1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (15892) 6 наурыз, бейсенбі 2014
Теңге құлдырамақ түгi­лi, дүние шайқалып кетсе де тiрсегi дiрiлде­мейтiн байлар бар. Соның бiрегейi – Болат Назарбаев дейтiн қасқа. Қарттыққа таяса да “жас иiске” тоймайтын, әйел алғыштығын қоймайтын ол жуырда Назарбаевтар әулетiн гуiлдетiп, тағы бiр тоқал алып тастапты. Ғаламтор арқылы әйдiк тойдың бейнежазбасын көр­гендер күлкiге қарық болып жатыр. Кiм түсiрсе де, көптiң арасынан саңылау тауып, әдемi түсiр­ген. “Фонда” – боз кәстөм киген “Болат-бозбала”. Қолында – қасық. Тортының өзi төрт “этаж” ба, құдай-ау, әйтеуiр Болаттың бойынан кере қарыс асып тұр. Торттың ең астыңғы бөлiгi – тегештей. Мына сәйкестiк­тi қарасаңызшы, асабалық қызмет “Абдулланы” нәшiне келтiре аңырататын

Наурыздың 4-i күнi әлеуметтiк желiлерде “Қазатомөнеркәсiптiң” бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкiшевтiң соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Алматы маңындағы Заречный кентiндегi түрмеде жазасын өтеп жатқан Мұхтар Жәкiшев ақпан айында Қарағанды облысының Долинка ауылындағы АК 159/6 түзету мекемесiне ауыстырылған-ды.

Ресейдiң агрессорлық саясатын сынға алған Батыс мемлекеттерi Мәскеуге қарсы шараларды қолдану‑қолданбауды қарастырып жатса, Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы жағдайды талқылау үшiн Мәскеуге аттанды.

Дәл қазiр Атыраудың қылмыстық iстер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау облысының бұрынғы әкiмi Бергей Рысқалиевке қатысы бар iстер қаралып жатыр. Бiз өткен аптада осы сот отырысына қатысып қайттық. Не көрдiк, не бiлдiк, не байқадық? Әңгiмемiз де осы жөнiнде.

Жексенбi күнi кешкiлiк Жаңақорған кентiнен он шақырым жердегi Бiрлiк ауылына да қарғын су қауiп төн­дiрдi. Онға жуық үйдiң ауласын шайып кеткен. Жергiлiк­тi тұрғындар “билiк “Балатоғанға” жиналған суды бөгеу жұмыстарын өз дәре­же­сiнде жасамады” дейдi.

Сейсенбi күнi Аслан Мусин Қазақстанның Хорватиядағы елшiсi қызметiне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. “Мемлекет басшысының жарлығымен Аслан Есполлаұлы Мусин Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкiлеттi елшiсi болып тағайындалды”,

Қазақстандағы “ Сбербанк” АҚ ЕБ жедел қарқынмен дамып жатқан қаржылық институттардың бiрi. Былтырғы жылы банк активтерi 300 миллиард теңгеге өсiп, бiр триллион теңгеден асып түстi. “Сбербанк” АҚ ЕБ‑нiң басқарма төрағасының орынбасары Шухрат Садыров:

2013 жылдың 29 желтоқсан күнi Ж.Кенжебаев атындағы көшенiң тұрғындарын қатты күйзелткен оқиға болды. Шамамен, күндiзгi сағат 10:30-да үйлерiмiзге тартыл­ған электр желiлерiнде үлкен ақау болып, үйiмiзде қосулы тұрған тұрмыстық (электр приборлары, телевизор, телефон, компьютер және т.б.) жабдықтар жанып кеттi.

Соңғы жылдары тiршiлiк тауқыметiнен бе, әлде қыз-келiншектердi елегiсi келмей ме, кейбiр БАҚ-тардан “осы 8-наурыз – аналар, қыз-келiншектер ме­рекесi керек пе?” немесе “бiз өз апаларымызды неге жылына бiр рет құттықтауымыз керек? Аналарымызды күн сайын

Ауылымызда Жұмағұл деген кiсi өмiр сүрген. Қазiрге дейiн “Жұмағұл айтыпты” деген қуақы, тартымды, тапқыр әңгiмелер айтылып жүредi. Бiрде Жұмағұлдың баласы 8 наурыз мерекесiне қарай бiр қызбен келiсiп, оны үйiне алып қашып келедi. Бұған бүкiл ауыл-аймақ қуанып, тойдың қамына

Қазiргi қоғамдағы ағаларымыз бен апаларымыздың жағымпаздығы аздай-ақ, кiп-кiшкентай балаларды да соған баулып жатқандаймыз. Балабақшадағы және мектеп жасындағы екi немерем таяуда маған үлкен ренiш артты. Неге дейсiз ғой? Балабақшада өткен мерекелiк жиынға қатысып, мәз-мейрам көңiлмен үйге қайтып келе жатқанбыз.

