1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15894) 13 наурыз, бейсенбі 2014
Қыжыртпа
“Аш адам күлегеш” келедi деген рас тегiнде. Осыдан бiрер жыл бұрын Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi “тезек салығын” енгiзiп, шаруалардың iшек-сiлесiн қатыр­ған. Ел күлмегенде қайтедi, егер ашкөз билiк ашқұрсақ халықты қанаудың ең күлкiлi түрiн ойлап тауып, “малыңның тастаған жапасына да ақша төле” деп жатса. Бiрақ сол кезде күлген шаруалар қазiр жылап жүр. Сондықтан бiз “қи салығына” өзгерiс енгiзудi ұсынамыз. Мұның ендi еш күлкiсi жоқ.
– Сiз бiз­дiң парла­мен­тi­мiз­дегi өрескел жайт жөнiнде (“Сәке”, “Мә­ке”, “Ғабе” деген қазақы үрдiске тыйым салу жөнiн­де) Қазақ парла­ментiнiң төрағасы Нұрлан Нығ­матуллиннiң өзiне, сонан кейiн Конституциялық Кеңестiң төрағасы Игорь Роговқа арнайы хат жаздыңыз. Бұл хатыңыз “Жас Алаш” газетiнде жарияланды. Хатты оқып, көкейiмiз­де жүр­ген нәрсенi айтқаныңыз үшiн сiзге риза боп қал­дық. Пi­кi­рiм жұрттың қызу таласын тудырды. Көп адам қолдады. Қолдамаған адамдар да болды. Менi қолдаған “Жас Алаштың” қалың оқырманына алғысымды айтамын.

Ресей президентi Владимир Путинмен телефон арқылы әңгiмесiнде Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назар­баев “Украинадағы аз ұлттар құқығын, сондай-ақ өзiнiң қауiпсiздiгiнiң мүддесiн қорғайтын Ресейдiң ұстанымына түсiнiстiкпен қарайтынын” айтты. Бұл – Украинада дағдарыс басталғалы берi Ресейдiң саясатына Қазақстан тарапынан берiлген тұңғыш саяси баға.

Бәрiмiз үшiн басын бәйгеге тiккендер
Елiмiзде қоғам белсендiлерiнiң жалғыз-жарым немесе топталып жасайтын түрлi қарсылық шаралары өтiп тұрады. Өз ойларын ашық бiлдiрiп, қоғам мен билiктiң назарын туындаған мәселеге аударуға тырысатындардың денiн полиция ұстап әкетiп, сот әкiмшiлiк жазаға тартады. Айыппұл төлетедi. Тiптi, кейде тәулiктеп қамап тастайды...
Маңғыстау өңiрiндегi, тауы биiк, бұлағы бал, құрағы жайқалған, ауасы саф, табиғаты әсем, көрiктi жерi – Он­ды бұлағы. Әрине, бұл Алланың маңғыстаулықтарға берген үлкен сыйы болар. Ал Онды ауылының көркiн көруге көз, теңеуге сөз таба алмайсың. “Ауылына қарап азаматын таны” демекшi,

Елiмiздiң Қылмыстық ко­дек­­сiне енгiзiлмек өз­гер­тулерге қатысты кеше Алматыда бас­па­сөз жиыны өттi. Жиынға үкi­меттiк емес ұйымдардың басшысы Зәуреш Батталова, Қа­зақ­стандағы еңбек конфедерациясының төрағасы Мұрат Машкенов, құқық қорғаушылар Юрий Гусаков және Айна Шорманбаева қатысты.

Анау дала. Сонау ел.
Ал мынау мен.
Ғұмыр өтiп барады шапқылаумен.
Атам, бабам қос-қостапжылқы айдаса,

Ойламаған жерден, аяқасты үйiмiздi өрт шалды. Бала-шағамызбен шырт ұйқыда жатқанбыз. Таңғы сағат төрттен аса емшек жасындағы немеремiз шырылдап жылаған соң, келiнiм баласының тамағын берiп отырып, түтiннiң иiсiн сезедi. Сөйтсе, келесi бөлмелердi өрт жалыны жалмаған екен. Тез арада айғай салып, менi оятады. Мен жүгiрiп жүрiп балаларды ояттым.

