1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (15918) 5 маусым, бейсенбі 2014
“БАС ЖАРСАҢДАР ДА, КӨЗ ШЫҒАРСАҢДАР ДА МЕЙЛI, ТЕК ӨЛТIРIП АЛМАСАҢДАР БОЛДЫ!”
Түнеукүнi Алматыда бiртүрлi семинар өттi. Семинарлардың түр-түрiн көрiп жүрмiз ғой, бiрақ мынадай семинарды бiрiншi рет көрдiк. Полиция халықтың жайына бас ауырта бастапты: әкiмшiлiк полицияның әр өңiрден келген басшылары шерушiлердi өлтiрiп алмаудың жайын ақылдас­ты әлгi жиында. Бұған себеп – жарасынан әлi қан тамшылап тұрған Жаңаөзендегi оқиға. “Бейбiт халықты қырып салмай-ақ та шерушiлердi таратуға болады екен ғой” деп бастарын қасыды үлкен басшылар.
Қазақстанның билiгi Еуразиялық экономикалық одақ аясында бiрыңғай валюта болатынын жоққа шығарғанымен, ресейлiк басылымдар оның енгiзiлуi әбден мүмкiн екенiн жазады. Одақ аясындағы ортақ валютаның қашан дүниеге келетiнi әзiрге белгiсiз. Десек те gazeta.ru одақ келiсiмiнде бiрыңғай валютаны енгiзу қарастырылғанын келтiредi.

Тоқсаныншы жылдардағы жекеше­лен­дiруден жүрегi шайлығып қалған жұртшылыққа тағы бiр тықыр таянып келедi. Бұл жолғы “қарпып қалу” нау­қаны аса сұрапыл болатын түрi бар. Өйткенi халықпен санаспайтын билiк мемлекеттiң меншiгi ретiнде қалуы тиiс маңызды нысандарды да саудалап жiберудi көздеп отыр. Сатылымға шығатын нысандардың есебiнен адам жаңылады.

“АЗАТ ЕЛДIҢ АЗАМАТЫ РЕТIНДЕ АБАҚТЫҒА ТҮСIП, БОДАН МЕМЛЕКЕТТIҢ ТҰРҒЫНЫ БОЛЫП ТҮРМЕДЕН ШЫҚТЫҚ”
Өздерiңiз бiлетiндей, 29 мамыр күнi Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерiнiң президенттерi Еуразиялық экономикалық одаққа бiрiгетiндерiн растайтын құжатқа қол қойды. Бұған дейiн қазақ ұлтшылдары ел тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн ұйымға мүшелiкке өтудiң мүлде қажетсiздiгiн айтып, талай мәрте мәселе көтерген. Бiрақ, қоғам белсендiлерiнiң бұл пiкiрiне билiк құлақ аспады

Мамырдың 29-ы күнi Еуразиялық экономикалық одақ келiсiмiне қол қою кезiнде Қазақстанда Атом электр стансасын салу мәселесi тағы да сөз болды. Тағы да дейтiнiмiз, осыдан бiраз уақыт бұрын да АЭС салу туралы қазақстандық жандайшаптар жарыса айтып, жақтары талғанша жарнамалаған-ды. Қуат көздерiн пайдалануда “керемет тиiмдi”

