1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №24 (15898) 27 наурыз, бейсенбі 2014
АНТИЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМ ҰЛТШЫЛДАРДЫҢ ЖОҒАРЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДЕҢГЕЙIН КӨРСЕТЕТIН ЖИЫН БОЛМАҚ
12 сәуiр күнi Алматыда өтетiн Антиеуразиялық форум­ға екi аптадай уақыт қалды. Саясаткерлер, қоғам қайраткерлерi, танымал сарапшылар мен саясаттанушылар, белгiлi тұлғалардың барлығы дерлiк форумға қа­ты­сатынын мәлiмдедi. Сонымен қатар, бұл форумға республиканың облыстарынан өкiлдер келiп, Қазақ Республикасының Еуразиялық одаққа кiруiне қарсылығын ашық бiлдiретiнiн де ұйымдастырушыларға хабарлады. Еуразиялық одақ – тек қана Қазақстан тәуелсiздiгiне қатер төндiретiн империялық одақ емес, сонымен бiрге постке­ңес­тiк елдерiне де қауiптi екенi түсiнiктi. Осы себептi Антиеуразиялық форумды ұйымдастыру комитетi Қырғызстан, Беларусь және Украинадағы әрiп­тестерiмен келiссөздер жүр­гiзiп, олардың да форумға ке­луiн сұрады.

Украинаның төрт қаласында: Киев, Одесса, Николаев және Харьковте болып қайттық. Менiң мақсатым – танымал саясаткерлер не қоғам қайраткерлерiмен кездесу емес, қарапайым халықпен тiлдесiп, өзiмше әлеуметтiк сұрау жүргiзiп көру. Мен үшiн украиндықтардың пiкiрi, көзқарасы маңыздырақ болды. Сапарым кездесу, әңгiмелесу­лер­ге толы болды. Вокзал, дүкен, көлiк, кафе, қонақ үй, өзiм жүрiп өткен жерлердiң бәрiнде халықпен сөйлестiм.

АШЫҚҚАН АЖДАҺАНЫҢ АУЗЫНДА КЕТПЕЙМIЗ БЕ?!
Наурыз мерекесiнiң алдында электронды ақпарат көздерi: «Қазақстанның солтүстiгiн­дегi кейбiр астық компанияларын қытайлықтар сатып алмақшы» деген хабар таратты. Дереккөздердiң мәлiмдеуiнше, ҚазТАГ-тың тiлшiсi қайсыбiр үлкен астық компаниясының акционерiмен телефон арқылы хабарласқан.
ГААГА САММИТIНДЕ Н.НАЗАРБАЕВ НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНАН ӘЛI ДӘМЕЛI ЕКЕНIН БАЙҚАТТЫ
Наурыздың 24-i мен 25-i күндерi Нидерландының Гаага қаласында ядролық қауiпсiздiк жөнiндегi үшiншi ғаламдық саммит өттi. Бұған дейiнгi екеуi Вашингтонда (2010) және Сеулде (2012) өткен. Ядролық қауiпсiздiк – Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың оң жамбасына келетiн сүйiктi тақырыптарының бiрi және бiрегейi.
Президентке рақмет, бүкiл халық басынан «буы шығып» наурызды тойлаған мереке күндерiнде де демалуға мұршасы болмапты. Қат-қабат жұмыстар, ресми сапарлар, кездесулер, сессия, брифинг... Ендi ше, ел басқару оңай дейсiз бе? Оның үстiне әлемдегi қым-қуыт оқиғалар да қазақ басшысының тынышын алып бiттi әбден.
КЕШЕН ЖҰМЫСЫН ЖҮРГIЗУГЕ КIМ ЛАЙЫҚ?
Жыл басында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Алматыдағы транспорттық логистикалық iрi кешендердiң бiрiн мемлекеттiк сатып алу негiзiнде ақтөбелiк «Aktobe Logistics Group» ЖШС-на басқаруға бередi. Қордың бұл шешiмiне алматылық «Almaty International Logistik Park» ЖШС (“AILP”) наразы болады. Неге?
Алматы қаласы, Медеу ау­дандық соты “Трибуна – Саясат алаңы” газетiне қатысты шешiм шығарды. Көпесбай Жәмпейi­совтiң пайдасына екi миллион теңге көлемiнде ақша өндiрудi ұйғарған сот саяси тапсырысты орындады деушiлер де бар. 
ОҢТҮСТIКТЕ ОРАЛМАНДАРМЕН ЖАППАЙ СОТТАСУДЫҢ СОҢЫ ҮЛКЕН ДАУҒА АПАРЫП СОҒУЫ МҮМКIН
 
“Оралмандарды автобиографиясына қарап алалау...вице-премьер Орынбаев ойына келгенiн iстеп отыр ма?” деген тақырыппен үш жыл бұрын (№67, 23 тамыз, 2011 жыл) “Жас Алашта” жарияланған мақалада Шымкентте “Нұрлы көш” бағдарламасы аясында бюджеттiң көл-көсiр қаржысына айрықша артықшылықтармен салынған “Асар” 
Алматыдағы жоғарғы оқу орнын бi­тiрген соң өз мамандығым бойынша Түлкiбас ауданының салық басқармасына 11.02.2005 жылы бас маман болып орналастым. Күндердiң күнiнде жұ­мыста отыра алмай, қатты науқастандым. Көрiнген дәрiгерiм: “Бұл острая вертеброгенной цервикалгия” (с выраженным болевым синдромом) деген ауру,

“Жас Алашта” павлодарлық Қ.Мамыралинаның “Үмiтiмiз алданбаса екен...” (№20, 13 наурыз, 2014 жыл) деген мақаласын оқыдым. Автордың басындағы жағдай бiзде де бар. Айырмашылығы – бiздiң құдаларымыз Қ.Мамыралинаның құдаларындай жақсы адам болмай шықты.

