1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (15912) 15 мамыр, бейсенбі 2014
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКIМI НҰРЛАН НОҒАЕВТЫҢ ДӘРМЕНСIЗДIГIН КӨРСЕТТI
9 мамыр күнi Ресейдiң империялық амбициясын һәм отаршылдық саясатын қолдайтын жергiлiктi      орыстар Оралдың көшесiн азан-қазан еттi. Азан-қазан еткенi сол – қолдарына бiз келмеске кеттi деп жүрген КСРО-ның және бүгiнгi Ресейдiң туын ұстап, көлiктерiне “Георгий лентасы” мен “Сталин үшiн!” деген жазуды iлiп алған.

Нұрсұлтан Назарбаев отандық олигархтардың елден қымқырып, шетелге апарып жасырған қаржыларына рақымшылық жасайтын болды. Бұл жөнiнде президент сәуiр айында өткен Ұлттық инвесторлар кеңесiнде айтып, арнайы заң жобасын әзiрлеудi Ұлттық банкке тапсырған-ды. Ендi мiне, капиталға рақымшылық жариялау мерзiмi нақтыланды.

БҰЛ СҰРАҚҚА ЖҰРТ БIРIНШI ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР Б.САҒЫНТАЕВТАН ЖАУАП КҮТЕДI
Осы аптаның басында премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қытай мемлекетiнiң азаматтарына жер телiмi жалға берiлетiнiн айтты. Ол осылайша шет жағасын шығарды да, “арғы жағын iшiң бiлсiн” дегендей жақауратып қойды... 

Мұхтар Әблязов Фейсбуктегi парақшасында Екiбастұздағы ГРЭС-1 стансасының америкалық AES компаниясына қалай “тиын-тебенге” сатылғанын, одан әрi қалай қолдан-қолға өткенiн жазыпты. Бiз осы мақаланы ықшамдап жариялауды жөн көрдiк. Саясаткердiң мақаласындағы жайттардың қайсысы шындық, қай сөзi саясат үшiн айтылғанын екшеудi оқырманның патша көңiлiне қалдырдық…

Шығыс Украинада өткен референдумнан кейiн АҚШ пен Еуропа елдерi Ресейге қарсы санкцияларды күшейттi. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келiмбетов “санкциялар бiзге де әсер етуi мүмкiн” деген алаңдаушылығын жасырмады. Батыс мемлекеттерiнiң Ресейге қарсы шаралары әзiрге жекелеген шенеунiктердiң шетелдегi шоттарын бұғаулау, визалық шектеулер ендiру

Қазақ халқы секiлдi украин халқы да кезiнде Кремльдiң текпiнi мен теперiшiн көрудей-ақ көрдi. Сырттан келген кадрлар (Голощекин, Мирзоян және т.б.) қазаққа қалай қан құстырса, украин халқын да украиндарға жаны ашымайтын кадрлар басқарды. Құдай-ау, Украинаны басқаруға Кремль кiмдi жiбермедi десеңiзшi?!

Ердiң жасы елуге келдiңiз. Әлеуметтiк же­лiлерде сiздi құттықтап, iзгi тiлектерiн жолдаушылардың саны өте көп. Сераға (Серғазы Мұхтарбек) елуге толғанында: “Жұрттың жан-жақтан жабылып құттықтауынан, маған айтқан сөздерiнен кейiн президенттiң қалай жарылып кетпей жүр­генiне таңғалдым. Айналаң жамырап “сен ке­реметсiң, саған тек жақсылық тiлеймiн” деп айта берсе, адам кәдiмгiдей өзгере бастайды екен. Апырай-ә, деп көкiрек кере бастадым”,

“ҚАЗАГРО” ҰЛТТЫҚ ХОЛДИНГI ОСЫНЫ ДIТТЕП ОТЫР
2014 жылғы егiн егу нау­қаны республиканың оң­түстiк өңiрлерiнен сол­түстiк аймақтарға жеттi. Осы жылдың көктемгi егiс жұмыстарын қолдауға “ҚазАгро” Ұлттық холдингi барлық қаржыландыру көздерiнен жалпы 61,2 млрд.теңге бағыттауды көздеп отыр, оның 40 млрд.теңгесi – бюджеттiк несие. Сарапшылардың бағалауы бойынша холдингтен егiн науқанына бөлiнген қаражат 6,2 млн.га жерде агротехникалық шараларды өткiзуге мүмкiндiк бередi.
“Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” заңның 5 және 9-баптарына сәйкес, елiмiзге сырттан келетiн бiрқатар азық-түлiк өнiмдерiне тыйым салынды. Бұл туралы бас санитарлық дәрiгер Жандарбек Бекшин мәлiмдедi. Украиндық “Рось”, “Пирятин iрiмшiк ком­бинаты” АҚ, “Гадячсыр” ААҚ, “Золотошский маслодельный комбинат”, “Техмолпром”