Балл жинаушылар мен мал табушыларды “табыстырған” ҰБТ
Елiмiзде мектеп түлектерiнiң бiлiмiн сынайтын Ұлттық бiрыңғай тестiлеу (ҰБТ) басталды. Ұлттық тестiлеу орталығының мәлiмдеуiнше, биыл қорытынды аттестаттауды ҰБТ түрiнде тапсыруға 92 086 бiтiрушi тiлек бiлдiрдi. Оның iшiнде 63 606-сы қазақ тiлiнде және 28 480-i орыс тiлiнде тапсырады. Жыл сайын дау-дамайсыз өтпейтiн ҰБТ тапсыру кезеңi биыл да әдеттегiдей шумен бас­талды.
(саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпағының тағдыры)
 ...Ырғыз ауданының орталығы Ырғыз елдiмекенiнде Бiрлән Бақытжанқызы Әлменова қарапайым қазақ үйiнiң отанасы болып тiршiлiк еттi. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың майдангерi Рахи Маханұлымен сүттей ұйыған отбасында 12 бала тәрбиелеп, бәрiн де азамат етiп аяқтан тұрғызды. Осы шаңырақта ХХ-ғасырдың екiн­шi жартысында өте бел­сендi
Сөйлесем сөзiм тақталы...” деп басталатын Ақтан жыраудың екпiндi толғауы қазақтың кең жазира даласыннан асып, төрткүл дүниеге тегiс тарады. Бүгiнгi бiздiң тақырыбымызға арқау болған Ақтан Керейұлына қысқаша тоқталып өтсек. Ақтан – “Адайдың бес жүй­рiгi” атанған ақпа-төк ақын, “Қырымның қырық батырын” жырлаған арқалы жырау, болашақты болжаған көрiпкел әулие, артында ән қалдырған сазгер:
Абдулла мемлекеттiк сауда саласында 20 жылдай басшы қызметтерде болып, 3-4 үрiм-бұтағына жететiн қор жинаған. Қазiргi кезде облыс көлемiндегi мемлекеттiк сауда мекемесiнiң басшысы. Ал Қадiр болса осы мекемеде қарапайым жұмысшы. Ойында қоймашы болып орналасып, әйелi мен үш баласының тұрмысын жақсарту. Осы мақсатпен 3 рет бастық Абдуллаға өтiнiш жазды. Үш өтiнiшi де көп қағаздың арасында қалды.
Қонысбай Әбiлмен бес-алты рет ұшырасып, тiл қатысқаным болмаса, етене араласып, емен-жарқын сырласқан кiсi емен. Айтыстың аламан дүбiрiнде теледидардан көрiп, талантына талай рет тәнтi болғанмын. Сексе­нiншi-тоқсаныншы жылдары айтыстың абыройы асқақтағанда Қонысбай шаршы топтан қара үзiп жүрдi. Ел арасындағы “Қо­нысбай айтыпты, Қонысбай былай деген екен” дейтiн әңгi­мелер Алашқа аңыз болып жетiп жатушы едi.

Шет ауданының басшылығы осыдан үш жыл бұрын өнердiң өрiсiн кеңейтуге өзiндiк бетбұрыс жасаған едi. Сөйтiп, аудан мәдениет және өнер қызметкерлерiнiң күнiн өткiзудi қолға алды. Алғаш­қысын аудан орталығында өткiздi. Оған елге танымал Ескендiр Хасанғалиев ағамыз бастаған бiрнеше эстрада әншiлерiн шақырды. Мұның өзi жергiлiктi өнерпаздардың мерейiн бiр өсiрiп тастады.

“Жас Алаштың” 17 сәуiрде жарық көрген “Бiзде шалдар көп, бiрақ ақсақал жоқ” және 1 мамырда жарияланған “Ақсақалдар арзандап бара жатыр” деген мақала төңiрегiнде пiкiр бiлдiрудi жөн санадым. Айналып кетейiндер-ау, мақаланы жазарда ойланып, қоғамдағы қалыптасып отырған жағдай туралы толғанып көрме­дiңдер ме, әлде оны пайымдауға өрелерiң жетпей ме?

Қарулы күштiң негiзiн құрайтын – әскер. Болашақ әскерлер – қазiргi жастар, өсiп келе жатқан балалар мен сәбилер. Отанын қорғау үшiн мықты денсаулық пен шыныққан шымырлыққа қоса Отанға деген сүйiспеншiлiк, биiк рух, яғни патриоттық сезiм қажет. Азаматтарымыздың бойына патриоттық сезiмдi ұялату мақсатында жұмыс жүргiзiлiп жатыр ма? 

1941-45 жылдардағы Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың жеңiс­пен аяқталғанына келесi, яғни 2015 жылы 70 жыл толады. Бұл соғыстың адамзат тарихындағы ең ауыр соғыс болғаны да белгiлi. Құрбандардың саны жағынан да бұл соғыс ең жоғары тұр, тек бiр ғана Кеңес одағының өзiнен 20 миллионнан астам адам қаза болса, бүкiл дүние жүзi бойынша қаза тапқандардың саны 40 миллионға жуықтайды.