– Жеңеше, шарбақты қақ­қан кiм екен, iшке кiргiз­бедiң бе? – деп дауыстады өз бөлмесiнде қағазға үңiлiп отырған Жәнке бойжеткен. – Әлгi саған келе беретiн сыпылдақ қой, концертке деп екеуiңе билет алыпты, ал маған жоқ, сосын да бiздiң Еркежаннан аулақ жүр деп қуып жiбердiм, – дедi Кәмеш күле сөйлеп.
“Жас Алаштан” (№13, 20 ақпан, 2014 жыл) Ұлбике ақын туралы оқыдым. Автор Асқар Келiмбетов айтпақшы, бiз шынында да қазақтың ақылды, дана қыз-келiншектерiне баймыз. Бiрақ оларды көп бiле бермейтiнiмiз рас. Мен – Кiшi жүздiң қызымын. ХIХ ғасырда қыз Данай деген апамыз болған. Ол кiсi туралы бiз жастайымыздан естiп өстiк.
Бүгiнгi билiк тоқсаныншы жылдарда әлi жеткен­дердi қанап, «қа­нын iшкен» кiлең «сен тұр мен атайын!, сайдың тасындай сенделген бұзықтардан құ­рал­ған рэкеттiк топтарды ерiк­сiз еске түсiредi... Теңгенiң дiңкесi құрып, доллардың дәуiрi жүрiп, “үйдегi есептi базардағы нарық бұзған” қазiргi қымбатшылық шақта елдiң ырысын ұрлаған ұлықтар
...Балам мен келiнiм көп жылға созылған ырду-дырдудан кейiн ажырасты. Бәрiнен де екi немереме қиын болды. Үлкенi – 5 жаста, екiншiсi – 3 жаста. Екеуi де естерi кiрiп қалған қыздар. Екеуi де өксiп-өксiп жылап кеттi. Оған қарап бiз, атасы мен апасы жыладық. Келiнiмнiң ауылы жақын.

Уақыт өткен сайын ата-бабаларымыздың сәлемдесу дәстүрiн ұмытып, жаңа сәлемдесу түрлерiн, яғни бiзге жат – жаңа үрдiстердi енгiзе бастағандаймыз. Бұрын үлкендер, әсiресе, қыз әкелерi, ағалары, туыстары қыздың тек маңдайынан иiскеп, бiлегiнен немесе алақанының сыртынан сүйетiн. Ал қазiр еркегi де, әйел де, ұл да қыз да жаппай беттерiн бiр-бiрiне тосып, жаппай сүйiсiп жатады.

Менiңше, мектепте оқыған әр оқушының өзi қатты жақсы көретiн мұғалiмi болады. Жә­не ол мұғалiм ешқашан есiнен кетпейдi. Жадында мәңгiге сақталып қалады. Сондай мұ­ғалiмдердiң бiрi – Тыныштық Оспанқызы. Ол – үлгiлi ұстаз, қадiрлi ана, асыл жар, отбасының ұйытқысы, елдiң жанашыры.

Оқырман шығармашылығынан
«Өлсе, намыс» демегiн «Тiрiмiн мен»,
Жүрсiң қазақ мың өлiп-тiрiлумен.
Жат жерде Кенесары бас сүйегi,
Күтiп жатыр, үмiтпен-түңiлумен.
Iлiм-бiлiмнiң бас­тауын­да, қайнар көзiнде әдет-ғұрып пен ұлттық салт-дәстүр тұр. Алайда бұл қағида бүгiнгi қоғамның қаперiнен шығып кеткен жоқ па? Бала тәрбиесiне кiм жауапты? Мектеп пе, ата-ана ма, әлде қоғам ба? Бұл сауал қазiр өте жиi қойылады. Бiр анығы, ешбiр ата-ананың “Мен баламды өзiм тәрбиелеймiн, мектепке жiбер­мей­мiн” деуге құқы жоқ. 

Наурыз айының соңында Тайпейде (Қытай) таеквондодан жасөспiрiмдер арасында әлем чемпионаты өтедi. Осынау әлем­дiк додаға алматылық жас бозбала Бегасыл Маратұлы қа­тыса алмауы мүмкiн. Өкiнiшке қарай, жасөспiрiмдер құрамасына шақырылып, әлем чемпионатына дейiнгi оқу-жаттығу жиы­нына, халықаралық сайысқа қатысып, тiптi Қазақстан бiрiн­шi­лiгiнде топ жарған таеквондошы

ЖЫҒЫЛҒАНҒА ДА ЖҮЛДЕ БАР
Қазақ күресiнен жыл сайынғы “Қазақстан барысы” турнирi биыл 29 маусымда Астанадағы “Сарыарқа” велотрегiнде өтедi. Бұған дейiн жеңiске жеткен түйе балуанға 150 мың АҚШ доллары көлемiнде, екiншi, үшiншi орын алған балуандарға да қомақты көлемде сыйақы берiлiп келген едi. Биыл да берiледi, бiрақ доллармен емес, төл теңгемiзбен.