1.Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi.
2. Сұлу – сұлу емес, сүйген – сұлу.
3. Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке,
Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.
Жақында “Жас Алаш” га­зетiнде (20 ақпан, 2014 жыл) философия ғылымдарының докторы Нұртас Иманқұлдың “Қазақ Республикасы” деген атау ұнайды” деген пiкiрi жарияланды. Онда ғалым мырза: “Қазақ Республикасы” деген атауды қолдаймын. Әнұранға келсек, “Менiң Қазақстаным” қала беруi керек...” дейдi. Менiңше, әнұран мәтiнiнен:
Мен – Жамбыл облысының тумасымын. Жасым – 64-те. Ең бастысы, “Жас Алаштың” ұзақ жылдан бер­гi тұрақты оқырманымын және осы басылымның ауылдағы белсендi насихатшысымын. Ендi өз басымнан өткен мына бiр жағдайға тоқталайын. Өткен жылдың маусым айында ауруыма байланысты
“Жас Алаш” – өзiмнiң газетiм. Мен газеттi сонау 1972 жылдан берi оқимын. Қазiр зейнеткермiн.  “Жаман сырын айтамын деп шынын айтады” деушi едi ата-бабам. Мен де сiздерге сырымды... әлде шынымды айтпақшымын. Мен үлкен отбасынан шыққан адаммын. “Бiрiмiздi бiрiмiз бақтық, тәрбиеледiк” десем де болады. Себебi ата-анам ертелi-кеш колхоздың жұмысында болды. Ал ендi өзiмнiң бiр ұл, үш қызым бар. Қазiр олар да бiр-бiр үйдiң иелерi, жоғары бiлiмдi, үйлi-жайлы.
“Еркек үйден қырық қа­дам шыққаннан кейiн бойдақ” дейдi қазақ. Қандай тамаша сөз, қалай ғажап айтылған! Тыңдай бергiң келедi, тыңдай бергiң ке­ледi... Отыз бес те, отыз алты да емес, тура қырық қадам. Қалай қырқыншы қадам жасадың, сен – бойдақсың. Бойдақсың, рахат, боссың. Ненi ойлағың келсе – соны ойла
КIТАПҚА АЙНАЛҒАН ҚОЛЖАЗБА
Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Жамбылтану және халық ақындары ғылыми-зерттеу институты тәуелсiздiкке дейiнгi кезеңде толық жариялауға мүмкiндiк болмаған немесе бұрмаланған, өңделген шығармаларды архивтерде сақталған қолжазбалары бойынша қалпына келтiрiп, басып шығаруды қолға алған болатын.

Сонау жетпiсiншi жылдардың басында Павлодардағы №3 мектеп-интернаттың    7-8-сыныбында оқитын Арман Қани бастаған бiр топ жас жеткiншектердiң “Жас ұлан” атты жасырын ұйым құрып, тоталитарлық жүйеге қарсы шыққанын бiреу бiлсе, бiреу бiле бермейдi. Бұл

“Ауылға да Сүгiр келдi деп” басталатын Сүгiр жыраудың толғау термесi халыққа кеңiнен танымал. Қазақ жырауларының соңғы тұяқтарының бiрi – Сүгiр Бегендiкұлы десек, артық айтқандық болмас едi. Жырауға “Қырымның қырық батыры” дастанынан бастап, Абыл,

Қазақ елiнiң спортшылары қысқы олимпиа­да ойындарына 1994 жылдан берi үздiксiз қатысып келедi. Көңiл көншiтерлiк көрсеткiш те, сан соғатын өкiнiш те жоқ емес. Бiз үшiн 18 жасында Сочи олимпиадасын    6-орынмен аяқтаған Жанбота Алдабергенованың жүрекжұтқандығы – зор мақтаныш.
КҮМIСI ЖОҚ
Чехияның Прага қаласында дзюдодан Еуропаның ашық кубогы өттi. Елден барған бал­уандардың арасынан Айбек Имашев алтын медаль иеленсе, осы салмақта белдескен Құмар Қырғызбаев пен 100 келiде    Әдiлхан Қозыбаев қола жүлде алды. 100 келiден жоғары салмақта Ержан Шынкеевке ештеңе бұйырған жоқ.
Етжеңдi әйелдiң үнi ызғарлы естiлдi. Есiктен ентелей кiрiп, естiген “жаңалығын” жарым-жартылай жеткiзiп үлгерген сұңғақ бойлы сұр келiн­шек “Не жазып қалдым?” дегендей иығын қиқаң еткiзiп, үн-түнсiз өз орнына барып жайғасты.
Қатира – осы бөлiмнiң бастығы. Бәрi бар, бiрақ бағы ашылмаған әйел.