1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (15913) 20 мамыр, сейсенбі 2014
16 мамыр күнi Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған “Протон-М” зымыран тасығышы тағы да апатқа ұшырады. Зымыран мен оның отыны атмосфераның жоғарғы қабатында жанып кеттi деп мәлiмдеген Ресей протоннан келген залалды емес, шеккен шығынын есептеп әлек. Бұл жолы ұшырылған “Протон-М” зымыран тасығышы ғарышқа “Экспресс-АМ4Р” серiгiн тасымалдауы тиiс болатын. “Экспресс-АМ4Р” – ең қуатты байланыс аппараты болып есептеледi. Байқоңырдан ұшырылған соң “Протон-М” 540-секундта, 160 шақырым қашықтыққа алыстаған соң апатқа ұшырады.

Көк бөрiнi пiр тұтып, көк тәңiрiне сиынған тектi халықтың бүгiнгi билiгi ендi аспанын да өз иелiгiнен шығарып алды. Ресейдiң айтқанына көнiп, айдағанына жүрудiң ақыры тәуелсiздiктен айырылудың қаупiн күн санап жақындатып келедi. Бұдан кейiн төбеңiзде Ресейдiң жойғыш ұшақтары “ойнақ салып” жүрсе де

МЕКТЕПТЕГI ПАРАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ АТА-АНАНЫҢ ӨЗ ҚОЛЫНДА
Елiмiздегi бiлiм саласын сөз ете қалсақ, қаптаған проб­лемалар мен сыбайлас жемқорлық, парақорлық дегендер де қатар жүредi. Өкiнiштiсi сол, Бiлiм және ғылым министрлiгiнен бастап, төмендегi балабақша, мектептi жайлаған жемқорлықтың тамыры тереңдеп барады.
Тағы да
Қасиеттi дастарқандай
Жайылып жатқан
Сарыарқамның көгiнде
Аждаһадай
ПРЕЗИДЕНТ ТЕ, ШЫМКЕНТТIК ШЕНЕУНIКТЕР ДЕ КӨЗБОЯУШЫЛЫҚҚА КӨНДIГIП КЕТКЕН СИЯҚТЫ
 
Мамыр айында “Сарыағаш” шипажайына қысқа мерзiмдi демалысқа барған мемлекет басшысы Н.Назарбаев бiрқатар нысандарды аралады. Облыс орталығындағы кiлем шығаратын зауыттың, былтыр ашылған №3 Шымкент қалалық емхананың жұмысымен танысты.

Ресей президентi В.Путин бұрын­ғы басшы Б.Ельциннiң жiберген “қателiгiн” яғни оның таратып жiберген 15 республикасын (одақтағы) қайта жинап, бiр орталықтан басқаруға әрекет етуде. Бұл жағымсыз әрi қатыгез тұлғадан бәрiн күтуге болады. Ол мақсатын орындау үшiн қорқыту, үгiттеу, әскери күш қолдануға бар.

Ресей отаршылдарының көзге шыққан сүйелдей көрiп, қыр соңынан қалмай, iзiне шырақ алып түсiп қудалағандары, әрине, ұлттың зиялылары болды. Солардың iшiнде ең басбұзар, ең қауiптiсi де тарихшылар деп саналды. Себебi, өз уысындағы халықты өзiнiң ұлттық болмысынан айырып, иiс алмас тобырға айналдырудың ең әккi

Өткен аптада «Алтел» компаниясы 4G LTE GSM желiсiн iске қосты. Бұл дегенiмiз, елдегi ұялы байланыс пен интернет саласының тағы бiр қадам алға жылжығанын көрсетедi. Мiне, осы игiлiктi шараның арқасында Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Шымкент және Өскемен қалаларының тұрғындарына 4G/3G/2G технологияларына негiзделген конвергенттi желi қызметiн қолдану мүмкiндiгi берiлдi.

Республикалық “Қазақ әдебиетi” газетiнiң сәуiр айындағы соңғы санында ақын Сейфолла Оспановтың “”Құ­даймен” мұңдасу” атты өлеңi жарияланған едi. Үштаған сияқты жазылған бұл жырында Сейфолла ақын, шынтуайтына келгенде, бiр Алланы адамның айтуға аузы бармайтындай деңгейде, қолынан келгенше тiлдеуге, күстаналап, жала жабуға тырысқан екен. Бiз қол қусырып, қарап отыра алмадық.

