1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №40 (15914) 22 мамыр, бейсенбі 2014

Қазақ өзiн-өзi ескермесе, өзiн-өзi қадiрлемесе, өзiн-өзi сыйламаса, оны ешкiм де қадiр­ле­мейдi. Орыс та, немiс те, еврей де, ағылшын да, чукча да қадiр­лемейдi. Қазақ қадiр тұтатын адамды да (кемеңгердi, көсемдi, батырды және т.т.) өз iшiнен табуы керек. Табуға тиiс. Ендi тарихқа көз жү­гiртейiкшi. Бiз Ле­нин­дi, Сталиндi, Крупскаяны, Фрунзенi, Куйбышев­тi, Голоще­киндi, Мирзоянды, Фурмановты және т.т. пiр тұттық, көсем тұт­тық. Ал не болды аяғы? Өз кө­семдерiмiз Ахмет Байтұрсыновты, Әлихан Бөкейхановты, Мұстафа Шоқайды әлi күнге дейiн толық ескермеймiз. Мәселен, Ә.Бөкейхановтың 140 жылдығы жетiм қыздың тойындай өте жабырқау, аса жүдеу өттi...

Қытайға ресми сапармен барған Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев 10 миллиард долларға жуық инвестиция тартуды қарастыратын келiсiмдерге қол қойып қайтты. Кейбiр деректер бойынша, Қазақстан соңғы 20 жылдың iшiнде Қытайдан бас-аяғы 20 миллиард доллардан астам инвес­тиция тартқан.
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚҚА КIРУДI ҚОЛПАШТАУДЫҢ БАЙБЕКШЕ ҮЛГIСI
“Президентiмiз Нұрсұлтан Әбiшұлы “Қазақстан – 2050” стратегиясында әлемдегi дамыған 30 елдiң қатарына қосылуға нақты тапсырмаларды көрсетiп берген. Осындай биiк мұратқа жету мақсатында экономикалық интеграция аясында әрекет ету – өмiрдiң өзi талап етiп отырған мәселе”.

Еуразиялық экономикалық одаққа Ресей, Беларусь, Қазақстан басшылары қол қоятын күн жақындап келедi. ЕЭО-ны асыра дәрiп­теу науқаны қызды. Түрлi шаралар, жиындар көбейдi. Билiкке бейiм және тәуелдi БАҚ-тардағы жадағай жарнамалар күндiз де, түнде де толастар емес. Мұның бәрi не үшiн?

Жақында ғаламторда журналист Болат Мұстафиннiң “Офицердiң уәдесi” дейтiн мақаласы шықты (www.ratel.su, Слово офицера). Автор онда былай деп жазады: “ҚР ҰҚК қызметкерлерi менiң ноутбугiм мен электрондық поштамдағы кейбiр құжаттардың қайдан келгенiн бiлгiсi келедi. Олардың айтуынша, бұл – құпия құжаттар. Мәселен, “Мегаполис” газетiндегi “Лаңкестiк сабақтары” деген мақаламда Қазақстандағы лаңкестiкпен күрестiң қаншалықты тиiмдiлiгiн саралағанмын.

Заман Храпуновтiкi. Шалқадан түсiп Швейцария­да жатыр. Iшi пысса, Ақорданың арғы-бергiсiн қозғап, қазақ билiгiнiң қоясын ақтарып қоюды да ұмытпайды. Экс-әкiмнiң әңгiмелерi халыққа қызық болғанымен, билiкке ұнамайды. Мұны қашқын әкiмнiң қу iшi сезедi, әрине. Сезген соң, тек тұрсын ба, былыққа батқан билiктiң есiне түскен бiр оқиғасын әлеуметтiк желiлер арқылы әлеуметке “ытқытып” жiбередi.

Редакциямызға Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны Ғалия Отарова хабарласты. Орал қаласы   №2 сотының судьясы А.Қосанованың шешiмiмен ол жақында 4 жыл бұрын сатып алған бiр бөлмелi пәтерiнен айырылып, баспанасы Ақтөбе қаласында тұратын   Владимир Масловқа қайтарылды.

“Россия-1” телеарнасы “Украина ұлттық гвардиясының Донецкiде тағы бiр адамды мерт қылғаны” жайлы видео көрсеттi. Бiрақ бұл видео былтыр күзде Ресейдiң Қабарда-Балқар аймағында өткен антитеррорлық операция кадрларын дәлме-дәл қайталайды. Ресей телеарнасы Украина билiгiн қаралап, шығыс аймақтағы “азаттық аңсаған халықты” “жапа шегушi” етiп көрсетемiз деп тағы да өтiрiкке ұрынды. 

“Жас Алаш” газетiнiң 2014 жылғы 1 мамырдағы 34-санында журналист Нұрболат Әлди­бектiң Жамбылда “Ит басына iркiт төгiлген заман” туды” атты мақаласы жарық көрдi. Аталған мақалада Жамбыл облысы iшкi iстер департа­ментiне қатысты жазылған кейбiр деректердiң дұрыс жазылмағанын мәлiмдеймiз.

Баспасөз бетiнде бiлiм саласындағы кемшiлiктер мен келеңсiздiктер жөнiнде арагiдiк жазылып жүр. Әйткенмен, сала мамандарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы белсендiлiгi бүгiнгiден әлдеқайда жоғары болса, оған билiк үнемi назар аударып, керегiне жаратып отырса, кемшiлiктер барынша азаяр едi. Шын турашылдық қыңырлыққа ұқсайды деген бар.

