1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №35-36 (15909-910) 6 мамыр, сейсенбі 2014
9 мамыр мерекесi қарсаңында “Жолаушы тасымалы” АҚ соғыс ардагерлерiне жеңiлдiк жасап, жыл соңына дейiн пойызда тегiн жолаушылататын болды. Бiр аяғы – жерде, бiр аяғы – көрде тұрған ардагерлердi жыл соңына дейiн демей-ақ, “бұдан былай тегiн жүрсiн” деп шешсе де болатын едi ғой. Темiржолға жауапты басшылардың мұнысын алалау деуге келмес сiрә, қазақ үкiметi сияқты бөлiп-жарып, “астаналық ардагерлер купеге мiнсiн, алматылықтарға плацкарт та жарайды, өзгелерi ақша төлесiн” демегенiне шүкiр.
Минскiде өткен Жоғарғы еуразиялық экономикалық комиссияның мемлекет басшылары деңгейiндегi кездесуiнде айтылған кейбiр жайттарды үкiметтiк ақпарат құралдары назардан тыс қалдырды. Алайда бұл жиындағы Беларусь президентi Александр Лукашенконың В.Путин және Н.Назарбаевпен келiспей қалған тұсы Еуразиялық экономикалық одақтың болашағына нүкте қоюы мүмкiн. Еуразиялық экономикалық одақ аясында үш елдiң мұ­най, мұнай өнiмдерi мен газ нарығы ортақ болып, өзара саудада алым-салымдар мен шектеулер алынуы тиiс болатын. 
НЕМЕСЕ АНДРЕЙ КОНЧАЛОВСКИЙДIҢ АҚИҚАТЫ МЕН АҚОРДАНЫҢ ҰСТАНЫМЫ
Бұрын көпшiлiк Андрей Конча­ловскийдi талантты кинорежиссер ретiнде жақсы бiлетiн. “Бiз қайда кетiп барамыз?” атты мақаласынан кейiн жұрт оны орыс халқының ең адал перзенттерiнiң бiрi ретiнде бағалай бастады. Өйтпегенде ше? Андрей айтқан ақиқаттың қаны сорғалап тұр. Кеуде соққан өктем билiгi мен Ресейдiң шынайы өмiрi мүлде екi басқа.
Вашингтондық “Еркiн Азия” ақпарат агенттiгi Қытайдың Батыс терiстiгiндегi Шыңжаң автономиясына қарасты Күнес ауданында диқандардың жерi мәжбүрлi түрде тартып алынып жатқаны туралы хабар таратты. Осы мақалаға сiлтеме жасап, мәселенiң мән-жайы туралы мәлiм еткен “Алты Алаш” ақпарат көзi қандастарымыздан тартып алынған жерлер қала құрылысын қарқынмен кеңейтiп жатқан компаниялардың меншiгiне берiлгенiн жазады.
ДӘРIГЕРГЕ СЕНIМ ҚАЛМАҒАН БҮГIНГI ЗАМАНДА ЕМ ТАБУ ДА ҚИЫН
Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын емшiге барып, ауруымнан айықтым деген кiсiге жұрт басқаша қарайтын. Тiптi кейбiрi емшiге барудың надандық екенiн айтып, жазғыратын да. Ал қазiр ше? Қазiр керiсiнше. Дәрiгерге барып, емделiп, сауығып кеттiм деген адамға күдiкпен, таңданып қараймыз. Неге? Өйткенi қазақстандық медицина теңеуi жоқ деңгейге түсiп кеттi.
Жақында белгiлi философ, саяси қайраткер, Ресейдiң Ислам комитетiнiң төрағасы Гейдар Джемаль интернет арқылы мынандай деректердi жариялады. Ендi сөздi Г.Джемальға берелiк: – Бұл iс кезiнде “Өзбектердiң iсi”, кейде “Мақтаның дауы” деп те аталды. Ал шындығында бұл iс қалай болған едi? Ендi соған түсiнiктеме бере кеткендi жөн көрiп отырмын. КСРО Бас прокуратурасының
Одессадағы кәсiподақтар үйiнде болған қанды қырғыннан кейiн Украинадағы шиеленiс асқына түстi. Елдiң шығысында жалғасып жатқан антитеррористiк операциялар кезiнде қаза тапқандар бар. 2 мамыр күнi Одесса қаласында көшеде басталған қақтығыстардың арты кәсiподақтар үйiн­дегi өртке апарып соқтырды.
Сан миллиондаған адамның өмiрiн жалмап, талай боздақтарды қыршынынан қиып кеткен қанды шайқастарға толы сол бiр жылдар ешқашанда ұмытылмақ емес. Сол оқ пен оттың өтiнде болған жауынгерлер туралы журналист Әбдiлдәбек Жанатовтың соғыс ардагерлерiмен жүздесiп, сыр-сұхбат жүргiзген әңгiмесiн жариялап отырмыз. Бүгiнде бұл кiсiлердiң барлығы бақилық болды.
Заңғар едiң заманында бiр туған,
Көкiрегiң кенiш едi нұр тұнған.
Ерлiгiңе, өрлiгiңе таңғалам,
Болмайтынды болады деп ұмтылған.
Аяладың көктемдердi құлпырған,
Тазаладың көңiлдердi кiр тұрған.
