1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №25 (15899) 1 сәуір, сейсенбі 2014

Шұңғай ауылын шырт ұйқыдан оятқан Ресей зымыраны барша Қазақстан жұртының зәресiн ұшырды. Бiрақ бағытынан жаңылған зымырандардың жарылысына етi өлiп кеткен ресми Астана өркеуде көршiсiне “мұның қалай?” деген жоқ. Бар болғаны Қазақстанның Қорғаныс министрлiгi қазақ же­рiнде сынақ жүргiзудiң уақытша тоқтатылғанын мәлiмдедi. Бүтiн бiр ауыл жұртын қырып кете жаздаған оқиғаға қазақ билiгiнiң көрсеткен қарсылығы осы ғана. Ал қазақтың 11 миллион гектар жерiн жалға алып, бiлгенiн iстеп отырған Ресей қаңғырған зымыраны үшiн кешiрiм де сұрамады.

Оспанхан Әубәкiров – 80
1 сәуiр күнi, яки бүгiн Алматы облысының Жамбыл аудандық Мәдениет үйiнде қазақ сатирасының саңлағы Оспанхан Әубәкiровтi еске алу кешi өтедi. Сонымен, сатира сардарының туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған шаралар жазушының туған өлкесiнде басталып та кеттi. Жамбыл ауданында түрлi мәдени iс-шаралар жоспарланып, орталық кiтапханада оқырмандар конференциясы
Бұқар жырау ауданының Көкпектi су қоймасындағы шлюз камераларының су босату қуаты соншалықты төмен болуы салдарынан 30 наурызда кешкiлiк, шамамен сағат алты жарымда тегеуiрiндi су тасқынына төтеп бере алмады. Сөйтiп, су тоғаннан асып аға бастады. Бiз бейқамдықтан, турасы — жауапсыздықтан бiрдеңенi бүлдiрiп алып барып, бөрлiгетiн әдетiмiз ғой.

Теңгенiң құнсыздануына байла­ныс­ты сәуiрдiң бiрiншi күнiнен бастап әлеуметтiк жәрдемақыларға пайыздық үстеме қосылғаны мәлiм. Зейнет­ақы, шәкiртақы, жәрдемақыларға қосылатын үстеме ақша АҚШ доллары мен теңге арасындағы алшақтықты бiлдiрмес дегендер қатты қате­лестi. Өйткенi теңге құнсыздан­ған ақпан айында-ақ елдегi барлық тауар бағасы көтерiлдi.

1941-45 жылғы немiс-орыс соғысына ерiксiз кеткен ұлдарын сағынған аналар “балаң өлдi” деген «қара қағазға» сенбей, бесiкте қалған кiшкентай нәрестесiн тербетiп отырып былайша жоқтайды екен: «Кебiн киген өледi-ау, Кебенек киген келедi-ау», Майданға көкең кеткенде, Осылай бәрi деп едi-ау...» Сол соғыста қазақтың жоқтау айтпаған ауылы қалмаған шығар, сiрә.

1 сәуiр – Күлкi күнi
Сүйiншiнi жүз қайтара айтып, ақ түйенiң қарнын ақтарып тастайтындай Норвегиядан қуа­нышты хабар жеттi Астанаға. Қазақстан басшысына әлемдегi ядролық қауiпсiздiктi нығайтуға қосқан аса зор, еш теңдессiз үлесi үшiн және жер шарындағы барлық дiндарлар қауымдастығын жыл сайын Астанада жинап
2015 жылы құрылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер макроэкономикалық саясатты келiсiп жүргiзуге және алдағы уақытта қаржы нарығын бақылайтын жоғар­ғы ұлттық органды қалыптастыруға бел буыпты. Биылғы жылдың мамырында Беларусь, Қазақстан және Ресей басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың ке­лiсiмшартына қол қоймақ.

