1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №46 (15920) 12 маусым, бейсенбі 2014
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕЗЕКТI ҮГIТ-НАСИХАТЫ
Аптаның басында брифинг өткiзген мәжiлiс депутаты Азат Перуашев Еуразиялық одақтың кәсiпкерлер мен халыққа берер “жақсылығын” тiздi. Жаңа құрылымның кемшiлiгiнiң өзiнен жақсылық көре бiлген депутат халықтың қалтасын қағатын қымбатшылықтың артынша жалақы көтерiледi деп жақауратты. Перуашевтың аузынан түскен сөздi iлiп әкеткен билiкке жақын сарапшылар да “ортақ нарық мiндеттi түрде жалақыны көбейтедi” дестi. Перуашевтың ойынша, Еуразиялық одақ аясында баға көтерiледi. Бiрақ мә­селе мұнда да емес. Өйт­кенi жаңа жұмыс орындары құрылып, кәсiпорын­дардың табысы артады, олай болса еңбекақы да көтерiледi
L,Espresso деп аталатын итальяндық басылымда Мауриция Маджидiң қазақстандық диссидент Мұхтар Әблязов туралы эксклюзивтi мақаласы жарияланды. Онда Әблязов “егер менi экстрадицияласа, қазақ режимi оның өтеуiне Италия билiгiне тиiмдi келiсiмшарттар ұсынбақ болды” дептi.

Әсем Аухадиева – 2006-2012 жылдар аралығында “Рамстор Қазақстан” ЖШС-да бас есепшi болып қызмет еткен. “Рамстор­ға” дейiн БҰҰ-да жұмыс iстеген. Қысқасы, көзi ашық, көкiрегi ояу. Әсем Аухадиеваның түр­ме­де жазған хатынан түсiн­ге­нi­­ңiздей, оның кәмелеттiк жасқа толмаған екi баласы, анасы, кәрi атасы мен әжесi бар. Ол қылмыс жасаған күнде де бұрын iстi болмағаны, кәмелетке толмаған екi баласы бары, жалғызбасты ана екенi еске­рiлсе керек едi.

ҮЛКЕН ТАҚЫРЫПҚА ШАҒЫН НӘР­СЕ­НIҢ ТҮРТКI БОЛАТЫНЫ БАР ЕМЕС ПЕ?
Осыдан бiраз уақыт бұрын президент Үкiметке және “Самұрық-Қазына” төрағасына “Мен жекешелендiрудiң тағы да бiр толқынын әзiрлеп, өткiзудi тапсырып едiм. Ол – бюджеттi толықтыру мен бизнестi дамытудың маңызды көзi. Мемлекеттiң қатысы бар ұйымдардың саны 6000-нан асады. Онда миллионнан астам адам жұмыс iстедi.
Екi ай сепаратистер билеген, кейiн үкiмет әскерi шабуылдаған Луганскiнiң мыңдаған тұрғыны Украинаның басқа аймағына бассауғалап кеттi. Азаттық тiлшiсi сол босқынның бiрiмен әңгiмелестi. БҰҰ-ның Босқындар жөнiндегi жоғары комиссариатының есе­бiне қарағанда, Қырым Ресейге өтiп, Украинаның шығыс аймақтарында қақтығыс басталғалы 10 мыңға жуық адам

Заң – көпшiлiкке ортақ. “Тәртiпке бас иген құл болмайды” деген халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының аталы сөзiн құптамайтын адам жоқ шығар. Заң шығарушы орган – парламенттегi азаматтардан бiз үнемi әрбiр жанды мазалаған сұрақтардың кiлтiн табар жаңалықтар күте­мiз.

