1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22-23 (15896-15897) 20 наурыз, бейсенбі 2014
 
Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы былай дейдi: “Үйсiн Төле бидiң заманында Наурыздың қадыр-құны қандай астан да, тойдан да iлгерi болады екен”. Демек, бiздiң ата-бабаларымыз Наурыз мейрамын – ең басты мейрам, ең үлкен мейрам деп санаған. Әйт­песе, бұл күн, яки Наурыздың     22-жұлдызы “Ұлыстың ұлы күнi” аталушы ма едi?!  Ендi бiз де осы Наурыз мей­ра­мына басымдық бер­генiмiз жөн. Наурыз мейрамы Қазақстандағы қай мейрамнан да, қандай мерекеден де биiк тұруы керек. Оның ұлы һәм ұлық мейрам болып қалыптасуына, қанат жаюына әрқайсымыз ат салы­суымыз керек-ақ.

Халықаралық қауымдастық Ресейдiң Қырымды қосып алуын жаппай айыптап жатқанда, Қазақстанның сыртқы iстер министр­лiгi “Ресей Федерациясының шешiмiне түсiнiстiкпен қарайтынын” мәлiмдедi. Бұл мәлiмдеменi сарапшылар әрқилы бағалайды.

немесе қазаққа ет жiберген Ұрықпай мен Парақбай кiмнiң аталары?
Бүгiнгi қазақ билiгiндегi шендi-шекпендi­лер­дiң бәрi ертегiнiң кейiпкерлерiне қатты ұқсайды. Бiр айырмашылығы, қызықты ертегiлер ел аузынан алынбайды. Оны жоғары билiктiң өзi шығарады. Мысалы “Асылжан батырдың 60 мың тонна етi” туралы ертегi осыдан 4-5 жыл бұрын тараған. Бiрақ есi бар ел оған елтiп кеткен жоқ. Себебi ертегiнiң қисыны адамның күлкiсiн келтiретiн.
“ҚЫРЫМНАН КЕЙIНГI КЕЗЕК ҚАЗАҚСТАНДIКI” ДЕЙТIНДЕРДIҢ НЕ БIЛГЕНI БАР?
Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты алқасының хатшысы Асқар Кiшкембаевтың сөзiне қарағанда, мамыр айының соңына таман Қазақстан президентi Н.Назарбаев, Ресей президентi В.Путин, Беларусь президентi А.Лукашенко Астанада кездесiп, Еуразиялық экономикалық одақ келiсiмiне қол қоймақ.
ҚАЗАҚ КӨШIНЕ ҚАРСЫ ТАҒЫ БIР ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
Жақында Қазақстан Республикасының премьер-министрi Серiк Ахметов қол қойған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 ақпандағы №111 қаулысы қолданысқа енгiзiледi. Ол – «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру»,

Қоғам қайраткерi, экономист Мұхтар Тайжан саяси-қоғамдық ортадан кететiнiн мәлiмдедi. Бұл туралы ол Алматыда өткен баспасөз жиынында хабарлады. Жиынға келген ақпарат құралдары өкiлдерi мен қоғам белсендiлерi, ұлт-патриоттары оған көп сұрақ пен қатар iзгi тiлектерiн де бiлдiрiстi.

ҚАРЖЫЛЫҚ САЛАДА ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫН ҚОРҒАЙТЫН ОДАҚ ҚҰРЫЛДЫ
Бұған дейiн Қазақстан зейнетақы қорлары қауымдастығының төрағасы қызметiн атқарған Айдар Әлiбаев сейсенбi күнi өткен баспасөз мәслихатында ендi Қаржылық тұтынушылардың одағы құрылғанын мәлiмдедi. Оның айтуынша, бұл одақтың қызметi ауқымды болмақ.
Алаштың арыстары қатарына қосылған Алтынбек Сәрсенбайұлының кешегi айтқан пiкiрлерi бүгiн де құнды, маңызды.
– Алтынбек Сәрсенбай­ұлы, билiктегiлер байқамаған сыңай танытқанымен, елдегi қоғамдық саяси жағдай да, әлеуметтiк ахуал да соңғы кездерi күрт өзгере бастады. Осы тарапта Сiздi ерекше толғандырып жүрген қандай мәселе, не нәрсе?
“БIЗ РЕСЕЙГЕ ҚҰРҚОЛ БАРМАЙМЫЗ”
Қырым автономиясының мойындалмаған премьер-министрi Сергей Аксенов былай дедi: “Ресейге масыл болмаймыз. Өйткенi өзiмiз ақша таба алатынымызға сенiмдiмiз. Және де бiз Ресейге құрқол бармаймыз”. Аксенов арада не дорба жүретiнiн, не жорға жүретiнiн ашып айтпады. Әйтеуiр, Аксеновтiң есебi түгел сияқты.
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛIКТЕР ҚАЛА БЮДЖЕТIНЕ 76 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЗИЯН КЕЛТIРДI
2010 жылдың соңында Алматының экологиясын жақсартуға тағы бiр қадам жасалатыны туралы хабар тараған-ды. Қаладағы қоғамдық көлiктердiң қатары газбен жүретiн автобустармен толығатынын айтып, жергiлiктi билiк өкiлдерi жұрттан сүйiншi сұрап едi.

