1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (15922) 19 маусым, бейсенбі 2014

Кремльдiң империялық амбициясынан туындаған, атақ – абыройын Ақорда қожасы меншiктенген Еуразиялық одақ құру бастамасы жалған “ұлтшылдар” мен ұлттың нағыз зиянкестерiнiң бетпердесiн ашып тастады. Әсiресе, өздерiн оппозициялық, халықшыл, ұлтжанды санайтын саяси ұйымдар мен саясаткерлердiң Астана пәрменiмен Еуразиялық одақты қолдап шыға келуi олардың қалған-құтқан абыро­й-беделiн жұрдай еттi. Сондай ұйымдардың бiрi – бүгiнгi билiктiң дегенiмен жүрiп, оппозицияны бөлшектеп, ыдыратып берген, қоғамда сенiмiн жоғалтқан Жармахан Тұяқбайдың Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.

БАС ПРОКУРОР АСХАТ ДАУЫЛБАЕВТЫҢ МӘЛIМЕ­ТIНШЕ, СОҢҒЫ ОН ЖЫЛДА ҚАЗАҚСТАННАН ОФФШОРЛЫ АЙМАҚТАРҒА 140 МИЛЛИАРД ДОЛЛАР АУДАРЫЛҒАН
Сарапшылардың мәлiметiне сүйенген А.Дауылбаев жеке тұлғалар жыл сайын 1,5 трил­ли­он теңгенi күмәндi аймақтар­ға жiберетiнiн айтты. 2013 жылдың өзiнде елге қайтпаған валюта 200 миллион долларға жеттi. Осы ақпараттарды келтiр­ген бас прокурор қаржылық мониторинг комитетiнiң жұмысына қынжылыс бiлдiрдi. Айтуынша, күмәндi келiсiмшарт пен ақша операциясы жөнiндегi ақпараттарды жинап, өңдеу бойынша жұ­мыс дұрыс атқарылмайды. Сондай-ақ, құқық қорғау мен салық органдарының қызметiнiң үйлестiрiлмеуi, жұмысты келiсiп атқармауы да кедергi келтi­руде.
СОЛАЙ ЕТЕТIНДЕЙ БАСЫМЫЗҒА НЕ КҮН ТУДЫ?
Өткен аптада Бурабайда өткен шетелдiк инвесторлар жиынында президент Нұрсұлтан Назарбаев бiрқатар жеңiлдiктер ұсынатын заңға қол қойды. Сондай-ақ, Қазақстан билiгi инвесторларды елдегi жекешелендiру процесiне қатысуға шақырды.м Жалпы, жиынның өзi инвесторлардың индустриалды-инновациялық бағдарламаның екiншi бесжылдығына қатысуына арналды. Шетелдiк инвесторлар

“Қайтсек қаржы табамыз” деп ала­сұрған билiк ендi қазақтың қара жерiне де ауыз салғалы тұр. Бұған дейiн көптеген салық түрлерi көтерiлген. Ендi оған жер салығы тағы қосылды. Мұның бiр ерек­шелiгi, пайдаланылмай жатқан жер те­лiмдерiне салық жүктемесi 10 есе өседi, ал оны төлей алмағандар немесе салықты ауырсынғандар оны мемлекетке өткi­зуi тиiс. Жер салығымен “желкелеу” қыс­пағынан тоқымдай жерден түсiм алып, қалт-құлт етiп күн кешiп жатқан шаруалар да тыс қалмайтын түрi бар. Өйткенi бiрыңғай жер салығының өзi 1,5 есеге ұлғаяды. 

Астананың iргесiндегi бiрнеше көне қо­рымды трактормен тегiстеп жатыр. Жергiлiк­тi билiк бұрынғы Талдыкөл ауылының iргесiндегi үш зираттың аумағын демалыс орнына айналдыруға қызу кiрiсiп кеттi. Талдыкөл ауылының тұрғындары 1964 жылы жергiлiктi билiктiң нұсқауымен көшiрiлдi. Өйткенi ол жерге қала жобасы бойынша кәрiз суы жиналатын аймақ жасау көзделiптi.
Биыл “Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтап қалу” жобасының 2-кезеңi басталмақ. Алғашқы кезең көк теңiз төсiндегi елдiң ата кәсiбiне жан бiтiрдi. Кәсiп бар жерде несiбе бар. Теңiз тартылмай тұрып, үй артына ау салып үйренген ағайын қайығы қайырлаған уақытта өң мен түстiң ортасында қалғандай күй кештi.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi Журналис­тика факультетi Баспа iсi және дизайн кафедрасының меңгерушiсi Сағатбек Медеубекұлы осылай дейдi.
– Соңғы кезде ақпарат құралдары “бе­зен” , “безеншi” деген атауды жиi ай­та бастады. ..