12 сәуiрде Алматыда өтетiн Антиеуразиялық форум Кремльге жалтақтаған бiздiң билiк тарапынан түрлi кедергiлерге ұшырайтыны әуелден түсiнiктi болған. Десек те, мәселе мемлекет пен ұлттың егемендiгi мен азаттығында болғандықтан, мүмкiн, дәл осы жиынның өтуiне iштей болса да мүд­делi билiк тосқауылдарға бара қоймайтын шығар деген үмiт те болғанын жасырмаймыз.

Төрт жыл бұрын Кеден одағының Қазақ елi үшiн саяси да, экономикалық та тиiмсiздiгiн айтып, қарсы шыққан қазақ қоғамы озбыр орыстың шо­винистiк пиғылынан қауiптен­ген едi. Бiрақ қазақ билiгi қоғамның көңiл-күйiне құлақ түрген жоқ. Көп ұзамай қазақ тұтынушылары Ресей тауарларының қымбат бағасына тұн­шыға бастады. Қазақстан барлық экспортының 70 пайызы минералдық ресурстар болғандықтан
Екеуiмiздiң алғаш таны­суымыз аумақты әңгiмеден бас­талды. “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәр­сенбайұлы басқарып өт­кiзген жиналыстан соң сыртқы есiкке беттей бергенiмде орта бойлы, қоңырқай өңдi жiгiт көлденеңдеп келiп: Аға, сәлеметсiз бе? Кешi­рiңiз, сiзде бiр шаруам бар едi. Мен – Серғазы деген қаламдас iнiңiзбiн, – деп сүй­кiмдi жымиды.

Осыдан бiр жылдан астам уақыт бұрын, дәлi­регi, 2012 жылдың 25 желтоқсанында Шым­кенттiң iргесiнде Шекара қызметiнiң АН-72 ұшағы апатқа ұшырады. Соған қатысты бүгiнде сот процесi жүрiп жатыр. Шымкент қаласының Абай аудандық сотында. Естерiңiзде болса, Тәуелсiз Қазақстанның тарихында алғаш рет қаралы күн деп жариялауға негiз болған қайғылы оқиғадан 27 азамат қаза тапты.

NEW YORK POST: ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТIНIҢ ТУЫСЫ НЬЮ-ЙОРКТЕГI ПӘТЕРI ҮШIН СОҒЫСУҒА КЕЛЕ ЖАТЫР
АҚШ-тың азулы басылымдарының бiрi New York Post газетiнде Джулия Марш дейтiн автордың мақаласы жарияланды. Онда былай дейдi: “Қазақстан президентiнiң бауыры (Болат Назарбаев – ред.) Ман­хэттеннiң (Нью-Йорктiң аса бай әрi атақты қалашығы) судьясынан мәселенi ше­шудi тездетудi сұрайды. Бұл қандай мәселе едi? Оның бұрынғы әйелi өз елiнде мырзақамақта отырғанда Нью-Йорктегi 20 миллион долларлық тұрғын үйдi қайтарып беруге келiскен.
“ЖЕҢIЛСЕК ТЕ, ӘНДЕТIП ЖҮРIП ЖЕҢIЛЕЙIК”
Internews Kazakhstan атқарушы директоры Маржан Елшiбаеваның жетекшiлiк етуiмен қазақстандық журналистер Қылмыстық кодекстегi “жала жабу” бабына қатысты клип түсiрдi. “Бұл клип жаңа Қылмыстық кодекске арналған. Бiздi, журналистердi бәрiнен бұрын жала жабуға қатысты бап мазалайды.
Шенеунiк пен Жорналшы кiм дейсiңдер?
Құқығы азаматтық бiр дейсiңдер.
Алайда өмiрдегi орны менен
Кереғар қылықтарын бiлмейсiңдер.
Құрметтi “Жас Алаш” газетiнiң “Алдаспан” қосымшасы! Менiң ата-бабам өңiрге белгiлi аңшылар болған. Тiптi ашаршылық жылдарында атам таудан арқар, теке, марал атып әкелiп, бiр ауылды бiр өзi асырағанын көнекөздер айтып отыратын. Бұл өнердi бертiнде ұмыта бастасақ та, қанға сiңген әдет қалмайды екен.