Менiң әкем Шәрiп Оразаев 1907 жылы Семей облысының Жарма ауданындағы Қалбатау ауылында туған. 1941 жылы соғысқа аттанған әкемнен 1943 жылы қара қағаз келдi. Бұл зұлмат соғыс кiмдерге кесiрiн ти­гiзбедi десеңiзшi, менiң әкем Шәрiп Оразаевқа да туған жерден топырақ бұйыртпады. Шешем Мағаш Оразаева 27 жасында жесiр атанды.
ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ГЕНЕРАЛҒА ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТIП ЖҮРМIЗ?
Қазақтан шыққан тұңғыш генерал... Бұл – өте даулы мәселе. Бiз осы уақытқа дейiн қазақтан шыққан тұңғыш генерал деп Шәкiр Жексенбаевты атап келдiк. Ол генерал-ма­йор шенiн 1943 жылдың қазанында алған. Бiрақ Тәуелсiз Қазақстанның жаңа тарихы бұған өзiнiң тү­зетуiн енгiздi.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталған соң Германияның Нюрнберг қаласындағы халық­аралық әскери трибуналда фашистiк режимiнiң Гитлер мен Борманнан басқа жетекшiлерi сотқа тартылды. Сот 1945 жылдың 20 қарашасында басталып, 1946 жылдың 1 қазанында аяқталды. Бұрын-соңды болмаған бұл үлкен сот тарихқа Нюрнберг процесi деген атпен жазылды. 1943 жылдың 1 қарашасында КСРО, АҚШ және Ұлы­британияның сыртқы iстер министрлерiнiң Мәскеу конвенциясы протоколына құпия түрде қол қойылды
Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа қазақ жерiнен аттанған әрбiр екiншi жауынгерге туған жердiң топырағы бұйырған жоқ. Жат жерде қаншама боздақтың сүйегi қалды, қаншама жауынгер iз-түзсiз жоғалды. Күнi бүгiнге дейiн дерегi жоқ, моласы белгiсiз қазақ солдаты қаншама… Бұл тек айтуға ғана оңай. Соғыс жара салмаған, қара жамылдырмаған отбасы жоқ деуге болады. Арада жетпiс жыл өтсе де, сол жара әлi де сыздайды. Жетпiс жылдан кейiн де қаралы күндердiң жаңғырығы естiледi.
Қасым аға емхананың төсегiнде отыр. Қан қысымы күрт көтерiлiп, операциядан кейiн көзге қан құйылған. Ештеңе көрмей қалыпты. Екiншi рет операция жасауға тура келген. Қазiр сол операциядан соң тиiстi емiн алып жатыр. Өңi жүдеулi. Төмен қараған күйi әңгiмесiн бастады. Қасыңа ешкiм келмеген сәтте жалғыздықты қатты сезiнесiң. Көзiңдi ашсаң, бәрi бұлдыр. Құлақ болса да, естiмейдi. Тып-тыныш. Құлазисың. Ерiксiз өткен өмiрiңдi еске аласың.
Қазақ сөз өнерiндегi жарық жұлдыздардың бiрi – Оспанхан Әубәкiров. Егер тiрi жүрсе, бүгiнгi сатириктерiмiздiң бас сардары ретiнде өз орнын ойып алып, тө­рiмiзде отырар едi. Өйткенi Осекең көзi тiрiсiнде-ақ қазақтың төрт құбыласын түгел күлкiге қарық қып, iшегiн түйiп, шаншуын үзген. Сырлы сөздiң сын садағын асынғандардың өзгесi бiр төбе де, өзi бiр төбе болатын. Сардар деген шен алып, шекпен жамылмаса да, қазақ тiлiн түсiнетiн жұрт Оспанханның отауын оқшаулап, орнын бөлек сайлағалы қашан. Қайран Осекең! Күлкi менен әзiлдiң, мысал менен мысқылдың көмбесi едi ғой, кенi едi ғой....
Соғыс десек, осы бiр зұлматпен есiмi тығыз байланысты қазақ батырлары ойымызға ерiксiз оралады. Солардың iшiнде өзiме жақсы таныс, аяулы ағаны айрықша атап, еске түсiргiм кеп отыр. Ол – жексұрын жауды шыққан iнiне – сон-а-ау Берлинге дейiн қуып тығып, Рейхс­таг­қа Жеңiс туын тiккен қазақтың батыр ұлы Рақымжан Қошқарбаев. Рақымжан ағамен ал­ғаш­қы таныстығым 1984 жылдың көгiлдiр көктемiн­де болған едi.
Бiздiң нағашымыз Салмарбек Мейiрқұлұлы 1922 жылы Мойынқұм ауданында дүниеге келген. Кiшкентай кезiнен қиыншылықтың бәрiн басынан өткiзген адам. 1942 жылы Абай атындағы педагогикалық учи­лищенi бiтiредi. Бiрақ көп ұзамай өз замандас­тары секiлдi Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа аттанады. Қанды қыр­ғын соғыстың ортасынан аман шығып, елге 1946 жылы оралады. Ауылға келген соң, Амангелдi атындағы се­гiз жылдық мектепте мұғалiм болып, зейнет­керлiкке шыққанша мек­тептiң директоры қыз­метiн атқарды.

