1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №47 (15921) 17 маусым, сейсенбі 2014
Ашық хат
ҚР Парламентi қабылдаған Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу және Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекске вето қоюды сұраймыз.
Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы!
Сiз Қазақстан Республикасы Парла­ментiнiң бесiншi шақырылымының 2013 жылдың 2 қыркүйегiндегi үшiншi сес­сия­сында қылмыстық сот iсiн жүргiзу жүй­е­сiн жетiлдiрiп, қазақстандық құқық саласын сапалы деңгейге көтеру, азаматтардың құқығы мен бостандығына  қылау түсiрмеу туралы айттыңыз.

Онсыз да әбден ушыққан Украина мен Ресей қарым-қатынасы екi-үш күндiктен берi асқынған шегiне жеттi. Киевтегi Ресей елшiлiгiнiң алдында наразылық шарасын өткiзушiлердi сабырға шақыруға келген Украинаның сыртқы iстер министрi мiндетiн атқарушы Андрей Дещица шерушiлерге қосылып, Путиндi балағаттап ән салды. Бұл оқиғадан кейiн Мәскеу Киевке наразылық нотасын жолдады.

Еуразиялық одаққа қол қойылған санаулы күн iшiнде қазақ президентiнiң ұлылығын дәрiптеген мақалалар БАҚ бетiнде iркес-тiркес шығып жатыр. Мейлi ғой, қазiр кiм не айтса да, өзi бiлетiн заман. Оның үстiне қоғамды Еуразиялық одақ туралы “ертегiге сендiру” жөнiнде жоғарыдан тапсырма болуы да мүмкiн.

Өткен аптада Бурабайда Шетел инвес­торлары кеңесiнiң жалпы отырысы өткен-дi. Бұл жиынға Н.Назарбаевтың өзi қатысып, шетелдiк инвесторлармен елiмiздегi инвестициялық ахуалды жақсарту, инвесторлардың құқықтарын қорғау жөнiндегi шаралар, сондай-ақ, индустрияландырудың екiншi бесжылдығы шеңберiнде инвестициялау және технологиялар трансфертi мәселелерi талқыланды.

Өткен аптада өздерiн Луганск халық республикасымыз (ЛХР) деп жариялаған “республика” 14 мемлекетке өтiнiш жолдап, өз тәуелсiздiгiн мойындауын сұрады. Әрине, мұндай өтiнiш­тердiң демократиялық елдерге жолданбайтыны белгiлi. Сонда кiмдерге жолданады?

Сiзге күңiренiп, хат жолдауым есi дұрыс пенденiң iсi емес екенiн де жақсы бiлемiн. Бiрақ көкiректi кернеген қыжыл, өкiнiш, уайым бiздi де Сiзбен, Сiздiң рухыңызбен сырласуға ерiксiз мәжбүр еттi ғой. Мiне, бүгiн Сiздiң “Қазағым” деп аталатын, бұдан бiр ғасырдан астам бұрын жазылған ұзақ толғауыңызды оқып отырғанда кеудемдегi жүрек деп аталатын жұдырықтай жұмыр

Кереку өңiрiне биылғы жылдың басында келген жаңа басшы Қанат Бозымбаев “кiмнiң кiм екенiн” әбден таразылап алғасын, кейбiр шалажансар әкiмдердi ақырындап тағынан тайдырып, “тазалау жүргiзiп” жатыр. Бұған дейiн Павлодар және Ақсу қалалары мен Успенка ауданының әкiмдерi ауысқан едi.

Қазақстандықтар үшiн сүйiншi жаңалық – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесiнiң туы елiмiзге ресми табысталды. 11 маусымда Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ – Т.Т.) бас ассамблеясының 155 құрылтайында Қазақстан ресми түрде ЭКСПО-2017 көрмесiн өткiзетiн мемлекет болып мойындалды. 12 маусымда Бурабайдағы шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң мәжiлiсiнде “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясының басшысы Талғат Ермегияев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа байрақты салтанатты түрде табыс еттi.

Анда-санда қалаға барғанда,жартылай жалаңаштанып кiндiгiн ашып жүрген тұлымшақты қаракөз сәбилер мен бойжеткендердi, бiрен-саран келiн-кепшiктердi көрiп, iштей налитын едiм. Осы жолы барғанымда одан да өткен сұмдықты, масқараны көрiп, жүрегiм қан жылап, көзiммен жер шұқыдым. Ендi батысшалап кiндiгiн ашып жүргендердiң қатарынан етжеңдi, кең денелерiн тылтиған тар киiммен қысып, құрсағы көрiнген сары қарын кексе әйелдер де (ана, кейуана деуге аузым барар емес) көрiне бастапты.

