1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №45 (15919) 10 маусым, сейсенбі 2014
Францияның Нормандия аймағында еске алу шаралары кезiнде Украина президентi Петр Порошенко мен Ресей президентi Владимир Путин алғаш рет кездестi. Интернет және ақпарат құ­ралдарында П.Порошенконың В.Путинге оқты көзбен қадала қараған суреттерi жарияланды. Өткен жұма күнi фашистiк Германияға қарсы одақтас елдердiң Еуропада әскери операциясы басталғанына 70 жыл толуына орай Францияның Нормандия аймағында еске алу шаралары өткен едi.

Маусымның 5-i күнi Қазақстан президен­тiнiң ресми сайты (www.akorda.kz) мынадай екiұшты ақпарат таратты: “Испания королi Хуан Карлос I-нiң тақтан бас тартуына қатысты жеделхат: Мемлекет басшысы Хуан Карлос I-нiң тақтан бас тартуын батыл шешiм деп бағалап, оның мұрагерiне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенiн жеткiздi.

Биыл 92 086 мектеп бiтiрушi ҰБТ (Ұлттық бiрыңғай тест) тапсыруға өтiнiш берiптi. Бұлардың 63 606-сы қазақ тiлiнде, 28 480-i орыс тiлiнде тапсырмақ едi. Өкiнiшке қарай, тестiлеудiң алғашқы аптасында-ақ 20 мыңға жуық оқушы ең төменгi 50 баллдық межеге жетпей, сынақтан сүрiндi. “Құлаған” оқушының 2908-i қазақ тiлiнде, ал 975-i орыс тiлiнде сынақ тапсырмақ болғандар.

АУСТРИЯ РАХАТ ӘЛИЕВТI ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРА МА?
Қазақстан президентi Н.Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиев маусымның 5-i күнi кешке Венада (Аустрия) тұтқындалды. Аустриялық АРА агенттi­гiнiң жазуынша, Әлиев полицияға өз еркiмен берiлген және тергеуге көмектескiсi келетiнiн айтқан. Бұрынғы күйеубаланың тұтқындалғанын бiр күннен кейiн Қазақстанның бас прокуратурасы да растады.

Мен бұл жайлы осы жолы қатты ойландым. Футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетiн ХХ әлем чемпионатының iрiк­теу ойындарының кезектiсiн өз алаңында өткiзген Қазақстан ұлттық құрама командасы тағы да миллиондаған жанкүйер­лерiн жерге қаратып, 0:3 есе­бiмен ойсырай ұтылды. Сол кезде жазылып, бiрақ жарияланбаған ойтолғау iшiмнен бүгiн шықты.

Сонымен, Украинаның бесiншi президентi – Петр Порошенконың ұлықтау салтанатына Қазақстаннан премьер-министр Кәрiм Мәсiмов барды. Одан екi күн бұрын түркiтiлдес мемлекеттердiң төртiншi саммитiне қатысқан Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев жолай Киевке соқпады. Еуразиялық одақ бойынша Қазақстанның әрiптесi – Беларусь президентi Порошенконың ұлықтауына өзi қатысып, құттықтады. Ресей президентi Владимир

Еуразиялық одақтың құрылғаны жөнiнде жазған Батыс басылымдары оған Украина дағдарысының көзiмен қарап, баға берiп жатыр. Мәселен, The Washington Post “АҚШ және Еуропа елдерiмен қарым-қатынасы нашарлаған Ресей бұрынғы кеңестiк мемлекеттермен одақтасуға бет бұрды” деп жазады. Еуразиялық одаққа Батыстың ғана емес, Беларусь пен Ресейдiң өз iшiндегi кейбiр ақпарат құралдары да күмән келтiредi.

