1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №28 (15902) 10 сәуір, бейсенбі 2014
ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ АЛДЫНДА ҚАСҚАЙЫП ТҰРҒАН “ҚАТЫН ҚҰДАЙ” КIМ?
Сейсенбi күнi президент Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәмидi қабылдады. Кездесуде сот жүйесiнiң қазiргi жайы мен судьялардың жұмысын одан әрi жетiлдiру мәселесiн сөз еттi. Соттардың санын көбейткенiн, жағдайын жасап бергенiн, ендi сапаға көшу керектiгiн айтқан мемлекет басшысы Мәмидiң аузына сөз салып бергендей болды. Мәми өзi де әзер отыр екен, жетiстiктерiн жiпке тiзе жөнелдi. Судьялардың VI съезiнде берiлген тапсырма тап-тұйнақтай орындалып жатыр екен, сот қызметiндегi бюрократияны жеңуге шақ қалыпты, азаматтардың құқығын қорғауды күшейiптi...
СӘРIНЖIПОВКЕ САЛСАҢЫЗ, АҒЫЛШЫН ТIЛIН БIРIНШI СЫНЫПТАН ОҚЫТЫП, ҚАЗАҚ ТIЛIН ҚЫС­ҚАРТЫП ТАСТАМАҚ
Президент бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiповтi қабылдап, осы салаға қатысты бiрқатар мәселелерге тоқталды. А.Сәрiнжiпов министрлiктiң қызметi және президенттiң тапсырмаларын орындау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнiнде баяндады.
“Ақыл – жастан...” деген осы да. Жемқор қоғамды жегiштерден тазартудың жолын Бауыржан Байбек ақыры тапты. Қанша дегенмен шетел көрген бала ғой, оның үстiне “Нұр Отанды” басқарып тұрған соң бiрдеме ойлап таппауға тағы болмайды. Күрестi күшейткен сайын құтырып бара жатқан жемқорлық iндетiнiң түрi мынау.

Қазiргi күнi отандық теларналардың көпшiлiгiнен көрерге бағдарлама табылғанымен, жасанды   жүргiзушi­лер ха­лық­ты әбден жалықтырып бiттi. Әсiресе, “Хабар”, “Еларна”, “Қазақстан” теларналарын қосып қалсаңыз, жасанды “жұлдыздардың” бағдарлама жүргiзуiнен көзiңiз сүрiнедi (Қазiр “Еларна” телеарнасы жұмысын тоқтатты).

АЛ Д.НАЗАРБАЕВА МЕДИАФОРУМҒА ТОЯР ЕМЕС
Бұрынырақта үйсiз қаңғып, әр-әр жерде аунап, кiр-қожалақ боп жүретiн бомждар өзге ұлт өкiлдерi едi. Әр бұрышты сағалап, қоқыстан тапқанын талғажау ететiн қаңғыбастарды “ал­қаштар” дейтiнбiз. Өкiнiшке қарай, соңғы кездерi осы бомждардың қатарын өзiмiздiң қаракөздер де толықтырып жүр.
... Атам қазақ : “Күштiнiң арты диiрмен тартады” деген сөздi қалай дәл тауып айтқан! Осы нақты да анық мағына қазiргi кезде де мәiн жоймағанын, бүкiл әлем наразылық танытқан Ресейдiң бүгiнгi агрессиялық саясаты дәлелдеп бердi. Орыс мемлекетi патшалық Ресей тұсынан ғана емес, Ресей-Ресей болып құрылғаннан берi әлсiз елдерге тiзе батырып, жаулап алу, алым-салық төлетiп, доқ көрсету – агрессиялық
Еуразиялық экономикалық одақтың орталық банкi құрылады және 2025 жылға қарай ортақ валютасы енгiзiледi деген хабар ғаламторда қызу талқылануда. Қазақстанның билiгi бұл мәлiмдеменi жоққа шығарып отыр. Десек те... Ресей үкiметiнiң бiрiншi вице-премьерi Игорь Шувалов 2025 жылы экономикалық одақтың орталық банкiн құру аяқталатынын мәлiмдептi.
ДИРЕКТОР ЖЕРЕНОВАНЫҢ ЖЕТIСТIГI ОСЫ БОЛҒАНЫ МА?
“Жас Алаш” газетiнiң редакциясына Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш қаласындағы №4 дарынды балаларға арнал­ған мамандандырылған мектеп-интернаты ұжымы мен осында бiлiм алып жатқан балалардың ата-аналарынан, жалпы саны 100-ге жуық адам қол қойған арыз келiп түстi.
Сәуiрдiң 1-i күнi Астана қалалық IIД-нiң тергеушiсi В.Шутько Insiderman интернет жобасының жетек­шiсi Валерий Сурганов пен құқық қорғаушы Мұсағали Дуамбековке қыл­мыс­тық кодекстiң 343-бабының 3-тармағына негiз­делген айыптау қорытындысын ұсынған.
Қазкоммерцбанк басшылығы сейсенбi күнi өткен баспасөз мәслихатында 2013 жылды қорытындылап, қол жеткiзген негiзгi көрсеткiштерiн жария еттi. БТА банкiн сатып алуды жоспарлап отырған қаржылық институт бұл мәмiленiң болашағы туралы да сөз қозғады. Қазкоммерцбанктiң былтырғы жылғы қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн таныс­тырған банктiң атқарушы директоры Сергей Мокроусов таза табыс
“Аман-Саулық” қорының президентi Бақыт Түменова мен “Адам құқықтары үшiн хартиясы” қорының жетекшiсi Жемiс Тұрмағамбетова осы айдың басында Қарағанды облысының Долинка кентiндегi түрмеде жазасын өтеп жатқан Мұхтар Жәкiшевтiң жағдайын бiлiп қайтты.

