1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (15916) 29 мамыр, бейсенбі 2014
Бүгiн үш мемлекеттiң, яғни Ресейдiң, Беларусьтiң, Қазақстанның басшылары Еуразиялық одаққа қол қояды. Егер Н.Ә.Назарбаев бүгiн осы құжатқа қол қойса... Онда не болады? Онда бiзге Тәуелсiздiкпен қоштасуға тура келедi. Бұл жөнiн­де “Жас Алаш” газетiнiң бетiнде қазақ зиялыларының бетке шығар қаймақтары батыл әрi батыра-батыра айтты да. Қазақ зиялылары ғана емес, “сырт көз – сыншыл”, шетелдiң саясаттанушылары да бұл жөнiнде талай рет айт­ты. Олардың айтуынша, егер Қазақстанның басшысы Еуразиялық одаққа қол қойса, онда Ресей Қазақстанның ендi қайтып есiн жиғызбайды: экономикалық механизмдер мен сауда-саттықтың тетiктерi арқылы, бiрiккен кәсiпорын­дар мен сан алуан бiрлестiк­тер арқылы, қилы қорлар мен түрлi жолдар арқылы онсыз да орыстанған Қазақстанды онан әрi орыстандырады. Өз мүддесiне қызмет еткiзедi. Билеп-төстейдi, бiлгенiн iстейдi. ҚР басшылары марионеткаға айналады. Ресей­дiң қазiргi мақсаты – бұрын­ғы КСРО-ны қалпына келтiре алмағанымен (қалпына кел­тiре алмайтынын олардың өздерi де бiле­дi), ең болмағанда орыстар молырақ шоғырланған Қазақстан мен Беларусьтi өздерiне бiржо­лата қосып алу және т.т.
Еуразиялық экономикалық одақ келiсiмi­не қол қоюға байланысты сейсенбi күнi Ақордада президент Нұр­сұлтан Назарбаев үкiмет мүшелерi мен одақ құруға жауапты шенеунiктердi қабылдады. Президенттiң өзi бастап, қалғандары қоштап, бұған дейiн айтқан “одаққа саясатты араластырмаймыз” дегендерi бекер болды. Оны президенттiң өзi мойындап қойды. Құзырлы органдар “президенттiң сөзiн бұрмалады” деп айыптамауы үшiн Нұрсұлтан Әбiшұлының әлгi жиында айтқанын үтiр-нүктесiне
“ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСIНIҢ” МӘЛIМДЕМЕСI
2014 жылдың 29 мамырында Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерiнiң президенттерi Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғандығын растайтын құжатқа қол қоймақ. Алайда көпшiлiк көңiлiн алаңдатқан көптеген мәселелер жауапсыз қалып отыр. Қазақ халқының тiкелей болашағына қатысты осы бiр ауқымды келiсiмшарт неге халықтың пiкiрiмен санаспай еш талқылаусыз жүзеге аспақ?!
Қазақстандағы ар-ұждан тұтқындарының тiзiмiн жасап, жазасын өтеп жатқан саяси тұтқындарға көмек көрсетiп жүрген “Ар.Рух.Хақ” қоғамдық ұйымының жетекшiсi Бақытжан ТӨРЕҒОЖИНА егер жаһанданған әлемде емес, КСРО-дағыдай жабық мемлекетте өмiр сүрген болсақ, Қазақстан билiгi өз қарсыластарын атудан тайынбас едi дейдi.  31 мамыр күнi Қазақстанның же­тi қаласында митинг өткiзуге рұқ­сат сұрағанмын.
31 мамыр – саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi
31 мамыр – саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi. Бұл күнi қазақстандықтар негiзiнен 1937-38 жылдардағы сталиндiк қуғын-сүргiн құрбандары мен 1932 жылғы аштықтан қырылғандарды еске алып, рухына тағзым етедi. 1929-30 жылдары басталған саяси қуғын-сүргiн қазақ тарихында қасiреттi қара iзiн қалдырды.
ӨТКЕНIМIЗДI, ТАРИХЫМЫЗДЫ АЛБАСТЫ БАСЫП ЖАТҚАНДАЙМЫЗ
Албастысай. Аты қандай жаман едi... Албасты деген сөз қаншалықты үрейлi болса, отызыншы жылдардағы ашаршылық пен сталиндiк қуғын-сүргiн де соншалықты қорқынышты. Ол ғана емес, қызыл империяның жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы тұтастай тарихы да – талау-тонау, үрей туғызу, қорқыту, күштеу, зорлық-зомбылық, ату.
Отызыншы жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргiнде еш жазығы жоқ миллиондаған адамдардың өмiрiн қи­ған сталинизмнiң “Ұлы бетбұрыс” кезеңi халықтың есiнде мәңгi қалды. Сталиндiк зымиян саясаттың басты мақсаты – қазақ хал­қының тiлi мен тарихын жою, саяси тәуелсiздiгi мен шынайы егемендiгiнен айыру, жергiлiктi халыққа бағытталған ассимиляция саясатын жүзеге асыру бол­ғандығын тарихтың өзi дә­лелдеп бердi.