Жыбырлағыш жұрттың ойлайтынындай оның маған сыйлық етiп iлердей бөлiп бергенi де, дүбiрлетiп кiрердей салып бергенi де, дүрiл­детiп мiнердей алып бергенi де жоқ. Бiрақ мен одан пенденi емес, адамды таптым ба, ала-құласы аралас ағайынды емес, адалды таптым ба, жаныңның бiр жазылмас жарасын жоқ жерден сылтау тауып тырнап кетiп отыратын мынау бүгiнгi жал­ған тiрлiкпен жазықсыз запыланған

АДАМЗАТ 2025 ЖЫЛЫ МАРСҚА ҰШПАҚ
Адам баласы аяқ баспаған Марс ғаламшарына ерiктiлердiң алғашқы легi 2025 жылы аттанады. Бастапқыда 4 адамнан тұратын экспедиция Жер бетiне қайтып оралмайды, олар ғұмырының соңына дейiн Марста өмiр сүредi. Марсқа аттану – мәңгiлiкке саяхат болғанына қарамастан, оған қатысуға ниет бiлдiрушiлер саны өте көп болыпты. “Mars one” (Марсқа бiржолата кету) жобасы 2011 жылы бастау алды, ал
Алматы – Шымкент – Қарағанды – Ақтөбе – Қостанай – Астана. Sамsung компаниясының ең соңғы, ең жаңа, ең жоғары технологиялық өнiмдерi тиелген жүк көлiктерi жоғарыда аталған қалаларда промо-тур өткiзiп, ат басын ендi Астанаға тiредi. Астанадағы бұл шараға 4 мыңнан аса адам қатыс­ты. Шараға қатысқан астаналықтар бүгiнгi күнiмiздiң инженерлiк, технологиялық, дизайндық жетiстiгi болып табылатын техниканы тамашалады.
Құрметтi МБМ қосымшасы! Соңғы кездерi түнгi ұйқыға жатып, көзiмдi iле бергенде денем селк ете қалғаннан оянып кетемiн. Осы құбылыс бiр түннiң iшiнде бiрнеше мәрте қайталануы мүмкiн. Үйдегi үлкен кiсiлер мұны шошынғандықтан болады дейдi. Бұның түпкi себебi неде?
Әр адамның өмiрiн қиын сәтте қорғап, өлiм аузынан алып қалатын қасиеттi күш иелерi бар. Олар – перiштелер. Перiште туралы түсiнiк барлық дiнде бар. Қызығы, барлық дiнде ол көзге көрiнбейтiн, қолмен ұстай алмайтын материя ретiнде суреттеледi. Ислам дiнiнде перiште адамның оң иығына қонады, ақырет күнiнде таразыға салатын жақсы iстерiн жазып жүредi де­лiнедi. Ал христиан дiнiнде адам туылғанда оны тiл‑көзден сақтайтын перiште берiледi, жақсы iс жасалса, ол шаттанады, күнә жасағанда жылайды деп есеп­те­ледi.

Германияның археологтары Жер бетiндегi ең ежелгi шалбарды Қытайдың Тарым ойпатында жүргiзген қазба жұмыстары кезiнде тапты. Немiс археологиялық институтының мамандары Ульрик Бек пен Майк Вагнер ежелгi қорымдарды қазып, көшпен­дi­нiң сүйектерiн тауыпты. Сөйтсе, ежелгi адам киiмi­мен бiрге көмiлген екен. Сүйектер осыдан шамамен 3300 жыл бұрын көмiлгенiн ескерсек, адамға кигiзiлген шалбардың жасы да осыған парапар екенi анық. Демек, бұл – әзiрге Жер бетiнен табылған ең көне шалбар.

