1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (15893) 11 наурыз, сейсенбі 2014

Өткен аптада Астанадағы “Махаббат” тұрғын үй кешенiнiң балаларын полиция тұтқындады. Мемлекеттiк БАҚ шоғырланған “Медиа Орталық” алдына шығып, журналистерге өздерiн үйiнен қуғалы жатқанын айтпақ болған 44 бала мен бiрнеше ата-ананы Есiл аудандық IIБ-да үш жарым сағат ұстаған. Балалардың үлкенi – 14 жаста, ең кiшiсi – 6 айлық. Түсiнiктi болу үшiн “Махаббат” тұр­ғын үй кешенiнiң жайына тоқтала кетсек. 1004 пәтерлiк көпқабатты үй 2008 жылы салынған. Оның 63 пәтерi “ҚазЭкспортАстық” деп аталатын серiктестiк­тiң меншiгiнде екен.

“Қазiргi билiк халықты мазаққа айналдырып бiттi. Теңгенiң құнсыздануы – соның айға­ғы”, – дей­дi “Поколение” қоғамдық қозғалысының төрайымы Ирина Савостина. Таяуда ғана мерейлi жас 80-ге толған кү­рескер апайды құттықтай барғанымызда, аз-кем сұхбаттасудың сәтi түскен-дi.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жақсыбековтi неге жақсы көредi?
Наурыздың 6-сы күнi президент Нұрсұл­тан Назарбаев қорғаныс министрлiгiнде жедел стратегиялық кеңес өткiздi. Соңғы кездерi әр нәрсеге көңiлi алаң мемлекет басшысы сына ғып қағып жiберуге тиiс кiнәлiлердi тағы да сипай қамшылады да қойды. Бiртүрлi селсоқтық, бойкүйездiк байқалады бойынан...
Украина дағдарысы және Орталық Азиядағы қауiпсiздiк: американдық сарапшылардың көзқарасы
Ерлан Қарин, саясаттанушы, “Жас Алаш” үшiн арнайы Вашингтоннан
Украина төңiрегiнде қалыптасқан жағдай америкалық саясат үшiн де бiр үлкен сiлкiнiс туғыз­ғанға ұқсайды. Ресми Вашингтонға да, сарапшыларға да Украиндағы тосыннан, кездейсоқ өрбiген оқиғалардың дүмпуi айрықша әсер еттi. Америкалық
Өткен аптадан берi “Жас Алаштың” сайтына (www.zhasalash.kz) өзгерiс енгiздiк. Газет бетiндегi негiзгi сараптамалық мақалалардың жартысын ғана сайтта жариялап, “қалғанын газет бетiнен оқуды” кеңес ету арқылы “Жас Алаштың” таралымын одан әрi көбейтудi көздегенiмiз рас. Бұл – бұрыннан тәжiрибеде бар үрдiс.

Ресей әскерiнiң халық­аралық заңнамалар мен келiсiмдердi бұза отырып, Украина тәуелсiздiгiне нұқ­сан келтiрiп, егемендi елдiң аумағына қарулы күштерiн кiргiзуi Қазақстан азаматтарының да алаңдаушылығын тудырды. Себебi 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бiздiң елiмiз де Кре­мльдiң империялық жобасы саналатын Еуразиялық одаққа мүше болмақ.

ПРЕЗИДЕНТ РЕСЕЙГЕ НЕГЕ БАРҒЫШТАП ЖҮР?
Өткен сәрсенбiде ғана Ресейге Еуразиялық экономикалық кеңестiң жоғарғы отырысына қатысу үшiн барып қайтқан Қазақстан президентi Н.Назарбаев тағы да Мәскеуге жол тартты. Бұл туралы Ресей президентiнiң ресми сайты хабарлады. Н.Назарбаев 10-11 наурыз күндерi Ресейге iссапармен барып, Путинмен келiссөз жүргiзбек.
ОБЛЫС ӘКIМI МЕН ҚАЛА ӘКIМI МҮГЕДЕК КӘСIПКЕРГЕ БЕРГЕН УӘДЕСIН ОРЫНДАМАДЫ
 
1-топтағы мүгедек, 41 жастағы Қалижан Тұрғамбекұлы Имашев “Бизнестiң жол картасы-2020” бағдарламасы бойынша кәсiпкерлiкпен айналысамын деп облыс әкiмi Архимед Мұхамбетов пен қала әкiмi Ерхан Омаровтан оңбай алданғанын айтып редакциямызға шағымданды.

Жуырда ғана Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнiң магистранты Айгерiм Шәлiмбаева Сеул қаласынан оралды. Оңтүстiк Кореяның Донгук қаласында бiлiмiн шыңдап, бiлiктiлiгiн арттырған бойжеткенмен әңгiмелескен едiк. Жалпы, дамыған елдердiң бiлiм саласындағы жетiстiктерi мен ерекшелiктерi газет оқырмандарына да қызықты болар деген оймен шағын сұхбатымызды ұсынып отырмыз.