«Әй, бердiм-ау, бердiм,

Қалтасын көрдiм-ау, көрдiм,

Өзiм де,

Шешен, қазақ, өзбек үшеуi мақтанып отыр. Өзбек:
– Менiң ағамның асқазанының жартысын кесiп алып тастаған. Бiрақ бiр өзi бiр қазан палауды тауысып жеп қояды!
Шешен:
– Менiң ағамның бiр аяғы жоқ. Сонда да лезгинка билегенде ұшып жүргендей көрiнедi!
Қазақ:

Олай дейтiнiм, республикамызда шығатын әрбiр газет, журналдың сықақ үшiн арналған бiр қол сүртiм орны бар. Ол орынға өздерi сықақтық мiнезiне осы лайық болар деп “Сықақ бұрышы”, “Сы­қақ қуысы”, “Сықақ түкпiрi”, “Сықақ үңгiрi”, “Сыпырғыш”, “Ошаған”, “Қашаған”, “Найза”, “Мылтық”, “Қылыш”, “Зең­­­бiрек”, “Топан су”, “Ақыр­заман”, “Әзәзiл”, “Әзi­рейiл”, “Мүңкiр-нәңкүр” және т.б.

Енесiнiң Қайнар дүниеден өткелi келiнiнiң табалдырығын аттап отырғаны осы. Назерке аң-таң. Үйдегiлердiң бiрiне бiр нәрсе болды ма деп:Аманшылық па, жай жүр­мiсiз? – дей бердi. Кердең, маңға­з мiнезiнен арылып, едәуiр жұмсарып қалған Жұмақыз:

Ертеректе астана театрларының бiрiнде испан драматургi Лопес де Веганың “Собака на сене” деген пьесасы жүрiп жатты. Байқамайды екенбiз, хабарландырулар бөлiмiне әлгi пьесаны бiресе “Шөп үстiндегi ит”, бiрде “Шөп қорыған ит”, бiрде “Шөптiң көлеңкесiндегi ит” деп тарата берсе керек.

Сең бұзылғандай тың жердiң бұзылып жатқан кезi. Тiсiн терең салған со­қа, көшiп келiп жатқан жұрт. Бiреуге бi­реу жөн айтуға мұрша жоқ, абыр-дабыр кез. Редакцияның тапсырмасы бойынша әлi аты қойылмаған жаңа совхозға жете жығылған Бөден директорды әрең тапты.

Сiздiң бiздiң мекеменiң кассасынан ақша ұрлап жүргенiңiздi анықтадық. Бұ қалай? – дейдi.

Сiз өте қызық адам екенсiз, – деп таңданыпты бухгалтер, – Мен сiздерде жұмыс iстеймiн, ендi ақшаны осы өзiм жұмыс iстеп жүрген жерден

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылындағы “Райымбек батыр” спорт мектебiнде бокстан 1998-2003 жылдары туған жасөспiрiмдер арасында облыс­тық ашық бiрiншiлiк өттi. ҚР бiлiм беру iсiнiң үздiгi, Райымбек ауданының құрметтi азаматы Нұрбатыр Жұмашұлын еске түсiруге арналған дода үш күнге созылып

Өткен аптаның жексенбiсiнде футболдан ел чемпионатының 3-тур ойындары өтiп, алты кез­десу­дiң төртеуiнде алаң иелерi жеңiлiс тапты. Алматылық “Қайрат” өз алаңында шымкенттiк “Ордабасы” клубын қабылдап, 0:1 есебiмен ұтылды. Жеңiс голын 84-минутта Юнизович соғып кеттi.