Сонау ертеден жан серiгiме айналған, “Жас Алаштың” әр санын қалт жiбермей оқып тұрамын. Сондай-ақ, қызметтес әрiптестерiм мен жора-жолдастарымды халықтық басылымды жаздырып алуға үгiттеудемiн. Осы орайда, 22 мамырдағы семейлiк Н.Мусинаның “Жоқтауды кiсi жалдап айтқызуға да бола ма?” атты мақаласы қаламға сүйенуiме әсер еттi.

Алматы қалалық “Ұлы Отан соғысы ардагер­лерiнiң қалалық емхана” ұжымына шексiз алғыс бiлдiремiз. Ақ халатты дәрiгерлер Екiншi дүние­жүзiлiк соғыстың ардагер-ақсақалдарына, Доманск соғыс ардагер­лерiне, Ауған ардагер­лерi мен Чернобыль – Семей апатынан зардап шеккендерге және 1986 жылғы Желтоқсан қаһармандарына үзбей көңiл бөлiп тұрады.

Соңғы кезде көпшiлiк жиналған жерде немесе жеке адамдар арасында, тiптi журналистер арасында да сөзге мән бермеу­шiлiк етек алуда. Мысалы, “барлығың” деген сөздi “барлықтарың” деп айту етек алды, “отырсың – отсың”, “жатырмыз – жатырың”, “балалар – балдар”, “көрген жоқпын – көрген жоғым” және т.т. Қолданыста осындай шұбарланған сөздердi пайдалану үрдiсi көбейiп барады.

“Қорғасындай қорыған Қожбанбет” деген сөз ха­лық арасында көптен бар. Бұл үлгi-өнеге ретiнде айтылып келедi. Демек, Қожбанбет бабамыз өзi өмiр сүр­ген уақытта өзiнiң тiкелей iс-әрекеттерiмен, жүрiс-тұрысымен, өнегелi сөзiмен, әдiлеттi билiгiмен елiн, туыс­тарын, балалаларын ұйыта бiлген.

Бiр жылдан кейiн дәлiрек айтықанда 2015 жылдың 31 шiлдесiнде Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) 2022 жылы қысқы олимпиада ойындарын өткiзетiн елдi жарияға мәлiм етедi. Төрт жылда айналып соғатын ақ олимпиаданы қарсы алып, сән-салтанатын келiстiре өткiзiп беруге әзiр бастапқыда бес қала болған.

ЖЕТЕУI ЖЫҒЫЛҒАН ЖОҚ
Алматыда әскерилер арасында бокстан әлем чемпионаты өтiп, елiмiздiң қарулы күштерi сапындағы боксшылар мерейiмiздi асырды. 49 келiде Олжас Байниязов, 52-де Олжас Сәттiбаев, 56 келi салмақта Қайрат Ералиев, 60 келiде Бекман Сойлыбаев, 75-те Бабыржан Момынов, 91 келiде Асқар Абдулаев, аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев әскерилер арасында әлем чемпионы атанды.
СЫРТТАН ТӨРЕШI КЕЛМЕЙ МЕ?
“Туған ай – тураған ет” деп қазақ қалай дәл тауып айтқан! “Қазақстан барысы” республикалық тур­нирi­нiң өтуiне де санаулы күн қалды. Қазақ күресiн әлемге насихаттау жолында бұл жоба сөз жоқ, орасан үлес қосып келедi. Бiз әлемдiк күрес түр­лерiнiң iшiндегi бекзадасы саналатын қазақ күре­сiн белдесуден гөрi шоуға айналдырып алмасақ екен. Сосын әдiлдiктен тай­мауы­мыз қажет.
Жылдағы тәпсiмнен жаңылмай, “Жас Алашқа” екiншi жартыжылдыққа да толық жазылдым. Жүрген жерiмде құда-жекжат, туыс-бауырды да осы газетке жазылуға үндеп жүремiн. Мен неге өйтемiн? Өйткенi, менiң үнiм – “Жас Алаштың” үнi.