Әз Наурызды қазақтар кеңестiк қитұрқы заманда да тойлаған-ды, оған бала кезiмiзден бiздер куә болып өстiк. Тек ашық насихатталмайтын, себебi Қызыл империяның солақай саясаты орыстан басқа халықтың мәдениетiн, өнерiн, салт-дәстүрiн, тiлi мен дiнiн жою болатын.

Жыл басы наурыздың келгенiн нәуiрзек деген кiшкене құстың келгенiмен сабақтас­тыратын анам Зибагүл Қорғанбекқызы: “Нәуiрзек – өзi нәзiк болғанымен, ұзақ сапардан қанаты талмай алғашқы болып жылы жаққа көшетiн, өзiнiң ел-жұртқа көрiнуiмен жылылық, қуаныш сыйлайтын құс” дейтiн.

1-Алматы темiржолынан Көкбазар жаққа қатынайтын көлiк өте сирек. Әсiресе, Сейфуллин даңғылы арқылы осы бағытта жүретiн қоғамдық көлiк жоқтың қасы. Бiрер жыл бұрын №8 троллейбус темiржолдан Көкбазарға дейiн қатынап жүре бастағанда, бәрiмiз қуанып қалғанбыз. Алайда көп ұзамай, троллейбус тоқтап, жұрт базарға бiрнеше автобус арқылы баруға мәжбүр болған

Қазiр теледидарды қоссаң да, газет бетiн ашып қарасаң да, ұлттық мәселе төңiрегiнде айтылған, жазылған дүниенi көптеп кездестi­ремiз. Әйтсе де, кейбiр кездерi осы ұлттық мүдде тақырыбын жалаулатып жүрiп, бағасын тым түсiретiн де жайттар да аз емес. Өзiмнiң жеке пiкiрiмше, ұлттық мәселе тақырыбы өте нәзiк, алаулатып-жалаулатқанға

Менiң ең жақсы көретiн мерзiмiм – көктем. Әсiресе, жер жаһанды жасыл әлемге айналдырып, адамның жанына жылылық ұялататын жыл басы Наурыздың келуi. Өйткенi бұл кезде жер ғана емес, адамның жаны жасарады. Мен өз басым жан-жағымда гүлге ғашық адамдардың жүргенiн қалаймын. Өйткенi гүл адамға таза ауа ғана емес, көтерiңкi көңiл-күй сыйлайтын әдемiлiктiң,

Таңертең көзiмiздi тырнап ашып, жұмысқа асығамыз. Ал кеш түссе, сол жолымызбен үйге қайтамыз. Сондайда аудиторияда да, қоғамдық көлiк iшiнде де ұйқылы-ояу шаршап отырған жастарды көптеп кездестiремiн. Орындыққа жайғасып, ұйқыға кiрiскендерiнен бөлек, тұрып та көздерiн әрең ашып тұрғандары қаншама.

ЖЫЛҚЫНЫҢ ҚАСИЕТI КҮШТЕП ЖОЙЫЛДЫ Әкемнiң iнiсi Қойлыбай Боханов – соғыс жылдары 17 жыл­­қыны қабылдап алып, аз уақыттың iшiнде оның санын 500-ге жеткiзiп Еңбек ерi атағын ие­лен­ген құрметтi жылқышы. Ағамның жылқы баққан жерi Байғанин ауданының Қораши деген жерi, бұрынғы Жданов атындағы кеңшардың бөлiм­шесi. Бiз ол кезде 7-8 жастағы баламыз, жаз бойы ағамның жайлауындамыз.

Менi нағашы атам емшектен шыға  салып-ақ, бауырына басқан екен. Нағашымның ауылы Iлебасы тауында орналасқан Жаңа адым деп аталатын ауыл едi. Тау жемiстерi пiстi-ау деген шақта ауыл балалары тауға өрмелеймiз. Бұл тауда қойқарақат, сиырқарақат (барбарис), бүлдiрген, қымыздық, рауғаш дегендер көздiң жауын алады.

Көшпендi Қазақ өркениетiнiң ұлы нышандарының бiрi ұлыстың ұлы күнi – Наурыз мерекесi. Алайда соңғы жылдары Наурыз мерекесi жөнiнде кейбiр фундаменталды түсiнiктегi дiни оқымыстылар ел iшiнде жағымсыз пiкiр қалыптастырып жүр.

