1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (15924) 26 маусым, бейсенбі 2014
Мейiрiмдi, рақымды Алланың атымен бастаймын! Баршамызды қасиеттi Рамазан айына аман-есен жет­кiз­ген Алла тағалаға сансыз шүкiршiлiк айтамыз. Құрметтi мұсылман ба­уырлар! Әлем мұсылмандары мүбә­рак Рамазанда Алланың рақымына бөленудi үмiт етiп, сауабы мол iзгi амалдарды атқаруға ниеттi. Сiздердi бiр ай бойы жалғасатын ұлық Рамазан айының келуiмен құттықтаймын! Алланың рақымы мен кешiрiмiне бөлейтiн, әр игi амал еселенiп жазылатын Рамазанды асыға күткен баршамызға бұл қасиеттi ай құтты болсын!
Таяуда ғана Әдебиет және өнер саласы бойынша Қазақстан Республикасының 2014 жылғы Мемлекеттiк сыйлығын беру жөнiндегi республикалық комис­сия­ның хабарламасы жарық көрдi. Комиссия өз хабарламасында аталған сыйлықты алу үшiн алдын-ала iрiктеуден өткен, ендi кон­курс­тың соңғы кезеңiне жiберiлген шығармалардың тiзiмiн жариялады:

Президент Н.Назарбаев дүй­сенбiде бес сағат жұмыс уақы­тын Ақтөбеде өткiздi. Украина үшiн тартыстан туған тұрақсыз халықаралық жағдай, АҚШ пен Еуроодақтың Ресейдi экономикалық қыспаққа алуы, одан туған сау­да соғысы, экономикалық тұрақсыздықтан баға саясатының өзгеруi, қысқасы халықаралық сая­саттағы аласапыраннан туған көңiлсiздiк Н. Назарбаевтың   аймақты аралаған жұмыс сапарында

Қарт Абай сақалы сапсиған әлдебiреудiң қасында отыр. Ананың қолында кетпектей бiрдеңе бар. Өзi соған қарап тұр. Құдды өзiн-өзi ұялы телефоннан суретке тартып алғысы келген адамға ұқсайды. Абай да соған ұмсынып, “кадрға” iлiнiп қалғысы келген жанның кейпiнде. Әлде түрегеп тұрған адам отырған кiсiге жөн көрсетiп, жол нұсқап тұр ма? Әйтеуiр тiкесiнен тiк тұрған адам тегiн кiсi емес секiлдi. Ал Абай — мыртық. Шөгiп кеткен.

Рахат Әлиев пен оның сыбайластары Вадим Кошляк және Әлнұр Мұсаевты қамау мерзiмi 21 шiлдеге дейiн ұзарды. Қазақстандағы жәбiрленушiлердiң құқын қорғаушы австриялық адвокат Анна Цайтлингер осының өзi айыптаудың салмақты дәлелдермен негiзделгенiн көрсетедi дейдi

Бойға сiңген әдет бойынша күнделiктi газет-журналдарды қарап шыққаннан кейiн қалт еткен уақыт бола қалса кiтап оқуға тырысатын әдетiм бар. Көбiне тарихи, деректi шығармаларды қолға аламын. Жақында сондай бiр деректi шығарма қолыма түсе қалды. Орыс тiлiнде жазылған екен. Авторы – Мұса Сүлей­мен­ұлы Бесбаев. Кiтаптың атауы – “Зигзаги истории”, яғни “Тарих иректерi” немесе “Замана запыраны”.
Елдiң сүйiктi газетте­рiнiң бiрi “Жас Алаш” (№39, 20 мамыр) бе­тiнде менiң “Қазақ әдебиетi” газетiнiң сәуiр айында шыққан № 16 санындағы “Туған жерге тағзым” атты топтамамдағы “Құдаймен” мұң­дасу” атты өле­ңiмдi жекелеп алып, бiр қарындасымыз “Ақи­қатқа оралыңыз, аға!” – деп бiраз ауыр сөз­ге барыпты.
МҰЗАФАР ТАСАДА ҚАЛАР ТҰЛҒА МА ЕДI?
Қазақтың көрнектi ақыны, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Мұзафар Әлiмбаев өткен жылы 90 жасқа толды. Қазақ поэзиясын, оның iшiнде балалар әдебиетiн дамытуға орасан зор үлес қосқан, аударма саласында қыруар еңбек сiңiр­ген, көптеген ұлттардың мақал-мәтелдерiн аударып бiр­неше жинақ етiп бастырған
Сiздерге ҰБТ төңiре­гiндегi дауға байланысты хат жолдап отырмын. Елiн қорғаған батырлар, азаттық күрес көсемдерiнiң есiмдерi әр кезеңде өз руы­мен қатар аталады: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай және т.б. Ал Исатайдың да, Махамбет­тiң де Берiш руынан екен­дiгi, сол рудың старшындары болғандығы тарихтан белгiлi.
Өмiр бойы ажырамастан, кейiнгi жылдары түрлi себептерге байланысты басқа кiсiнiң атына жаздырып алып оқып келе жатқан газетiмсiң. Қинал­ған сәтте Сiздерге жү­гiнудi ұйғардым. Батыс Қазақстан облысы, Теректi аудандық “Үмiт” лингвистикалық гимназиясын құрылған кезiнен бастап, яғни 13 жылдан берi басқарып келемiн.
Бiрде түс мезгiлiнде есiк алдындағы орындықта отырғанмын. Жаныма ұзын бойлы, қараторы, бейтаныс жiгiт келiп амандасты. Менi iздеп жүр екен. Үйге кiрiп, төргi бөл­меге жайғасып отырған соң бейтаныс жiгiт әңгi­ме­сiн бастады: – Темiр жолда жұмыс iстеймiн. Аудандық газетке шығатын мақалаларыңызды жiбермей оқып жүремiн. Сiздi арнайы iз­деп келдiм, – дедi.
1.            Ең төменгi зейнетақы көлемi – 20 782 теңге.
2.            Зейнетақының орташа көлемi – 43 478 теңге.
3.            Ең жоғарғы зейнетақы көлемi – 54 171 теңге.
4.            ...Ең төменгi күнкөрiс деңгейi – 19 934 теңге.
“Жас Алаштың” сайты жасақталғалы берi (2009 жыл) екi жүзден астам сауалнама берiппiз. Әр сауалнамаға орта есеппен екi мың оқырман қатысады деп есептесек, бұл – жарты миллионға жуық адамның ой-пiкiрi! Бiз кейбiреулер сияқты сауалнаманы қолдан өтiрiк ұйымдастырған жоқпыз, өткiр-өткiр сауалдарды оқырманға қабырғасынан қойдық.
Әлем чемпионаты секiлдi iрi жарыстар кезiнде көрiпкелдер байқауын өткiзу дәстүр болғандықтан, газетiмiздiң өткен санында “Болжам-бәйге” жариялаған едiк. Редакция поштасына хаттар да көптеп келiп жатыр. Бәйге жеңiмпазына ХХ әлем чемпионаты өтiп жатқан Бразилиядан арнайы сыйлық алып келемiн. Үмiткер көп, жүлде жалқы. Сонау 1982,1986,1990 және 1998 жылдары өткен әлем бiрiншiлiктерiнен де байқау жариялап, оқырмандар алғысын алғанбыз.