1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (15921) 1 шілде, сейсенбі 2014
ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛIГI БЕЙҚАМ, АЛ ЕЛ ҮРЕЙ ҚҰШАҒЫНДА
“Арыс қаласында жойқын жарылыс болып, екi адам қаза тапты” деген үрейлi ақпарат ел арасына 26 маусым күнi түс ауа таралды. Жұртшылық бұл жарылыстың қайда болғанын, ненiң жарылғанын бiрден-ақ түсiнген.  Оқиға 26 маусымда таңертеңгi сағат 7-40-тар шамасында Арыс қаласына жақын жердегi оқ-дәрiлердi залалсыздандырумен айналысып жатқан Қорғаныс министрлiгiне қарасты “ҚазақЖарылысӨнеркәсiп” мекемесiнде болған. Алдын ала болжам бойынша, оқ-дәрiлер ұшқыннан тұтанып, мұның соңы күштi жарылысқа алып келген.
РАДЗИХОВСКИЙДIҢ ТОПШЫЛАУЫНДАҒЫ РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН
Еуразиялық одақ Путинге не үшiн қажет болды? Назарбаев Ресей басшысының алдында нелiктен өзiн әлсiз сезiнедi? Бүгiнгi айрылмас дос кейпiндегi көршiнiң ертең нағыз жау болып шығуы мүмкiн бе? Украинадағы оқиғалардан қазақ билiгi қандай сабақ алды? Мiне, осы секiлдi ондаған сауалдың жауабын “zona.kz” порталына сұхбат берген Леонид Радзиховскийдiң пiкiрiнен тауып алуға болатындай. Әрине, Радзиховскийдi әулие деуден аулақпыз. Алайда оның қайсыбiр ойлары адамды шынымен де “ә, бәсе” дегiзбей қоймайды екен.  

Қазақстандағы қара жұмыс iстейтiн қарапайым жұмысшылардың еңбегi жиi қаналады. Әсiресе шахтерлердiң. “Өндi­рiс­тiк жоспар орындалмады” деген сылтау олардың жалақысын кемiтедi. Ал жоспар орындалмады ма, артығымен орындалды ма, ол мүлде басқа әңгiме. Басқа болатыны сол, “Қазақмыстың” жұмысшылары қара бақырға зар болып жүргенде, компания басшылары миллиондаған доллар жалақы алып жатыпты.

“Жас Алаш” газетiнде (“Жарасып тұрған жоқ”, 26 маусым, 2014 жыл) және өзге де газеттерде Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есi­мов­тiң Алматы метропо­литенiнiң сәулетшiлерiмен бiрге Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылғаны жөнiнде пiкiр айтылған едi. Мәселен, “Жас Алаш” газетi бұл жөнiнде былай дедi: “Өңкей сәулет­шiлердiң iшiнде Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмов не iстеп жүр?

Қазақстанда 2014 жылдың қараша айынан бастап БАҚ-да дәрiлiк заттар жарнамасына тыйым салынбақ. Ендi препараттар жарнамалары тек медициналық мақалалар жариялайтын арнайы журналдарда көрiнiс табатын болады. Фармацевтикалық компаниялардың көпшiлiгi жарнаманы өз тауарын сатылымға шығарудың ең тиiмдi әдiсi ретiнде қолданатыны жасырын емес. Әсiресе, антибиотиктер жарнамасына жiтi назар аударған абзал.

Маусым айындағы Арқа өңiрiндегi айтулы жаңалықтың бiрi – Ақмола мен Солтүстiк Қазақстан секiлдi екi үлкен облыстың әкiмдерi ауысты. Қосман Айтмұхаметов пен Самат Ескен­дiровтiң облыс басшылығына келулерi қалай жылдам болса, кетулерi де дәл сондай, қас пен көздiң арасында өттi.

