1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №43 (15917) 3 маусым, сейсенбі 2014
29 мамыр күнi Беларусь, Қазақстан мен Ресейдiң басшылары Еуразиялық одақ жөнiндегi келiсiмшартқа қол қойды. Қыркүйек айында келiсiмшарттың құжаты парламенттiң қарауына ұсынылмақ. Десек те, президент қол қойған келiсiмдi төменгi палата мақұлдамайды деген есек дәме жоқ. Былайғы кезде азу тiсiн батыра алмайтын мәжiлiс президент қолын сүйкей салған келiсiмдi еш дау-дамайсыз, ың-шыңсыз, тiптi өзгертусiз қабылдап жiберетiнi анық. Ел үшiн тарихи маңызы бар шешiм қабылданған тұста азаматтық қоғам, халық неге үнсiз қалды? Еуразиялық одақтың Қазақстанға берер пайдасы мен зияны қандай? Бұл одақтың салдары қандай болуы мүмкiн? Бiз осы сұрақтарды белгiлi саясаттанушылар мен сарапшыларға, қоғам қайраткерлерi және азаматтық белсендiлерге қойып көрдiк.
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ КЕЛIСIМIНЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ. ЕНДI БҰДАН ӘРI НЕ БОЛАДЫ?
Үш елдiң басшысы Астанада Тә­уелсiздiгiмiздiң басына су құйды. «Дәуiрлiк» оқиға қарсаңында Беларусь басшысы Астанаға бiр күн бұрын келiптi. Лукашенконың ас iшiп, аяқ босатуға немесе қойдың басын мүжу үшiн ғана бiр күн бұрын келмегенi анық. Ендеше, Лукашенко мен Назарбаев Путин келгенше не туралы сөйлестi? Бұлардың мұнысын “соңғы рет тұяқ серпiп қалу әрекетi” немесе “Лукашенко Назар­баевты оңашада айнытуға тырысып бақты” деп болжауға бола ма, ол жағы белгiсiз. Бiр анығы – Назарбаев та, Лукашенко да Путиннiң дегенiнен шыға алмады

Тың бастама, қызықты идея дегенiңiз әркiмнiң басында балалай бермейдi. Бiрақ оны жалғыз мемлекет басшысының айта бергенi тағы ыңғайсыз. Өзгелер Қазақстанда бiр адам ғана ақылды, қалғаны миғұла екен деп ойлап қалуы да мүмкiн ғой. Сондықтан жөнi түзу идея болса, көп болып қолдап, ел болып ортаға салғанның еш айыбы жоқ.

Ұлт жанашырлары мен азаматтық қоғам өкiлдерi Антиеуразиялық форум, Қоғамдық тыңдау тәрiздi тәуелсiздiктi қорғауға бағытталған iргелi екi жиын өткiздi. Содан берi патриот тұлғаларға қарсы ақпараттық шабуыл күшейдi. Ресейшiл әрi кремльшiл «Зона.кз», Радиоточка тәрiздi шовинистiк ниеттегi интернет басылымдардың ондай әрекетiн түсiнуге болады, әрине.

Қытай билiгi мыңдаған қауiпсiздiк адамдарын аттаныс­қа келтiрдi, – деп хабарлайды “Шанхай дэйли”(Shanghai Daily) отыз бiрiншi мамырдағы ақпаратында. “Шанхай дэйлиге” негiзделгенде, лаңкестiк қаупiнен сақтану деген желеумен Бейжiң мыңдаған қауiпсiздiк адамдары мен 850 мыңнан астам қауiпсiздiк ерiктiлер (волонтерлер) қосынын аттанысқа келтiрген.

Алматыдағы Наурызбай батыр көшесiнiң бойында, бұрынғы НКВД ғимаратына қарсы сая­бақтағы 1931-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арнап ескерткiш орнатылатын жерге белгiтас қойылған. Биiктiгi 1 метрге жуық белгiтастағы “Бұл жерге 1931-33 жылдары ашаршылық құрбаны болғандарға арнап ескерткiш орнатылады” деген жазудың көнетоздана бастағанына

Сәкен Сейфуллиннiң 120 жылдығына арналды
 
Қалың қазақтың мақтанышына айналған тарихи тұлға, ақиық ақын, көрнектi жазушының 120 жылдығына орай Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұражайы ұйымдас­тырған “С.Сейфуллин жүрген жерлермен” атты автокеруенге бiз жолай қосылдық. Иiсi қазаққа танымал қайраткер Оралбай Әбдi­кәрiмов бастаған, Сәкен Сейфуллин мұражайының бұрынғы директорлары

Өткен аптада бiр үлкен жиынға қатысқан едiм, сондағы әредiкте жанымызға жас ақындардың бiрi келiп: “Ағалар, “Қазақ әдебиетi” газетiнде Олжас Сүлейменовтi ғарышқа ұшы­ра мақтаған керемет тәттi мақала шықты, оқыдыңыздар ма?» –дедi мырс етiп. Мен оған ерiксiз таңдана қарап: “Ай, iнiшек, бiз ол туралы сөйлесiп тұрған жоқпыз, жалпы оны сөз етiп қай­тесiң, жолдастарыңа бара ғой,» – дедiм

