1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (15907) 29 сәуір, сейсенбі 2014
Астанадағы шендiлердi алашапқынға салған медиафорум да өте шықты. Билiктiң “астауынан” ас iшiп жүрген ресми БАҚ “керемет өттi” десiп, жапа-тармағай мақала жариялап жатыр. Бiрақ елiмiзде өтетiн кез келген халықаралық жиынның Қазақстанға тигiзер тиiмдiлiгi болуы шарт. Ал Дариға Назарбаеваның медиа жиынынан қазаққа, мемлекетке келетiн тұтамдай пайда бар ма? Еуразиялық медиафорумның Астанада жиi-жиi өтiп жататын түрлi басқосулар мен саммиттерден бiр ғана айырмашылығы бар. Медиа жиынның тiзгiнi – Нұрсұлтан Назарбаевтың емес, Дариға Назарбаеваның қолында. Өйткенi ол – осы форумның ұйымдастыру комите­тiнiң төрайымы. Былайынша айт­қанда, бастық. Бастық болған соң, басып-басып айтса, жарасып тұ­рар едi. Ал Дариға не айтты? 
Саясаттанушы, Тәуе­келдердi бағалау тобының же­текшiсi Досым Сәтбаев қазақстандық шенеунiктер елiмiздiң интеграциялық жобалар­ға қатысуына ықпал етемiз деп жүрiп бос қиялдың тұзағына түсiп қалды деп есептейдi. Қазақстан билiгiнiң қандай аңыз бен қиялдың жетегiнде кеткенiн жi­лiктеп берген Д.Сәтбаевтың мақаласын ық­шамдап, оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Кеше “матрица.кз” сайтында Алматы қаласының “Ақсақалдар алқасының” билiкке жолдаған үндеу хаты жарияланды. Құрамында беделдi азаматтар мен танымал жазушы, ақындары бар алқаның өкiлдерi Қазақстанның Еуразиялық одаққа кiру мәселесi жан-жақты талқылаудан өтпегенiн алға тартады. “Қазақстанның бұл одақа кiруiне байланысты жалпыхалықтық референдум өткiзiлмедi.

Алматының бұрынғы әкiмi Виктор Храпунов жақында журналист Алексей Тихоновқа сұхбат берiп, қызық жайттарды сөз етiптi. Храпуновтың айтуынша, сыртқа кеткен ақшаны заңдастыру ең алдымен президент Назарбаевтың отбасы мүшелерiне қажет. Сондай-ақ, ол президенттiң туысы Болат Назарбаевтың миллиондарды арнайы қоймаларда сақтайтынын айтыпты.
Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң басшысы ауысқанда, бiраз адам бұл жаңалыққа қуанған. Өйткенi бұған дейiн реформалармен шатысып кеткен бiлiм саласы Б.Жұмағұловтың тұсында былыққа белшесiнен батқаны мәлiм. А.Сәрiнжiпов министрлiкке келген сәтте жаңа басшының жас ерекшелiгi мен оқыған-тоқығанын ескерген жұрт елiмiздегi бiлiмге қатысты қордаланған проблемалардың түйiнiн тарқатады деп үмiттендi.
Теңгенiң құны құлдырады. Бұған қазақстандық кез келген азаматтың көзi анық жеттi. Осыдан екi-үш ай бұрын қалтаңыздағы 10 мың теңгеге дүкеннен бiр сөмке тауар көтерiп шығатынсыз. Ал қазiр сол ақшамен базар аралап, болар-болмас зат сатып аласыз. Құнсызданған теңгемен жарысқан қымбатшылықтың соңғы екi аптада қарқын алғаны сонша, әр тауардың бұрынғы бағасына 20 теңгеден бастап 200-300 теңгеге дейiн қосылған.

 

Ақтөбедегi “Нұрдәулет” сауда орталығын уақытша жабу туралы облыстық соттың шешiмi 100-ден астам   кәсiпкердiң ашуын туғызды. Сауда орталығының жүздеген азаматы сот ғимаратының алдына келiп, әдiлетсiз шешiмнiң бұзылуын талап еттi. Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Айтжановқа 800 кәсiпкердiң қолы қойыл­ған хат тапсырылды.
ҚҰДАЙ ҮЙIНЕ ҚҰДАЙЫН ҰМЫТҚАНДАР ҒАНА НЕМҚҰРАЙДЫ ҚАРАЙДЫ
Бұл қазаққа жетпегенi осы едi, Құдайды алдау ғана қалып едi. Оны да бiр жағына шығарып тастадық. Осыдан 17 жыл бұрын 45 мың мұсылман тұратын Байқоңыр қаласында мешiт салу мәселесi көтерiлген. Байқоңыр қаласының тұр­ғыны, емшi Сағира Жалмаханова 1997 жылы Байқоңыр қаласы әкiмшiлiгiнiң табалдырығын тоздырып жү­рiп, 0,49 га жерге мешiт салу рұқсатын алады.
Соттар мен дәрiгерлер қателеспесiн, егер қателессе, оның зардабы ауыр болады. Ауырлығы сол, бұл қателiктi түзету қиынның қиыны. Соңғы жарты жылдан берi құқық қорғау органдарының табалдырығын тоздырумен келемiн. Құқығымызды қорғайды деген полиция мен прокуратураның адам тағдырына соншалықты салғырт қарайтыны менi таңғалдырды.

Бойдақ салығы туралы әңгiме қайта көтерiлдi. Оны қозғаған адам – қазақтың әйгiлi демографы Мақаш Тәтiмов. Мақаңа салсаң, салықтың бұл түрi салт басты, сабау қамшылы жүрген жiгiттер мен отырып қалған қыздардың санын азайтады екен. Бұрын бұл кiсi “үйленгендерге үкiмет көмек берсiн, жас отбасыларға қаржылай қолдау жасалсын” дегендi де сан мәрте айтқан.