Софы Сматаев, жазушы: Қасiретiмiздi қасиетiмiзге жеңдiре бiлейiк!
– Әз Наурыз тек мұсылман қауымының ғана емес, бүкiл түркi дүниесiнiң мерекесi ғой. Жас өскiннiң күнге, шуаққа ұмтылып, жапырағын жаятын айрықша күн. Сол    сияқты қазақ та бейбiтшiлiкке, жақсылыққа, бостандыққа ұмтылады. Маған өр­кендеу дәл осы күнi басталатындай көрiнедi.
ҚР Мәдениет министрi Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ мырзаға
Құрметтi Министр!
Елiмiзге, халқымызға жаңа орныңызда жасар жақсылығыңыз көп болғай деген тiлегiммен ұштастыра мына бiр ойларымды жолдауды ұйғардым. Бүгiнде бiздiң теледидарда не нөпiр, арна нөпiр екенi баршамызға мәлiм десем, сол баршаның басым

Қазақы танымнан ада қалған, өздерiн “бiлгiшпiн” дейтiн талайлар “Үркердi” – “Бикеш” деп атағаны сияқты, қазақтың Сары аязын “Крещенские морозы” деп жүр. Әлемдi әлемнiң құбылыстарына байланысты таныған Қазақ елi табиғаттың әр құбылысына – аязы, бораны, жауын-шашыны, аптап ыстығына өзiне тән атау берген.

Тал түсте тарпа бас салмасам да, көршiмдi көрiп, тұра жүгiрдiм, қағып кете жаздап, қаңғалақтай озып барып, табан тiредiм де, қайта жүгiрiп келiп, қолын қос қолдап алдым. Әйтпесе, үйiне кiрiп кетсе, күзетшiсi жiбермейдi.
– Аға, Наурыз мерекеңiзбен құттықтап тұрып құшақтайыншы! – Желпiнiп жәйша жүрсiң бе, көршi? Не болды? — деп
Кезiнде Пермь өлкесiн басқарған, қазiргi күнi әбден ба­йып алған Чиркунов Франциядан үй сатып алмақ болып шештi. Франциядан болғанда да, дәл Лангедоктан! Иә, иә, дәл Лангедоктан! Лангедок – табиғаты керемет, тыныш, курортты қала. Парижге де онша алыс емес.
Автобуста,
Бiр қызбен танысқым келдi,
Таныса салып,
Желiмдей жабысқым келдi...
Қасында тұрып:
“Қарындас,– дедiм,
– Керемет көйлек сатып алдым!
– Керемет! Айналшы! Отыршы. Жатшы.
– Бағасы жүз мың теңге!
– Ғажап! Суретке түс те, әлеуметтiк желi—“Фейсбукке” сал!
– Неге?

Бiздiң көшеде Дайрабай деген жiгiт ағасы тұрады. Әке-шешесiнiң үйiнде... Жасы елуден асса да, небәрi жетi-ақ рет үйленген. Соңғы әйелi әзiрбайжан ұлтынан болатын. Оны да алдап, үйiн сатып жiберiп, олар сотқа бергенде, “қайтадан өзiңе үйленемiн” деп жүрiп, әрең аман қалған.

“Алтын қыран” қайырымдылық қорының қаржылық демеушiлiгiмен Астанада жетi бiрдей жаңа кiтаптың тұсауы кесiлдi: Әлия Дәулетбаева (“Сол бiр сәуле” атты өлеңдер жинағы), Жанар Әбсадық (“Сезiмдер маусымы” жыр жинағы), Қуаныш Медеубаев (“Қара жәшiк” өлеңдер жинағы), Азамат Тасқара (“Жусанқыз” өлеңдер жинағы),

Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) биылғы маусымы да ширек финалдық сынына жеттi. Былтыр осы жобаның жеңiмпазы атанып, кубокпен қоса 500 мың АҚШ доллары көлемiнде сыйақы алған “арландар” биыл да сол биiктен көрiнсек дейдi. Төртiншi маусымның топтық кезеңiн ойдағыдай өткерген   бiздiң боксшылар ендi ширек финалда немiстiң “Team Germany

ОЛЖАЛЫ ОРАЛСА...
Таеквондодан жасөспiрiмдер арасындағы әлем чемпионаты Тайпейде (Қытай) 23-26 наурыз аралығында болады. Сондай-ақ, әлем чемпионатында биыл Қытайдың Нанкин қаласында өтетiн жасөспiрiмдер олимпиадасына жолдама да бөлiске салынады.
48 ЖЫЛ БОЙЫ МҰРНЫНДАҒЫ ОҚПЕН ӨМIР СҮРГЕН
“Қытайдың Ляонин провинциясының Чжао атты тұрғыны басының қатты ауыратынын және мұрнының әрда­йым бiтелiп қала беретiнiн айтып, дәрiгерге көрiнген”, деп жазады The Daily Mail. Қытайдың медициналық университетiнiң дәрiгерлерi науқас әйелдi жан-жақты тексерiп,