ЕНДI ОНЫҢ ЕСIМI БIР МЕКТЕПКЕ БЕРУГЕ ДЕ ЛАЙЫҚСЫЗ БА?
Әр адамның өмiрден алар үлесi болады. Сол сияқты әр ұрпаққа тағдырдың жүктеген мiндетi, аманаты бар. Ал өмiр, тағдыр дегенiңiз әрдайым тақтайдай теп-тегiс бола бермейдi ғой. Тағдыр салған ауыртпалықты азаматтың азаматы ғана көтередi.
ЖЕЛIНБЕГЕН ТАМАҚ ҮШIН АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
“Сауд Арабиясының Дамам қаласында “Мәрмәр” мейрамханасы бар. Сол мейрамхананың иесi Фахад Әл Әнези мейрамхананың тамағын тауыспаған қонақтар үшiн айыппұл тағайындап отыр” деп жазады Лента.ру. Фахад Әл Әнези бұл қадамға баруының себебiн былай түсiндiредi

Осы жылдан бастап Алматы және Астана қалаларында Nikon сервис орталығы кәсiби фотокамералаларды қолданушыларға арнап қызмет көрсете бастады. Ал Қазақстандағы Nikon компаниясының өкiлеттiгi 2012 жылдың 3 қыркүйегiнде ашылған. Компания өзiнiң ғасырға жуық тарихымен әлем бойынша жүз мыңға жуық кә­сiп­қой және әуесқой фотографтардың көңiлiнен шыға бiл­дi. Екi жыл­дың аралығында елiмiзде өз өнiмiн са­тудан көшбастаушы орында тұр.

Оңтүстiк Африкалық фотокорреспондент Кевин Картердiң 1993 жылы 26 наурызда Судан мемлекетiне iс-сапары кезiнде түсiрiлген суретi – Пулитцер сыйлығының иегерi. Суретте құзғын мен ашыққан баланың жер ба­уырлап бара жатқаны бейнеленген. Айод ауылының маңында ашыққан қыз бала жүруге шамасы келмегендiктен, жер бауырлап бара жатады

Бұл фотоны 2014 жылдың көктемiнде белгiсiз фотограф түсiрген. Фотода –Токиодағы (Жапония) Император бағын күзетушi полиция қызметкерi. Фотоның барлық фотография­лық заңдылықтарға сай етiп түсiрiлгенi соншалықты, оны әуесқой фотоаппаратпен қарапайым турист түсiрдi дегенге сену қиын. Токиодағы таңғы жаңбырдан кейiн қарауыта мүлгiп тұрған Император бағын шолуға шыққан күзетшi... Жерде шашылып жатқан сары, қызыл өскiндер... Велосипед табаны астында тыз-тыз тiлiнiп жатқан асфальт...

Менiң ең алғашқы   фотоаппаратым – “Смена – 8М” фотоаппараты болған. Жас­­­өспiрiм кезiмде Каспий теңiзi жағалауында жүрiп, теңiз бен жартастардың сұлулығына қызығатынмын. Кейiннен пейзаждарды тү­сiруiме сол жетелеген едi. Қараңғы бөлмеде қы­зыл жарық астында фото­су­реттердi басып шығарған кездерiм әлi есiмде. Өз­дiгiмнен   фотоға түсiрудi талмай үйрене бердiм. Фотосуреттер туралы журналдарға жазылдым

Алматыда Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесi үшiн қазақ күресiнен тұңғыш рет рес­пу­бликалық турнир ұйымдастырылды. Балуандардың белдесуiн тамашалауға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бастап, олимпиада чемпиондары Жақсылық Үшкем­пiров, Ермахан Ыбрайымов, Сидней олимпиадасының

Премьер-лиганың 12-тур ойындары ию-қию нәтижемен өттi. Бұл турда көш бастап шыққан “Ақтө­бенiң” қарағандылықтарды айран-асыр еткен мықтылығын айту керек. Өз алаңында “Шахтер” қақпасына ақтөбелiктер бiр емес, төрт гол тоғытты! Неко 30-минутта есеп ашып, қонақтардың “тамырын басып көрдi”.

ТҮЙЕ БАЛУАНДАР ТҮГЕЛ
Президент Н.Назарбаевтың жүлдесi үшiн биыл төртiншi мәрте өтетiн “Қазақстан барысы” турнирiнiң финалдық сынына қатысатын 32 спортшының есiмi нақтыланды. Өткен аптада Алматы облысы мен оңтүстiк астананың һәм Қостанай облысының намысын қорғайтын спортшылар белгiлi болды.