1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №32 (15906) 24 сәуір, бейсенбі 2014
БАУЫРЖАН БАЙБЕК “НҰР ОТАНДЫ” ЖЕМҚОРЛАРДАН ҚАЛАЙ ТАЗАЛАМАҚ?
Жемқорлық туралы жазатын журналист Ник Кочан жақында Азаттыққа сұхбат бердi. Британдық журналист Алматыда екi аптаға жуық жүргенде көргенiн тiзген. Ол Қазақстанда саясат пен бизнестiң арасындағы байланыстан жемқорлықтың сұмдық өршiп кеткенiн байқапты. “Қазақстандағы басқару жүйесi мен жемқорлықты, саясат пен бизнестiң тоғысатын тұсын және қарама-қайшылығын зерттегiм келдi. Үкiметтiң, қаржы секторының, бизнестiң арасындағы жемқорлық байланысына шұқшиып, оның елге қалай әсер еткенiн түсiнуге тырыстым.
Ақорда бүкiл халықты қамтитын табысты жария етудiң алдында тәуелсiздiк тарихындағы үшiншi қаржы амнистиясын өткiзбек. Оның мәнi – осы күнге дейiн заңсыз айналымда жүрген қаржыны экономикаға керi қайтару, қажеттiлiкке жарату. Сарапшылар бұл жолғы көлеңкелi ақшаны заңдастырудың нәтижелi болатынына күмәнмен қарайды. Бұған дейiн екi мәрте жүргiзiлген қаржы амнистиясының арқасында ауыз толтырып айтарлықтай ақша қайтқан жоқ.
Атыраудың қылмыстық iстер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау облысының бұрынғы әкiмi Бергей Рысқалиевке қатысты iстер қаралып жатыр. Кейбiр қорғаушылардың айтуына сенсек, бұл сот биылғы жылдың тамыз айына дейiн, керек десеңiз, қыркүйек айына дейiн созылатын секiлдi.

Көлiгi құмырсқадай құжынаған Алматының жол сақшылары алақанын ысқылап жүр. Өйткенi санаулы күннен кейiн «Қазақстан Республикасының жол қозғалысы мәселелерi туралы кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңы күшiне енедi. Н.Назарбаев оған 17 сәуiр күнi қол қойған болатын.

Биылдан бастап оралмандар Қазақстан республикасының азаматтығын бiр жыл iшiнде алатын болды. Себебi, көшi-қон туралы заңға бiрқатар өзге­рiстер енбек. Бұл хабарды Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова ханым Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметiндегi брифингте мәлiмдедi.

“Аңыз адам” журналының төңiрегiндегi дүрбелең Ресей мен Қазақстан сыртқы iстер министрлiктерiнiң мәлiмдемелерiнен кейiн тiптi үдей түстi. Елдер арасын дүрлiктiретiндей мәселе емес едi. Бұлай ету кiмге керек болды? Қандай мақсатпен? Гитлер туралы солтүстiктегi көршiлердiң журналистерi мен жазушылары сан рет жазды, кiтаптар да шығарды. Ешкiм де дәл осындай деңгейде улатып-шулатқан жоқ.
ШАРДАРАДАН ШЫҚҚАН ШАТАҚ IС ШИЕЛЕНIСIП БАРАДЫ
“Мойындау – айғақтың патшасы”. 1937 жылғы қуғын-сүргiн кезiнде КСРО-ның прокуроры, қанқұйлы А.Вышинский көнеден келе жатқан осы мәтелдi жиi ауызға алған екен. Әрине, қазiр заман басқа, Ата заңға салсақ, ешкiмдi де жеке мойындауы бойынша соттауға болмайды. Айыпталушы өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.
Бұл аптада еңбек және әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова оралмандардың ризашылығына бөленсе, мәжiлiс депутаты Гүлжан Қарағұсованың қаһарына iлiктi. Үкiмет сағатында мiнберге сөз сөйлеуге шыққан министрге депутат Г.Қарағұсова бiраз ақыл айтты.

...Жетпiсiншi жылдардың басы, студенттiк шақтың алғашқы көктемi. Сол жылы Алматыға көктем ерте келдi. Қазақ Ұлттық университетiнiң механика-математика факультетiнiң 1-курсында оқитын кезiм. Бiр бөлмеде тұратын Камаш екеумiз бүгiнгi сенбiнiң кешiн асыға, тағатсыздана күтудемiз. Кешкiсiн бiздiң факультеттiң акт залында ақын Әбдiлда Тәжiбаевтың шығармашылығына арналған оқырмандарымен кездесу кешi өтпек.

Соңғы кезде Солтүстiк Қазақстан өңiрiнiң Ботай елдiмекенiнде жүргiзiлген археологиялық қазба жұмыстары кезiнде бұдан 5500 жыл бұрын қолға үйретiлген жылқының сүйектерiн қазақстандық тарихшы ғалым В.Ф.Зайберт тауып, арнайы еңбек жазып, жылқының алғаш қолға үйретiлген отаны Қазақстан екенiн дүниежүзiне таратқан болатын. Ғалымның бұлтартпас ғылыми

Бiздiң екi алып көршiмiздiң екеуiнде де зейнеткерлiкке шығу жасы – алпыс жас. Атамыз қазақ алпыстан асқандардан тек ақыл ғана сұрайтын. Күш-қайрат талап ететiн ауыр жұмыстарға салмайды. Атақты “Ер Тарғын” жырындағы Ақжүнiс сұлудың жасы алпыстан асқан Қарт Қожақ батырға “Бойдағы күшiң суалып, Менi көрiп тұрсың ба, Алайын деп қуанып” деуi де сондықтан.