Жақында Қ.Мамыралинаның “Үмiтiмiз алданбаса екен...” деген хатын оқыдым. Оқыдым да... екi көзге ерiк бердiм.
Бала дүниеге келгенде қуанасың. Ауырса – қайғырасың. Оқытасың, тоқытасың. Өзiңдi ойламайсың. “Солар iшсiн, солар жесiн...”. Үйлен­дiресiң. “Ендi өз қазан-ошағы өзiн­де. Емiн-еркiн тұрсын” деп бөлек шығарасың. Қысқасы, бар жақсылықты соларға жасауға тырысасың. Үмiтiң ақталса жақсы ғой, ал ақталмаса...
Мектепте информатика пәнiнiң мұғалiмi қызметiн атқарған бұл апайды Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданының халқы жақсы таниды. Танып қана қоймай, Торғай Ақпан­­ба­еваны құрмет тұтады.Физика пәнiнiң оқытушысы жаңа технологиялар ке­зеңi туған сәтте компью­тер­дi терең мең­герiп, кейiнiрек информатика пәнiнен де сабақ оқытуға
Жақында Алматыдан Түр­кiс­­танға бардым. Құдалыққа. Бала-шағамды ертiп, кiшкен­тай Меккеге арнайы сапар шексем бе деп ойлап жүргем... Ретi болмай жүретiн. Бауырымның қызы сол жаққа күйеуге қашып кеттi де, артынан қуып бардық. Қызымыз тектi жерге, бар жерге күйеуге шыққан екен. Қуанып қайттық. Сонда жүргенде бiр әңгiме естiген едiм. Түркiстаннан кел­гелi берi сол әңгiме еш ойымнан кетер емес. Рас дейiн десем, сенгiм кел­мей­дi. Өтiрiк дейiн десем...

 Әр жылы көктем келiп, жер көгерiп, тал-шыбықтар бүр ашқан сайын сен есiме түсесiң. Осындай керемет шақтарда фотоаппаратыңды мойныңа асып алып: “Мен бүгiн өрiк гүлдерiн суретке түсiремiн! Арыс арнасынан тасып жатыр. Содан бiр кадр алып келемiн!” деп үйде отыра алмай кетушi едiң.

Атақты ғұлама ұстаз Конфуцийдiң мақтаулы үш шәкiртi болыпты. Бiрде ел кезiп жүрген дiндар кiсi: “Гун деген шәкiртiңiз туралы не айтасыз?” деп Конфуцийдан сұрайды. Сонда ол: “Гун – елден ерекше ақылды. Оны басқа ғалымдар да мойындайды” дейдi.

Қайда барсам да:
Алдымнан Ақша шығады...
Баланың бақшасы кәнi?
Анамның ақ шашы кәнi?
Атамның шақшасы кәнi?
38 ӘРТIСТIҢ АРЫЗЫ
Ғ.Мүсiрепов атындағы балалар мен жасөс­пiрiмдер театрының 38 әртiсi ҚР Мәдениет министрi Арыстанбек Мұхамедиұлының атына арнайы хат түсiрдi. Әртiстердiң басым көпшiлiгi – жастар. Өз хаттарында әртiстер театр директоры Талғат Теменов мырзаның қызметтен кетуiн талап етiптi.
816 КЕЛIНI ҚАЗАҚТАН ӨЗГЕ ЕШКIМ КӨТЕРГЕН ЕМЕС
Биыл даңқты балуан, әншi Нұрмағанбет Баймырзаұлының (Балуан Шолақ) туғанына 150 жыл толады. 52 жыл ғұмыр кешкен Балуан Шолақ 14 жасынан бал­уандық өнердi меңгерiп, белдесуге түскен. Бүгiнде бiз аузымыздың суы құрып, тамсана қарайтын кас­кадерлердiң өзi орындай алмайтын трюктердi Баймырзаның өнерлi баласы бозбала шағында-ақ ел алдында көрсеткен.
ЖҮЛДЕ ДЕ, ЖОЛДАМА ДА ЖАЛҚЫ
Тайпейде (Қытай) жасөспiрiмдер арасында әлем чемпионаты өттi. Елiмiзден барған 20 спортшының арасынан тек Артур Ким ғана күмiс жүлде иелендi. 48 келi салмақта татамиге шыққан жерлесiмiз финалға дейiн Египет, Тайланд, Өзбекстан спортшыларын ұтып, финалдық айқаста тағы бiр тай елiнiң таеквондошысына есе жiбердi.