Жапон халқының аңызы
Торикайдзан тауының етегiндегi бiр ауылда Кандзоу деген шаруа болыпты. Ауыл iргесiнде алып жылан тiршiлiк ететiн орман бар екен. Сол орманға барған кiсi баласы керi оралмайды дейдi. Жылан келген кiсiнiң бәрiн жұтып қояды-мыс. Бiр күнi Кандзоу жыланның мекенiне баруға бел буады. “Елдiң бәрi “жылан, жылан” дейдi. Бiрақ сол жыланды көрген ешкiм жоқ қой” деп ойлапты

Ештеңеден жиiркенбейтiн, ешкiмнен қорықпайтын бiр ұятсыз кезең кез болып тұр бүгiнде. “Ұят болады”, немесе үй артында кiсi бар” деген мағынасы терең сөздер ұмыт болды. Табалдырықты баспа, есiнеп-керiлме, молаға қарап қолыңды шошайтпа, үлкен кiсiнiң алдынан кесiп өтпе, ошақты аттама, құдыққа тү­кiрме және т.т.

Қазақ әдебиетiнiң классигi, прозаның қас шеберi Бейiмбет Майлиннiң
туғанына 120 жыл толуына орай жазушының артында қалған мол мұрасын ұлықтап, зерттеп, келешек ұрпаққа кемел жеткiзу ниетiнде жазушы атындағы әдеби Қор құрылды. Қор алдағы уақытта төмендегiдей жұмыстарды қолға алуды жоспарлап отыр: Б.Майлин шығармаларын насихаттау мақсатында жазушы шығармаларын жаңартып басып шығару, сондай-ақ бұларды

ҰБТ-дан ұялып, ұлым “ұйықтап” қалмасын” деген оймен бiр ай бойы дайындық жұмыстарына кiрiсiп кеткен едiм. “Балам, ҰБТ деген – ұнтақ­талған бiр түрлi тағам емес, Ұлттық бiр­ыңғай тестiлеу!” деймiн ғой. Соның өзiнде, балам бетiне балшық жағып алады. “Әй, неге бүйтесiң?” деп сұрасам, “Бiр түрлi қорқып тұрмын. Бетiм қызармасын дегенiм ғой” дейдi.

Тәуелсiздiк!
Желiм болды — жегенiм,
Iрiң болды — iшкенiм:
Қадiрiңдi бiлмедiк қой
Бiз сенiң!
Қадiрiңдi бiлмедiк қой,
Әттең-ай!
(Күн тұтылып,
“Адайдың бес жүйрiгiнiң” бiрi атанған әйгiлi ақын Ақтан Керейұлы (1850–1912) осыдан бiр ғасыр бұрын елiнiң болашақ тағдырын болжап жыр айтқан екен. Сол жырды “Жас Алаш” газетiнiң оқырмандарына ұсынғанды жөн көрдiм. Өз басым Ақтан Керейұлының осы жырын әр оқыған сайын “Апыр-ай, Ақтан ақын болашақты қалай дәл болжаған?!” деп қайран қалам.
ТУҒАН КҮНIНЕ «ТАРТУ» ЖАСАДЫ
Юрий Красножан баптайтын елiмiздiң ұлттық құрамасы Венгрия футболшыларына қарсы жолдастық кездесу өткiзiп, 3:0 есебiмен есе жiбердi. Мұндай ауыр соққы маңдайымызға соңғы рет Германия құрамасына қарсы тұрғанда тиiп едi.
Пришкиннiң соққысын Сидельников қайтара алмай ойындағы алғашқы гол 26-минутта соғылды.

Қазiргi күнi бiз сонау 1920-30-жылдардағы Алаш зиялыларының (Ә.Бө­кей­­ханов, А.Байтұрсынов, Ж.Мыңбаев, Т.Шонанов, Ж.Аймауытов, Р.Мәрсеков және т.т.) сол кездегi халықты қалғуға жiбер­мей қалай оятқанын, қоғамның қайтiп көзiн ашқанын ерiнбей-жалықпай, аузымыздың суы құрып айтудамыз. Алдағы уақытта да айта беремiз. Өйткенi олар ұлтты ұлт етуге ұмтылды. Халықты халық етуге тырысты. Солай ғой. Солай!