Мен жазушы емеспiн. Жазушының шығармашылық лабораториясы, шығармашылық әдiс-тәсiлдерi жөнiнде айту қолымнан келмейдi. Ал көркем шығарма оқығанда оны, кө­бiне-көп, осы шығармада баян­далған оқиғалардың шынайы өмiрге сәйкестiгiне қа­тысты бағалаймын. Тiптi автор ойының тереңдiгi мен жазушылық шеберлiгiн осы тұрғыдан түсi­нуге тырысамын.

Бұрынғы Кеңес одағының 30 миллионға тарта адамын жұтқан, ондаған миллион жанды жетiм, не жесiр еткен алапат екiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқ­талғанының 70 жылдығына бiр жыл, бiр ай­дың шамасында ғана уақыт қалды. Осы ұзақ мерзiм iшiнде Қазақстанда бұл соғысқа қатысты шешiлмеген, орындалмаған жайлар жеткiлiктi.

Мен – Қазақстанда туып-өскен адаммын. Бiрақ басқа республикаға тұрмысқа шықтым. 1997 жылдың нау­рызында Қазығұрт елдi­мекенiнде тұратын жалғыз сiңлiм менi денсаулығыма байланысты Қазығұртқа көшiрiп алды. Содан берi мiне, он жетi жыл өттi, күйеуiмнiң осында еңбегi сiңiп, елге танылса да, әлi күнге дейiн ҚР азаматы деген бiр жапырақ қағазды ала алмай жүр.

Ресей мен Украина арасындағы шиеленiс туғанда қазақ билiгiнiң абдырап қалғанын анық аңғардық. Майдан оқиғаларынан соң Ресей империялық пиғылын ашық бiлдiре бастады. Жиринов­ский, Лимоновтардың мәлiм­демесi құр сандырақ емес.

Үш жүзге аты шыққан Дос­тан бидiң әйелiнен жетi ұл туыпты. Осы жетi ұлдың бiрi Мамайдан Батақ, Батақтан Сары туған. Сары Батақұлы 1863 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданындағы Талдықұм деген ауылда туған. Әкесi Батақ дөңгеленген шаруасы бар, дау-дамайға араласпайтын момын адам болған.

Сонау Монғолия жерiнен туған елiне келiп, өзiнiң бiлгiрлiмен тiрек-қозғалыс жүйесi бұзылған балаларды, атап айтқанда, iштен туа бiткен маймақ аяқ, ұр­шық айналып кету, сколиоз, жамбас шығып кету   сияқты ауруларды ота жаса­­май-ақ емдеп жазып, талай адамның алғысын алып жүрген “Ақсай” республикалық клиникалық балалар ауруханасы iшiндегi кеңес беру-диагностикалық бөлiмшенiң дәрiгер-орто­педi Сагийдан Бұрхан туралы бiлесiз бе? Онда...

Жартасқа соққан сеңдей боп,
Отырған бүгiн шалқымай.
Қармаққа iлген жемдей боп,
Қасiрет шеккен халқым-ай.

Отыз мың халқы бар аудан орталығы Зырян қаласында Абай, Жамбыл, Т.Тоқтаров, Жақсыбаев   және Мәншүк қызымыздың атында көшелер бар. Бұрынғы Зырян кен мырыш комбинатын көп жыл басқарып, осы Зырян қаласына көп еңбегi сiңген Жақсыбаев ағамыздың атын беретiн қала ортасында көше табылмай, Комсомол көшесiнiң шет жағы бөлiнiп берiлген болатын.

АЛЫПТЫҢ АЙБАРЫ КЕРЕК
Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) жартылай финалына шыққан бiздiң “арландардың” алдындағы асу – әзiрбайжандық “Ба­ку оттары” клубы. Әзiр­байжандықтардың сапындағы боксшылардың бойында расымен де оты бар. Әсiресе, аса ауыр салмақтағы алыбы Магомедрасул Меджидовте.
Аурудың 90 пайызына қалқанша безі себеп
Адам ағзасы эндокринды жүйе арқылы жұмыс істейтін көптеген мүшелерден тұрады. Эндокринды жүйе гормондар жасақтайды және бірқатар бездерден тұрады, бұл бездер бір-бірімен байланысты. Эндокринды жүйенің жұмысы бұзылса, бұдан бүкіл ағза зардап шегеді. Мұны зат алмасудың бұзылуы деген жалпы терминмен атайды.