1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (15908) 1 мамыр, бейсенбі 2014

2017 жылы Астанада өтетiн халықаралық көрменiң салмағы жұрттың жаурынына батып-ақ жүр. Осы көрменi Астанада өткiзуге мұрындық болғандар бiр сәтке базар араласа, баға еңсесiн басқан жұрттың не деп жүргенiн естiр едi. Ең болмаса, сағаты 100 теңгелiк ақылы паркоматқа көлiгiн қойып көрсiншi. Қайбiр күнi көлiктердi көгендеп жүрген “паркоматчик” пен көлiк тұрағының ақысын қымбатсынған клиенттiң жаға жыртысқанына куә болдық. Анау “төлейсiң!” деп дiгiрлейдi, мынау “төлемеймiн!” деп қасарысады. Жаға жыртылды, тұмсық қанады. Бұл екеуiнде кiнә жоқ негiзi. Кiнә – EXPO дейтiн жұрттың арқасына аяздай батқан қызылкөздi iргеге сүйреп әкеп байлағандарда.

Аруағыңнан айналайын Ататүрiк былай дейдi: “Мен үшiн ең ұлы қорғаныс ұясы, ең ұлы тiрек көзi – ұлтымның кеудесi. Сондықтан да мен ұлтымның кеудесiн ешкiмге бастырмау үшiн барымды саламын!”. Түрiк ұлтының мүддесiн көздеу мен мерейiн көтерудi Ататүрiктiң ең ұлы мiндет, ең басты мақсат санағаны осы бiр ауыз сөзден-ақ анық көрiнiп тұр.

Мәскеуде дәрiс оқыған Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдегi сапарын аяқтаған соң, ары қарай Беларуське ұшып кеткен едi. Бiрақ президентiнiң әр қадамын бағып отырған мұндағы жұртшылықтың назары сол дәрiс оқылған жерде “қалып қойды”. Себебi дә­рiсшi кiсiнiң қадау-қадау ойларын қорыта алмай қиналғандар жетiп артылады.

Жамбыл облысының әлеуметтiк-экономикалық ахуалы республиканың өзге өңiрлерiмен салыстырғанда көш соңында қалып келедi. Бұл ретте, әулиеаталықтардың әлеуетiнiң жақсарып, тұрмыс жағдайларының тiктелуi үшiн  облыс бюджетiнiң әрбiр тиыны тиiмдi жұмсалуы тиiс емес пе?

Олардың бiрi – 1980 жылдың 29 қазанында туылған Әсел Құрман­бае­ваға тиесiлi. Порталдың жазуынша, Әсел Исабаева өзiнiң тегiн Құрманбаеваға өзгерткен, оның екi баласы бар. Үлкенi – 2005 жылдың 6 сәуiрiнде туылған Тауман Нұрсұлтанұлы, кiшiсi – 2008 жылдың 5 желтоқсанында дүниеге келген Бәйкен Нұрсұлтан

АЛМАТЫДА ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТЕДI
Қазақстан патриоттарының ұйымдастыруымен өткен Антиеуразиялық форум қалың бұқараның Тәуелсiздiктi қорғауға бiршама дайын екенiн айқын дәлелдедi. Ұлт жанашырларының бiрiгуiнен, қосылуынан қорыққан билiк бұл жиынды өткiзбеудiң түрлi амалдарын қолданды: конференц зал қожайындарына қысым жасаудан бастап Антиеуразиялық форум туралы ақпарат берген интернет сайттарға хакерлiк
Қазақстан Республикасының премьер-министрi Кәрiм Мәсiмов мырзаға дұғай сәлем
Құрметтi, Кәрiм Қажымқанұлы! Қандастарымызды отанына оралту iсi, бастапқыда үй беру, квота бе­ру, жер телiмдерiн беру, Қазақстан азаматтығын барынша жеңiл­де­тiлген тәсiлмен беру сияқты тиiмдi амалдар арқылы сәтiнен жүзеге асып келген едi.
“Malta Today” агенттiгiнiң хабарлауынша, Рахат Әлиев Грекияға қашып барып, Кипрдiң төлқұжатын алуға әрекеттенiп жатқан көрiнедi. 2007 жылдың көктемiнен берi Еуропаны паналап жүрген Әлиев осы уақытқа дейiн тұрғылықты жерiн бiрнеше мәрте ауыстырды.

