1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (15923) 24 маусым, сейсенбі 2014
Екеуi де билiктiң шыңына шыққан. Қазақ басшысы өзiн бала кезден чемпиондық тұғырда жүргендей сезiнедi. Жетпiстi желкелеп тас­таса да сол көңiлдiң желiгi басылмаған. Орыс патшасы жастайынан жа­ғаға жармасып, күрес тәсiлiн бо­йына дарытқан. Құпия қызметтiң де сұмдықтарын санасына сiңiрген. Кәртеңдiктiң ауылы әлi алыста, дер шағында. Саясаткерлердiң сайысы болатынын әмбе жұрт бiледi. Бiлген соң да айтады ғой, Путин Назарбаев пен Лукашенконы қатар жықты деп. Айласымен әрi күшiмен. Қарсыластың осал жерiн дөп бассаң және оның қипықтайтын iшкi қуыстарын бiлсең, батыл қимылдайсың. Ол пәле сөйттi.

Литваның президентi Даля Грибаускайте Focus журналына берген сұхбатында Путиндi Адольф Гитлер және Иосиф Сталинмен салыстырды. “Путин ұлттық мәселенi бөтен елдiң жерiн басып алу үшiн сылтау ретiнде пайдаланды. Гитлер мен Сталин де сөйттi. Мұндай салыстырулар жасаған орынды”, – дедi ол.

Қазақстанның Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов ел аман, жұрт тынышта тiлiнен сүрiндi. Парижде EFE агенттiгiнiң тiлшiлерiне берген сұхбатында министр “стан” жалғауынан бас тартпаймыз” деп, президенттiң сөзiн терiске шығарды. Тiптi оған салсаңыз, Қазақстанның ресми атауын “Қазақ елi” деп өзгерту туралы әңгiменi “бықсытып” жүргендер де – журналистер екен.

Мектеп бiтiрушi түлек пен оның ата-анасын шаршатқан Ұлттық бiрыңғай тест (ҰБТ) тапсыру мерзiмi де бiттi. У-шу мен дау-дамайға толы сынақ науқаны биыл да “дәстүрi­нен” жаңылмады. Тестегi 64 сұрақ қате деп танылды. Бұл туралы Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiповтiң өзi мәлiмдедi. Бiр қызығы, аты дардай тестiлеу барысында 64 қатеге жол берiлгенiн министр қалыпты жағдайдай хабарлады. Осынша қатенiң қаншама оқушының бағына байлау салғ­анына мән

“Табыс көздерiнiң аражiгi мейлiнше алшақтап, тұрмысы жақсы мен күнкөрiсi төмен отбасылар арасындағы айырмашылық әлеуметтiк шиеленiстi ширықтыра түсуде”. Бұл сөздердi Н.Назарбаев биыл Астанада өткен Экономикалық форумда айтты. Президенттiң айтқаны даусыз ақиқат әрi елдегi жағдайды мойындау. Расында да бiздегi айлық табыс пен күнкөрiс мәселесiнде аспан мен жердей айырмашылық

Өткен аптада жарты жылға созылған тағы бiр сот процесi аяқталды. Былтыр дау тудырған бұл сот iсi тәуелсiз басы­лым­ға қатысты жүргiзiлген-дi. “Ашық Алаң (Трибуна)” газе­тiндегi өз сұхбаты бойынша шағым түсiрген Көпесбай Жам­пейi­совтiң талабын Алматы қалалық соты да қанағаттандырды.

“Көп жақсылықтың бiр жамандығы бар, көп жамандықтың бiр жақсылығы бар”. Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Көксарай су қоймасы салынып, пайдалануға берiлген соң Сырдың төменгi ағысында отырған елдi мекендер тасқын қаупiнен құтылды. Қазiр үкiмет қыс бойы Көксарайға су жинап, жаз бойы оны Қызылорда облысының диқандарына берiп келедi.

Заңды талап ететiн прокурорлар мен дауға қазылық жасайтын соттардың өздерi заңды бұзып жатса, өзгеден не күтуге болады?! Елде қылмыстың саны көбейiп, жемқорлықтың азаймауы – заңның орындалмай отырғанының белгiсi. Қазiргi кезде халықтың құқық қорғау орындарынан гөрi, журналисттерге жүгiнiп әдiлдiк сұрауы жиiлеп барады.

Кеше Сочиде Қазақстан, Беларусь пен Ресейдiң вице-премьерлерi Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеңесi жиынын өткiздi. Ресейлiк ақпарат көздерiнiң жазуынша, үш ел Еуропа одағының қауымдастығымен байланыс орнатқан Украинаға қарсы саудалық кедергiлер қою мәселесiн талқылады.

