1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (15895) 18 наурыз, сейсенбі 2014

Сонымен, қырымдықтардың 96,77 пайызы Ресейге қосылуға жақтап дауыс берген референдумның нәтижесiн Ресейден басқа ешбiр ел мойындамады. Кеше Қырым парламентi Украинадан тәуелсiз екенiн жариялап, Ресей құрамына қосылуға қаулы қабылдады. Ендi Ресейдiң мемлекеттiк думасы таяу уақытта Қырымды қосуға жол ашатын заңнамалық мүмкiндiктердi қарастыруы тиiс. Ал Батыс елдерi Ресейге қарсы санкциялар қолдануды жоспарлап отыр. 

Түрмеден хат - Ұлттық мұнай қорында қазiр 71 миллиард доллардан астам қаржы бар. Бұл қорға кiм иелiк етедi? Халық па? Жоқ! Назар­баев иелiк етедi. Ол қаржының қалай жұмсалып жатқанын бiз бiлемiз бе? Бiлмеймiз! Бұл қаржыны оңды-солды қала­уынша шашып жатқан кiм? Халық па? Жоқ! Назар­баев. Табиғи байлықтарды сатып жатқан кiм? Халық па? Жоқ! Назар­баев. Кiмге және қанша бағаға сатылып жатқанын бiлемiз бе? Жоқ! Ендеше

“Жас Алаштың” 6 наурыз күнгi нөмiрiнде Айгерiм Жәкi­шеваның әкесiне араша түсiп, шырылдап жазған хатын жарияладық (“Жәкiшевке жұдырық жұмсатқан кiм?”, №18). Айге­рiм хатында әкесiнiң соққыға жығылғанын, егер ел-жұрт болып араша түспесек, өмiрi қыл үстiнде екенiн жазған.

Павлодар облысының бұрынғы әкiмi Ерлан Арынға қатысты қылмыстық iс қозғалып, оның қамауға алынғаны жайлы қазiр ел iшi құлақтанып қалды. Алғашында өзiнiң кеңесшiсi болған Төлеген Бәстенов ұсталғасын, Ерлан Арын да ұзамай қызметiн тапсырған болатын.

12 СӘУIРДЕ АЛМАТЫДА АНТИЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМ ӨТЕДI
Таяуда 12 сәуiр күнi Алматыда Антиеуразиялық форум өтетiнi туралы хабарлаған едiк. Бұл мәлiмдеме қалың жұртшылықтың арасында қызу талқыға түстi. Сарапшылар да, қарапайым халық та Еуразиялық одақтың астарында қатардағы проблема емес, ұлттың ке­лешегi, мемлекеттiлiгiмiз­дiң сақталуы, елiмiздiң тәуел­сiз­дiгi мәселесi жатқанын айқын түсiндi.

Қоғамда қызу талқы туғызып, түрлi пiкiрлер айтқызған мемлекетiмiздiң ресми атауы­на қатысты саясаткерлер не дейдi? Осы сұрақпен белгiлi саясаткер Әмiржан Қосановқа хабарластық. “Қазақ елi”, “Қазақ республикасы”, “Қазақия” сияқты атауларды ұсынып, бұл атаулардың өзiндiк мәнiн, мағынасын түсiндiрiп берушiлер аз емес.

Қазақстан Республикасы президентi Н.Ә.Назарбаевқа Ашық хат
 
Жазайын қалам алып халқыма хат,
Халқымның бiр баласы – ханыма дат!
Сырымды сияменен ақтарайын,
Емес қой, датын айту салтыма жат!
16 мың теңгенi бiр айлық көнкөрiс деңгейi деп белгiлеген Үкiметтен не үмiт, не қайыр?
Шымкентте бiр айда 16 мың теңгемен күн көруге болады екен. Статистика агенттiгiнiң таратқан мәлiметi осылай дейдi. Дәлiрегi жыл басында Оңтүстiк Қазақстан облысында ең төменгi күнкөрiс деңгейi 16 491 теңге болып белгiленiптi. Ал Астана қаласында бiр айда 19 мың теңге 608 теңгемен күнделiктi нан пұлыңызды

Қазақстандағы азаматтарды әлеуметтiк жағдайына қарай жiктеген мамандар оларды үш топқа бөлiп қарайды. Бiрiншi   топқа әрине, таршылық дегеннен хабарсыз, қалаған дүниесiне оп-оңай қол жеткiзетiндер кiредi. Мұндай отбасылардың үлес салмағы шамамен 3-5 пайызды құрайды.