Алматы қаласының Түрксiб ауданында мемлекеттiк тiлде бiлiм беретiн мектеп саны саусақпен санарлық. Ғасырға жуық тарихы бар ауданда отызға жуық мектеп бар. Өкiнiшке қарай, таза қазақша оқытатын бiлiм ошағының саны – бар болғаны төртеу. Бұл не масқара? Отыз шақты мектептiң басым бөлiгi – орыс тiлiндегi бiлiм беру меке­мелерi. Сонымен қатар Түрксiб ауданындағы мектептiң аралас тiлде оқытатын түрi өте көп

Әкем Есжан Берлiқо­жанов 1894 жылы Алматы облысы Есенгелдi (бұрынғы Талдықорған ауданы) ауданында өмiрге келген. Еңбек жолын жалшылықтан бастады. Кейiн хатшы, кол­хоздың председателi жұ­мыстарын атқарды. Әкем колхоз жұ­мысының әр саласында жұмыс iстеп, озат еңбек ерi атанып, мол тәжiрибе жинаған адам. Отан, халық алдында үлкен жауапкершiлiк барын жү­ре­гiмен қабылдап, оны жүзеге асыру үшiн үлкен шаралар атқарды

Көзiн жұмып көгершiндер құлындар,
Ет-жүректi ездi-ау әттең бiр үн зар.
Қыршынынан кеттi арманда қиылып,
Ақ балам бар, келiнiм бар, iнiм бар...
 Жауыздар-ай, жанды өлтiрдiң бес бiрдей,
Жамандықпен жатпай-ақ бiр кешкiрмей.

1988 жылы әскер қатарына Алматы қаласы Калинин ауылдық әскери комисса­р­и­атынан шақырылдым. Желтоқсан көтерiлiсiнен кейiн аптасына, айына “қатыстың” деген айыппен оқу оқып жүрген студенттердi жазалау жүрiп жатқан уақыт болатын. Бұл қуғын-сүргiннен құтылуға асыққан жастардың көбiсi әскер қатарына кетiп қалуға ынталы едi. Мен де әскери комиссар В.Емельяновтың атына өтiнiш жазып жүрiп, 20 “А” командамен шетелге әскерге шақырылдым. 1941-45 жылдары соғысқа аттанған асыл ата-апаларымыздың қаны төгiлген, сүйегi қалған, жастық

2007 жылдың наурыз айында “Закон и правосудие” газетiнiң тiлшiсi Оралғайша Омаршанова iз-түзсiз жоғалды. Содан берi тiлшiден хабар-ошар жоқ. Не өлi, не тiрi екенi белгiсiз. Алғашқыда жiптiң ұшы шыққандай болған, алайда әлдебiр “әлеуеттi қолдар” бұл iстi қайтадан қымтатып тастағандай болды. Өйткенi егер бұл iс әшкере болса, талайлардың бетi ашылатыны белгiлi боп қалды. Тiптi сонау Ақордадан бастап...
ШАРЫН МЕМЛЕКЕТТIК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКIНЕ – 10 ЖЫЛ!
Жақында Алматы облысындағы Шарын ұлттық табиғи паркiнде “Парктер шеруi” өттi. “Парктер шеруi” деген не? Ол – табиғатты қорғауға бағытталған арнайы акция. Парктер шеруi XIX ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та басталған. Осы шерудiң аясында “Жер күнi”, “Ағаш күнi”, “Құстар күнi” деп аталатын iс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл акция Қазақстанда 1996 жылдан берi өткiзiлiп келедi.

Итальяндық ғалым, жазушы Умберто Экоға бала күнiнде көршi әйел жыл са­йын кiтап сыйлайды екен. Өз естелiгiнде Умберто “Жыл сайын бiр кiтап тарту ететiн көршi әйел менен кiтаптың мазмұны үшiн оқисың ба, әлде кiтап оқуды жақсы көресiң бе деп сұрады.