Елордада сенбi күнi тамаша мерекелiк iс-шаралар өттi: елiмiздiң бас қаласында “ЭКСПО-2017” Туы ұлықталды. Айта кетер жайт, 11 маусымдағы Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 155-сессиясында Astana ЕХРО-2017 жаһандық көрмесi ресми танылған едi. Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов басшылық еткен қазақстандық делегация құрамында ЭКСПО-2017 комиссары – сыртқы iстер минис­трiнiң бiрiншi орынбасары Рәпiл Жошыбаев пен “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясының басшысы Талғат Ермегияев болды.

Ардагерлер де жетерлiк, аға буын да, орта буын да, жастар да бар, бiрақ бұлардың арасында ешқандай байланыс жоқ
– “Алаш айнасы” газетiнде тележурналист Есболат Айдаболсын:   “Познердiң жасы 80-ге келiп қалды. Ал бiзде 40 пен 60 аралығындағы тележүргiзушiлердi тауып берiңiзшi. Тiлшiден Тiлеуқабыл Мыңжасарды бiлемiз, тележүргiзушiден Нұртiлеу Иманғалиұлын ғана айтамыз.

Астанадағы Бейбiтшiлiк және келiсiм сара­йында қазақтың ұлы батырларының бiрi Ер Жәнiбек Бердәулетұлының 300 жылдығына арналған “Ел қорғаған Ер Жәнiбек” атты халықаралық айтыс өттi. “Ер Жәнiбек” халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен бұл айтыста Айбек Қалиев (Арқалық), Мақсат Ақанов (Қарағанды), Ринат Зайытов (Алматы), Ержеңiс Әбдиев (Қызылорда),

Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң 9 студентi “Mevlana” бағдарламасы бойынша Түркияда бiлiм алып жатыр. Анкарадағы Гази университетi мен Қазақ ұлттық университетi арасындағы байланысқа дәнекер болған филология факультетiнiң мемлекеттiк тiл кафедрасы екен. Бiз әлеуметтiк желi арқылы Түркиядағы студенттерге хабарласып, бiрқатар сауал қойған едiк. Сабақтан бос уақыт тауып, бiздiң сұрақтарымызға Ербол Молдажанов жауап бердi.

Францияның Сен-Себастьен қаласындағы Техникалық колледждiң студенттерi «Микроджоуль» жобасына қатысып, тағы да рекорд орнатты. Жобаның мақсаты – студенттердi үнемдi көлiк жасап шығаруға ынталандыру. Ал француз жастарының автомобильдерi 3218 шақырымдық қашықтықты тек 1 литр жанармаймен жүрiп өткен. «Микроджоуль» жобасы 1985 жылдан берi дәсүрлi түрде өткiзiлiп келедi. Оған әлемнiң 25 елiнен 200-ге жуық команда қатысады.

ОН СЕГIЗБЕН ҚОШТАСУ
О, он сегiз –
Менiң отты тұғырым,
Сенi де алып бара жатыр ұры күн.
Барасың сен ғашығымдай өкпелеп,
АБИТУРИЕНТТЕР «АТ» МIНДI
Өткен жылы ҰБТ қорытындысы бо­йынша бесiншi орын­ға тұрақтаған Ақтөбе облысы биыл алғашқы үштiкке ендi. Тек Алматы мен Астана қалаларын ғана алдыға салған Ақтөбе өңiрiнiң бұл жетiстiгiне аймақ басшылары ерекше разы. Биыл облыста 6502 бала мектеп бiтiрiп, солардың 69,3 пайызы, яғни 4508 түлек ҰБТ-ға қатысқан.

Ақыл-ойдың гимнастикасы саналатын шахмат өнерiнде қазақ қыздарының алар орны ерекше. Әсiресе, оңтүстiкте шахмат шежiресiне есiмiн алтын әрiппен жазған аруларымыз аз емес. Шахматтан тәуелсiз Қазақстанның тұңғыш чемпионы, Қазақстан құрама командасында жүрiп әлемнiң талай мықтыларын тiзе бүктiрген, құйрықты жұлдыздай жарқ етiп өте шыққан Ләззат Тәжиеваның iзiн жалғаған сiңлiлерi қазiр әлемдi таңғалдырып тұр.

Сан-Паулуда өтетiн Англия – Уругвай ойынын өзiм таңдап алғанмын. Бүгiнде әр журналиске чемпио­нат басталмай тұрып, бар­ғың келетiн ойындарды таңдатады. Сөйтедi де, сол ойынға ФИФА саған билет дайындайды. Ертеңiне, болмаса ойын өтуге таяғанда “ол ойынға бармаймын, өзге матчқа барамын” десеңiз, далада қаласыз.