29 мамыр күнi бiздiң ауылда, Мәдениет үйiнде селолық әкiм­шi­лiктiң ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары “Терра” ЖШС өкiл­дерiмен кездесу өткiздi. Кездесуге барлығы 47 адам қатысты. Бұл кездесуде Балқаш көлiнiң оңтүстiк жағалауына Амур жолбарысын жiберу туралы әңгiме қозғалды. Ауыл тұрғындары түгелдей бұл шараға, яғни Амур жолбарысын Балқаш көлiнiң оңтүстiк жағалауына жiберуге қарсы екенiн бiлдiрдi:

Түнеугүнi үш ай басшысыз қалған Талас ауданына әкiм таға­йындалды. Ұзақ уақыт бос тұрған орынға жұрт кiмдердi отырғызбады десеңiзшi. Бiрақ қылшылдаған қаншама кандидаттың арасынан жасы алпысты алқымдаған Болат Рысмендиев оза шауып, үзеңгiге қайта аяқ iлiктiрдi. Мұны әркiм әртүрлi кесiп-пiшiп, сан-саққа жүгiртiп жүр.

Қазақы шежiреге қағажу көрсетуге болмайды. Қазақы шежiренi тереңдеп бiлген са­йын, үш жүздiң баласын бiр атаның баласына айналдырып, бiр әкенiң кiндiгiнен тараған ұл мен қыздан “қазақ” деген халық жасап бередi. Қандай ғажап! Ал былайғы тарих тереңдеп бiлген сайын, сайда саның, құмда iзiң қосылмайтын жiкке бөлiп, таусылмайтын дау мен шырғалаңға салып, мағынасыз өмiр,

Майра Уәлиқызы осы күнгi Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қараағаш деген жерде бiр жылдан астам тұрыпты. Қожахмет Сейтбатталұлы деген қарттың естелiгi бойынша, Майраның Ақсуға келу тарихы да қызық. Әншi Майраның туып-өскен ортасы Павлодар өңiрi де, тұрған, жүрген жерi – Ертiс бойы екенi жұртқа аян. “Сонда Майра 1909 жылы Жетiсу елiне,

Қырғыздың осындай сөзге жа­зыл­ған бiр әнi бар. Сүйген жас сұлу қызына арналған ән. Менiң де сүйген өнерiм – футболыма айтар әнiм осындай. Футболдан әлем чемпионатына соңғы рет сонау 1998 жылы барған екенмiн. Франциядағы чемпионаттан берi 16 жыл сырғып өтiптi. Одан бергi чемпионаттарға бармадым, бара алмадым, барғызбасым барғызбады.

ҮМIТТЕРIН АҚТАЙ АЛМАДЫМ
...ҰБТ-дан 107 балл алдым. Мен бұған қуанған жоқпын. Бұл балмен Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тiлдерi уни­вер­си­тетiнiң халықаралық қатынастар факульте­тiне түсе алмасым анық. Ал қаржы төлеп оқытуға ата-анамның қалтасы кө­термейдi. “107 балмен басқа университеттерге түсiп кетесiң ғой. Несiне қайғырасың?!” – дейдi сыныптастарым.

Сағи Жиенбаев — табиғаттың үй­лесiмi мен жарасымындай болып, айнала дүниенiң кескiн-келбетi көздi де, көңiлдi де қатар арбап тұрған кезде туа салғандай шыныдай таза, шынайы ақын едi. Жасандылықтан мүлде ада. Өлеңдерiн оқи бастасаң-ақ есiлiп соғатын самал желдiң лебiн, сол желмен сыбдыр қаққан жапырақтардың уiлiн, өсiмдiк атаулының теңселiсi мен тербелiсiн, алуан түрлi гүлдердiң жұпарлы иiсiн, қыстың ызғарлы да

ХАЛКТЫ IЗДЕГЕН ХАЛЫҚҚА
Бразилия мен Мексика ойынына шабуылшы Халк қосылған жоқ. Шабуыл­шыны iздеген жанкүйерлерге Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкерi Луис Фелипе Сколари жарақатына байланысты Мексикаға қарсы салмағанын айтты. Ал Халк керiсiнше, ойынға сақадай-сай әзiр болған екен. “Мен жарақатымды емдеп, ойнауға әзiр едiм.
“Жас Алаш” газетi дәл қазiр Украина туралы өте көп жазатын болды. Неге? Украина туралы жазғанымыз – өзiмiз туралы жазғанымыз. “Айлас қатын – мұңдас”, бiз украиндармен тағдырлас, мұңдас халықпыз. Украина киген тазкепештi, айтқан жерден аулақ, ертеңгi күнi Қазақстанның да киюi әбден мүмкiн.