КАЗАКТАРДЫҢ ҚАЗАҚ ЖЕРIНДЕГI ЗҰЛЫМДЫҚТАРЫ
Қазақ жерiне қоныс аударған мыңдаған казактар қарақшылық шабуылдар жасауын қоймады, олар тек “ер­кiндiк сүйгiштер” ғана емес, қанқұйлы жауынгерлер де болды. Казактар бей­бiт жатқан халыққа жортуылдар жасап, тiптi өздерi тұратын өңiрлер­дегi көршiлес халықтарды да тонаумен болды. Казактардың мұндай “кәсiп­пен
Мектеп директорымын. Бiр күнi тәрбие жөнiндегi орынбасарым далақтап, екi көзi алақтап, жетiп келдi: –Ағай, ет жегiштер келе жатыр! –дедi. Қалалық бiлiм бас­қармасынан тек­серу­шiлер келiп­тi. Ұятсыздар өткен аптада ғана ет жеп кеткен болатын. Дереу алдарынан “апалап” шығып, асханаға қарай жетелей жөнелдiм. – Алдымен, бiлiм сапасын тексерiп алайық! –деп сызданды бiрi.
Ойда жоқта ойпырмайлатып, премьер-министрдiң келе қалғаны! Астанадан алақайлап келетiн депутаттар болса мейлi ғой, төтеннен келген премьердiң мына келiсiне облыс әкiмiнiң басынан бу, арқасынан түтiн шығып кеткендей болды...
– Қойдың басын үйiтiп, пiсiрiп әкелудi бұйырыңыз, — дедi премьер.
Дәрет қағазын жарнамалап жатыр. Керемет дейдi, жұмсақ дейдi, жыртылмайды дейдi. Хош иiстi дейдi. Қысқасы, дәрет қа­ғазы емес, түбiт орамал дегенге келтiредi. Жақсы, әрине, бiздiң қамымызды ойлап жатыр ғой. Бiрақ дәрет қағазды пайдалану үшiн алдымен бiрдеме жеу керек қой, солай емес пе?
Сағындық кейiп отыр: – Тым құрыса бетiнен бiр сүйе алмағаның ба? Үш айдың жүзiнде азын-аулақ стипендияң­ды балмұздаққа құртқаннан басқа бiтiргенiңдi айтшы-ей кә­не?!
Мойныма су кетiп мен отырмын. Кенет Әли: – Идея! – деп қолын шошайт­ты.

Әбдiмәлiк тысқа шығысымен кеуде керiп, терең бiр демалды да, таяу маңдағы шағын саябаққа бет алды. Ендi байқады, ол жерге бармай кеткенiне де бiраз уақыт өткен екен. Күнiне 10-12 сағаттап жұмыстағы компьютерiне қадалатын кiсiде қайдан уақыт болсын!? Ол бес-алты жылдан берi алғаш рет еш жаққа асығып-аптықпастан, қадамдарын байыппен басып, рахат бiр күй кешiп келедi.

БҮКIЛ БРАЗИЛИЯ ТЕҢСЕЛIП ТҰР! 
Белу Оризонти қаласына таң атпай таксимен лезде келiп едiк, көлiктердiң бәрiн тоқтатқан жерден ары стадионыңыз бiр көштiк жер екен. Адамдар ағыны тентек өзендей бұрқ-сарқ қайнап жатыр. Екi сағат дегенде стадионның қарасы көрiндi. Жылдам жүргiзбеген бразилиялық жанкү­йерлер!

Дiни, шайтани секталардың, көше-көше, үй-үйдi аралап уағызын айтқан мысықтiлеу миссионер­лердiң әрекетi талай отбасының ойранын шығарып, талай тағдырларды талқандады емес пе? Құрғақ сөздi қоя тұрып, өзiм бiлетiн бiр-екi оқиғаны мысал ретiнде алға тартып көрейiн...

“ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ” БАСҚАЛАРҒА БҰЙЫРДЫ
ҚР Президентiнiң жүлдесi үшiн биыл төртiншi мәрте ұйымдастырылған “Қазақстан барысы” турнирiнiң қомақты жүлдесi (150 мың АҚШ доллары) шығысқазақстандық Мұхит Тұрсыновқа бұйырды. Осынау турнирге осымен үшiншi мәрте қатысқан Тұрсынов ақыры дегенiне жеттi. Күмiс белбеу қарағандылық Асыл Бәрменовке бұйырып, ол 30 мың доллар сыйақыға ие болды. Үшiншi орынды мiсе тұтқан қызылордалық Руслан Әбдiразақов 10 мың доллар қаражатқа ие болды.
 ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕНДI ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
Қазақстандықтар бұдан былай мобильдi телефон арқылы да төлем жүргiзiп, есеп айырыса алады. Өткен аптада Қазкоммерцбанк бiрнеше инно­вация­лық жаңалығымен бөлiсiп, елiмiзде бұрын‑соңды болмаған мобильдi төлем жүйесiн таныстырды. Бұдан бөлек, Қазкоммерцбанк пен БТА Банкiнiң банкоматтар желiсi бiрiктiрiлгенi хабарланды.

Әлемнiң қай түпкiрiнде болсаңыз да, сiз газеттiң толық электрондық РDF нұсқасына да жазыла аласыз. Бұдан былай газет сатып алу үшiн сауда нүктелерiне барып, уақыт шығындаудың қажет жоқ. Поштаға бармай-ақ үйден, кеңседен ұзамай-ақ өз компьютерiңiзден немесе планшетiңiзден қас қағым сәтте «Жас Алашты» ашып оқи аласыз. Газетке QIWI терминалдарына ақысын төлеу ар­қылы жазыласыз. Мобильдi телефонға бiрлiк толтыру арқылы да төлем жасауға болады.