Таяуда оңтүстiкте тұратын жақын туысымыз үлкен қуанышқа кенелiп, соған арнап Құдайы ас бердi. Ағайынның қуанышына ортақтасып барып, көңiлiм құлазып қайтты. Басқа аймақты қайдам, бiздер жақта мұндай сорақылық туралы бұған дейiн естi­меген де, көрмеген де екенмiн. Бiр күн бұрын ұзақ жол жүрiп келiп, туысымның үйiне жет­кенiмде ертеңгi Құдайы асқа алашапқын дайындық үстiнен түстiм. Мал сойылып, нан пi­сiрiлiп дегендей шаруалардан бөлек, үйiнiң үлкен бөлмесiнде қаз-қатар жиналған қораптар көзiме күдiктi көрiнгенi рас.

“Хатико” деген ақылды ит туралы киноны көрмеген адам кемде-кем шығар, сiрә. Сюжет желiсiнде бар болғаны 7-8 адам ғана рөлдердi сомдайтын бұл фильм шынайы оқиға­ға негiзделiп түсiрiлген. Қаншама рет көрсек те, киноның соңғы жағында иттiң иесiне деген адалдығына тәнтi болып, ерiксiз көзге жас аламыз.

Мен Жарылқап Қалыбайды бiлетiнiме он бес жылдай уақыт болып қалды. Оның өмiрге деген түсiнiгi мол, әрi қаламы жүйрiк журналист. Өзiнiң ой-пiкiрлерiн бұлтақтамай тура айта бiледi. Адамдармен ашық-жарқын сөй­леседi. Аспанда ұшақ iшiнде де және 2014 жылғы 12 сәуiрдегi Азаматтық форумда да өзiнiң iшкi ой-түсiнiктерiн көпшiлiкке жеткiзiп, нағыз азамат екенiн көрсеттi.

Сонау тоқсаныншы жылдардың орта шенiнде аудан орталығына көшiп келiп, аудан әкiмшiлiгiнде алғаш қызмет атқарып жүргенiмде Ақсүмбе ауылының тұрғыны Әбдiхалық ағаны кез­дес­тiргенiм бар. Сол жолы Әб­дiхалық аға әкем Жеңiс Қарғабаевпен Қызылорда қаласында И.В.Гоголь атындағы шет тiлдерi институтында ағылшын тiлi пәнiнiң мұғалiмi мамандығы бойынша бiрге оқыған кездерiн

Кездейсоқ көшеде кездестiрiп қалған таныс әйелмен шұрқыраса амандасқан соң, қасындағы жас шамасы жиырманың маңайындағы жас жiгiтке көзiм түстi. “Iнiң бе?” деп сұрап үлгергенiмше, “танысып қой, менiң байым” (кешiрерсiздер, сөзбе-сөз алынды) дегенi. Өзiме-өзiм сенбей бiраз абдырап тұрғанда, ол: “Ауылға барып, үй-iшiммен таныстырып қайтпақпын”

Мiне, көп күткен Жеңiс мерекесi де өттi. Бiрақ... Әлгi Георгий лентасы дегендi жұрттың бәрiне тықпалап, бәрiмiздi мезi еттi. Үйге келiп, поштаны ақтарсам, жергiлiктi газеттердiң iшiнде әлгi ленталар жерге сусылдап түсiп жатыр. Бой жазайын деп орталыққа шықсам, қазақтың өрiмдей жас жiгiттерi мен қыздары әй-шайға қаратпастан кеудеме тағып берiп, мәз-мейрам болады.

Бүгiнде ажырасуға мүлде мән бермеймiз. Күнделiктi құбылыс ретiнде бейжай қарай саламыз. “Пәленшенiң қызы қайтып келiптi” немесе “баласы ажырасыпты” дегенге елең ете қалатын апаларымыз да қазiр ондай гу-гу әңгiмеге уақыт тоздырғысы жоқ. Өйткенi қазiр ажырасуды әңгiме ету сәннен кеткен.