Қатардағы оқырман оның бар-жоғынан мүлдем хабарсыз болуы мүмкiн,ол заңды да. Өйткенi ғылым көпшiлiктiң күнделiктi тұрмыс-болмысындағы негiзгi арқау емес, бұқара халық ғылыммен айналысатын адамдардың не бiтiрiп жатқанын анда-санда ақпарат құралдарынан   бiлмесе , басқа хабары жоқ.

Дүйсенбi күнi Байқоңыр ғарыш айлағынан “ҚазСат-3” жасанды жер серiгi тиелген “Протон-М” зымыраны ұшырылды. Бұған Астанадағы “Антигептил” азаматтық ұйымының белсендiлерi наразылық бiлдiрiп, Ақорданың алдына шықты. Бала демей, шаға демей, қойдай үйiрiп қамап тастайтын полиция қарап тұрсын ба,

“Нострадамус” десе, етпе­тiмiзден түсiп, елбек қағамыз. Нострадамус болмаса да, ұлтымыздың тарихында алдын болжаған атақты би, ғұлама, өз заманының дарабоздары аз болмаған. Соның бiрi – Мөңке би. Әйгiлi Мөңке би. Ендi Мөңке бидiң жорамалына көз салып, бүгiнгi күнiмiзбен салыстырып байқаңызшы:

Редакцияға 75 жастағы қарт ана телефон шалды. Аты-жөнi – Жамал Сейiтова. Мамандығы – дәрiгер. 39 жыл Алматыда пульманолог, гастроэнтеролог болып жұмыс iстептi. Бiзге телефон шалып, келiнiн жер-көкке сыйғызбай мақтады. “Үйге келiндершi...” дейдi өтiнiш айтып. Құдайға шүкiр, елге де, ата-енеге де сыйлы келiндер баршылық. Сонда да болса, апайға жолығуды жөн санадық.

Қазақтың тұлғалы азаматы – жездем Сәлкен Хасенұлы Субханбердин Баянауылда 1914 жылдың 7 мамырында ұстаз отбасында дүниеге келедi. Әкесi Субханбердi Хасенұлы Павлодар облысынан алғашқы шыққан қазақ мұғалiмдерiнiң бiрi болып, ағартушылық қызмет атқарған.

Түлкiбас өңiрiнде соңғы үш айда талай игi шаралар өттi.Оған қатысқан аудан басшыларынан бөлек облыс, Алматы, Астанадан келген қонақтар да аз болмады. Мiнберге көтерiлген олар суырылып сөйледi дейсiз. Жүрекке жылы тиетiн кейбiр сөздерiне қатты тебiренiп кетiп, жылағың да кеп кетедi сол сәтте.

“Көксарай” су қоймасы – “ғасыр құрылысы” аталып, шамамен 47000 гектар жердi алып жатыр. Сыйымдылығы 3 мил­лиард шаршы метр. Су толған кезде о шетi мен бұ шетi көрiн­бейтiн телегей теңiзге айналатыны да рас. Сырттан қарап тұрған адам бұл алып құрылыс­тың тез арада бiткенiне, мынадай көз жетпес көк теңiздiң сұлулығына таңғалатыны тағы да шындық.

Сонау кеңес өкiметi тұ­сында адуынды ақынымыз Қасым Аманжоловтың Алматы қаласынан бiр пәтерге қолы жетпей, жертөледе өмiр сүрiп жатып басшыларға “бер­месең бермей-ақ қой баспанаңды, сонда да тастамаймын астанамды, жүректiң отын жағып жылытармын, өзiмдi, әйелiмдi, жас баламды” деп жырлағанындай, мына қымбатшылық заманда барлық жеңiлдiктерiмiзден

БЕДЕЛ ТЕК АҚШАҒА АУҒАН ЗАМАН ҒОЙ
Сәлеметсiң бе, “Жас Алаш”! Басқа газетке жазыла алмасам да, алты ай сайын сiздерге жазылуға тырысамын. Өзiм оқып бiткеннен кейiн, “Жас Алашты” жаздыра алмай жүргендерге беремiн. Олар да маған оқыған газеттерiн бередi... Аулада тұратын қарттар бiр-бiрiмiзге осылай көмектесемiз.