Саяси қуғын-сүргiнге ұшырағандардың iшiнде шығысқазақстандық атпал азамат Зәки Күленов те бар едi. Зәки Құсайынұлы қазiргi Ұлан ауданындағы Ахмеров ауылында 1902 жылы дүниеге келген. Әкесi Құсайын қажы, ауқатты, сауатты адам болған. Зәки он жасқа келгенде бастауыш мектептен бiлiм алады. Одан кейiн Көкпектiдегi екi кластық училищенi бiтiредi. Ал 1917-1921 жылдар аралығында

Үлбiреп қана
Желпидi,
Үп еткен самал жiбектей.
Елтидi бойым
Ерiксiз,
Елжiреп айтқан тiлектей.
Бал езу балғын дүние
Ашаршылық – қолдан жасалған ұлы нәубет
“...Аштық елдi есеңгiретiп тұрған шақ. Әркiм басымен қайғы. “Балапан басына, тұрымтай тұсына” дегендей, қалай жан сақтаудың жолын iздеп сеңдей соғылысқан жұрт... Қазiргi Байғанин ауданының Құмкез деген жерiн мекендеген азғантай түтiнi бар ауыл едiк. Менiң жаңадан отау тiккен кезiм. Ересек болсақ та бiр үйде бiрнеше ағайынды тұрып жаттық.

“Бiз, Ж.Қайыпов ауылының тұрғындары жерден таршылық көрiп келемiз. Ауылымыздың iргесiнде Сазды деп аталатын жайылымдық жер бар. Қорамыздағы санаулы малымыз осы Саздыға жайылушы едi. Былтыр сол шұрайлы жердiң 10 гектарын ауылдың тұрғыны жыртқызып тастады.

Марқұм Сатыбалды Даумов жазушылығымен (прозашылығымен) қатар дарынды ақын да едi. Ақын өзi туралы былай дейдi: “...Ал кiндiк қаным тамған жер мен дүниеге келген кезде Батыс Қазақстан облысының Орда (қа­зiргi Бөкей Ордасы) ауданына қараған Қоянды деген аз үйлi ауыл болатын. 1952 жылы Орда ауданының бiраз жерi Капустин Яр әскери полигонының иелiгiне көшiп, iргелес Атырау және

Қадiрмендi “Жас Алаш!” Кемпiрден тыққыштап жүрген теңгелерiме Рысбек Сәрсенбай басқаратын “Жас Алаш” пен Гүлжан Ерғалиеваның “Адам бол!” журналын үйге жаздырып алуға ғана шамасы келетiн Қарағандыдағы жетпiске жеткен қарапайым зейнеткерлердiң бiрiмiн мен.

БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ БIРЖЫЛДЫҚ ШӘКIРТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Соңғы жылдары “баспа iсi” және “дизайн” мамандықтарына мектеп оқушылары арасынан қызығушылар саны күн санап артып келедi. Өткен аптада Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетi журналистика факультетiнiң Баспа iсi және дизайн кафедрасының ұйымдастыруымен бесiншi рет өткен республикалық
Жақында Алматы облысының Балқаш ауданында төменгi Iле балық инспекциясы бөлiмiнiң бас маманы Данияр Қадамовпен және табиғат қорғау инспекторы – полиция капитаны Ерлан Әрiпбековпен бiрге арнайы рейдке шықтық.
Сәуiр айының 15-iнен бастап 1 маусымға дейiн Iле өзенiнiң барлық сағаларынан балық аулауға тыйым салынған. Өйткенi бұл мезгiлде балық уылдырық шашады.

Елiмiзде ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 2010 жылғы 3 қарашадағы №511 бұйрығымен жалпы бiлiм беретiн мектептiң 9-сыныбына арналған “Дiнтану негiз­дерi” факультативтi сабағы оқу­шыларға ерiктi түрде (қалауымен) жүргiзiлiп келедi. Оқу көлемi 34 сағатқа арналған. Оқушылар­ға оқу ерiктi болғандықтан, кейбiр мектептерде бұл пән оқытылады, кейбiрiнде оқытылмайды. Мүмкiн, кадр тапшылығынан да шығар.

Ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде Каспий төсiнен балық аулап, ел ырзығын еселеуге үлес қосқан әжелерiмiздi мақтана айтамыз қазiр. Торша Бекмағанбетқызы Көккөзованы, нағашы әжемiз Нұр­лы­баева Iзбайда Бағдабайқызын, түйе өсiрумен айналысқан, дала кеме­сiнiң бiлгенге берерi көп түлiк екенiн айтудан жалықпаған шешемiз Тiлеубаева Мақта

Арқабайдың баяғыда әскерде жүрiп тапқан “пайдасының” бiрi – темекi деген нәрсенi үйренiп келгенi едi. Елге оралған соң езуiнен темекi түспейтiн болды. Қораның шарбағын жөндесе де, көлiгiнiң дөңгелегiн ауыстырса да басын бiр жағына қисайтып, езуiндегi темекiсiн тiлiмен екi жағына кезек ауыстыра, аузын ошақ, мұрнын мұржа етiп көк түтiнге көмiлiп отырғанын көресiң.

Тұп-тура екi аптадан соң футболдан әлем чемпионатының түңлiгi түрiледi. 1930 жылдан берi өтiп келе жатқан әлемдiк дода биыл 20-рет жалауын желбiретпек. Бүгiнгi нөмiрден бастап, Бразилиядағы әлем чемпионатына сегiз топқа бөлiнiп қатысушы құрамаларға шолу жасамақпыз. Алдымен “А” тобы турасында. Бұл топта Бразилия, Хорватия, Мексика, Камерун құрамалары бар. Әлемдiк аламанды өткiзушi ел есебiнде дуға iрiктеусiз қосылатын

Ертегiдегi Ерназар байдың “Тоғыз ұлым бiр төбе, Ертөс­тiгiм бiр төбе” дейтiнiндей Жам­был облысындағы он ауданның тоғызы бiр төбе десек, Қордай өз алдына жерi шұрайлы, елi шырайлы мекен. Ал атал­ған аудандағы Қаракемер ауылы бүгiнде тұрмысы жайлы, ажары мен сәулетi келiскен көз сүйсiнер елдiмекеннiң бiрi. Бабаларымыз “Ауылына қарап, азаматын таны” дегендi бекер айтпаса керек-тi.

АДАМНЫҢ БАБЫН ТАБУ ОҢАЙ МА?
Бразилияға келетiн футболшылардың ұйымдастырушыларға қояр талабы да жоғары.   Мәселен, Жапония құрамасының футболшылары әркiмнiң жуынатын бөлмесiнде гидромассаж құрлығысы орнатылса дептi. Алжирлiктер әр бөлмеде қасиеттi Құран тұрса деген өтiнiш айтса, француздар сұйық сабынды пайдаланатынын,