             Қазақстанда бүгiн қанша сықақшы бар?
             Оны қайтейiн деп едiң, санағын алмақпысың?
             Керегi болып тұрғаны. Бүгiнгi азған қоғам, билiктiң ит тiрлiгi, жемқорлықтың желiгi солардың отын маздатып, қазанын қайнататын таптырмас тақырыптар ғой.
Египеттiң бұрынғы басшысы Хосни Мүбарак өткен аптада үш жылға сотталды. Оған “жемқорлық жасады, бюджеттiң ақшасын жедi” деген айып тақты. Мүбаракқа қатысты үкiм диктаторлар тақырыбына қайта айналып соғуға себеп болды.
Статистикаға көз салсақ, тарихтан аты белгiлi диктаторлардың алпыс пайызынан астамы бақуатты һәм ұзақ ғұмыр сүрiптi. Яғни көпшiлiгi асарын асап, жасарын жасаған соң ғана
Мылтық атудан ұлттық қауымдастықтың төрағасы Александр Тен жақында басылымдардың бiрiне сұхбат берiп, осылай деп мәлiмдедi. Мұны әркiм әртүрлi түсiндi. “Қару ұстауға бiздiң халықтың өресi жетпейдi” деген сыңайда пiкiр айт­қандар да, қолдағандар да болды. Мылтық ату – ең алдымен спорт. А.Теннiң айтуынша, қауымдастық қолында заңды тiркелген азаматтық қаруы бар азаматтардың мүддесiн қорғау үшiн құрылған.
АЗҒЫНДАРДЫ ПIШУ КЕРЕК ПЕ?
Сенат Қылмыстық кодекстiң жаңа жобасындағы педофилдер мен жемқорларға қатысты жазаны күшейту туралы ұсынысты да қолдады. Мәжiлiстегi жұмыс тобы кәмелеттiк жасқа толмаған­дар­ға қарсы қылмыс жасағандарды балалармен жұмыс iстеуден өмiр бақи шеттетудi толық қуаттапты.
Жаман айтпай жақсы жоқ, онсыз да ширығып жүргендер шарт кетiп, Ресей мен АҚШ арасында соғыс өртi тұтанса кiм жеңедi? Испандық Lainformacion басылымына генерал-майор Хесус Аргумос Пила осы мәселенi жiлiктеп талдап берiптi. Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары қызметiндегi генералдың бiр бiлгенi болса керек. Ендi әскери сарапшының пiкiрiн оқып көрiңiз.

Мохандас Карамчанд Ганди 1869 жылдың қазанында Үн­дiстандағы Порбандарда, қазiргi Гуджаратта дүниеге келген. Әкесi Карамчанд Ганди ұзақ жыл Порбандардың бас министрi қызме­тiнде болған. М.Гандидi ата-анасы 13 жасында өзiмен құрдас Кастурбай есiмдi қызбен үй­лендiредi. Одан 4 ұл өмiрге келедi. Мохандас 19 жасында Лондон­ға аттанып, заңгерлiк бiлiм алып қайтады. 1893 жылы Оңтүстiк Африкаға

29 маусым күнi Астанадағы Сарыарқа велотрегiнде өтетiн “Қазақстан барысы” турнирiне қатысушы балуандардың арасында алтын белбеуден дәмелi алыптың бiрi – қызылордалық Руслан Әбдiразақов. Президент Н.Назарбаевтың жүлдесi үшiн өткiзiлiп келе жатқан осынау турнирге Руслан үшiншi рет қосылмақ. 2011 жылы “Қазақстан барысы” турнирiнiң жартылай финалында туған ағасы Ұлан Рысқұлға есе жiберiп, (Ұлан чемпион атанды)

Өткен жексенбiде фут­болдан ел бiрiншiлiгi­нiң 15-тур ойындары өтiп, күтпеген нәтиже тiркелдi. Қызылордалық “Қайсар” өз алаңында қостанайлық “Тобылмен” тең ойнап, бiр-бiрiне гол соға алмаған екi команда да 1 ұпайды қанағат еттi. “Мұнайшы” стадионында “Атырау” көшбасшылардың бiрi “Шахтер­дi” сүрiндiрдi. Карпович 35-минутта есеп ашып, бiрiншi тайм түгесiлген­ше қонақтар “Атырауға” қарымта қайтара алмады.
АЙҚАССЫЗ КЕЛГЕН ЖЕҢIС
Германияда бокстан халықаралық “Chemistry Cup” турнирi аяқталып, елден барған жiгiттер 1 алтын, 3 күмiс жүлденi бөктерiп қайтты. 52 келiде рингке шыққан Iлияс Сүлейменовтiң финалға дейiнгi қарсыластарын қалай ықтырғаны қаймықтырды ма, алтын медаль үшiн айқасқа молдовалық қарсыласы Александр Рышкан шыққан жоқ.