Дәмелiнiң соңғы күндерi жағдайы мүлдем қиындап кеттi. Өзi де бiттi... құр сүлдесiн сүйретiп жүр. Мына дерт жанын жалмайтын болды... сай-сүйегi солқылдайды. Кiмге барады? Кiмге сенедi? Кiмге арқа сүйейдi? Құдайым күпiрлiктен сақтасын. “Жоқ” деп айтудан қорқады. Бауыр етi бауырлары бар емес пе?!

“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” дейдi қазақ. Әбiлқасым Сәрсенбаев та өз кiтабында әкесi, анасы, отбасы тәрбиесi туралы толғанады. Әсiресе, Әбiлқасым ағамыз әкесi Сәрсенбай Байкенжеұлының ұлағаты мен өнегесiне, iсi мен әрекетiне, әкелiк қайырымы мен мейiрiмiне кеңiнен тоқталады. Айтпақшы, осы кiтаптың бас кейiпкерi Сәрсенбай ақсақал – аса көрнектi жазушымыз,

“Жас Алаштың” 17 сәуiрдегi нөмiрiнде жазушы Кәмел Жүнiстегiнiң “Бiзде шал көп, бiрақ ақсақал жоқ” деген танымдық мақаласы жарияланды. Кәкеңнiң жазғандарына алып-қосарымыз жоқ. Ащы да болса, ақиқат. “Ойды – ой қозғайды” дегендей, бүгiнгi таңда осы мақалаға өзек болған “кейiпкер шалдар” қай елде болмасын жетiп, артылады.

Қазақ күресiнен Ырғызбай әулие атындағы халықаралық турнир биыл екiншi мәрте ұйымдастырылды. Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат ауылында өткен байрақты бәсекеде елiмiздiң әр өңiрiнен келген апайтөс балуандармен қоса Өзбекстан, Ресей, Қыр­ғызстан, Армения, Моң­ғолия, Грузия, Тәжiкстаннан шекара асып жеткен алыптар да белдестi.    

Сейсенбiден сәрсенбiге ауған түнi Мюнхенде жергiлiктi “Бавария” мадридтiк “Реалға” қарсы ойнап, 0:4 есебiмен тұңғыш рет ойсырай ұтылды. Осы күнге дейiн екi серкенiң басы 16 мәрте түйiстi: 8 рет “Бавария” жеңсе, 7 ойында “Реал” ойыншыларының айдарынан жел естi, 1 кездесу тең нәтижемен аяқталды. Дәл кешегi ойынға дейiн мюнхендiктер өз алаңында (Альянц Арена стадионында) мадридтiктерден жеңiлген емес

КЕТЕМ ДЕДI, ҰСТАМАДЫ
Семейлiк “Спартак” футбол клубының бас бапкерi Алмас Құлшын­баев өз еркiмен қызметi­нен кеттi. Биылғы премьер-лига басталғалы берi “Тобыл” мен “Тараз” клубтарының бас бапкер­лерi жылы орнымен қош айтысқан болатын. Құлшынбаевты қыз­метiнен айырған – өзгенiң тепкiнi емес, өз iсiнiң өнiмсiздiгi.
23 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ
Осы уақытқа дейiн дүние­жүзi бойынша жас әже атанған бiр-ақ адам бар едi. Ол 26 жастағы ағылшын тұрғыны болатын. Ал ендi оның орнын 23 жастағы Рифка Станеску басты. Бұл туралы vk.com хабарлайды. Рифканың өзi қызы Марияны 12 жасында босанған. Бiр жылдан соң өмiрге Никалай деген ұлы келдi.