Өртенiп кеткен клубтың қаңқиған қаңқасына қарама-қарсы, кезiнде әжептәуiр автобус аялдамасы мiндетiн атқарған, бұ күнде төңiрегiндегi дү­кен-дүңгiршегiнен түгел жұрдай боп, жұртта қалғандай жұпыны күй кешкен бастырманың көлеңкесiнде үш кiсi отыр. Бiрi арқандаулы жылқысын суарып болып, екiншiсi егiстiк басын шолып қайтып, үшiншiсi үйiнде iшi пысып жатып, арнайы келiсусiз-ақ осы жерде кезiккен

“Қытық-қытық!” қаласының әкiмi алаңдағы мiнберге шығып, жыбырлаған, тек бастары ғана қыбырлаған, “бұл немене өзi?” деп бiр- бiрiне сыбырлаған халыққа қарап тұрып: Спорт дегенiмiз – спорт! Спорт – спирт емес, СПИД те емес! Қазiр “Қолжетiмдi баспана” жарысы басталғалы тұр! Айдан келгенсiз бе, сайдан келгенсiз бе, немесе бiр балалы болып, байдан келгенсiз бе, онда жұмысымыз жоқ, жалпыхалықтық марафонға қатысып
Күн жексенбi болатын. Үйде бiр өзiм жаңа келген газеттердi оқып отырғанмын. Кенет сыртқы есiк қатты-қатты қағылды. Соққының орасан болғаны соншалық, ендi ашпасам сынатын түрi бар. Сонымен, бұл кiм болды екен деген екiұш­тылау оймен аштым. Есiктiң арғы жағында ұсқыны қорқыныштылау кiсi тұрды.
Көк дорбаны қолға қыса ұстап, базарға қарай дедектеп келе жатқам. Кенет дәл қарсы бұрыштан кiшкене бала жетектеген бiр жас келiншек шыға келдi. Сөйттi де, мен танымасам да “Саламатсыз ба, ағай?” – деп жылы ұшырай амандасып, иiлiп сәлем жасады.

Оһ, шiркiн-ой, ту-у! Ешкiм жоқ сияқты маңайда, Құдай бердi, қайтадан оқиыншы: “Бай фирмаға босстың кө­мек­шiсi керек. Айлық ақысы – 250 000 – 300 000 теңге!” Паһ, шiркiн! Ту-у, әрi қарай оқиыншы тағы: “шетелге демалысқа, саяхатқа барып тұруына болады... Үш қатын алғысы келсе әуелi қонақ үй жалдаймыз, өзiмiз төлеймiз, содан кейiн қаланың ортасынан үш пәтер алып беремiз.

Боямасыз өмiр
Осыдан 2-3 жыл бұрын Алматының шетiндегi Боралдай кентiнде тұратын қайнағам асқа шақырды. Ас iшiлiп, Құран оқылып болған соң әңгiме көпбалалы отбасы тақырыбына­ ойысты. Бес баласы бар қайнағам: Сәке, шынын айтқанда көп балалы болған негiзi дұрыс қой. Егер Құдай берсе, тағы да балалы болудан қашпас едiм
Қазақ күресiнен президент Н.Назарбаевтың жүлдесi үшiн биыл төртiншi мәрте өткiзiлетiн “Қазақстан Барысы” турнирiне қатысушылардың қатары молайып келедi. Бұған дейiн Қызылорда мен Павлодар облыстарында өткiзiлген аймақтық iрiктеуде топ жарып, финалға шыққан балуандардың есiмiн жария еткенбiз.
“Астана арландары” бүкiл­әлемдiк бокс сериясының (WSB) жартылай финалынан қайтты. Финалға өтер тұста әзiрбайжандық “Баку оттары” (Baku Fires) боксшыларын Астанада 3:2 есебiмен тiзерлеткен “арландар” Әзiр­байжандағы қарымта тартыста 1:4 есебiмен жол бердi. 52 келiде Iлияс Сүлейменов Эльвин Мамишзаданы тықсыра жүрiп сабады, төрешiлер көз жұма қарап, белден басып жi­бердi. 
ДӘСТҮРЛI ДОДА
Футболдан Сейдахмет Бердiқұл атындағы турнир биыл Астана қаласында 9-10 мамыр күндерi өткiзiледi. “Астана Арена” стадионында журналистер екi күн бойы ала доптың соңына түседi. Турнирге қатысу жөнiнде өтiнiштердi қабылдау 30 сәуiр мен 7 мамыр аралығында жүргiзiледi. Ұйымдастырушылар 1,2,3-орын алған команда­ларға бағалы сыйлықтар үлестiрмек.