1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (15900) 3 сәуір, бейсенбі 2014
...Асанәлi ағам сөйлеп жатыр екен, күркiреген қоңыр даусынан бiрден танып, радионың құлағын көтердiм. – Мен күнделiк жазам, – дейдi ағам.    – Мысалы бүгiн сенiң келгенiңдi де сол күнделiкке түртiп қоюым мүмкiн. Бiрақ қазiр көпке жариялауға болмайтын күнделiктерiм де бар. Менiң қолымда бiреу тартып алатындай мансап жоқ. Дегенмен ұрпағыма кесiрi тиiп кете ме деп қауiп қыламын...  Әй, заман-ай десеңшi, арыстандай ағам осы кезде жүрегi тарсылдап, бұта түбiне бұға қалған түз қоянына ұқсап кеткендей көрiндi.
МӘСIМОВ “МӘҢГIЛIК ЕЛДIҢ” “МӘҢГIЛIК ПРЕМЬЕРI” МЕ?
Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкiмет басшысы Серiк Ахметовтiң отставкасын еш ойланбастан қабылдай салғандай көрiндi кеше. Ахметовтiң iскерлiгi мен харизмасы туралы сөз етпей-ақ қояйық, бiрақ белгiлi бiр дәрежеде жұрт алдында оның сүйкiмi болды. Бiрақ сүйкiмге қарайтын заман ба қазiр.
ҚАРЖЫ ҚЫМҚЫРҒАН “ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСIПТIҢ” ТОП-МЕНЕДЖЕРЛЕРI ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
“Қазатомөнеркәсiп” ұлттық компаниясынан тағы бiр шатақ шықты. Бұл жолы компанияның топ-менеджерлерi бiрiнен кейiн бiрi қаржы полициясының қырына iлiгiп жатыр. Бұл жолы ұлттық компанияның баламалы энергия көздерiн дамыту басқармасының басшысы Валерий Шевелев пен “Қазатомөнер­кәсiп-Демеу” ЖШС директорының орынбасары Әбдiразақов
ӘЛИЕВ ПЕН МҰСАЕВ БIРДЕ ДОС, БIРДЕ ҚАС. АЛ ОЛАРДЫҢ СЫБАЙЛАСЫ НАХМАНОВИЧ ЕКЕУIН ДЕ АҚЫМАҚ ҚЫЛЫП ЖҮР.
Жақында ғаламторда жасырын жазып алынған бейнетаспа жарияланды. Бұл драманың кейiпкерлерi – президенттiң бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиев, ҰҚК-нiң бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев, бұлардың сыбайласы банкир Лев Нахманович және ...банкирлер Жолдас Темiрәлиев пен Айбар Хасенов.

Көз алдыңызға елестетiп көрiңiзшi, Қызылорда облысы әкiмiнiң орынбасары Ақмарал Әлназарова облыстық бiлiм бас­қармасының басшысы Наурызбай Байқадамовқа “Облыс мұғалiмдерi қоғамдық қорға екi күндiк жалақыларын аударсын” деген ресми хат жазып, тапсырма берсе, басқарма басшысы бiлiм беру мекемелерiне “әкiмшiлiктiң хатындағы жұмысты орындаңдар” деп бұйырса,

Девальвациядан кейiн «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндiру» мекемесi де жұмыс­керлерiнiң жалақысына 10 пайыз үстеме қосты. Сонымен қатар, Компанияға қарасты кәсiпорындарда Бiрыңғай еңбекақы төлеу жүйесi енгiзiлмек. Осыған байланысты мұнай компаниясы еңбекақы төлеу қорын 21 млрд. теңгеге ұлғайтты.

 “Жас Алаштың” 27 ақпанындағы санында “Ертiс орманының ертеңiн кiм ойлайды?” деген мақала жарияланды. Онда “Ертiс орманы” табиғи орман резерватының бұрынғы бас директоры Төлеген Шахарманов “ мыңдаған гектар қарағайлы алқап заңсыз оталып, сыртқа тасылып және өртенiп жатыр” деген. Мақала жарық көрген соң резерваттың қазiргi бас директоры Қазбек Әметов хабарласып

Орта мектепте сабақ берген Смағұлов Мақсұм ағайымыз, оқушыларға астарлы әзiлдердi айтып отыратын. “Бiр оқушыны тоқсан қорытындысы бойынша бес түрлi пәннен үлгерiмi “екiлiк” болғаны үшiн класс жиналысында талқыға салып жатқанда: “Ағай менiң екiлiгiм бес-ақ сабақтан ғой, анау Сәпен жетi сабақтан екi, соны неге жиналысқа салмайсыздар” деп жұлқынғанын мысал етiп бiздердi күлдiретiн

Елiмiздегi ауа райының күрт өзгеруiне байланысты айтылатын болжам саны өте көп. Тиiстi мекеме, яғни “Қазгидро­меттiң” күнделiктi тарататын ақпарына сенсек, таяу күндерi Қазақстанда ауа райы суытатын көрiнедi. Олардың болжамынша, республиканың көптеген аймағында жаңбыр жауып, жел тұруы ықтимал. Ал Астанада жаңбырдың арты қарға айналуы мүмкiн екен