ҚазҰУ-дың табалдырығын аттағалы берi “студенттiк өмiр” деген ұғымның мәнiн тереңiрек түсiнгендеймiн. Әрине, студент ұғымымен бiрге “бiлiм алу”, “iзденiс”, “емтихан” бiрге еске түседi. Алайда бұл студенттiк өмiрдiң бiр қыры ғана екен. Өзiн-өзi тәрбие­леу, жан-жақты дамыту, көзқарас қалыптастыру – мiне, ең маңыздысы. Бұл тұрғыда 80 жылдық тарихы бар ұлттық университеттi

“Түркiстан” газетiнiң жарыққа шыққанына 20 жыл толды. Бұл газеттiң негiзiн қалаған әрi бас редакторы болған халқымыздың бiртуар перзентi, Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджан газеттiң алғашқы нөмiрiнен бастап-ақ туған тiлiмiздiң, ата дiнiмiздiң, төл әдебиетiмiз бен мәдениетiмiздiң көкейкестi мәселелерiн көтергенi де белгiлi.

Қазiргi таңда қазақ басшылары қатал ененiң қас-қабағына қараған тiлалғыш, не айтса да басын изей беретiн, “отырса – опақ, тұрса – сопақ” жуас келiнге ұқсайды. Ененiң кiм екенi айтпаса да белгiлi. Еншiсiн берсе де, алысқа жiбермей бақылауында ұстап, күнара келiп киiм-кешегiн ақтарып, қазан-табағына араласып,

Бүгiнгi билiк не айтса да, экономикалық мәселелермен байланыстырып, елiмiздiң дамуы үшiн деп бүркемелейдi. Мұны жай халық түсiне бермейдi. Шынын айтсақ, қалай жанымды сақтаймын деп жүрген ел ондайды түсiнгiсi де келмейдi. Халық үшiн қазiр даурыққан бос сөз емес, оның билiкке деген сенiмiн арттыратын нақты iстер керек.

Руслан бүгiн ерекше бақытты. Табаны күректей он жыл бойы темiр тордың ар жағында телмiрiп отырып бостандыққа шыққан адам бақытты болмағанда қайтпек? Ол Ел ордасы Астананың қақ ортасында тұр. Қала адам танымас­тай өзгерiптi. Өзiн құдды шет­елде жүргендей сезiндi.

НЕМЕСЕ ТАЛҒАТ АЙТБАЙҰЛЫ ТУРАЛЫ БIРЕР СӨЗ
Әр қазақ өзiн нағыз қазақпын деп айтып, патриот санауы үшiн 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiнiң халық тарихында қаншалықты биiк орын алатынын жүрегiнiң сүзгiсiнен, ой-санасының тезiнен өткiзуi керек деп бiлемiн. Ондай түсiнiгi жоқ адам шын мәнiнде өз ұлтының өкiлiмiн деп айта алмайды. Ал айта қалса, оның сөзi жалаң, жаттанды, жай айта салды сылдыр сөз болып шығар едi.

Жақында, Шымкент қаласының дәл iрге­сiнен өтетiн ұзын жолдың бойында, Қазақстанда тұңғыш рет ұлтымыздың рухы мен сесiндей боп Алпамыс батырдың зор ескерткiшi бой көтердi. Ескерткiштiң ашылуына мыңдаған адам жиналды. Осы бiр үлкен оқиғаға бiз де қатысқан едiк. Шынында да тұла бойы жанды динамикаға толы рухты ескерткiш екен. Риза болыстық. Сол ескерткiш жанында

Қайсыбiр жылы Шымкенттегi қарттар үйiнде болғанымыз бар. Сондағы директордың айтқан сөзi әлi есiмнен кетпейдi. Бұрын қарттар үйiне келетiндердiң 80 пайызы еуропалық халықтардың өкiлдерiнен тұрған екен. Кейiнгi жылдары басым бөлiгiн қазақтар құрай бастаған. “Бiрде-бiр өзбек ұлтының өкiлi жоқ” дегенде таңырқап қалдық.

Бүкiләлемдiк бокс сериясының былтырғы аламанында чемпиондық атаққа қол жеткiзген “Астана арландары” клубының басты межесi – биiгiнен төмендемеу. Биылғы маусымның топтық кезеңiн тәуiр нәтижемен аяқтаған “арландар” ендi финалға өтер жолда Әзiрбайжанның “Баку оттары” клубын “сөндiруi” керек. Жартылай финалдың алғашқы жекпе-жегi 26 сәуiр күнi

ҚОЛАДАН ҚЫМБАТЫ КЕРЕК
Болгарияның София қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына өткен жерлестерiмiз кеше финалға берiлер жолдама үшiн жекпе-жекке түстi. Қыздар арасында Алуа Балқыбекова (51 келi) армян қызы Ануш Григорянның шама-шарқын байқады.