еш рұқсатсыз әркiмнiң шоланына кiрiп жата беретiн. Қақаған қыста да ауызғы үйде қонып шығады. «Үйге кiр, үсiп қаласың» деген жанашырлыққа басын шайқап қарсылық көрсеткен. Қарапайым шаруа отбасыларының үйiне ғана бас сұғады екен. Қолында қандай да бiр билiгi бар адамдардан алыстан қашқақтап жүрiптi. Даладағы шөп үйiндiлерiнде қонып жатқанын талай адам көрген.

“Алтынның қолда барда қадiрi жоқ” дейдi. Ата-анамыз қалқайып аман жүргенде, бiз мән бермейтiн көп жағдайлар бар. Жасыратыны жоқ, өзiмiздi дүниеге әкелген сол кiсiлердiң көңiлiне қаяу салып, кейде тiптi жүрегiн жаралап та жатамыз. Көзi тiрiсiнде қадiрiн бiлiп, сый-құрметiмiздi аямауға тиiспiз. Бұл туралы қасиеттi Құранда да жазылған.
  • Оқушының сабақ үлгерiмi неге төмен?
  • Қант ағзаға қауiптi
  • Дәрi-дәрмектiң зияны көп

Былтырғы жылдың шiлде айында “Қолжетiмдi баспана – 2020” “жас отбасы” бағдарламасы бойынша жас­тар баспана алу үшiн құжат өткiзген едi. Содан берi де жарты жылдан аса мерзiм өттi. Бiрақ сол кезде құжаты қабылданған қатарластарымыздың үйлi болдық деген ақжолтай жаңалығын ести қойған жоқпыз. Мүмкiн, берiлiп те жатқан шығар.

Бала тәрбиесi – таусылмайтын тақырыптардың бiрi. Кейбiр ата-ана тұрмыстың қарбаластығы себебiнен баланы тәрбиелеуге немқұрайлы қарайды. Бала тәрбиесiнде өте маңызды сәттер бар екен. Егер сiздiң де бала тәрбиесiне бөлетiн уақытыңыз тым аз болса, төмендегi ақыл-кеңестi назарға алып, тәрбие сағатында жоғалтқан уақыттарыңыздың орнын толтырыңыз.

Баукең қалай 9-дивизия командирi болды?
Бұл сұрақты кезiнде мен Бауыржан ағаға қойғанымда:
– Мұны сен менен емес, жоғары командашыдан сұра, – деп қысқа қайыр­ған болатын. Содан, амал жоқ, iштен тынғанмын.
...Сенбi күнi теледидардан соңғы жаңалықты тыңдап, жұ­мыс бөлмеме енге­нiм сол едi, телефон шылдырлады. Тұтқаны көтердiм. Телефон соққан Ораз Жандосовтың ұлы Әли аға екен. Амандық-есендiк сұрасқан соң:
– Ертең жексенбi ғой? – дедi.
– Иә, жексенбi

Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) биылғы маусымындағы iрiктеу сынын аяқтаған “Астана арландары” ширек финалға шықты. Iрiктеу кезеңiнiң соңғы жекпе-жегiн Алматыда, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткiзген жiгiттер поляктiң “Салт аттыларын” (Poland Hussars) сiлейте сабап, 4:1 есебiмен тiзерлеттi.

ШӘКIРТI – ЖЕҢIМПАЗ, БАПКЕРI – ЖҮЛДЕГЕР
Беларусь астанасында олимпиаданың үш дүркiн чемпионы Александр Медведь атындағы мемориал мәресiне жеттi. Бұл сынға қатысқан елiмiздiң қыздар құрамасы табысты оралды. 48 келi салмақта белдескен Татьяна Аманжол финалға дейiнгi қарсыластарының бәрiн ұтып, алтын медаль үшiн белдесуде ресейлiк Алина Мореваның мысын басып, чемпион атанды. 

Жақында Бельгияда мынандай оқиға болды. 79 жастағы Льеж Марсель өткен жылдың қараша айында демiкпе ауруынан қайтыс болады. Ал әйелi тағдырдың басына салғанына көнгiсi келмей және соншама жыл бiрге тұрып келген күйеуiн о дүниеге қимай, оны жер қойнына бергiсi келмейдi. Тiптi әйел Л.Марсельдiң қайтыс болғанын да ешкiмге айтпайды. Бұл туралы The Times хабарлайды.