1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (15926) 3 шілде, бейсенбі 2014
Астананың iргесiндегi Степногорск қаласының тұрғыны Зульфия Фрейлих әлеуметтiк желiге мынандай хабарландыру орналастырады: “Украинадан келген босқындарды қабылдаймын. Тегiн!”. Мұны көре сала “Комсомольская правда – Казахстан” газетiнiң тiлшiсi Т.Соколова Зульфияға хабарласады. Зульфияңыз не дейдi дейсiз ғой? Былай дейдi: “Теледидардан босқындарды көрiп, әсi­ресе, балаларды аяп кеттiм... 4 бөлмелi үйiм бар. Украинадан ау­ған екi отбасын қабылдауға дайынмын.
НЕМЕСЕ ҚАЗАҚСТАНДА ТУҒАН СӘБИ ҚЫТАЙ АЗАМАТТЫҒЫН АЛА МА?
Оралман десе жұрттың көзiне Қазақстанның заңынан мақұрым, орысша ұқпайтын, сүлдерiн сүйретiп алыстан әрең жеткен әлдебiреу елестейдi. Жоқ, олай емес. Сырттан келген қандастардың iшiнде жоғары бiлiмдi, заң-зәкүнiңдi бiр кiсiдей бiлетiн, Қазақстанға алсам деп емес, берсем деп келетiн ағайындар жетерлiк. Солардың бiрi – Мұқтарбек Сәлиұлы дейтiн қандасымыз.
Францияның бұрын­ғы президентi Николя Саркозиге тергеуге әсер ету үшiн қыз­мет бабын асыра пайдаланды деген ресми айып тағылып, қамауға алынды. Сейсенбi күнi Н.Саркози­дi полиция тергеуге шақыртыпты. Артынша бұрынғы президентке қызметтiк бабын пайдаланып, соттан жабық ақпарат алды деген айып тағылды. Бұл – “Бетанкур” аталып кеткен атышулы iстiң жаңғырығы.

Теңге құнсызданып, тауар бағасының өсуi тым қарқындап кеттi. Соңғы айдың өзiнде Алматыда картоп бағасы 15 пайызға, ал Астанада 23 пайызға шарықтады. Сонымен қатар өзге де тауарлар құны қазақстандықтардың қалтасына салмақ салуда.

Сапасы нашар тағамнан зардап шеккендер қатары азаяр емес. Тiптi, күн санап мерзiмi өтiп кеткен тауарлар мен салдыр-салақ жасалған тамақ өнiмдерiн кездестiретiн болдық. Бұған дейiн де тауар сапасына қатысты мәселе күн тәртiбiнен түскен емес едi. Ал қазiр бұл проблема тым қордаланып барады.

Сталин заманынан қалған ГУЛАГ лагерiнiң орнындағы “Пермь-36” мұражайы бүгiнгi орыс билiгiне ұнамай жатыр. “Азаттық” радиосының хабарлауынша, мұражайды мемлекеттiк бюджеттен қаржыландыру тоқтатылған, су мен жарықтан да ажыратылған.

Қазақстандық зейнетақы жүйесiнде тағы да реформа басталмақ. Шенеунiктерге сенсек, талай дауға себеп болған зейнетақы жүйесiндегi әдiлетсiздiкке ендi нүкте қойылады. Алдағы уақытта зейнетақы қайта саналып, азаматтардың еңбек өтiлi мен зейнетақы жинақтау жүйе­сiндегi уақыты қосымша есеп­телiп қайта құрылымдалады

Бостон марафоны кезiнде жарылыс жасады деп айыпталған Джохар Царнаевтың заттарын жоюға қатысты деп айыпталған қазақстандық студент Азамат Тәжiаяқовтың соты АҚШ-та басталды. Екiншi қазақстандық студент – Диас Қадырбаевтың соты қыркүйек айында басталады.

1992 жылдың шiлде айында “Қойтан” шаруа қожалығын құрдым. Кейiннен оны “Шеркеш” шаруа қожалығы деп өзгерттiм. Ол кезде әке-шешем бар едi. Олар iнiм Игеннiң қолында тұрды. Ал бiздiң қолымызда енем болды. Екi үй бала-шағамызбен үлеске совхоздан 1650 га жер, 427 бас қой алып, қазiргi отыр­ған Қойтан қыстағына орналастық. Екi үйде бiр үйiр жылқы, он шақты сиыр болатын. Сырттан адам алынған жоқ, өйткенi екi үйден жастары 17-22 аралығында бес бала болды.

Тимур мен Расул екеуi де Көкшетаудың төл тумалары. Жасы жиырма бестi еңсерiп қалған пысықтау Тимур Көкшетаудағы iрi сауда орталықтарының бiрiнде менеджер болып жұмыс iстейдi, ал жиырмаға жаңа жеткен Расул Ақмоланың әрбiр тұрғынына аты мәлiм ЖШС-да бағдарламашы қызметiн атқарады. Армандары – екеулеп бизнеспен айналысып, байып кету.