“Profinance.kz” тiлшiсi Алматыдағы студент қыздар арасында сауалнама жүргiзiп, “бүгiнгi бойжеткендер опа-далап үшiн айына қанша ақша жұм­сайды?” деген сұраққа жауап iздеген екен. Бiр қызығы, респондент­тердiң барлығы да қосымша жұмыс iстемей­тiн, тек ата-аналарының қолына қарап отырған бойжеткендер болып шыққан.

Бiлiм саласы былықтан арылмай-ақ қойды. Петропавлда колледжде оқымайтын студенттердiң орнына шәкiртақы алып келген директор ұсталды. Құрылыс колледжiнiң басшысы күзетшiден бастап бiрнеше адамды студент ретiнде тiркеп қойып, жастардың стипендиясына ортақтасып келген.

• Жапондық студенттер емтиханға өздерiмен бiрге Kit Kat шоколадын алып кiредi. Бұл – олардың сәттiлiк әкелетiн бойтұмарлары iспеттi. Себебi “Кitto katsu” сөзi жапон тiлiнен аударғанда «мiн­деттi түрде жеңемiн» деген мағынаны бiлдiредi.

Жапондар – қолындағының қадiрiн бiлетiн халық. Мәселен, әлемге айнымас достықтың үлгiсi ретiнде танылған итке тағы бiр ескерткiш қойғалы жатыр. Иесiне адал қызмет еткен естi иттiң екiншi ескерткiшi Токио университетiнiң ауыл шаруашылығы факультетiнiң ауласына қойылмақ.

“Алтын қыран” халықаралық қайрымдылық қорының (президентi Исламбек Төлеубайұлы Салжанов) демеуi­мен жарық көрген кiтаптар­дың арасынан ақтаулық Әлия Дәулетбаеваның “Сол бiр сәуле” атты жинағын көрiп, қуанып кеттiм. “Өмiр дегенге тiрлiкте шiркiн, жетер ме ой, Өмiр дегенiң бiр күндiк сәуле екен ғой!” деген Мұқағали әуенi құлаққа келедi. Әлияны Ма­хамбеттiң 200 жылдығы мерейто­йында ақын ауылынан көрiп едiм. Қазақ жырының падишасы Фариза әпкемiз сонда осы сiңлiсiне бiр ақ бота сыйлаған-ды. Сол Әлия бүгiнде ботадай боздап
Украина Жазушылар одағы басқармасына
Құрметтi бауырлар! Зұл­мат күндердiң бұғауына түс­кен бауырлас украин елiне және менiң халқымның түбi бiр туысы боп саналатын қадырдан Қырым татар халқына ыстық сәлемiмдi жолдаймын. Өз басым ұлт азаттығы жолындағы күрестiң қай түрi де қасиеттi деп санаймын. Сiздер өз жолдарыңызды таңдадыңыздар.

Белгiлi ақын, аудармашы, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi, Үн­дiстанның халықаралық Падма Шри сыйлығының, Пәкiс­танның Икбал академиясының Икбал атындағы Алтын ес­керт­кiш сыйлығының иегерi Әубәкiр Нiлiбаев дүниеден озды. 87 жасқа қараған шағында.

Қысқы паралимпиада ойындары Ресейдiң Сочи қаласында 7 наурыз күнi алауын тұтатты. 19 наурызға дейiн жалындайтын төрт жылдық жарыста әлемнiң 40-тан астам елiнен келген 1650-ге тарта мүгедек спортшы бәйгеге түседi. 12 күн бойы спортшылар Сочи паралимпиадасының 72 медаль жиынтығын бөлiске салып, күшiн сынайды.

СУПЕРКУБОК “АҚТӨБЕГЕ” БҰЙЫРДЫ
Футболдан премьер-лиганың биылғы маусымының түңлiгiн қарағандылық “Шахтер” мен “Ақ­төбе” түрдi. Былтыр премьер-лиганың чемпионы атанған ақтөбе­лiктер ел кубогын иеленген кеншiлердi 1:0 есебiмен шiдер­леп, футболдан Қазақстанның суперкубогын қанжығасына бөк­тердi. Ақтөбелiктерге жеңiс әкел­ген жалқы голды 67-минутта
ӨЗI БАС ТАРТҚАН МЕДАЛЬДI ЖЕТПIС ЖЫЛ ӨТКЕН СОҢ ӨЗI СҰРАТЫП АЛДЫ
“Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың ардагерi, Нью-Йорк штатының тұрғыны Ричард Фолкнер бұдан жетпiс жыл бұрын өзi бас тартқан “Пурпурное сердце” медалiн алды” деп жазады Reuters. 1944 жылы 19 жастағы сержант Фолкнер “В-17” ұшағының атқышы едi. Бiрде шабуылға шыққан ұшақты немiстер атып түсiредi.