Жаратушының бойына дарытқан әншiлiгiне қоса сазгерлiк дарыны бар әншiнiң бiрi – Шаба Әденқұл. Теледидардағы түрлi бағдарламалар, шоулардан жиi көрiнбейтiн, өзiн асыра жарнамалауды жақтыра бермейтiн әншiнiң шығармашылығында нендей жаңалықтар барын бiлмекке хабарласып, шағын сұхбат алған едiк. – Жаңа жазылған әндерiмнiң саны толықты. Осы жылдың басында “Жаңа жыл” деген ән жаздым. Репертуарымның денi лирикалық ән болғандықтан, жастар аудиториясының талғамына ыңғайлап осы әндi тыңдарманға тарту еттiк.

Қазақтың дарқан даласындай кеңдiгi мен қазақ қызының бүкiл болмысы, сұлулығы тал бойынан табылатын Нұрсұлу Тапалова 1923 жылы 13 қыркүйекте Ақ­төбе облысының Ойыл ауданында өмiрге келген. Елубайдың өнерлi қызы жетi жылдық мектепте бiлiм алып жүрген кезде, яғни, 1934 жы­лы Алматыда жаңадан құ­рылған Құрманғазы атындағы оркестр Ойылға гас­троль­дiк сапармен
ҚЫЗЫҚТЫ КЕШТI ЖIБЕРIП АЛМАҢЫЗ!
21 наурызда кешкi сағат 18:00-де және тыңдаушылардың сұранысы бойынша 22 наурызда 17:00-де Қазақстанның халық артисi Мақпал Жүнiсова Республика сарайында шығармашылық кешiн өткiзедi. Халықтың ерке қызы өзiнiң 50 жылдық мерейтойына орай өткiзетiн концертiнде қазақ эстрадасында өзiндiк биiгi бар ерлерден құралған топпен бiрлесiп те ән шырқайды.

Оқырман ойлап қалып жүрмесiн, әншi Мәдина Сәдуақасовамен арамызда ешқандай бас араздығымыз жоқ. Ол менi танымайды да. Айтпағым, қазақ эстрадасында жүрген кей­бiр әншiлер­дiң сөз­дiң мағынасын өзгер­тiп, кел­сiн-кел­ме­сiн ән­де­тiп жүре­тi­­нi жаныма батады. Жуырда “СТВ” телеарнасынан кон­церт­тiк бағдарлама көр­сеттi.

Мұхтар Қожа, тарих ғылымдарының докторы
Түркiстан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесiндегi бас-аяғы жоқ жөндеу жұмыстарының барысы, елiмiздегi мұраны күтiп-сақтаудың өзектi мәселелерi Уәлихан Бишiмбаев пен басқа да Мәжiлiс депутаттары тарапынан ҚР Премьер-министрiне депутаттық сауал ретiнде жолдануын өте орынды деп таптық
Онсыз да
Дүрлiгiп жатқан
Дүние күйiндi,
Дүние ашынды:
Сонау
Жападай шашылып жатқан

Павлодардың Жүсiпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театрына көркемдiк жетекшi әрi директор болып Нұрлан Жұманиязов келгелi төрт айдың жүзi болды. Бұл театрға сонау тоқсаныншы жылдары келiп, кешегi күнге дейiн басшылық жасаған режиссер Ерсайын Тәпенов болатын

Ресейдiң халық артисi Наталья Гундарева 2005 жылы 56 жасында қайтыс болды. Инсульт ауруынан. Әрине, дарынды адамның артынан тiрi ке­зiнде де, қайтыс бол­ған соң да неше түрлi сөз ередi. Гундарева туралы да “Жасарамын деп бет-әлпетiне операция жасатып, содан қайтыс болыпты...”, немесе “Дене­сiн­дегi майларын алдырамын деп...”

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннiң Сочи қысқы олимпиадасында жеңiп алған қола жүлдесi барша елдiң табысы десем, артық емес шығар. Бiз осы күнге жету жолында талай қиын-қыстау кезеңдi, асу берместей көрiн­ген кедергiлерден өттiк. Әлi есiмде, Денис алғаш рет 10 жасында Омбы қаласында өткен   халықаралық турнирде топ жарды. Сол сайыста Омбы облыстық мәнерлеп сырғанау федерациясының президентi Коган Александров бiздi Мәскеуде өтетiн iрi жарысқа шақыртты.
МӘРЕСIНЕ ЖЕТТI
Сочиде қысқы паралимпиада ойындары мәресiне жеттi. 16 наурызда Сочидегi “Фишт” стадионында паралимпиада халықаралық комитетiнiң президентi Филип Крейвен 11-қысқы паралимпиаданың салтанатты түрде жабыл­ғанын хабарлады.