Жуырда Қазақстан Жазушылар Одағаның төрағасы әрi сенатор Нұрлан Оразалиннен Павлодар облысының әкiмi Қанат Бозымбаевтың атына хат келген екен. Хаттың негiзгi мазмұны –VIII ғасырдағы қазақ-жоңғар соғысының қаһарманы Айдабол Олжабай Толыбайұлының рухын ұлықтау жөнiнде. Хат жолдаушы жақ Олжабай батыр туралы С.И.Гуляев, А.С.Попов, Н.Я.Коншин, Ф.А.Щербина

КӘМЕЛ АНЫҚ ТА, АШЫҚ ШЫНДЫҚТЫ АЙТЫПТЫ
Мен 78 жастамын. 50 жыл ха­лық ағарту саласында өзiмше өнегелi қызмет еттiм деп ойлаймын. Шәкiрттерiм елiмiздiң сан ал­уан саласында, түрлi салада ең­бек етiп жүр. Алды президент аппаратында қызмет етедi. Кiм-кiм де болса өзiнiң еткен еңбегiнiң жемiсiн көрiп, мақтан тұтады ғой...

Осыдан бiрер жыл бұрын “Жас Алаштың” бетiнде “Екiбас­тұз бен Еуропаның арасын жалғаған қыз” атты мақаламыз жарияланған болатын. Онда бiз Екiбастұз қалалық “Отарқа” газетiнiң журналисi, немiс тiлiнiң маманы Рауза Мұсабаеваның 2011 жылы Қазақстан атынан арнайы грант ұтып алып, Швейцарияға барып келгенi жө­нiнде айтып едiк.

Қуығым “қылық” шығарып, бы­лайша айтқанда былық шығарып, маған бағынбай қойғаны. Кiшi дәретке бара алмай, жез құмғанды қолға ала алмай, көзiм қарауытып, есiнеген есiк­тi де таба алмай, масқара бол­дым. Жасым жетпiстiң жетеуiне келдi, шүкiр баршылық, балаларым шеттерiнен кәсiпкер.

Әйгiлi Отырар – ән мен жырдың да отаны. Кешегi өткен Майлықожа, Ергөбек, Айтбай ақындар... Солардың iзiн жалғаған жампоздардың бiрi айтыстың ақберенi атанған Тәушен Әбуова едi. Жуырда Отырарда осы­­­дан 10 жыл бұрын дүниеден өткен ақынды еске алуға арналған айтыс өттi. Iскер әкiм Салыхан По­латов тiзгiн ұстаған Отырар аудандық әкiмдiгi мұрындық болған

Биылғы жылдың 24 мамыры күнi, яғни сенбi, сағат 19.30-да Қазақтың Жамбыл атындағы мем­лекеттiк филармониясының концерт залында (Төле би Ш.Қал­даяқов көшелерiнiң қиы­лысы) ақын-сазгер, драматург, тәуелсiз “Платиналы Тарлан” сыйлығының лауреаты, “Парасат” орденiнiң

Людвиг ван Бетховен 1770 жылдың желтоқсанында Германияның Бонн қаласында дүниеге келдi. Бала күнiнен музыкаға қабiлеттi ұлын әкесi табыс көзi ретiнде санайды. Мiнезi қатал, баласына мейiрiмi жоқ әкесi кiп-кiшкентай Людвигтi күндiз-түнi музыкалық аспапта ойнауға күштеп мәжбүрлейдi.

Аркадий Топаевтың өзiне соққы дарытпайтын, керiсiнше, қарсыласының қырағы көзiн ала берiп салып кеп қалатын ерекшелiгi бапкерi Қанат Жақсыбаевқа бiр көргенде-ақ өзгеше әсер еткен. Талдырмаш денелi, жұқалтаң баланың бойынан бокс өнерiне деген қызығушылықтың барын байқаған ұстаздың сенiмi алдамапты.

Жаңаөзен қаласындағы Құланды атшабарында ат бәйгесi өтiп, тұлпарлар са­йысына Маңғыстаудың аузымен құс тiстеген сәй­гүлiктерi қатысты. Тұлпардың дүбiрi арқасын қоздыратын қазақ, ұлан-асыр той, дақпырты жоғары бәй­ге болып жатқанда үйiнде қалай қарап отырсын, Құландыны бетке ал­ған ағайынның қарасы көп. Ауыздығын қарш-қарш шайнаған жүйрiктердi ұйымдастырушылар тай, құнан, ұшқыр және топ бәйге деп бөлiп жарыстырды.
АЗУЛЫНЫҢ АУЗЫНДА
Грек-рим күресiнен әлем кубогы 15-16 мамыр күндерi Иранның Теһран қаласында өтедi. Бақтияр Бәйсейiтов бастап баратын елiмiздiң балуандары “А” тобында азулы Венгрия, Ресей, АҚШ, Түркия спортшыларына қарсы кү­реседi. Ал “В” тобында Оң­түстiк Корея, Иран, Финляндия, Әзiрбайжан, Армения құрамасы бар.