Жуырда Сыр елiнiң iргелi бiлiм ошағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетiнде қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығы бойынша VI республикалық студенттiк пән олимпиадасы өттi. Оған елiмiздiң әр аймағындағы 27 жоғары оқу орнының жастары қатысты.
Сарапшылар 65 мемлекеттiң оқу орындарына қатысты зерттеулер жүргiзгеннен кейiн бұл сұрақтың жауабын тапты, деп хабарлайды uaua.info порталы. Тiзiмнiң басында Шанхай қаласының (Қытай) жастары мен Оңтүстiк Корея және Финляндия студенттерi тұр. Ал “ақылдылық” қандай өлшемдер бойынша сараланған?
ҚЫЗДАР ШЕРТКЕН КҮЙ ҚАНДАЙ!?
Жуырда Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық университетiнiң Өнер және мәдениет факультетiне қарасты Музыкалық аспаптар кафедрасының “Күй құдiретi” атты есептiк концертi өттi. Бұл шара университеттiң 70 жылдық мерейтойына және Музыкалық аспаптар кафедрасының құрыл­ғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған.
Абу Райхан Беруни атындағы Ташкент мемлекеттiк техникалық университетiнiң студентi бұл ерекше телефонды Өзбекстанның VII республикалық инновациялық жобалар жәрмең­ке­сiнде көпшi­лiкке ұсынды. Ең таңданарлығы, Сирожиддин Насриддинов 1 курс­ты әлi аяқтамаған. Ал оның МХ-1 ұялы телефонын мамандар әлемде теңдесi жоқ жаңалық деп бағалап отыр.
Көпшiлiкке белгiлi, қазақ әлiп­биiн­де 42 әрiп бар. Сол 42 әрiптiң 14-i – қазақ тiлiне, оның фонетикалық жүйесiне жат дыбыстар. Олар – сөздiк қорымызға орыс тiлiнен және орыс тiлi арқылы үндiеуропа тiлдерiнен келген сөздердi тiлiмiзге заңдастыру үшiн кеңестiк кезеңде арнайы ендiрiлген әрiптер (дыбыстар). Бұлар – А.Байтұрсынұлының әлiпбиiнде жоқ дыбыстар. Алдымен соларды санап өтелiк. Олар: В, Ё, Ф, Х, Ц, Ч, Щ, Э, Ю, Я, Ъ, Ь және И, У.

Биыл туғанына 125 жыл толатын жазушы Жүсiпбек Аймауытовтың есiмiн ауызға алсақ, ойымызға ең алдымен Семей оралады. Сол кезде ұлт руханиятының орталығы iспеттес болған Семейден жалғыз Жүсiпбек емес, талай жақсылар қанаттанып шыққан. Қазақ оқығандарының iшiнде Семей топырағын баспағандары кемде-кем. Жүсiпбек те солардың бiрi. Осы жердегi мұғалiмдер семинариясын бiтiредi.

“М.ГОРЬКИЙ БЕЛОМОР-БАЛТЫҚ КАНАЛЫНА БАРҒАН ЕМЕС!”
Кеңес жазушысы Максим Горькийдi кейбiр әдебиет зерттеушiлерiнiң “1933 жылы Беломор-Балтық каналына 200 жазушыны бастап алып барып, сол жерде кеңес чекистерiнiң, оның iшiнде Г.Ягоданың атына мақтау сөз айтқан” деп кiнәлап жүргенi де рас.
Кукрыникстер – әлемдiк мәдениетте есiмдерi кеңiнен танымал суретшiлер. Олар саяси карикатураның классиктерi және кеңестiк бейнелеу өнерiне де көп еңбек сiңiрген суретшiлер. Кукрыникстер – Суретшiлер академиясының мүшелерi Михаил Куприянов (1903 – 1991), Порфирий Крылов (1902 – 1990), Николай Соколов (1903 – 2000) болатын. Куприянов
Астанада күрес түрлерiнен Азия чем­пио­наты мәресiне жеттi. Грек-рим, еркiн һәм әйелдер күресiнен ұлттық құраманың бiрнеше балуаны белдесуге түскен додада Таңат Сағындықов баптайтын жiгiттер жай отындай жарқылдады. 98 келi салмақта құрлықта қара үзген Ерұлан Ысқақов бабына енгенiн дәлелдеп бердi. Алдымен тәжiк балуанын әбден илеп, айқын басымдықпен ұтты.
Қазақстан чемпионатының 8-тур ойындары тар­тыс­ты өттi. Алматылық “Қайрат” ойыншылары павлодарлық “Ертiс” қақпасына 2 гол соқса, қонақтардың қарымы 1 гол тоғытуға ғана жеттi. Қуантаев 39-минутта есеп ашып берiп едi, Дарабаев 41-минутта есептi еселей түстi. “Ертiс” сапынан Говедарица 89-минутта еншiсiне гол жазды.
КЕЙIНГI ШОҒЫРДЫҢ ДА ШОҚТЫҒЫ БИIК
Болгарияның бас қаласы София төрiнде өткен жасөспiрiмдер арасындағы әлем чемпионатынан бокс­шыларымыз еңселi оралды. Екi алтын, екi күмiс, бiр қола медаль олжалаған құрамамыз әлемдiк көштiң алдына шықты. 49 келi салмақта Шал­қар Айқынбай финалда өзбек боксшысы Сүлеймен Латиповты жеңсе, 60 ке­лiде Абылайхан Жүсiпов­тiң тегеурiнiне румын Арсен Мустафаның өзi төтеп бере алмады