1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (15911) 13 мамыр, сейсенбі 2014
«Евровидение» байқауы дәл биылғыдай “қызықты” өтпеген болар-ау. Қызық болатыны сол, денi сау адамның көзiне “албасты” болып көрiнетiн Кончита Вурст әншi бiткеннiң аузын аңқайтып, бас жүлдеге ие болды. Оған 37 елдiң 14-i ең жоғары ұпай – 12 балды берген. Сөйтiп, бетi-аузын жүн басқан австриялық әншi байқаудың көшiн бастады.  Мұны Еуропаның Ресейге көрсеткен қыры деп бағалап жатқандар да бар. Кiм не де­­се, о десiн, бiрақ адамдық кейпiнен айырылған жан­ның бас жүлде алуы – былайғы жұртшылықты тiк­сiн­­дiрiп тастады.  Дегенмен сонау Копен­гагендегi байқауға бас шайқаған қазақстандықтар Астанада да бiр сұмдық оқиғаның болып жатқанынан хабарсыз едi. Алдымен байқаудан бастайық. Түрiнен адам шошитын әншiнiң шын есiмi Томас Нойвирт екен. Кончита Вурст – оның жанама аты.

Жыл сайын 9 мамыр мерекесiне орай Астана әкiмдiгi “Георгий лентасын” тарататын. Биыл астаналықтар сол бiр қара-қоңыр жолақты шүберектiң орнына қазақы нақыштағы лентаны жасапты. Ту түстес көгiлдiр, ұлттық ою-өрнек бедерленiп, “Жеңiс лентасы” деген атау алған әлгi лентаның 3 мың данасы 8-9 мамыр күндерi елордалықтарға таратылды.

Қазақ елiнiң азаматтары ретiнде Отан қорғаушылар күнiн атап өтпекшi ниетпен көк жалаушаларымызды алып, Керекудегi облыс әкiмшiлiгi алдындағы барлық мемлекеттiк мерекелер тойланатын алаңмен өтпек болғанбыз. Кiшкене форматтағы көк байрақтарымызды сатып алмақ болып бiрнеше дүкендердi, бутиктердi араладық. 

Сәуiрдiң 29-ы күнi Минскiде Еуразиялық экономикалық жоғарғы кеңестiң отырысы өткен. Сонда Беларусь президентi Александр Лукашенко әрiптестерi В.Путин мен Н.Назарбаевқа қарап мұрты жыбырлап, әдеттегi қарлығыңқы даусымен бүй деп екеуiнiң есiн шығарған: “Бiзге бүгiн бұған дейiн шешiп тастауға тиiс мәселенi аттап өтудi ұсынып отыр. Бiздiң кәмiл сенiмiмiз бойынша, Кедендiк одақ сияқты нақты белеске көтерiлуiмiз керек едi.

Жазғы маусымда елiмiздегi бензин бағасы шарықтауы мүмкiн. Tengrinews.kz тiлшiсiнiң сұрағына жауап берген Wild Bear Capital компаниясының сарапшысы Виктор Неустроев таяуда 1 литр бензиннiң құны 180 теңгеге дейiн жетуi мүмкiн екенiн айтады. Жанармай бағасының қымбаттауын түрлi себептермен түсiндiрген В.Неуст­роев:

Жақында Қызылорда облысында кiшiгiрiм ауыс-түйiс жасалды. Облыс әкiмiнiң орынбасары, президенттiң “Байқоңыр” кешенiндегi арнаулы өкiлi Рзақұл Нұртаев креслосын Серiк Қожаниязовқа босатып бердi. Сондай-ақ, Жалағаш ауданының әкiмi Серiк Сермағамбетовтiң орнына Талғат Дүйсебаев барса, бiр жылдан аса Шиелiнi бас­қарған Мұрат Ергешбаевты Қайратбек Сәрсенбаев ауыстырды. 

Жезқазғандық жергiлiктi билiктiң азық-түлiк бағасын “бұғаулауға” байланысты бүгiнгi тiрлiгi қайран қазекемнiң осылай басталатын мақалын еске түсiредi. Онысы, әсiресе, дүниенi дiңкелеткен девальвациядан кейiн бұрынғыдан да айқын аңғарыла бастады. Алайда, кiлтипанды құнсызданған қағаз ақшадан емес, қала басшылығының барды ұқсата алмай отырғанынан iздеген дұрыс сияқты.

Шығыс Украинада жексенбi күнi өткен референдумның нәтижесiне қарағанда, тұрғындардың 90 пайызы аймақтың өзiн-өзi басқаруын қолдап дауыс берген көрiнедi. Киев пен Батыс елдерi заңсыз референдумды мойындамайтынын мәлiмдедi. Оқиғаның әрi қарай қалай өрбитiнi белгiсiз.

Отан қорғаушылар күнi қарсаңында Жоғарғы бас қолбасшы – президент Нұрсұлтан Назарбаев бiрқатар әскерилердiң шенiн өсiрдi. Бұлардың арасында қорғаныс министрлiгi басшылары да, ұлттық қауiпсiздiк қызметкерлерi де, төтенше жағдайлар жөнiндегi мамандар да бар. “Бұл – мемлекет тарапынан берiлген жоғарғы баға. Генерал болу – үлкен мәртебе, сiздер бұл шендi абыроймен алып жүрулерiңiз керек. Мықты денсаулық, қызметте табыс
ЖАҢАӨЗЕНДЕ НЕКЕ САРАЙЫ АШЫЛДЫ
1 мамыр күнi Жаңа­өзен қаласында неке сарайы есiгiн айқара ашты. Ендi жаңаөзендiк жастардың неке қию рәсiмi зәулiм әрi сәулеттi сарайда салтанатты түрде өтедi. Мұнайшылар қаласына мұндай тарту жасаған – “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндiру” АҚ және оның “Өзенмұнайгаз” еншiлес компаниясы.
“Жас Алаш” газетi редакциясына
Құрметтi “Жас Алаш” газетi редакциясы! Зар-мұңымызды газет бетiне жариялап, құқығымыздың қорғалуына көмектесулерiңiздi сұраймыз. Бiз – Қызылорда облысы, Қа­залы ауданына қарасты Шәкен аулындағы №134 орта мектептiң оқушыларымыз.

