1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (15915) 27 мамыр, сейсенбі 2014
Өз жерiн өзi игере алмаған халықты кiм дей­мiз? Сорлы! Ақымақ! Кержалқау!.. Қандай ұсқынсыз атаулардың бәрiн үйiп-төксеңiз де, қалай балағаттасаңыз да ла­йықты. Ау, сонда мына бiздер – қазақтар, Қазақстандағы орыстар, ұй­ғыр­лар, немiстер, кәрiс­тер, өзбектер... баршасы сондай болғанымыз ба? Олай демеске лажың қайсы? “Қазақстан Қытайға жер бередi екен” деген дақпырт ақыры шындыққа айналды. Қазақстанның ауыл шаруашылығы мақсатындағы 4749,8 гектар жерi қы­тайлық 32 жер пайдаланушыға жалға берiлгенi туралы ақпаратты кеше ҚазТАГ агенттiгi Өңiрлiк даму министрлiгiнiң жер ресурстары комитетiне сiлтеме жасап хабарлады.

Мамырдың 22-сi күнi Алматыда Еуразия экономикалық одағына қарсылық негiзiнде қоғамдық тыңдау өттi. Жиынға оппозициялық саясаткерлер, қоғам белсендiлерi мен саясаттанушылар және зиялы қауым өкiлдерi қатысты. Қоғамдық тыңдауда сөйлеген­дердiң барлығы да мамырдың 29-ы күнi Еуразия Одағы туралы келiсiмге Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қоятынына күмәнданбайтындарын жасырмады. Мұндай маңызды мәселеге қатысты жалпыхалықтық референдум өткiзбеген, халықтың наразылығын ескермеген билiк қазiрдiң өзiнде Ресейдiң ықпалына түскен деп мәлiмдедi жиынға қатысушы азаматтар. Жиынды мемлекет және қоғам қайраткерi Төлеген Жүкеев жүргiзiп отырды.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУ
Қадiрлi Отандастар!
29 мамыр күнi Ресей, Қазақстан және Беларусь басшылары Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келiсiмге қол қоймақ. Қоғамның қарсылығына, мемлекет тәуел­сiз­дiгiне төндiретiн қате­рiне қарамастан және соңғы уақыттағы солтүс­тiктегi көршiнiң Украинаға жасаған қиянатын ескерместен, Кремльдiң ығына жығылған Ақорда бұл одаққа қосылудан бас тартатын емес.
САЯСИ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА ӨТКЕН САЙЛАУДА ПОРОШЕНКО ЖЕҢДI
Осы жексенбi күнi Украина халқы өзiнiң тарихи таңдауын жасады. Олай демеске лаж жоқ. Елiнiң дұрыс таңдау жасауы үшiн Майданда үш ай бойы тапжылмай тұрған, тiптi қан төгiлгенде де рухы жаншылмаған украиндықтар ұлттық мүдде үшiн күрестi соңына дейiн жеткiзетiнiн бүкiл әлемге дәлелдедi. Украина тәуелсiздiк алғалы берi осымен бесiншi президентiн сайлады.
«Александр Белов-Поткинмен бiрге жұмыс iстедi» деген жалаға қатысты Жанболат мамайдың мәлiмдемесi
Көпшiлiкке белгiлi, өткен аптада менi және басқа да ұлтшыл азаматтарды Алматыдағы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (ҰҚК) тергеу департамен­тiне шақырды. Қандай қылмыстық iс бойынша, кiмге қозғалғаны белгi­сiз болса да, бiзге бiрқатар сұрақ қойды.
АҚШ-тың Пенсильвания уни­вер­ситетiне қарасты Уортон бизнес мек­те­бiнiң ұстазы Энни Макки Астанаға келдi. Танымал дәрiс­кердi Назарбаев универ­си­тетiнде дәрiс оқуға «Сбербанк» АҚ ЕБ арнайы шақырған. Энни Маккидi тыңдауға жиналғандардың қатарында студенттер, елiмiздегi ұлттық компаниялардың қызметкерлерi және «Болашақ» степендиаттары мен БАҚ өкiлдерi болды.
ҚҰЛДЫҚТА ТӘРБИЕЛЕНГЕНДЕРДЕН КҮДЕР ҮЗ
Газетiмiздiң биылғы 17 сәуiр күнгi санында жазушы Кәмел Жүнiстегiнiң  “Бiзде шал көп, бiрақ ақсақал жоқ” атты мақаласы жарияланған едi. Осы мақалаға орай редакция­мыз­ға жер-жерден хаттар өте көп келiп түстi. Ендi бүгiн соның бiр тобын “Ақсақалы азған елдiң жастары диуана болады” деген ортақ атпен жария­лап отырмыз. Осы тақырыпқа қатысты ой айтам, пiкiр қосам деген оқырмандарымыз­ға дәйiм есiгiмiз ашық.

Алматыда Президент Н.Назарбаевтың жүлдесi үшiн биыл төртiншi мәрте өткiзiлетiн “Қазақстан барысы” республикалық турнирiнiң финалына қатысатын 33 балуанды таныстыру рәсiмi өттi. Ауыл-аудан мен облыстық iрiктеу кезең­дерiнен өткен апайтөс, атан жiлiк түйе балуандар көрермендер алдында өз өнерлерiн көрсетсе, ұйымдастыру алқасы биылғы доданың өзгерiстерi жөнiнде әңгiме өрбiттi.

94 МИНУТТЫ ТӨҢКЕРГЕН 60 СЕКУНД
УЕФА Чемпиондар лигасының кубогы мадридтiк “Реалдың” пешенесiне бұйырды. Лиссабонда өткен айқаста бiр қаланың екi серкесi тартысқа түсiп, корольдiк клуб 4:1 есе­бiмен жерлесi “Атлетикодан” жеңiстi жұлып әкеттi.УЕФА Чемпиондар лигасының финалында алғаш рет бiр қаланың екi клубы ойнады. Дие­го Симеоне бапкерден тартып, “Атлетиконың” барлық ойыншысы голландиялық тө­решi Кайперстiң негiзгi уақыт­қа үстеген
Ауырып ем iздегенше, ауырмаудың жолын iзде
Бүгiнде бiздiң ағза йодтың қосымша қорынсыз әрекет ете алмайды, себебi ол бiр мезгiлде бiрнеше маңызды функция атқарады: Йодты құр бекерге Патша деп атамаған. Ол – ақыл‑ойдың Патшасы, өскелеңдiктiң патшасы. Ол ерлердiң белсiздiгi мен әйелдердiң бала көтере алмау ауруларын жазатын, сондай-ақ өмiрдiң ұзақтығына жол ашатын