“Аңыз адам” журналына қатысты “аңыздан” асып тү­сетiн сот отырысы басталды. 26 сәуiр күнi Екiншi дүние­жүзiлiк соғысқа қатыс­қан он ардагер бiрлесiп, Гитлер туралы жазғаны үшiн “Аңыз адам” журналын сотқа берiптi. №2 Алмалы аудандық сотында осы iстiң алғашқы отырысы өттi. Даулы iстi Алмалы аудандық соты судьясы Әсет Боранбаев қарады.
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы Әсет БОРАНБАЕВ мырзаға, шағымданушы ардагерлердiң өкiлi Нұртас АХМЕТОВ мырзаға
АШЫҚ ХАТ
Көзi қарақты қазақтың алғысына бөленген “Аңыз адам” журналының Гитлер туралы материалдарына айтылған өкiнiш, ашулы сөз, оқыс қимыл жұртшылықты алаңдатты. Өкiнiш – журналдың 17 мың оқырманының “әттең-айы” десем, ашулы сөз – iстiң мән-жайын анық бiлмей айқайға басушылардың әрекетi.
“Жас Алаш” газетiнiң 2014 жылғы 21 қаңтардағы санында Алшынбай Тұртанов деген азаматтың “Әлiм Алматтың туған-туыстары табылып қалар деп...” деген мақаласы жарық көрдi. Алшынбай Тұртанов былай дейдi: “Стамбұлда Әлiм Алмат деген қария тұрады. Жасы 95-те. Кезiнде Мұстафа Шоқайдың серiгi, досы болған...” Содан кейiн А.Тұртанов өзiнiң Ә.Алматпен жолыққанын айта келiп, “осы кiсi­нiң Қазақстанда туыс-туғандары жоқ па екен?” деп сұрау салады. Айтпақшы, автор Әлiм Алматтың екiн­шi дүниежүзiлiк соғыста

Жылдағы дәстүр бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапха­насында биыл да атақты ақын, зерттеушi, қоғам қайраткерi Олжас Сүлейменовтiң туған күнiне орай оқырмандармен кездесу өттi. Кештi Олжекеңнiң сыралғы досы, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов жүргiздi.

Түн. Қараңғы. Манты жеп отырмыз. Әйелiм, үш балам және мен. Ақырын жеп отырмыз, ешкiм естiмесiн деп. Әсiресе, көршiлер бiлiп қалмауы керек. Манты жақсы пiсiптi, балалар да үндемей жеп отыр. Оларға да тырс етiп дыбыс шығармауды әбден үйретiп қойғанмын.

Биылғы әйелдер мерекесi қарсаңында президент Н.Назарбаевтың қабылдауында болған семейлiк жас ғалым (магистрант) Анар Баймұрзае­ва бүй дедi: “Мен жемқорлықты жоюдың математикалық әдiсiн ойлап таптым”. Магистранттың жайып салған ақжарма жаңалығын естiген­де президенттiң өзi қапелiм­де не дерiн бiлмей абдырап қалды. Экранның бергi жағынан тамашалап отырған бiз президенттi састырған тосын жаңалықты естiгенде тiлiмiз таңдайымызға жабысып, бiр жұтым су iшкен соң

Зауыттың жұмысы тоқтап қалуына байланысты жұмыстан қысқарып қалғаныма 15 жылға жуықтапты. Он екi мүшең сау тұрғанда әйелге масыл болуды ар санап, несие­ге көлiк сатып алдым да, такси қызметiн атқарып, бала-шағаны асырап жүрмiн. Жолаушыны жетер жерiне аман-есен апару басты парыз саналатын
“Жас Алаштың” 17 сәуiрдегi санында жазушы Кәмел Жүнiстегiнiң “Бiзде шал көп, бiрақ ақсақал жоқ” деген мақаласын, осы мақалаға үн қосқан оқырмандардың пiкiрлерiн де оқыған соң, өзiмнiң ойымды жолдап отырмын. Ұзақ жыл мектепте мұғалiмдiк қызмет атқарып зейнетке шыққаныма бiр жылдың жүзi болды.
Фото – тылсымы мен құпиясы мол өнер. Бұл бәзбiреулер ойлайтындай соншалықты оңай шаруа емес. Оған бар махаббатыңды, iшкi жан-дүниеңдi салғанда ғана нағыз өнер туындайды. Фотоөнерiн мейлiнше жетiк меңгерiп, небiр көркем образдарды дүниеге әкелу сондай жанның қолынан ғана келедi. Таяуда елiмiздiң ең сұлу, көрi­к­тi жерлерi мен флорасы, фаунасы, құбылмалы табиғи ерекше климаты