“Ол әлi кiшкентай, ештеңе де түсiнбейдi”, – деп ойлайды көп ата-аналар. Сөйтiп, балаларының алдында көршiлерi, мұғалiмдерi, туыстары, таныстары туралы неше түрлi жаман әңгiмелер айтып отыра бередi. Бiрақ бала әңгiменiң мәнiн түсiн­беуi мүмкiн, үлкендердiң айналасы туралы айтылған “қызықты” әңгiмелерi мен пiкiрлерiн есiнде жақсы сақтап қалады.

Шетелдiк жiгiттiң етегiнен “ұстап” байлыққа бел­шемiзден батып қаламыз деп адасқан қыздарымыз аз емес. Күн сайын болмаса да, жиi-жиi шетелдiк күйеубаланың қаракөздерiмiздi сазға отырғызып кеткендерi жайлы айтылады. Десек те, соған қарамастан өзге ұлт өкiлiне жар болуға ынтық қыздарымызды райынан қайтару қиын-ақ.

БИЕ СҮТIНЕН БАЛАЛАР ТАҒАМЫ ЖАСАЛАДЫ
Baq.kz-тiң хабарлауынша, Ақмола облысында бие сүтiнен балалар тағамы жасалады. Қазақ тамақтану академиясы арнайы азық-түлiк биотехнологиясы зертханасының жетекшiсi Юрий Синявский бұл жобаға отандық бизнес қызығушылық танытып отырғанын айтады. Биенiң сүтiнен бала тағамын жасайтын зауыт пен ферма 2014 жылдың аяғына дейiн iске қосылады.
Аргентина – Босния және Герцеговина құрамаларының арасындағы жарыстың спорттық қызығынан басқа мен үшiн екi шыжығы болды. Бiрiншiсi, әрине, арман болған әйгiлi “Маракана” стадионын көру! Екiншiсi, сонау 1986, 1990 жылы өткен әлем чемпионатынан соң Аргентина құрамасын көзбе-көз көрген жоқпын. Сол жылдардағы Марадона бастаған құрама мен бүгiнгi Месси сүйреген команда қандай екен деген журналистiк қызығушылық. 
ОҚЫРМАННЫҢ БОЛЖАМ БӘЙ­ГЕСIНЕ ҚАТЫСЫҢЫЗ
“Жас Алаш” әдеттегiдей оқырмандарының арасында болжам бәйге өткiзетiнiн хабарлайды. Түрлi оқиғаға толы әлем бiрiншiлiгiнде қай құрама топ жарады? Испандықтар төрт жыл бұрынғы ерлiгiн үстеп, бұрынғы биiгiн ұстап тұ­ра ала ма? Бiр мүшел мер­зiмнен берi ФИФА-ның алтын кубогына қолы жетпей жүрген Бразилия оза ма? Әлде “немiс машинасы” жүйтки ме? 
Қазақ халқын өзiмiз де, өзгелер де момын дейдi. Менiңше, бұл дұрыс емес. Бiзге кесепат кесел болып жабысқан дерт бiреу емес, бiрнешеу: тоғышарлық, құлақкестi көнбiстiк, жiкшiл алауыздық, жалтақ жайбасарлық, жағымпаздық, даңғой шенқұмарлық, намыссыздық, селқос салғырттық...

Бүгiнде тәуелсiз ел болдық десек те, Ертiс – Павлодар өңiрiнде орыстiлдi ағайынның рухани басымдылығы әлi де көзге ұрып тұрады. Бұны аталмыш аймаққа басшы болып келген әкiм Бозымбаев та байқаған шығар деп ойлаймыз. Ел iшiндегi ұсақ-түйек талас-тартысты өзара ағайын болып шеше салатын Тараз жерi емес бұл.

Қазақстан Журналшылар одағының төрағасы Сейiтқазы МАТАЕВҚА дұғай сәлем!
Алматы. 12 июня. КазТАГ – Мадина Алимханова. Лауреатами премии Геннадия Толмачева 2014 года республиканского конкурса “Лучший редактор СМИ-2014” стали президент АО “Казахстанская правда” Александр Тараков и главный редактор атырауской газеты “Сахара” Куандык Батыров...
“АСТАНА-ФИНАНС”  БАНКI” АҚ сенiмдi тұлғасы сауда-саттықтың ағылшын әдiсiмен (бағасын көтеру) банктiң мүлiгiн сату бойынша сауда-саттық жүр­гiзетiндiгiн хабарлайды. Лот №1. Жалпы ауданы 0,3701га жер телiмi (кадастр нөмiрi 08-130-004-550).  Лот №2. Құрылыс материалдарынан тұратын жылжымалы мүлiк “Арман” тұрғын-үй кешенi. Мекенжайы: БҚО, Орал қ., Пугачев пен Құрманғазы көшелерiнiң қиылысында.