Атыраудан Алматыға қонаққа келдiм. Көңiлiм шат. Өйткенi бiз iздеген жастар осы жерден табылды. “Осы жер” деп Мақпал Жүнiсованың концертiн айтып отырмын. Ендеше, бұл қазақ әнiнiң жоғалмағандығын, жоғалмайтынын сездiрсе керек. Мына бiр жайтты қараңыздар. Құшақтары гүлге толы орыс ағайындарымыз отыр. Жүздерi нұрлан­ған. Осы кезде бiздiң кеудемiздi мақтаныш

Бiздiң баршамыз сүйiп тыңдайтын Шәмшi әндерi терең толғаныстардан дүниеге келгенi белгiлi. Әрбiр әнiнiң өзiндiк шығу тарихы бар. Шәмшi әндерi кабинетте емес, жол сапарда, халықпен жүздескенде, еңбек адамдарымен кездескенде, егiн даласында, қырман басында, табиғат аясында дүниеге келген, сондықтан ол өмiрлi. Сезiмтал да сыршыл сазгер сығандар көшiне ердi, өмiрге, адамдарға, сұлулыққа ғашық болды. Қарапайым адамдармен жүздестi, сондықтан әдемi әндер туды. Кабинетте отырып жақсы ән шығарам деу бекер. Шабытты күштеп келтiруге болмайды. Қазiр не көп, бiрiнен-бiрi айнымайтын, бiрiн-бiрi қайталайтын, ұқсас әндер көп, сондықтан есiңде сақталып қалмайды.

Қадыр Мырза Әлi ағамыз айтпақшы “Еркектiң ең жаманын қатын дейдi-ау, Әйелдiң қасиетiн ұқпайтындар” демекшi, бүгiнгi еркектерде ес жоқ па деп ойлап қалам. Кешiрiңiздер, бұл жалпы ер адамдарды кемсiтуiм емес, кейбiр ағаларым мен замандас­тарым ойланса екен деймiн, өз шаңырақтарының шырқын бұзбаса екен.
Әншi-серiлiгiмен дараланып әрi балуандығымен атағы Алаш жұртына жа­йылған Балуан Шолақтың орны ерекше. 1864 жылы өмiрге келген балуанның ата-бабалары қазiргi Жам­был облысы, Шу ауданын мекен еткен. Ұлы жүз­дiң Дулатынан тарайтын Сәмбет руынан шыққан. Жамбылдық жазушы Арғынбай Бекбосынның дерегiне сүйенсек: “Сәм­беттен Қосы, сол Қосы батырдың кенже ұлынан (жеңгелерi Кенжесары деп

...Ауылға бардым. Әкемнiң асын бергелi берi барған емеспiн. Бұрын да ауылдың сәнi келiсiп тұрмап едi, ендi тiптен сұры қашып кеткендей... Үй де аңырап бос қалғандай. Қорада мал да жоқ. “Бiр-екi қой мен сиырды қалдырмадыңдар ма?” деймiн бауырыма. “Оны кiм қарайды? – дейдi келiн iнiмнiң орнына жауап берiп,

Бiр үйде бес баламыз. Үшеуi – қыз, екеумiз – ер бала. Бесеумiз де көз ашқалы қиыншылықтан басқа ешнәрсе көре алмадық. Балиғат жасқа дейiн әкемiзден, ағайын-туыстан мейiрiмдiлiк пен жанашырлық, қам­қорлық пен қолғабыс көрмедiк. Керiсiнше, қиын­шылық пен азаптан басқа. 

Бiзде екi қазақтың бiрi ақын деген сөз бар. Өтiрiк дей алмайсыз. Өйткенi қазақта не көп, өлең жазатын адам көп. Бұрын да солай болған, кеше де солай болған, қазiр де солай. Бiрақ айнымайтын аксиома бар: өлең шығар­ғанның бәрi әдебиет жасамайды. Шын әдебиеттi қадау-қадау адамдар, яғни iрi тұлғалар мен классиктер ғана жасайды.

ҚАТЕЛIКТI ҚАЗIРДЕН ТҮЗЕУI КЕРЕК
“Болғанынан боладысы қызық” ХХII қысқы Сочи олимпиа­дасының да тарихтың қатпарына кеткенiне айдан аса уақыт өттi. Жаратушы пешенемiзге қысқы олимпиада ойындарын тамашалауды жазыпты. Орыстар күреп тастап қайта тұрғыз­ған Сочиде төртжылдықтың аламан бәйгесiн көрiп, өзiмiзге емес, өзгенiң саңлақтарына сүйсiндiк.

Тайпейде өткен жасөпiрiм­дер арасындағы әлем чемпионаты өзге балалардың есiнде қалмауы мүмкiн, ал алматылық Рахым Әдiлханның көкейiнде ұзақ сақталары сөзсiз. Себебi Тайпейге жолы түскенiмен, татамиге табаны тиген жоқ. Әлем бiрiншiлiгiнiң басталуына санаулы күн қалғанда Рахымның алты тiсiн ұлттық құрама мүшесi Ринат Қуанышбаев “қағып алыпты”.

БIРIН-БIРI ТҰСАДЫ
Сейсенбiнiң түнiнде УЕФА чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы ойындары өттi. “Олд Траффорд” стадионында мюнхен­дiк “Баварияны” қабылдаған “Манчестер Юнайтед” ойыншылары тең нәтиженi қанағат еттi. “МЮ” капитаны