Жуырда ғана Алматыға Австрияның Санкт-Пельтен қаласынан Кристиан Г.Уоллман есiмдi дәрiгер келдi. Жалпы, бұл Алматы кардиологиялық орталығына биыл тәжiрибе алмасу мақсатында келген бесiншi кардиолог маман. Ал оның жасаған отасының ерекшелiгi неде? Мұндай ота түрiн кардиоресинхронизациялау немесе 3-камералы кардиостимулятор им­плантациясы деп атайды. Сондай-ақ, Еуропа медицинасы оны

Биыл Ұлттық бiрыңғай тест сынағын елiмiзде он бiрiншi рет өткiздiк. Әрине, бастапқыда сынақтың бұл түрiне қарсылық танытушылар өте көп едi. Байқасаңыз, жыл өткен сайын осы тестiлеудiң басқалай сынақ түрiне қарағанда дұрыстығына көз жеткiзе бастадық. Сұрақтың жауабына дайындалған, бiлетiн оқушылар межелi биiктi бағындыруда. Ал керiсiнше он бiр жыл бойы кiтап бетiн ашпаған балаға студент атану бағы бұйырмайды.

Аудан орталығында тұратын әкемнiң қарындасының биыл мектептi тәмамдаған қызы хабарласты. Тұтқаны алғаным сол едi, жылап қоя бердi. Соңынан ұққаным, ұлттық бiрыңғай тестiлеуден 66 балл ғана жинапты. Жоғарғы оқу орындарына бөлiнген грант саны шектеулi болғандықтан, бәсекелестiк те жоғары екенi айтпаса да түсiнiктi. Жиен қарындасымның уайымы да – осы.

...Еуропаға Қазақстан футболы ың-шыңсыз, у-шусыз енiп алды. Шудың бәрi Еуропада футбол ойнай бастағанда басталды. Қазақ елiнiң футбол қақпасы қора-қора доп сақтайтын қоймаға айналды. Жеңiс түгiлi тең ойнау арман болды. Жеңiлiс­тiң де жеңiлiсi бар. Бiздiң бiрге екеу соғып жатса, екiге үш енгiзiп жатса арман не? Олар үшеуден алтауға дейiн доп тоғытқанда бiзде нөл

АҚШ-та қабiлет-қарымын қайрап, кәсiпқой бокста олжа салып жүрген қандасымыз Қанат Ислам бүкiләлемдiк бокс ассоциациясының (WBA) мамыр айын­дағы рейтингiнде жоғарылады. Өзiнiң салмағындағы серкелердiң арасында 11-сатыда тұрған Қанат мамыр айының соңында колумбиялық Франциско Кордеоны үшiншi раундта нокаутпен ұтқан-ды. Осы күнге дейiн кәсiпқой бокста 17 жекпе-жек өткiзiп сүрiнбеген саңлақтың жеңiсi сеп болып, бiрден 9-сатыға жоғарылады.

Адамға өмiр бiр-ақ рет берiледi. Бiр-ақ рет берiлетiндiктен де әр буын Отаны мен халқының алдындағы өз мiндет-парызын адал атқаруға тиiс. Әсiресе, “Кейiнгi ұрпақ өзi жөндеп алады...” деп, өз мiндетiңдi кейiнгi буынға ысырып тастауға болмайды! Егер 1950-1970 жылдары қазақ зиялылары қазақ тiлi үшiн бел шеше, белсене, жаппай күрескенде, дәл қазiр бiз осылай батпақтап жатпаған болар едiк...

Егер лас су құйылған стақанға йодтың 5 пайыздық спирттiк ерiтiндiсiнiң 5 тамшысын тамызса, 17 секундтың iшiнде бактерия­лар мен вирустардың 90 пайызы жойылады. Ғалымдар бұл ретте йодтың осындай ерiтiндiсiн адам ағзасына ендiрсе, қатардағы сырқаттан бастап ракқа дейiнгi ауыр ауру түрлерiн тудыратын кез келген паразит, бактериялар мен вирустарды оңай әрi арзан жолмен жеңуге болады деген мiндет қойды.