Кейде адам бiреудi көрмесе де сыртынан сүйсiнiп, жақсы көрiп тұратыны бар. Сол сияқты мен де өзiн жүзбе-жүз көрмей-ақ, оның сұлу жүзiн, сымбатты тұлғасын, салиқалы сөздерiн телеарнадан көрiп, өз баламның болмысын көр­гендей мәз болып отыратын едiм.

Қайран Сейдағаң айтып кеткендей, Бразилияда өтiп жатқан дүбiрлi доп додасының сиқырына арбалғаны­мыз­ға жарты айдан астам уақыт өттi. Аяқдоп шебер­ле­рiнiң өнерiне шын мәнiнде тәнтi боласың. 90 минут бойы доп үшiн таласып, тынымсыз жүгiру, допты командаласына дәл беру, көз iлеспес жылдамдықпен бiр­неше қарсыласын сан соқ­тырып алдап өту, қақпа бұрышын

Қойшыбай Толымбетов 1962 жылы Шу ауданының Белбасар ауылында дүниеге келген. Он бала: екi ұл, сегiз қыз тәрбиелеп өсiрген ата-анасы Шiдер мен Күлжахан Толымбетовтер зейнеткерлiкке шыққанша аудандық су шаруашылық мекемесiнде ұзақ уақыт маңдай терiн төге еңбек еткен. Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептi бiтiрiсiмен Қойшыбай әке жолын қуып, аталған мекемеде тракторшы, кейiнiрек су технигi болып жұмыс iстедi

Мүбәрәк Рамазан айы – өте қасиеттi, мәртебелi ай. Бұл айда жасалған нәпiл намаз, зiкiр, садақа және бүкiл нәпiл ғибадаттарға берiлетiн сауап – бас­қа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бiр парыз, басқа айларда жасалатын жетпiс парыздай болады.

СӘЙКЕССIЗДIК
Тарихи зерттеулерде отарлау про­цесiн және казактар қауымының iс-әрекетiн ақтап, бұл құбылыс қазақ қоғамына “мәдениет пен прогресс” алып келген қайдағы бiр “игiлiктi” нәрсе деп қарастыратын фактiлер кездеседi. Бiрақ та бұл түбiрiмен қате көзқарас бола тұрса да, осы бiр ойды жұрттың құлағына сiңiру, сөйтiп, түптiң түбiнде ақтап шығу мақсатымен халықтардың ұлт-азаттық күре­сiне көбiне мұның өзi орысқа қарсы шығу болды
Әлдененi аңсаймын кеп,
Сағынамын үздiгiп,
Ол не нәрсе,
Бiлесiң бе,
Айтшы маған күзгi бұлт?!
ЕСКЕРТКIШТЕН АҚЫННЫҢ ЕМЕС, БЕЙТАНЫС БIРЕУДIҢ БЕЙНЕСIН КӨРЕСIЗ
Түркiстандағы Саттар Ерубаев атындағы әдеби-мәдени мұражай қаладағы жұртшылық жиi келетiн мәдениет ошағына айналғалы көп жыл болды. Бiрақ осы мұражайдың алдына орналастырылған ақын ескерткiшiнiң (бюстi) мұң кешiп тұрғанына қанша заман десеңiзшi?! Небәрi 23 жыл өмiр сүрген
РОББЕН – ҮШIНШI ЖЕЛАЯҚ
Бразилияның Форталеза қаласындағы Голландия – Мексика құрама командаларының ойыны аса тартысты өттi. Шындығына келсек, Мексика футболшылары өте жақсы ойнады, тiптi олар жеңiске бiр қадам жақын тұрды. Бiрақ футбол деген сол – бәрiн қақпаға енген доптар шешедi. Ал бұл ойында ежелгi үндiстер елiнiң бiр добына қызғалдақ жейделер екi доппен жауап бердi.
Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) бесiншi маусымы тың жаңалыққа толы болатын секiлдi. Төртiншi маусымда 12 елдiң клубтары 500 мың АҚШ доллары үшiн бәйгеге түссе, алдағы бесiншi маусымда қатарға тағы үш елдiң клубтары қосылады. Сөйтiп, тұңғыш рет Қытай, Марокко, Венесуэла боксшылары да бұл жобаның дәмiн татып көредi.
Жансая Әбдiмәлiк 2013 жылдың қорытындысы бойынша 20 жасқа дейiнгiлер арасында Азияның үздiк шахматшысы деген марапатқа ие болды.Жансая бұл ақжолтай хабарды Иранда жүргенде естiптi. Командалық Азия чемпионатына қатысқан қызға құрлықтағы үздiк шахматшы деген марапатты шахматтан Азия федерациясының сенiмдi өкiлi тапсырған.