1937 жылы әдебиет төңiрегiн­дегi бұрынғы айтыс қайта өршiп, қасi­реттi сипат ала бастады. Әсiресе, бұл тұста Ғ.Тоғжановқа, С.Сейфуллинге, I.Жансүгiровке, Б.Майлинге шүйлiгушiлер оларды “халық жаулары” етiп шығаруға барын салды. Сол кездегi газеттер мен журналдарда жарияланған мақалалардан (“Көркем әдебиеттегi ұлтшыл-фашистер­дiң зиянкестiгiн түп-тамырымен құртайық”, “Тағы да боль­шевик­тiк сын, өзара

Мен Қырғызстанның Қарабалта деген шаһарында тұрамын. “Жас Алаштың” тұрақты оқыр­манымын. Әлi есiмде, Әб­саттар Бөлдекбаев деген азамат редактор болып тұрған кезiнен бастап оқи бастадым. Содан берi қарай қанша редакторлар ауысты. Көпшiлiгiнiң атағы бүкiл Қазақстаннан тыс жерге белгiлi болған азаматтар, қайраткерлер.

...17 жастағы үлкен немерем қатты ауырып, ақылы ота жасау үшiн қомақты қаржы керек болып қалды. Жақындардан жинағанның өзiнде ақша жетпей тұр. Балам Атыраудан ары, ит жеккен жерде (бұған да Құдайға шүкiр!), вахталық жұмыста. Салым суға кетiп, пош­та жәшiгiнен “Жас Алашты” алып тұр едiм, артымнан бiреу:

Аталған шара туралы галерея директоры Дәулеткелдi ӘДIЛОВ жинал­ған көпшiлiктi таныстыра келе, бұл шараның қазақ көркемсурет өнерiнiң атасы саналатын Әбiлхан Қастеевтiң 110 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырғанын әрi карикатура жанрының мән-маңызына тоқталып, болмысы бөлек көрме авторы жайлы жан-жақты мәлiмет берiп

Мен сiздердiң газеттi үзбей оқып тұрамын. Үзеңгiлес се­рiгiм десем де болады. Сiз­дердiң газетте басқа газеттер айта алмайтын, жаза алмайтын өткiр, өзектi мәселелер көп шығады. Бiр-ақ мысал айтайын. Өткен жылы оқырман бетiнде “Баланы тойға апаруға бола ма?” деген мақала жарық көрдi. Оған неше алуан пiкiрлер де жазылды (мен де өз ойымды жазған едiм, бiрақ газет бетiне шықпады). Естуiмше

Ана, саған бақыт тiлеп күнде мен,
Сен гүлденсең, балаң мен де гүлденем!
Ана, саған шаттық пенен жыр жазып,
Ана, саған жүрегiмнен жыр төгем.

Осы бiздер, үлкендер, жастарды кiнәлауға ше­бермiз. Ата-ананы сыйламау, үлкендi құрметтемеу, жалқаулық, ұрлық, бұзақылық, маскүнемдiк, нашақорлық сияқты айыптарды тағамыз кеп. Алайда осыншама терiс iс­тердiң артында өзiмiздiң тұрғанымызды еш мойындағымыз келмейдi.

Қайран әкешiм! Кеше ғана едi анамыз екеуiңiздi ортаға алып, бар бала-шаға, туған-туыс, құда-жекжат, жора-жолдас әрiптестерiнiң ортасында зейнетке шыққан тойларын атап өткенiмiз. Алланың iсiне не шара?! Жүрегiм сыздайды, сағынамын. Өзiңiздiң сабырлы да көркем бейнеңiз күнi кешегiдей көз алдымда. Қандай жағдай болмасын: бiр iстi бастар алдында немесе алыс

Екi дүркiн әлем чемпионы кубалық Хулио Сезар Ла Крус: “Әлемде маған қарсылас болатын бiр ғана боксшы бар, ол – Әдiлбек Ниязымбетов”, – деп бекер айтпайды. Мұнысы – қазақ боксы әлемдiк держава саналатынын мойындағаны.
Қазақ бокс мектебiнiң iргесi қашаннан да берiк, бiзге аманат – сол берiктiктi мүжiтiп алмау. Ол үшiн кейiнгi толқын тегеурiндi болуы керек.

“Астана арландары” бү­кiләлемдiк бокс сериясының (WSB) төртiншi маусымындағы жортуылын жартылай финалда тоқтатты. Тоқтатты деуге келмес, анығы әзiр­байжандық боксшыларға “арландардың” азу тiсi қатты батқанына төрешiлер шыдас берген жоқ. Көздi бақырайтып қойып белден басып жiбердi. Былтыр АИБА жобасының жеңiмпазы атанып, кубокты олжалаған “Астана арландары

БАПКЕРIН АУЫСТЫРДЫ
Каталондық “Барселона” клубына жаңа бапкер тағайындалды. Бұдан былай әйгiлi клубтың тiзгiнiн “Сельтаның” бұрынғы бапкерi Луис Энрике ұстайды. 44 жастағы қырмасақал Энрикемен келiсiмшарт мерзiмi екi маусым, егер клуб басшылары жүктеген мiндет орындалмаса, Испания чемпионаты аяқталған сәтте қызметiнен айырылған