“Лениншiл жас” атты қазақ сөз өнерiнiң қара шаңырағында адамгершiлiгiмен де, жеке шығармашылығымен де кейiнгi толқын iнi-қарындастарына ұстаз бола бiлген жандар баршылық едi. Мысалы, жазушы, публицист Орағаң, Орысбай Әбдiлдаұлы алдыңғы толқын ағалардың қандай болуы тиiс екенiн дәлелдеуге дәйiм тырысып жүретiн.

“Адырна” қоғамдық бiрлестiгi бас болып “Дүлдүл ән мен пырақ күй” концертiн өткiздi. Қазақ музыкасының жауһары – дәстүрлi әндерi мен құдiреттi күйлерi Ғабит Мүсiрепов атындағы балалар мен жасөспiрiмдер театрында күмбiрлеп, көпшiлiктiң құлақ құрышын қандырды. Төл мұрамыздың жоқтаушысы да, насихаттаушысы да болып жүрген дәстүрлi әншiлер сахнаны сағынып қалса керек, кешегi өткен сал-серiлердiң жыл­қы жүйрiкке арнап шығарған туындыларын шырқады. 

Қазақ ән өнерiнде өзiндiк қолтаңбасын қалдырып, бозторғай атанған талантты әншi Рәбиға Есiмжанованың туғанына биыл 100 жыл толды. 1914 жылдың 5 қаңтарында қазiргi Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Кiндiктi ауылында кiндiгi кесiлген Рәбиға өнерлi отбасында тәрбиеленедi. Мектепте жүргенде-ақ асқан дарыны мен Жаратқанның тарту еткен талантымен сыныптастарынан өзгешеленген.

Биылғы Наурыз мерекесi күндерiнде Алматыда екi күн бойы халықтың ерке қызы атан­ған сүйiктi әншiсi Мақпал Жү­нiсованың жеке концертi өткенi белгiлi. Көптен берi оның әсем даусын ести алмай әуездi үнiне сусап қалған   жұртшылықтың билетке қолы жетпегендерi бұл концерттiң телеарналардан көрсетiлуiн асыға күткенi анық. Ақырында 2 мамыр күнi “Алматы” телеарнасы “Мерекелiк концерт” деп бердi.   

“Арқада күй тартуға және ән айтуға арналған жетi түрлi домбыра болған. Iздеп жүрiп солардың алты түрiн таптым. Өкiнiшке қарай, жетiншi түрiн табу неғайбыл жағдай болып тұр”, – дейдi тарихшы, этнограф Кәмел Жүнiстегi. Осыған дейiн де “Жас Алашта” Қарағанды облысы, Ақсу-Аю­лы шаһарында тұратын танымал жазушының көне мұралардың көптеген дүниесiн iздеп тауып

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТКIЗДI
Елiмiздiң эстрада әншiлерiнен жасақталған “Алатау” футбол командасы ресейлiк әншiлерден құралған “Старко” командасымен тартысқа түсiп, қазақстандық әншiлер 3:1 есебiмен жеңiске жеттi. Жұбаныш Жексенұлы екi гол соқ­са, Сәкен Майғазиев те қанжығасын майлап, қарсылас қақпасына үшiншi гол тоғытты.

Хакiм Зәкiшевтiң жалын атқан жастық шағы құл жиылып – бас, құм жиылып – тас болған кеңестiк-боль­шевиктiк заманға тұспа-тұс келдi. Оның маңдайына өмiр бойы өлiарада ғұмыр кешу жазылған екен. Ғаламзат өркениетiнiң өрiне шығып, адамзат тарихының небiр аласапыранын бастан кешкен бекзат қытай халқы “Өлiарада өмiр сүрме – өзегiң өртенедi” деп текке айтпаған.

Премьер-лиганың 11-туры аса тартысты өттi. Алматылық “Қайрат” сырт алаңда жеңiске жетсе, бас бапкерi әлi бе­кiтiлмеген семейлiк “Спартак” өз жанкүйерлерi алдында жер болып жеңiлдi. 17-минутта Сиссей пенальтиден есеп ашып едi, намысқа тырысқан семейлiктер 20-минутта таразы басын теңестiрдi.

ТАҒЫ ДА ТҰҢҒЫШ
Әзiрбайжан астанасы Бакуде дзюдодан “Үлкен дулыға” турнирi аяқталып, елiмiзден барған спортшылар­ға 1 алтын медаль бұйырды. 100 келiге дейiнгi салмақта күрескен әлем чемпионы Максим Раков қарсы келген алыптардың бәрiн айқын басымдықпен жеңдi.
Емдеу тәсілдерінің үнемі дамып, жетіліп жатқанына қарамастан, бұл ауруларды түбегейлі емдеу жолы әзірге жоқ. Медицинаны қаржыландыру өсіп жатқанымен, бұл ауруға шалдығатын адамдардың саны да жыл сайын артуда. Демек, ауырып қымбатқа түсетін ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген дұрыс.